Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі



1. Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі
2. Азық.түлік тағамдарының сапасын бақылау
3. Пайдаланылған әдебиеттер
Спорттық ғылым әрқашан да ұлттық командалардың болашақ контингентінің кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында туындаған сұрақтарға көңіл бөліп қана қоймай, спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына назар аударады. Теориялық білімнің, тәжірибелік жетістіктер мен ұсыныстардың сараптамасы жас және ересек спортшылардың тамақтануындағы түйіні шешілмеген мәселелердің өзара тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан, осы жұмыстағы қарастырылған сұрақтар барлық жастағы әуесқой және кәсіпқой спортшылар үшін өзекті болып табылады. Қазіргі таңда спортшылардың тамақтануы көптеген шарттар арқылы жүзеге асатын үдеріс болып табылады. Ол шарттарға: астың қорытылуындағы биохимиялық және физиологиялық механизмдер; спорт түріне дайындық және жарыстың сатылары, өсу және даму; байланысты тағам қалыптары мен өзгеріп отыратын қажеттіліктер, психологиялық және тәрбиелік реакциялар; эстетика және этика сұрақтары; мәдени және ақпараттық тіршілік ортасы және әлеуметтік - экономикалық шарттар, гигиеналық және экологиялық қалыптар.
1. Абсалямов Т.М. Общие принципы построения комплексной целевой программы подготовки команды и отдельного спортсмена / Тенденции развития спорта высших достижений. М.- 1997. - С. 28-33
2. Азизбекян Г.А., Волгарев М.Н., Коровников К.А., Яловая Н.И. Особенности питания спортсменов Теория и практика физической культуры. 1985. - №1.-С.34-39
3. Бобков Ю.Г., Виноградов В.М., Лосев С.С., Смирнов А.В. Фармакологическая коррекция утомления. - М.- Медицина. - 1984. -

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Орындаған: Амирова.А.Т.
Оқу тобы: БТ-407
Тексерген: Кабденова.А.Т.

Семей 2015 ж

 
Жоспар:

1. Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі
2. Азық-түлік тағамдарының сапасын бақылау
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі

Спорттық ғылым әрқашан да ұлттық командалардың болашақ контингентінің кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында туындаған сұрақтарға көңіл бөліп қана қоймай, спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына назар аударады. Теориялық білімнің, тәжірибелік жетістіктер мен ұсыныстардың сараптамасы жас және ересек спортшылардың тамақтануындағы түйіні шешілмеген мәселелердің өзара тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан, осы жұмыстағы қарастырылған сұрақтар барлық жастағы әуесқой және кәсіпқой спортшылар үшін өзекті болып табылады. Қазіргі таңда спортшылардың тамақтануы көптеген  шарттар арқылы жүзеге асатын үдеріс болып табылады. Ол шарттарға: астың қорытылуындағы биохимиялық және физиологиялық механизмдер; спорт түріне дайындық және жарыстың сатылары, өсу және даму; байланысты  тағам қалыптары мен өзгеріп отыратын  қажеттіліктер, психологиялық және тәрбиелік реакциялар; эстетика және этика сұрақтары; мәдени және ақпараттық тіршілік ортасы және әлеуметтік - экономикалық шарттар, гигиеналық және экологиялық қалыптар.
    Жаттықтырушылар мен спортшылардың барлығы тағамтану ғылымының негіздерін біле бермейді, білімінің аздығынан спортшылар тамақтану тәртібін дұрыс тағайындамайды. Спорттық нәтижелердің жоғарылауында тағамның бір түрін шамадан тыс қолдану негізделмеген көзқарас және бұл тәжірибе барысында дәлелденген. Тамақтануды – басты мақсат ретінде қоюға болмайды және спортшы бар ойын тамақтануға бағыттамауы керек, бірақ, спортшының тәртібінде тамақтанудың маңызы зор екенін ұмытпауы керек.
   Тамақтану жөнінде спортшыларда туындайтын ең бірінші сұрақ – бұл, тамақтанудың сандық мөлшері. Тамақтанудың сандық мөлшері ағзаның қуаттық шығынымен тығыз байланысты болып келеді.
   Қуат адам бойынан үнемі шығындалады, ақуыз, май, көмірсу қуаттық заттар үнемі шығындалып отырады. Қуат неғұрлым шығындалса, соғұрлым адам салмағын жоғалтады. Тамақтану шығынға ұшыраған заттардың орнын толтыру арқылы, шығын болған қуатты қалпына келтіреді. Қоректік заттардың сандық мөлшері шығын болған заттар мен қуаттардың мөлшеріне дәлме-дәл сәйкес келуі керек. Бұлшықет жұмысы кезінде қуаттың шығыны орындалған жұмыстың көлеміне сай өсіп отырады. Әр түрлі жаттығулар кезінде жұмсалған қуаттың мөлшерін анықтау үшін қуаттық шығындарды өлшейді, яғни, бұл тәсілді қолданған оттегінің мөлшерін есептеу арқылы анықтайды. Неғұрлым бұлшықет массасы көп болып, бұлшықет неғұрлым үлкен амплитуда және  жиілікпен жиырылатын болса, соғұрлым, қуаттың шығыны көп болады. Қабылданған тағамның қуаттық мәнін есептеу үшін маңызды қуаттық заттардың калориясын білу қажет. Әрбір қуаттық заттың мәні  көп жақты және дұрыс тамақтанған спортшының рационында  барлық қуаттық заттар болуы қажет. Егер тағамдық  рационды, құрамы (ақуыз, май, көмірсу) бойынша емес, тағамның калорийі тұрғысында есептейтін болсақ, онда қуаттық заттар тағам массасына тең келмейтінін ескеруіміз қажет. Тағамның салмақтық тұрғыда едәуір бөлігін су, тұздар және сіңірілмейтін заттар құрайды.

    Спортшының су ішетін тәртібі мен тұзды пайдалану тәртібі бөлек қарастырылмайды. Бұл жағдайда су-тұз алмасу тәртібін айтқан жөн. Бұл дегеніміз, ағзадағы қанда және ұлпа сұйықтықтарында су мен тұздың қатынасы қатаң түрде сақталады. Қандағы тұздың концентрациясы орташа 0,95%-ға тең. Бұл тұздың мөлшері тұрақты болып келеді. Егер бұл тұрақтылық бұзылса, қанның осмотикалық қысымы өзгеріп, қанмен жуылатын жасушалардың қызметі бұзылады. Егер де ағзаға көп мөлшерде тұз түссе, онда судың пайдалануы жоғарылайды. Су ағзада жиналып, ұлпалар ісінеді. Ағзада тұз аз болған жағдайда судың ағзада жиналуы нашарлайды. Қалыпты дене салмағының сақталуы үшін, бұл жағдайды спортшылар ескеру қажет.
   
  Спортта үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін, дененің саулығы және ағзадағы болып жатқан барлық үдерістердің кемшіліксіз өтуі шарт. Сондықтан спортшыларға тағамдағы  дәрумендердің құрамын сақтау маңызды болып табылады. Субьективті сезілмейтін, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуін тудыратын гиповитаминоздардың әлсіз түрлері - дистанциядағы секундтық үлесін, секіру мен лақтырудағы сантиметрлердің, ауыр көтергендегі килограмдардың жоғалуына, гимнастикадағы ұпайлардың төмендеуіне,  спорт ойындары мен күрес түрлерінде жеңіліске алып келеді.
    
Спортшы өзінің қалыпты тамақтану рационы құрамына маңызды дәрум
ендердің және олардың қажетті мөлшеріне аса мән беру керек. Өйткені, бұлшықеттің белсенді жұмысы барысында ағзадағы аталмыш дәрумендердің шығыны жоғары болғандықтан, олардың қажеттілігі де арта түседі. Спортшының тамақтануы жайында сұрақ, тағамның сандық мөлшерін ғана қамтымай, оның құрамын қарастырады. Тағамның жақсы қорытылуы мен сіңірілуі үшін тамақтанудың белгілі бір тәртібін ұстану қажет. Тағамды қашан қабылдауды және тағамды қабылдау мен жарыстар мерзімдерінің арасындағы қатынасын білу керек.Спорт дәрігерлері спортшылардың дұрыс тамақтану рационын құру және әртүрлі  аурулар мен спорттық жарақаттарды алдын алу жөніндегі күрделі тапсырмаларды шешуде. Осы тұрғыдан биологиялық белсенді қосылыстарды (ББҚ)  қазіргі таңдағы спорт  медицинасында  қолдану аса қажет.
ББҚ-дың жоғарғы тағамдық тығыздығы,  белгілі бір жүйеге бағытталуы, дайындалуы мен тасымалдануы жағынан түрлі қолайлы пішінде болуы, жақсы дәмдік және сенімді гигиеналық сапасы сияқты қасиеттерінің арқасында барлық спорт түрлеріне қатысатын спортшылардың тамақтануын құрастыруында кең қолданылады.
ББҚ спорт тәжірибесінде төмендегі мақсаттарды шешу үшін қолданылады:
- созылмалы жарыс жүктемелері кезінде және жаттығулар арасында тамақтану;
- жаттығу және жарыстан кейін ағзаның қалпына келу үдерістерін жылдамдату;
- су-тұз алмасуын және дене қызуын реттеу;
- дене массасын түзету (салмақтың төмендеуі);
- споршының бұлшықет массасын дамытуға арналған жаттығулар кезіндегі жаттығу белсенділігін жоғарлату;
- жарыс кезіндегі тәуліктік рацион көлемін азайту;
- жаттығу бағыттарының бағытталуына байланысты тәуліктік рационның сапалық бағытын өзгерту.
    
Спортшы ағзасы дәрумендерге деген жоғары қажеттілікті талап етеді. Олардың тағамда жетіспеушілігі түрлі қолайсыз жағдайларды туындатады. Мысалы, С дәруменінің жетіспеуі тез шаршауға әкеледі, ағзаның жүқпалы және де басқа ауруларға қарсы тұруын азайтады. Ал ағзаға В дәруменінің жеткіліксіз болуы жүйке қозуын жоғарылатып, бұлшық еттердегі ауырсынуды тудырады. Алайда бұдан дәрумендер мөлшерден жоғары болуы керек деген қорытынды тумауы керек. Дәрумендердің мөлшерден көп болуы тері ауруларын, асқорытудың бұзылуына және де басқа асқынуларға әкеледі. Ең жақсы дәрумендер адамның өсімдік тағамдарынан алған дәрумендері болып табылады.
Қарқынды жаттықтырулар мен жарыстар кезінде ең маңыздысы қабылдайтын тағам мөлшері шағын, ал оның құнарлығы жоғары болуы керек. Сөре алдында тойып тамақ ішуге болмайды, өйткені белсенді асқорыту кезінде ағзаның жалпы жұмыс қабілеті төмендейді. Бұдан бөлек, тойған асқазан жүрек пен өкпенің және шымыр бұлшық еттердің жұмысын төмендетеді. Егер жарыс немесе жаттығулар күннің бірінші жартысында болса, таңертеңгілік асқа-бұқтырылған ет, қайнатынған жұмыртқа, май, ірімшік, салат, шай немесе кофе сияқты жеңіл сіңетін тағамдар қабылдаған дұрыс. Ал, егер жарыстар мен жаттықтырулар күннің екінші жартысында өтетін болса, онда түрлі тағамға жеңіл сіңетін-ыстық сорпа, қайнатылған ет, котлет немесе құс еті, көкөніс гарнирі, дәруменді компот немесе әдеттегіден көп мөлшерде қант қосылған кисель сияқты тағамдар ұсынылуы керек. Әр спортшы мен дене тәрбиешісі азық-түліктер мен тағамдарға деген өзінің жеке тәбетін, сонымен бірге тамақтану мен асқорытуға байланысты төмендеген немесе жоғарылаған жұмыс қабілетін білуі тиіс. Мұндай білім жарыс күніндегі тамақтану тәртібін барынша жоғары жұмыс қабілетінің сөрелік мезетпен сәйкес келетіндей етіп құруға мүмкіндік береді.
Азық-түлік тағамдарының сапасын бақылау
Азық-түлiк шикiзатының және тамақ өнiмдерiнiң
сапасы мен қауiпсiздiгi туралы нұсқаулық
      Осы Нұсқаулық азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң (бұдан әрi - тамақ өнiмдерi) сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейдi және өндiру, сатып алу, тасып әкелу, сақтау, тасымалдау және сату (бұдан әрi - айналым) кезеңдерiндегi өндiрушi, сатушы және тұтынушы арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
      ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру гигиенасының негіздері
Ауыр еңбекпен және спортпен айналысатындардың тамақтану ерекшелігі. Азық-түлік тауарларының сапасын бақылау туралы ақпарат
Салауатты өмір салты ұғымы
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Дене шынықтырудың басты бөлігі спорт
Салауатты өмір салтын насихаттаудағы мейіргерлік процесс
Дүкен форматын таңдау
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мейірбикенің рөлі
Спорттық ойындар. Баскетбол ойынның техникатактикалық негіздерін бекіру. (допты алып жүру, допты лақтыру, допты беру). Ойынның ережесі
Пәндер