Психогенетиканың генетикалық негіздері жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: « Психогенетиканың генетикалық негіздері»

Орындаған: Тоқтағунова Ш. М Тобы: ПХ-415

Тексерген: Абдуллина Г. К.

Семей 2015

Психогенетика - психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстардың тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін зерттейтін ғылым саласы. Психогенетикалық жетістіктер адамның жасы келген сайын, оның зердесінің жеке ерекшелігіне генотиптің тигізер ықпалы айқындалып, күшейе түсетінін көрсетеді. Мысалы, адамның миллиондаған жылдар бойы ортаға бейімделу қабілетінің жетілуі, оның өзгеге және қоғамға деген қатынастары тұлғалық ерекшелігінің қалыптасуы осының айғағы. Сонымен қатар психологияның генетикамен шектес саласы, психологиялық процестердің генетикалық негіздерін зерттейтін салааралық ғылым. Психогенетика адамның жеке тұлғалық психологиялық ерекшелігінің шығу тегі мен қалыптасуын генотип ортаның ықпалы арқылы қарастырады. Ғылымда адамның психикалық қызметінің даму факторлары туралы біржақты көзқарас қалыптасқан. Психогенетикадағы көптеген ізденістер жоғары психикалық қызметтің индивидтер арасындағы әртүрлілігін зият, ақыл-парасатпен салыстыруға айрықша мән береді. Психогенетикадағы тектестік дәрежесі (жалпы гендер саны) мен ақыл-парасат күйінің көптеген көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс бар екендігін тапты. Адамдық, әлеуметтік факторлар мен жағдайлар жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктерді генотипке бейімдеуге ықпал етеді деген болжам күшін жойған жоқ.

Генетика тұқымқуалаушық пен өзгергіштік заңдарын зерттейді.

Адам баласы ерте кезден үй жануарлары мен өсімдіктердің түрлерін көбейту мақсатында будандастыру жүргізген. Олар бір түрге жататын мал тұқымдарын, өсімдік сорттарын жөне бір-бірінен ерекше белгілері бар дақылдарды таңдап алып, будандастырып отырған. Алынған ұрпакты ата-анасымен салыстыру нәтижесінде белгілері мен ерекше қасиеттерінің тұқым қуалау ерекшелігін байқаған. Адамдарды тұқым куалаушылықтың үш касиеті қызықтырған:

  • бірінші - ата-ана белгілері мен ұрпақ белгілерінің ұқсас болуы;
  • екінші - ұрпақ белгілерінің ата-ана белгілерінен өзгеше болуы;
  • үшінші - кейбір ұрпақтарда арғы ата-баба қасиеттерінің кайталануы.

Тұқымқуалаушық тұқымына тән сипаттардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп сақталуына мүмкіндік туғызады. рганизмдердегі тұқымқуалаушылық факторларының болатынын алғаш болжам жасап, тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан Г. Мендель болды. Ол ата-аналық дарабастарды бір-бірінен бір не бірнеше белгілері бойынша ажыратылады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары арқылы беріледі деген қорытынды жасады (Мендель заңдары) . 1909 жылы дат биологы В. Иогансен бұл тұқым қуалау факторларын ген деп атады. 1911 жылы америкалық биолог Т. Морган және оның әріптестері ұсынған “Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы” бойынша да тұқымқуалаушылықтың бірлігі - ген деп көрсетілген.

Ген - бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі. Гендер жасуша ядросындағы хромосомаларда тізбектеле, бір сызықтың бойында орналасқан және әрбір геннің хромосомада нақты тұрақты орны (локусы) болады. Кез келген хромосома өзінің гендер тобымен ерекшеленеді.

Генотип - бұл генетикалық есептерде АА, Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы. «Генотип» терминін 1909 жылы даниялық генетик В. Иогансен ұсынған. Оған барлық геном (ядролық гендер) мен плазмогендер (цитоплазмалық гендер) жатады. Генотип ағзадағы тұқымқуалаушылық қасиеттің негізі болып есептеледі. Генотип болашақ организмнің дамуында, құрылысында, тіршілігінде, яғни барлық белгілерінде, қасиеттерінде, фенотипінде көрінеді. Организмнің тұқым қуалау белгісі немесе қасиеттері, оның дамып қалыптасуы Генотиптің құрамындағы белгілі бір геннің қызметіне байланысты болады, сондықтан бір геннің қызметі өзін қоршаған генетикалық ортаға байланысты

Фенотип - бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы. Фенотипті генотиптің көзге көрінетін кескіні деуге болады. Фенотип ағзаның тұқым қуалау негізі болып табылатын генотип пен сол ағзаның дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайларының өзара әрекеттесуінен пайда болады. 1909 жылы Фенотип терминін алғаш рет дат ғалымы В. Иогансен (1857 - 1927) ұсынды. Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды, ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады. Генотип пен Фенотип арасында нақты түрдегі байланыс болмайды, яғни генотиптің өзгеруі әрқашан Фенотиптің өзгеруімен қатар жүрмейді (немесе керісінше) . Сондықтан генотиптері толық түрде бірдей болып келетін бір жұмыртқалы егіздердің өзі әр түрлі тіршілік жағдайларында дамып жетілген болса, олардың арасында айтарлықтай үлкен Фенотиптік айырмашылықтарды байқауға болады.

Аллель - сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы, асбұршықтардың сары және жасыл түсі.

Өзгергіштік жеке даму процессінде организмдердің жаңа белгілерге ие болу қасиеті. Өзгергіштік организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы. Тірі организмдердің бұл екі қасиетін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Оларсыз эволюция жоқ. Өзгергіштік эволюция процесін үздіксіз материалмен қамтамасыз етсе, ал тұқым қуалаушылық оның нәтижесін қалыптастырып отырады. Өзгергіштік бір түр ішіндегі дараның өзара айырмашылықтарын көрсетсе, ал тұқым қуалаушылық сол белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлері және олардың тіршілік ортасына бейімделуі осы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің нәтижесінде қалыптасады.

Хромосома - (грекше «хромо» - бояу, «сома» - дене) клетка ядросының құрамында нәсілдік информациясы ДНҚ бар ген орналасқан өздігінен екі еселене алатын, бояулармен боялатын негізгі құрылым бөлігі.

Хромосома алғаш рет 19 ғасырдың 70-ші жылдары белгілі болды және 1883 жылы неміс ғалымы В. Вальдейер «хромосома» деген атауды ұсынды. Хромосома өсімдік пен жануарлар клеткасының даму процесін қамтамасыз етеді, тұқым қуатын белгі, қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа өткізеді. Олардың хромосомада морфологиялық өзіндік ерекшеліктері бар. Хромосомалар клетка бөлінуі кезінде анық көрінеді. Оның морфологиясы митоздың метафаза және алғашқы анафаза сатысында жақсы байқалады. Орташа алғанда хромосоманың ұзындығы 0, 2-50 мкм., диаметрі 0, 2-3 мкм. Хромосоманың химиялық құрамы ДНҚ (генетикалық мәліметті сақтаушы) , РНК (генетикалық хабарды өткізуші) макромолекуларынан, кіші молекулалық негіздік белок-гистоннан, қышқыл, белоктан тұрады. Атқаратын қызметіне қарай хромосомалар екіге бөлінеді. Олар аутосомалар және жыныстық хромосомалар.

Жыныстық хромосомалардың белгілі бір жыныстық дамуына қатысы болғандықтан, оларды жыныстық хромосомалар деп атайды, олар Х және У хромосомалар.

Дене клеткасындағы хромосомалар санының түрлік тұрақтылығы, саны, ұзындығы, морфологиялық белгілерінің жиынтығы кариотип деп аталады. Табиғи сұрыптаудың барысында әр түрдің өзіне сай хромосом аппараты қалыптасқан. Әдетте хромосомалар жұп санды болып келеді: 2n әдетте көпшілік организмге тәндиплоидты болады. Диплоид жиынтығы ойша екіге бөлгенде, 1n хромосома қалса, оны гаплоидты жиынтық дейді. Бұл жыныс клеткасында болады. Жұп санды (құрылысы және шығу тегі бір, бірақ атқаратын қызметі әр түрлі) деп аталады. Әдетте гамологиялық хромосомалардың морфологиялық айырмашылығы байқалмайды.

Гамета ( Үлгі:Lang-elγαμέτες - жабайы) деп гаплоидті (1п) хромосома жиынтығы бар өсімдіктер мен жануарлардың жыныс жасушасын айтады. Гамета жыныс жасушасының мейоздық бөлінуі нәтижесінде түзіледі. Бірдей аллельді гендері бар гаметаның қосылуынан түзілген организмді гомозиготалы (ААІ жөне ааІІ) десе, әр түрлі аллельді гендері бар гаметаның қосылуынан пайда болған дараларын гетерозиготалы (АаІІІ) деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психогенетиканың қалыптасып дамуы
Психогенетика
Психогенетиканың генетикалық негіздері туралы
Психогенетиканың генетикалық негіздері туралы мәлімет
Психогенетиканың қалыптасуы мен дамуы
Психогенетика пәні,мақсаты зерттеу әдістері
Психогенетиканың генетикалық негіздері және мутация
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу
Психогенетиканың қалыптасып дамуы жайлы ақпарат
Психогенетиканың генетикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz