Диспансеризация туралы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Диспансеризация

Орындаған: Онгарова Д. Б

Тобы: ВС-303

Тексерген: Муратбаев Д. М

СЕМЕЙ 2015ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Диспансеризацияға тарихи шолу

2. 2 Диспансеризацияның теориялық негізі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі күннің талабына сай малшаруашылығынан өндірілетін өнімдерді нәтижелі түрде пайдалануды малдарды аурулардан сақтандыру мәселелерін шешудегі теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық жақтарын терең игере отырып; аурулар бола қалған жағдайда оларды уақытында экономикалық жағынан тиімді емдеу әдістерін пайдалана отырып оларды өнімді малдардың қатарына қосу арқылы іс жүзіне асыруға болады. Бұл мәселелерді шешуде пәнді игеру барысында жан-жақты дәрістелетін диспансеризация жүргізу әдісі негізгі жоспар ретінде ұсынылады.

Көптеген ауруларды болдырмауда, бола қалған жағдайда олардан тез арада, ұтымды түрде жазып алуда арнайы дайындалатын азықтармен - диетотерапиямен емдеудің маңызы зор. Ол үшін ветеринариялық зертханаларда мал азықтарының құрамын жете тексере білу қажет. Тек сонда ғана толық қанды рацион құруға мүмкіншілік туындайды.

Ауруды ғылыми негізде емдеуге көп көңіл бөлу керек. Ол үшін ауруды анықтауда жүргізілетін тексерулерді мұқият жоспарлаған дұрыс. Ол жоспар белгілі бір жүйеде жүргізіледі. Олардың ішінде ауруларды дұрыс анықтау мен олардың себептерін нақтылы табудың ауруларды емдеу және олардан сақтандыру шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше.

Малдарды емдеу туралы жазбаша ескерткіш ерте заманғы египеттің Кахун папирусындағы деректерден бастау алады. Одан кейінгі кездерде Аристотель, Үнді оқымыстылары, Колумелла, Абсирт және тағы басқа да ғұлама ғалымдар көптеген ескерткіш жазбалар қалдырды.

Ресейде малдәрігерлік мекеме 1733 жылы Мәскеу маңындағы Хорошевское ауылды жерінде ашылған. Одан кейінгі жылдары, атап айтқанда XVII және XVIII ғасырларда Ресей оқымыстыларың көптеген қолжазбалары басылып шықты.

1806 - 1811 жылдары Вилен, Петербор, Мәскеу университеттерінде ветеринария бөлімдері ашылса; 1851 - 1876 жылдары Харьковте, Қазанда, Дерпте ветеринария институттары ашылып, жұмыс істей бастады. Ветеринария саласына, әсіресе ішкі жұқпалы емес ауруларды дамытуда үлес қосқан ғалымдар: К. М. Гольцман, Н. П. Рухлядев, Г. В. Домрачев, С. А. Хрусталев, А. Р. Евграфов, А. В. Синев, И. А. Симонов, В. Е. Евтихиев, И. А. Каарде, И. Г. Шарабрин, В. М. Данилевский және басқалары болды. Олар көптеген оқулықтар мен оқу құралдарын жазып қалтырды.

Қазақстанда бірінші өлкелік малдәрігерлік-бактериологиялық институт 1925 жылы ашылды. Ол институт 1935 жылдан бастап «Қазақтың ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институты» болып аталды. Сол институтта 1948 жылы бірінші аспиранттар қабылданды. 1930 жылы Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылды. Бұл институтта негізгі ғылыми бағыттар мен орталықтар топтастырыла бастады. : Академиктер: Б. А. Домбровский, Ф. М. Мұхаметғалиев жетекшілік еткен морфологтар;

  • Н. У. Базанова басқарған физиологтар;
  • Я. И. Клейнбок басқарған терапевтер;
  • Б. П. Всеволодов Басқарған патоморфологтар;
  • М. П. Орлов басқарған паразитологтар Қазақстанда ветеринария ғылымының дамуына зор үлестерін қосты.

http://cs629524.vk.me/v629524069/28bc1/_iW4IlfY1A8.jpg

Азықтандырудың картограммасы

Диспансеризация - дені сау сапалы өнімді, конституциясы қолайлы, организміндегі зат алмасу деңгейі жоғары малдар тобын құру үшін жүргізілетін диагностикалық, емдік және сақтық шараларының жоспарлы жүйесі.

http://vetpk.ru/files/news2/210.jpg

Ветеринар мамандар ірі қараға күздік диспенсеризация жүргізуде

Диспансеризацияның теориялық негізі - организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын қағидалайтын жалпы биологиялық заңдылық. Диспансеризацияны іс жүзіне асыруда И. Г. Шарабрин мен Х. Г. Гизатуллиндер көп еңбек істеді. Ал диспансеризацияны малшаруашылығына еңгізу 1957 жылы шыққан нұсқаудан бастау алады. Ол нұсқау бойынша диспансеризация негізгі және кезекті болып бөлінеді. Негізгі диспансеризация жылына екі рет: жазғытұрым - мал жайылымға шығарда және күзде - мал қыстаққа орналастырыларда; кезекті диспансеризация жыл тоқсанында бір рет жүргізіліп отырады.

Диспансеризация 3 этаптан тұрады:

  • Диагностикалық-малдарды шаруашылықтарда қолданудағы талдау; (тұқымы, қоңдылығы, жасы)
  • Емдік-жануарлардың клиникалық жағдайы; зат алмасуындағы төмен және жоғары жағдайы; жануарлардың жұқпалы аурулары;
  • Сақтандыру-клиникалық аурулар кезінде белоктың, көмірсулардың, витаминдердің мөлшерінің төмендеуі.

http://cs628520.vk.me/v628520069/2945f/dWvGbaTLpF8.jpg

Средство групповой предупредительной терапии при нарушении обмена веществ у коров.

Клиникалық-лабораториялық тексерулердің нәтижелеріне сүйене отырып диспансеризацияның диагностикалық этабында барлық малдарды 3 топқа бөледі:

  • Дені сау малдар;
  • Дені сау, бірақта организмдегі зат алмасу процесінің деңгейі төмен немесе бұзылған малдар;
  • Ауру малдар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диспансеризация туралы мәлімет
Диспансерлеу туралы ақпарат
Диспансеризация жайлы ақпарат
Диспансеризация туралы ақпарат
Диспансеризация
Қынаптың және жатыр мойнының қынап бөлігінің шырышты қабаты құрғақ және ыстық
Жатыр мойны аурулары
Шаруашылық жағдайында мүйізді ірі қара малының жарақатты ретикулиттің алдын алу үшін магнитті зонды қолдану
Диспансеризациялық іс шаралардың озық үлгілері
Тұрғындарды медициналық тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz