Өндірістік процестер мен оның автоматтандыруы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
ТФ және ЖЭ кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Өндірістік процестер мен оның автоматтандыруы.
Орындаған: Дәулетбаев А. А.
ТФ-205
Тексерген: Шалаганова А. Н.
Семей 2015
Мазмұны:1 Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылыми негізі3
2 Автоматтандыру негізгі құралдары3
3 Автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқару4
Қорытынды6
Пайдаланылған әдебиеттер7
1 Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылыми негізіӨндірісті комплексті түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін, документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызды. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі халық шаруашылығын басқарудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы - халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекетінің методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізігі 3 жүйесі бар:
- басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын (Мемлекеттік жоспарлау комитеті, Орталық статистика басқармасы, сауда, ауыл шаруашылық, әкімшілік органдары) қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;
- өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;
- бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді өңдейтін және олардың жұмысын жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйесі.
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары - электрондық есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардың ішінде цифрлық есептеуіш машина (ЦЕМ) кеңінен тараған. ЦЕМ мәліметтерді өңдеудің орталық жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, статистика, жол есебін жүргізу, детальдарды өңдеудің оптимальдық технологиясын есептеу, участок, цех және тұтас кәсіпорын жұмысын жоспарлау, қоймадағы материалдар мен бұйымдардың есебін оперативті түрде жүргізу, қажетті материалдарға сұрама беру, өзіндік құн есебін күнделікті шығарып отыру, жабдықтарды пайдаланудың оптимальдық жоспарын жасау, өндірістік және транспорттық графиктер құру т. б. үшін қолданылады. Оны басқару жұмыстарын автоматтандыруда қолдану бірқатар шетелдерде де жүзеге асырылуда.
Мысалы, АҚШ-та барлық шығарылатын ЦЕМ-нің 90 %-ы экономикалық есептеулерге және өндірісті басқару жұмыстарында пайдаланылады. Аналогты есептеуіш машина технологиялық процестерді оптимальдық реттеу қызметін атқарады. Оны электрондық басқару машиналарымен біріктіре отырып, процестерді тек оптимальды технологиялық режимде ғана емес, оптимальды экономикалық режимде де реттеуге болады. Аналогты машинаның жаңа типі - автоматты оптимизаторды экономикалық басқару мақсатында пайдалануға болады.
Басқару жұмыстарын автоматтандыруда электрондық есептеуіш машинадан басқа сан алуан арнаулы жабдықтар қолданылады. Оларды былайша топтастыруға болады:
- Мәлімет тіркегіш машиналар - перфораторлар, жазу машинасы, тіркеуіштер, өнімнің саны мен сапасын есепке алатын автоматты санауыштар басқарылатын процестердің өтуі туралы мәлімет беретін сигналдық аппаратуралар, магнитофондар, диктофондар, стенографиялық машинкалар, документті көшіру әрі көбейту аппаратуралары т. б. ;
- Мәліметтерді өңдейтін машиналар-клавишті есептеуіш машиналар, фактур жинақатуыш табулятор т. б. аналитикалық есептеуіш машиналар;
- Mәлімет түрлендіретін жабдықтар - конверторлар, оптикалық және басқадай оқу, кодтау құрылғылар, перфокартадан перфолентаға және керісінше көшіріп жазатын құрылғылар, фикрофильмдеу және микрокарта оқу аппаратуралары т. б. ;
- Mәлімет шығару жабдықтары - декодтауыш құрылғымен біріктірілген автоматтық перфорациялауыш машиналар, автоматты басу машиналары т. б. ;
- Mәлімет іздейтін және оны сақтайтын жабдықтар - картотека сұраптағыштар, документ іздеу машиналары, көп таңбалы сандарды жинақтай алатын және сыйымдылығы көп еске сақтау құрылғылары бар арнаулы мәліметтік электрондық машиналар;
- Байланыс жабдықтары - телеграф, телефон, радио аппаратуралары, ішкі байланыс және сигнализация құралдары - директорлық және диспетчерлік телефон коммутаторлары, ішкі АТС, селекторлар, электрлік, механикалық және пневматикалық тәсілдермен документ беру құралдары т. б.
Жалпы мемлекет көлемде басқару жұмыстарын автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқарудың қазіргі ғылми әдістерін неғұрлым тиімді енгізуді қамтамасыз етеді. Көптеген абоненттер мен телефон желісі арқылы тікелей байланыстырылып, алуан мақсатта пайдаланылатын қуатты есептеу орталықтары құрылуда. Ал кәсіпорындар мен экономикалық басқару органдарын комплексті түрде қамтамасыз ету мақсатында ірі мәліметтік есептеу орталықтары құрылды. Жеке үлкен кәсіпорындар мен басқару органдарында есептеуіш машина станциясы немесе орташа е шағын электрондық есептеуіш машиналары болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz