Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары


ЖОСПАР

1 бөлім. Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары.
1.1. Нейропсихология ғылымының зерттейтін пәні.
1.2. ЖПФ және оның мидағы механизмі, оның локальды зақымдануы.
1.3. Нейропсихология ғылымының атасы Лурия.
1.4. Нейропсихология бағыттары.

2 бөлім. Нейропсихология ғылымының басқа ғылымдар үшін маңыздылығы.
2.1. Нейропсихология ғылымдар арасындағы маңыдылығы.

Қорытынды

Әдебиеттер
Кіріспе

Нейропсихология – бас миының локальды зақымдануына байланысты адамның жоғарғы психикалық функцияларының мидағы механизмін зерттейтін ғылым. Нейропсихология – медицинаның және психологияның бір саласы болып табылады.
Нейропсихология – медицинада нейрохирургия, неврология саласы мен физиология мен психологияның торабы арқылы пайда болған. Нейропсихология – психологиялық білім беруде тек теориялық қана емес практикалық мақсаттарды да шешеді.
Теориялық тұрғыда – оның пәні мидың психикалық фукнциясын зерттейді.
Ал, практикалық тұрғыда оның пәні - өзінің үлесін медициналық психологияда мәселелерді шешуге қатысады. Диагностика жасау, реабилитация жасауға ықпал етеді. Бірлесе отырып жоғарғы психикалық қызмет бұзылуын талдауға көмектеседі. Бұл бірлік түрлі мидағы жетіспеушіліктерді белгілейді. Бұл пәннің маңыздығы да, дамуы да осы үндестік бірлікте. Нейропсихология дамуына А.Р.Лурия ерекше үлес қосты.
Нейро ұғымы – «жанның мидағы өкілдігі» деген мағынаны білдіреді. Ол адамның психологиялық құрылымының жиынтығын білдіреді. Нейропсихологияның зерттейтін пәні – адамның жоғарғы психикалық функциясының мида ұйымдасуын қарастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Семирницкая Э.Г. Мозг человека и психические процессы в отногенезе. М., 1985г.
2. Лурия А.Р. Нейропсихология. 1975.
3. Хомская С.Д. Нейропсихология. 1987.
4. Цветкова Л.С. Методика нейропсихологической диагностики детей. М., 2000.
5. Основы нейропсихологии. Т.Г.Визель. М., 2005.
6. Выготский Л.С. Развитие высших психических функции. М., 1960.
7. Актуальные проблемы нейропсихологии детского возраста. М., 2006.
8. Хрестоматия по нейропсихологии. (Под ред. Е.Д.Хомской). М., 2004.
9. А.Л.Сиротюк. Нейропсихологическое и психофизиологическое сопровождение обучения. М., 2003.
10. Выготский Л.С. Развитие высших психичеких функции. М., 1960.
11. Лурия А.Р. Высшие корковые функции человека. М., 1969.
12. В.М.Астапов. Введение в дефектологию с основами нейро- и патопсихологии. М., 1994.
13. А.Р.Лурия. Высшие корковые функции человека и их нарушения при локальных поражениях мозга. М., 2000.
14. А.Г.Маджуга, А.О.Шоманбаева. Курс лекции по нейропсихологии. Шымкент2001.

Пән: Психология
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 16 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




Жоспар

1 бөлім. Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары.
1.1. Нейропсихология ғылымының зерттейтін пәні.
1.2. ЖПФ және оның мидағы механизмі, оның локальды зақымдануы.
1.3. Нейропсихология ғылымының атасы Лурия.
1.4. Нейропсихология бағыттары.

2 бөлім. Нейропсихология ғылымының басқа ғылымдар үшін маңыздылығы.
2.1. Нейропсихология ғылымдар арасындағы маңыдылығы.

Қорытынды

Әдебиеттер
Кіріспе

Нейропсихология – бас миының локальды зақымдануына байланысты адамның
жоғарғы психикалық функцияларының мидағы механизмін зерттейтін ғылым.
Нейропсихология – медицинаның және психологияның бір саласы болып табылады.

Нейропсихология – медицинада нейрохирургия, неврология саласы мен
физиология мен психологияның торабы арқылы пайда болған. Нейропсихология –
психологиялық білім беруде тек теориялық қана емес практикалық мақсаттарды
да шешеді.
Теориялық тұрғыда – оның пәні мидың психикалық фукнциясын зерттейді.
Ал, практикалық тұрғыда оның пәні - өзінің үлесін медициналық
психологияда мәселелерді шешуге қатысады. Диагностика жасау, реабилитация
жасауға ықпал етеді. Бірлесе отырып жоғарғы психикалық қызмет бұзылуын
талдауға көмектеседі. Бұл бірлік түрлі мидағы жетіспеушіліктерді
белгілейді. Бұл пәннің маңыздығы да, дамуы да осы үндестік бірлікте.
Нейропсихология дамуына А.Р.Лурия ерекше үлес қосты.
Нейро ұғымы – жанның мидағы өкілдігі деген мағынаны білдіреді. Ол
адамның психологиялық құрылымының жиынтығын білдіреді. Нейропсихологияның
зерттейтін пәні – адамның жоғарғы психикалық функциясының мида ұйымдасуын
қарастырады.

1 бөлім. Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары.
1.1. Нейропсихология ғылымының зерттейтін пәні.

Нейро ұғымы – жанның мидағы өкілдігі деген мағынаны білдіреді. Ол
адамның психологиялық құрылымының жиынтығын білдіреді. Нейропсихологияның
зерттейтін пәні – адамның жоғарғы техниалық функциясының мида ұйымдасуын
қарастырады. Психология дегенде біз психиканы қарастырамыз. Психика туралы
әр түрлі түсініктер болды.
1) Антропопсихизм теориясы бойынша психика дегеніміз - әртүрлі
материяның қасиеті. Бұл теория Декарттан бастау алады. Яғни табиғатынан
жалпы ұрықтану дегенді білдіреді.
2) Биопсихизм теориясы – психика кез келген әртүрлі материяның қасиеті
емес, ол тек тірі материяның қасиеті дейді.
3) Нейропсихизм теориясы – егер нерв кімге тән болса соған тән
материялық қасиет дейді. Моньевтің айтуы бойынша органикалық тірі
материяның ең жоғарғы дамуы бойынша ғана туындайтын сатыдағы материялық
қасиет. Психика дегеніміз – жоғарғы ұйымдасқан материалдық дене. Ол
айналадағы қоршаған дүниеге байланысты бейімделуге қабілетті. Осы теорияның
ішіндегі нейропсихизм теориясын басшылыққа ала отырып нейропсихология
ғылымы дамыды. Физиология адамның 3 қарынша (3 желудочка) да орналасты деп
қарастырып келді. Бұл көзқарас метофизиологиялық деп бағаланды. Бірақ бұл
идеяның кейбір тұстары қазірдің өзінде бағалы. Мысалы: адамның жаны мен
тәні бір-біріне тәуелсіз. Жан идеялдық бейнелердің мекендеушісі. Ми арқылы
адамның бүкіл денесіне тарайтын каналдар арқылы өмірлік энергияны алуға
әсер етеді. Денеге тарайтын канал деп отырғаны – нерв жүйелері. Орталық
жүйке жүйесі жөнінде Павлов, Сеченов, Монтьев, Бернштейн, Лурия т.б.
ғалымдар адамның психикадағы бас ми жөнінде нақты түсіндірмелер берді.
Мидың құрылысы орталық жүйке жүйесі туралы ғылыми деректердің туындауы
нейропсихологияның туындауына себепші болды.
1.2. ЖПФ және оның мидағы механизмі, оның локальды зақымдануы.

Нейропсихология – жоғарғы психикалық функцияның механизмі деуге де
болады. Ми механизмі жоғарғы психикалық функция арқылы жүзеге асады. Ол
жүйелік сипатта болып, механизмі өзгермелі динамикалық болады. Сонымен
адамның түрлі жас ерекшелік кезеңінде жоғарғы психиалық функция түрлі ми
механизмдерінің арқасында жүзеге асады. ЖПФ-ның жүйелік және динамикалық
локализация (мида ұйымдасу) заңы түрлі пайда болған дефектілерде көріне
береді. Қалпына келтіру немесе функция бұзылуын қалпына келтіру алғашқы
жүйелік ұйымдасуды қайта құру есебінде жүзеге асады.
Психика ауруларын немесе психикалық функцияның бұзылуын қазіргі кездегі
әдебиеттерде психикалық дизонтоген деп атайды.
Дизонтогенді – көптеген ғылым салалары зерттейді. Мысалы: неврология,
нейропсихология, психология, патопсихология т.б.
Нейропсихологияда – дизонтогенді зерттеу пәні етіп қарастыра отырып
онда жоғары психикалық функцияның дефектілік дамуындағы бұзылуды немесе
кемақылдылыққа әкелмейтін сананы қалыптастыруды қарастырады.
Нейропсихология жоғары психикалық функцияның бұзылуын ми дисфункциясы деп
түсінеді және оны айналадағы қоршаған өмірге сай бағдарлығын және белгілі
бір жай-күйінің сақталуын әрі оның қалыпты жүруін түсіндіреді. Бір нәрсені
айта кету керек нейропсихологияның ең соңғы деректеріне байланысты өзінің
зерттеу шеңберінен ауытқи бастады. Мысалы: психикалық ауруларды ми
механизмінде түсіндіріп, соның негізінде жаңа ғылыми пән жемісті
көрсеткішке ие болды. Ол пәннің аты нейропсихиатрия деп аталады, яғни
нейропсихиатрия бұл құбылысты түсіндіру үшін, нейропсихологияға және оның
ең соңғы жаңалықтарына сүйенеді. Жоғары психикалық функцияның патологиясына
байланысты неропсихология мынадай мәселелерге назарын бөлуде.
1) Мидың белгілі бір зонасының жоғары психикалық функцияның тілдік емес
формасына себепші болған, яғни зақымдануына орай. Мұндай тілдік емес
форманың бұзылуына агнозияның, аппракцияның, апракто-агнозияның түрлері
және модельді спецификалық түрлері жатады (ес, зейін, ойлау).
2) Мидың локальды зақымдануына себепші болған тіл функциясының бұзылуы,
яғни афазия мен дизатрияның пайда болуына себепші болған тілдік функциялар
жатады.
3) Локальды емес дифузды ми зақымдануы түрлі деңгейдегі дегенеративті
процестер нейроинфекция және т.б. байланысты жоғары психикалық тілдік және
тілдік емес функциялары жатады.
Тілдік және тілдік емес жоғары психикалық функцияның бұзылуы бір-
бірінен оқшауланып шығып дербес жүйелікте байланысқа түседі. Мысалы:
есептеу немесе кеңістікті бағдарлаудың бұзылуы өз бетінше дербес
көрінгенмен көру гнозисінің бұзылуы заттық деп аталатын тілдік номинатқа
жақын әрі қиын меңгеруде байланысқа түседі. Міне біз бұдан көру обзоры мен
дыбыстық қабықшаның ассоцациялық негізге байланысқанын көреміз.
Жоғары психикалық функцияның тілдік емес бұзылуын нейропсихологияның
арнайы бөлімдері қарастырады. Ересек адамдардың нейропсихологиялық бұзылуын
Лурия, Хомская, Цветковалар зерттеді. Жоғары психикалық функцияның әртүрлі
этиология мен клиниасын және жоғары психикалық функцияның патогенетикалық
механизмін осы авторлар сипаттап жазды.

1.3. Нейропсихология ғылымының атасы Лурия.

Нейропсихология дамуына А.Р.Лурия ерекше үлес қосты. Александр
Романович Лурия (1902-1974) дүние жүзіне аты әйгілі, шет елдерде теңдесі
жоқ нейропсихологияның жаңа түрін жасаған ғалым. Сондықтан Лурия
психологиясы ми және психика проблемасын ретімен жасаған. Оның Высшие
корковые функций человека и ушение при локальных поражениях мозга еңбегі
дүние жүзіне белгілі. Бұл еңбек ағылшын, француз, испан және т.б. тілдерге
аударылды. Бұл еңбек тек нейроғылымында ғана емес, невропатолог, физиолог,
психиатр, педагог, психолог және басқа да сала мамандарына таныс. Сондықтан
нейропсихологияның атасы А.Р.Лурия болып табылады. Бұл еңбек жарық
көргеніне 40 жыл өтті. Нейропсихология саласында алға қарай даму бар.
Қазіргі кезде нейропсихология түрлі жолдармен дамып келеді. Бірақ,
А.Р.Лурия салған жол өзгелерден оқшау, даралау. Лурия нейропсихологиясы
А.С.Выгодский мектебінің психологиялық көзқарастарымен тікелей байланысты.
Жоғары психикалық функцияны күрделі жүйелі білім беру, қалыптастыру және
қызмет көрсету деген заңды басшылыққа алатын мектептің тұжырымнамаларымен
сәйкестенеді. Ол өмір бойы біртіндеп қалыптасады, қалыптасуға байланысты
психологиялық құрылым өзгеріске түседі. Ол тілді меңгеру және басқа да
таңбалық жүйені меңгерумен байланысты болады.
Адамның жас ерекшеліктеріне байланысты жоғары психикалық функция өзінің
құрылымы жағынан түрліше болып келеді. Осыған байланысты және оны жүзеге
асыруға байланысты да түрліше болады.
А.Р.Лурияның нейропсихологиясы Л.С.Выготскийдің жалпы психологиялық
мектебіне жүгінеді.
А.Р.Лурия нейропсихологиясы бағыттары:
- клиникалық, эксперименталды, реабилитационды нейропсихология.
- психофизиологиялық бағыт.
- балалық шақтың нейропсихологиясы.
- қарттық шақтың нейропсихологиясы және норманы үйренуге
нейропсихологиялық ықпал.
Әр бағыттың өзіне тән мақсаты мен әдісі бар. Әсіресе климатикалық
нейропсихология негізгі бағыт ретінде жүреді.
Нейроғылым бағыттарынан Лурия нейропсихологиясының тағы екінші маңызды
айырмашылығы – психикалық процестердің ми механизмі жөнінде жоғары
психикалық функцияны психикалық іс-әрекеттің күрделі формасы ретінде
қарауы. Бұл дегеніміз – кез келген психикалық функция (мысалы: еркін есте
сақтау) психикалық іс-әрекет заңымен жүзеге асатындығында. Бұл дегеніміз
өзінің құрамына бірнеше кезеңді ендіреді деген сөз: мотивация (себеп)
кезеңі, іс-әрекетте бағдарлау кезеңі, оны іске асыру кезеңі және алынған
нәтижені бақылау немесе тексеру кезеңі.
Нейропсихология ғылымында тек балалардың ғана патологиясы нашар
зерттелінген. Дегенмен балалар нейропсихологиясына байланысты Лурия,
Семернидская еңбектер жазды.
Лурия еңбегінде нақты зерттеулерді қажет ететін методологиялық
базарлардың ілгері теориялық тәртібін қарастырды. Ал Семернидская балалар
нейропсихологиясының әдістемесін жасады және ол әдістемені дәрігер
неврологтарға арнады. Сондай-ақ Семернидскаяның бұл еңбегі осы саланы
қызықтыратын маман түрлеріне бағытталды. Бұл еңбек аппракцияның және тағы
басқалардың симптомдары айтылады және сол симптомды туғыздырып отырған
себептерді көрсетеді. Дегенмен осы себептерді туғыздырып отырған ми
механизмін ашып көрсетпейді.
Тілдің бұзылуын нейропсихологияда, нейролингвистикада да қарастырады.
Бірақ нейролингвистика нейропсихологияның табиғи бөлігі болып есептелінеді.
Дегенмен нейропсихологияның жетістігіне сүйене отырып нейролингвистика,
лингвистиа саласындағы теориялық және тәжірибелік білімге сүйеніп өз
зерттеу пәнінің негізін жасайды. Тілдік функцияны нейролингвистикалық
жағдайда Хед зерттеді. Ол өз еңбегінде афазия және оның формалары яғни тіл
патологиясын қарастырды. Тілдің бұзылуын неврологияда үстемдік құрып тұрған
Брок, Вернике, Лихтгейн, Марий және т.б. қарастырды. Хедтің жаңашылдығы
мидың символикалық тікелей қатысуына байланысты тілдің бұзылуын көрсетуінде
еді. Яғни ми қабыршағының үшінші алаңындағы символикалыққа қатысты тіл
бұзылуын көрсету мен көрсету мен белгілі. Хед символикалық іс-әрекет
ретінде тілдің бұзылуын тілдік құралды пайдаланудағы локальдылық қабілеттің
зақымдалуымен байланыстырады. Хедтің зерттеуін жалғастырғандар: Лурия,
Яков, Винарская, Визель және т.б. Олар афазиядағы нейролингвистиканың
маңыздылығы мен нәтиежелілігін айқындап берді. Қазіргі кезде
нейролингвистианың екі түрлі негізгі бағыттары бар. Яков пен Халл тілдің
бұзылуын екі түрлі жағдайын көрсетеді.
1) Парадигматикалық тіл операциясының бұзылуымен байланыстырады. Бұл
операцияны мидың артқы бөлімі жүзеге асыруға тиіс.
2) Мидың алдыңғы бөлігімен жүзеге асырылатын синтагматикалық іс-
әрекеттің бұзылуы. Лурия мұндай тұрғыдан келуді жемісті деп бағалағанымен
бірақ, ол кең дәлел алмады. Нейролингвистиалық зерттеулердің екінші бағыты
Хед көтерген ми деңгейін қамтыды. Қазіргі кезде осы екі бағытты белсенді
түрде зерттеу қарастырылып отыр. Нейролингвистикаға қарасты екі бағыт
тілдік фунцияның және оның бұзылуына байланысты жаңа жол ашып берді.
Мұндай психикалық іс-әрекеттің психологиялық құрылымын нейропсихология
көзқарасымен қарағанда ми механизмінің орындауын, оның ол іс-әрекетке
қатысымын ғана ұйғарып қана қоймайды психикалық іс-әрекеттің мотивациялық
бағдарлаушылық тексерушілік аспектілеріне де жауапты болады. Бірде-бір
батыс батыс мектебі жоғары техникалық функцияның мұндай күрделі психикалық
процестің ми негізін теориялық тұрғыда қарастыруда мұндай долбар (ұғынысты)
ендірмейді. Міне, нақ осы түсінік беру жоғарғы психикалық функцияның
белгілі-бір формасының бұзылуы, яғни бас мидың бір бөлігінің бұзылуы
көптеген фукнцияның бұзылуына алып келеді.
Басқа нейропсихологиялық мектептерден үшінші бір айырмашылығы – ол
Лурия нейропсихологиясының бас мидың фукнциясын тұтас қарастыруда емес.
Психикалық іс-әрекеттің жекелеген блогі ретінде қайта жекелеген
аспектілері, параметрлерін яғни мына сияқты – динамикалық реттеушілік және
т.б. ара қатынасын белгілеуінде. Міне, осындай параметрлерге бас мидың
құрылымдық-функционалдық жұмыс істеу единицасына нейропсихологиялық ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Экология – организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін іргелі жаратылыстану пәні
Жерді зерттейтін ғылым - Геология
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Философия пәні мен қызметі
Әлеуметтану пәні мен ғылымы
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Психология ғылымының пәні мен объектісі
Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері
Демография ғылымының пәні мен әдістері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь