Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бірлескен кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, оларды ұйымдастыру формалары 4

1. 2 Бірлескен кәсіпорындардың заңнамалық базалары . . . 6

1. 3 Бірлескен кәсіпорындарды дамытудың шетелдік тәжірибесі . . . 8

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

2. 1 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны12

2. 2 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары

2. 3 Еркін экономикалық аймақтардағы елдердің сыртқы экономикалық

стратегиялары жүйесіндегі Қазақстанның ролі . . . 17

3 БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ

3. 1 Қазақстан Республикасында бірлескен кәсiпорындардың қаржысын

ұйымдастырудың ерекшелiктерi . . . 21

3. 2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен және шетелдiк кәсiпорындардың қызметін талдау . . . 23

3. 3 Бірлескен кәсiпорындар өндiрiсiн дамытуды болжау . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 50

ҚОСЫМШАЛАР . . . 51

Кіріспе

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жағынан жаңаруын жеделдетуге байланысты мәселелердi жан-жақты айтып бердi. Президент Жолдауында бәсекеге қабiлеттi экономиканың үлгiсiн таңдай отырып, бәсекелестiкке қарымы мол басым салаларды дамытуға кiрiсiп, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесiнiң дамуына жол ашылғандығы айтылды.

Нарықтық экономика жағдайында бірлескен кәсiпорын тiкелей шетелдiк инвестицияны тартудың ең перспективалы формасы және қызмет iстеу арқылы шетел нарығына жоғарғы тиiмдiлiкпен шығудың құралы болып табылады. Әлемнiң әр түрлi елдерiнде тiкелей шетелдiк инвестицияны тартуда бірлескен кәсiпорындар құру халықаралық экономикалық қатынастардың жаппай құбылысы болып табылады, себебi одан біріккен қызметтiң қатысушылары үлкен пайда табады.

Бірлескен кәсiпорын ресурстарды тартуда құрылтайшылардың шеңберiн кеңейту үшiн көп мұмкiндiк бередi.

Бірлескен кәсiпорындардың негiзгi принципi бiр ғана кәсiпорынның қызмет атқарғанымен, мақсатты нәтижеге жетуде бiрнеше партнерлар қызметiнiң анықталған формада жүзеге асқаны әлде қайда тиiмдi болуы мүмкiн.

Дипломдық ық жұмыстың ғылыми жаңалығы келесiлердi қамтиды:

  • Бірлескен кәсiпорындардағы өндiрiстi ұйымдастыру және басқарудың теориялық негiзi зерттелдi;
  • Бірлескен кәсiпорындар өндiрiстiң тиiмдiлiгiне әсер ететiн негiзгi шарттар анықталды және бағыттар негiзделдi;
  • Нарықтық қатынас жағдайында бірлескен кәсiпорындар өндiрiсiн тиiмдi басқару мен ұйымдастырудың факторлары мен шарттарын теориялық жинақтап қорыту;
  • Бірлескен қызмет бойынша кәсiпорындар қызметiнiң заңды базасын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасы және шетелдiк кәсiпорындарының негiзгi тенденциясы мен қызметiне талдау жүргiзу;
  • Біріккен кәсiпорындардың өндiрiсiн тиiмдi ұйымдастыру және басқаруды жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындау.

Зерттеудiң тәжiрибелiк мағынасы аумақтар жағдайында біріккен кәсiпорындардағы өндiрiстi басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн көтеру және одан әрi зерттеудегi негiзгi жағдайларға байланысты.

1 БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бірлескен кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, олардың ұйымдастыру формалары

Бірлескен және шетелдiк кәсiпорындарды құру кәсiпкерлiктiң перспективалы формаларының бiрi және шетелдiк инвестицияны Қазақстан Республикасының экономикасына тартуға бейiмделген. Бірлескен кәсiпорын деп қазақстандық заңды тұлғалармен қатар шетелдiк фирмалар, компаниялар, ұйымдар қатысатын бiрлестiктер мен ұйымдарды, кәсiпорындарды атайды. Шетелдiк кәсiпорындар деп толығымен шетелдiк инвесторларға қарайтын кәсiпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдастыру құрылымдарын айтады.

Бірлескен кәсiпкерлiк - әр түрлi елдердiң өнiмдерi мен қызметтерiн өндiретiн өнеркәсiптiк қарым-қатынастың ерекше формасы. Бірлескен кәсiпкерлiктi құруды жүзеге асыру қарым-қатынастағы заңды тұлға болып табылатын партнерлардың өзара iс әрекетi деңгейiнде сол елдiң заңы бойынша iске асырылады. Бірлескен кәсiпорының қабылдаған елдiң заңдарына сәйкес заңды тұлға статусы болады.

Бірлескен кәсiпорындардың қатысушыларының қарым-қатынасының приниципиалды ерекшелiктерi:

  • өзара қатынастағы партнерлардың меншiктерiн бiрiктiру және осы негiзде біріккен кәсiпорындарға қарасты негiзгi қорларды және айналым құралдарын құру;
  • кәсiпорындардың даму процесiн, өндiрiсiн және өндiрген өнiмдерi мен қызмет көрсетуiн бiрлесiп басқару;
  • кәсiпорындардың өндiрiстiк және коммерциялық тәуекелiн бiрiгiп көтеру;
  • қабылдаған елдiң нормативтiк актiлерiнiң шарттарына сәйкес бірлескен кәсiпорындар партнерларының арасында пайданы бөлу (кәсiпорынның өзiндiк қаржыларын қалыптастырудағы серіктестердің қатысуына пропорционалды бөлу) ;

Тек өндiрiс саласында ғана емес, өндiрiстi ғылыми-техникалық дайындауда, біріккен кәсiпорындардың белгiлерiне ынтымақтастықтың ұзақтығы, сол сияқты өнiм өткiзуде партнерлардың өзара iс-әрекетi жатады.

Бірлескен кәсiпорындың негiзiне жергiлiктi және шетелдiк серіктестердің бiрiн-бiрi толықтырушы элементтерiнiң типтiк комбинацияларын бөлiп көрсетуге болады:

  • ғылыми-техникалық шешiм плюс оны өндiрiстiк iске асыратын құрал-жабдықтар (өнеркәсiптiк технология) ;
  • қабылдаған елдiң табиғи ресурстарын қолдануға құқығы плюс оны тиiмдi қайта өңдеу технологиясы;
  • өндiрiс алаңы, еңбек күшi, қабылдаған партнердың инфрақұрылымы плюс өнiм шығару үшiн жинақтау бұйымдары мен жинаудың инвестицияланатын технологиясы;
  • қайталама ресурстар плюс оларды коммерциялық қайта өңдеу үшiн құрал-жабдықпен қамтамасыз ету;
  • маркетингтiк талдаудың қорытындысы, жергiлiктi рынокты игеру элементтерi (жарнама, сауда желiсi, сауда белгiсi, т. б. ) плюс өндiрiстi ұйымдастыру үшiн ресурстар, технология және қаржыландыру.

Бірлескен кәсiпорынның аталған ерекшелiктерi жергiлiктi және шетелдiк серіктестердің құрған кәсiпорындарының табысты қызмет атқарудағы өзара қызығушылығын тудырады. Инвестицияның өндірістік игерілу тәуекелін, негізінен қабылдаушы жақ өз мойнына алады.

Барлық бірлескен кәсіпорынның әріптестерінің шығындарының тиімді болуы, олардың іс-жүзінде кәсіпорынды қалыптастыру мен оның қызметін басқаруға қатысуына байланысты болады. Кәсіпкерлік тәуекелін әріптестер өзара бөлісіп алады. Сонымен қатар өндірістік процесстерді басқару мен өнімді өткізу, инвесторға да және қабылдаушы жақтың бірлескен кәсіпорынға қатысушысына да бірдей артықшылық береді. Инвестор осыны ескере отырып, оқыстан пайда болған ауыспалы технологияларды пайдалану арқылы өндірілген өнімді өздері меңгеріп отырған рыноктан қақпайлап отырады.

Бірлескен кәсіпорындағы жергілікті және шетелдік әріптестердің түпкі мүдделері әртүрлі болуы мүмкін, әсіресе, егерде бірлескен кәсіпорын әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің экономикалық қатынастары шеңберінде құрылатын болса. Қаржы бөлуші кәсіпкер үшін шетелдің бірлескен кәсіпорынына қатысу, капиталды сыртқа шығару мен өз еліне қарағанда капиталын мол табыс түсетін басқа елде пайдалануға тырысуының жемісі болып табылады.

Инвестордың негізгі мүддесі болып, қабылдаушы елдің жаңа рыноктарын игере отырып, салынған капиталының есебінен қосымша көп мөлшерде табыс табу, шикізатқа кететін және жалдамалы еңбектің төлемақы шығындарын төмендету болып табылады.

Ал, жергілікті әріптестің мақсаты мен мүдделері, тәртіпке сай, қабылдаушы елдің толығымен шаруашылық және әлеуметтік мүдделерімен тығыз байланыста болады.

Сондай-ақ, бірлескен кәсіпкерлік бірлесіп әрекет етуші әріптестердің қарама-қарсы мүдделерін де өзара тиімді етіп қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Өте атап өтетін жай, бұл бірлескен кәсіпкерлік ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетке және мәдениетке өзара ендіру құралы, сонымен қатар, мемлекетаралық саяси қатынастарды жақсарту факторларының бірі болып табылады.

1-кесте - Кәсiпкерлiктi ұйымдастыру формаларының мiнездемесi

:
Жеке кәсiпорын: Жеке кәсiпорын
Бірлескен кәсiпорын: Бірлескен кәсiпорын
Корпорация: Корпорация
: Құрылудың күрделiлiгi
Жеке кәсiпорын: Жеңiл құрылуы, ұйымдастыруға және ресiмдеудеуге шығындардың аздығы
Бірлескен кәсiпорын: Серіктестер iздестiрумен байланысты белгiленген қиындықтар, қатысушылар арасындағы келiсiмнiң болуы
Корпорация: Арнайы заңды реттеулермен байланысты, қомақты күш және материалдық шығындарды талап етушiлiгi
: Капиталды жұмылдыру қабiлетi
Жеке кәсiпорын: Меншiк иесiнiң жинақтарының мөлшерлемелi шектелуi
Бірлескен кәсiпорын: Серіктестердің меншiктерiн бiрiктiру жолымен капиталды тарту мүмкiндiгiн өсiру
Корпорация: Бағалы қағаздар шығару жолымен капиталды тез жұмылдырудың жоғарылығы
: Меншiк иесiнiң жауапкершiлiк шеңберi
Жеке кәсiпорын: Мүлiктердi қоса есептегендегi барлық мiндетемелер бойынша толықтығы
Бірлескен кәсiпорын: Жарғылық капиталдағы қатысуға байланысты пайда мен залалды пропорциялы бөлу
Корпорация: Ұсталған бағалы қағаздар бағасының шектеулiлiгi
: Меншiк иесi жағынан бақылау дәрежесi
Жеке кәсiпорын: Барлық қызметтер бойынша толықтығы
Бірлескен кәсiпорын: Серіктестер арасындағы бөлiнушiлiк
Корпорация: Акция үлесiнен ұсталуына сәйкестiгi
: Өмiр сүрудiң ұзақтығы
Жеке кәсiпорын: Қожасы өмiрiнiң ұзақтығының шектеулiлiгi
Бірлескен кәсiпорын: Серіктестер арасында келiсiмнiң шартына байланыстылық
Корпорация: Шектелмеген, банкрот болған жағдайда ғана тоқтату
: Өтiмдiлiгi
Жеке кәсiпорын: Сатудың қиындығы, төмендiгi
Бірлескен кәсiпорын: Пайларды сатудың қиындығы, төмендiгi
Корпорация: Жоғары
: Ескерту : кесте автормен құрастырылған

Қабылдаған елдiң территориясында сол елдiң заңдарымен анықталған заңды тұлға формасында бірлескен кәсiпорын құрылады және қызмет атқарады. Халықаралық тәжiрибеде бірлескен кәсiпорынды (қоғамды) ұйымдастырудың ерекшелiгiн және кәсiпорынның мiндеттерi бойынша қатысушылардың жауапкершiк дәрежесiн анықтайтын бірлескен кәсiпкерлiктiң әртүрлi заңды формалары бар. Оның ең көп тараған түрлерiне акционерлiк компаниялар, толық жауапкершiлiгi бар қоғамдар, жауапкершiлiгi шектелген қоғамдар жатады.

Бiрлескен кәсiпорындар қайда, кіммен, кандай мақсатпен және әріптестердің қатысу улесі бойынша ерекшеленеді.

Осы мақсаттарды ескере отырып бірлескен кәсіпорындарды 4 негiзгi белгiлерді негізге ала отырып келесі топтарға бөлуге болады:

1. Бiрлескен кәсiпорынның орналасқан жерi. Бiрлескен кәсiпорын құруда әрiптестердiң бiрі кәсіпорын орналасқан мемлекеттің өкiлi болып табылады. Қазақстан және шетел экономистері бірлескен кәсіпорындарды тек қана ұлттық капитал, яғни мемлекеттiк үлестермен де, жеке тұлғалардың капиталдарын коса алғанда қатысатын бірлестіктерді ғана жатқызады. Бұл, бiздің ойымыз бойынша, мүлдем дұрыс көзқарас емес, өйткенi осындай кәсіпорындарды аралас экономикаға жатқызу керек.

2. Бірлескен кәсiпорынның шетелмен тиiстiлiк белгiсі бойынша 4 түрге бөлуге болады:

1) Өнеркәсiбі дамыған елдер бойынша - «Батыс-Батыс» немесе өнеркәсiбі дамыған елдер арасындағы қатынастар;

2) Өнеркәсiбі дамыған және дамушы елдер - «Солтүстiк-Оңтүстiк» қатынастары;

3) Социалистiк лагерьдің бұрынғы елдерi және өнеркәсiбі дамыған капиталистiк елдер қатынасы - «Шығыс-Батыс» қатынасы;

4) Социалистiк лагерьдің бұрынғы елдерi және дамушы елдер.

2. Әрiптестердiң құрылымы. Бiрлескен кәсiпорындардың 3 негiзгi түрлерiн қарастыруға болады:

1) Тек қана жеке капиталдың қатысуы негізінде(көбiнесе дамыған капиталистiк елдермен) ;

2) Жеке кәсіпорындар мен мемлекеттiк кәсiпорындар және ұйымдардың қатысуымен.

Бұл нұсқа дамушы және бұрынғы дамыған және дамушы социалистiк елдермен бірлескен кәсіпорын құруда көп таралған. Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен бұрынғы социалистiк елдердің кәсіпорындары шетелде орналасқан бірлескен кәсіпорындар арқылы өнім өткiзу мен қызмет көрсету мақсатында әрiптестiк-экспорттық бірлестіктер негізінде көптеп таралған.

3. Әрiптестердiң бiрлескен кәсiпорынның капиталындағы қатысу үлесіне байланысты өз артықшылықтары және кемшiлiктері болатын 3 нұсқасы қаралады:

1) Паритеттiк бастмаларда қатысу. Бірлескен кәсіпорындардың бұл түрі өнеркәсiбі дамыған елдерде көптеп таралған. Яғни кәсіпорындардың бұл түрі әрiптестердiң бірдей үлеспен қатысуымен және кәсіпкерлік мотивтерге ғана бағытталған болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың капиталына тең үлестерінің болуы, іскерлік құқытары да тең болуынан, әріптестіктің идеалды түрде құралу мүмкіндігі. Бірақ мұндай бірлестіктердің негативті жақтары болып, әріптестердің бір жағының шешімді өз жауапкершілігіне алу жағдайында орын алады (даулы жағдайларда "лидердің" болмауы) .

Сонымен бiрге паритеттiк негiздерде бірлескен кәсіпорындарды құру құқықтық реттеу негізінен жасалуы мүмкін. Бұл дегеніміз шетелдік әріптестерідің қаржы салу кезінде жергілікті кәсіпкерлердің үлесінен асып кетпеуі сақталуы мүмкін. Осыған байланысты жергiлiктi билік өкілдері экономиканы национализациялауға тырысатынын атап өтуге болады, сондықтан жергiлiктi кәсіпкерлердің капиталын үлесінің үлкен болуы да сол тенденция арқылы түсіндіруге болады.

Әріптестердің арасындағы тең үлестік жағдай бұзылуы мүмкін жағдай болып, бірлескен кәсіпорынды дамыту үшін қажеттi қосымша капитал жұмсаулар үшін әрiптестердiң арасындағы капиталды тең бөлу, (әдетте жергiлiктi) әрiптестердiң үлестері пара-пар болыуның сақталу мақсатында шетел капиталының негізінде үлкейте алмауы болып табылады. Мұндай ахуал егер заң шығару ретiнде рұқсат берілмеген шетелдiк капиталының қатысуы көбiрек болса дауға да келтiре алады;

2) . Шетелдiк капиталдың қатысуы көп болса. Бұл формалар шетелдiк әрiптес шетелдiк капиталдың бірлескен кәсіпорынды максималды бақылауға көбiрек ұмтылады егер жергiлiктi кәсiпкер өз еншiсiн үлкейту үшiн қаражаттармен орналастырмаған жағдайда орын алады.

Мұндай бірлескен кәсіпорындардың терiс моменттері болып жергілікті биліктер мұндай бірлескен кәсіпорындарды мемлекеттік деп танымайды және осындай кәсіпорынға қандай да бір жеңілдік беру кезінде арыздарын қайтарады. Осыған байланысты шетелдiк кәсiпкерлер бұл кемшiлiктерді жою мақсатында кейде шетел кәсіпкерлері жергiлiктi әрiптестеріне бірлескен кәсіпорынның ағымық басқаруын өз қызметтері мен меншіктерін ауыстырып тастауға тырысады. Мемлекеттiк құрылымдармен жедел қатынастарда осы жағдайда тек қана жергiлiктi әрiптесi ғана болады;

3) . Меньшая доля участия иностранного партнера. Такого рода участие в СП, по мнению некоторых бизнесменов, является неблагоприятной формой, учитывая стремление западных фирм к контролю над деятельностью СП. При этом иностранные инвесторы устанавливают строгую взаимосвязь между доей капитала и правом контроля, правда, без учета специальных оговорок в соглашении. Так, например, К. Зайберт в книге "Совместные предприятия как стратегический инструмент в международном маркетинге", пишет, что "право на управление может быть установлено договором о порядке деятельности совместнных предприятий вне зависимости от доли капитала, или даже путем заключения соглашения в области "ноу-хау", или лицензионного соглашения". Дополнительные соглашения такого рода легче заключить в том случае, если местный партнер нуждается в технологии и "ноу-хау" иностранного участника.

3) Шетелдiк әрiптестiң кiшi қатысу үлесі. Кейбір кәсіпкерлердің ойы бойынша батыс елдерінің бірлескен кәсіпорынды бақылау ұмтылысын ескере отырып бірлескен кәсіпорынға әріптестің кіші қатысуы жағымсыз деп ойлайды. Мысалы, "Халықаралық маркетинге\\\дегi стратегиялық аспап сияқты бiрлескен кәсiпорын" \\\ның кiтабындағы К. Зайберт осылай, "Немесе лицензиялық соглашения\\\" ноу "басқару құқығы капитал кәсiпорындардың совместнных қызметтiң ретi туралы келiсiм шартымен еншiге тәуелсiз анықтала алады, немесе тiптi \\\лардың төңiректiң келiсiм жасасуы жолымен" \\\ жазады. Егер жергiлiктi әрiптес шетелдiк қатысушы "ноу" \\\ да технологияға зарықса қосымша келiсiмдер сондай сол жағдайда жеңiлдеу жасау.

1. 2 Бірлескен кәсіпорындардың заңнамалық базалары

Бүгінгі таңда Қазақстанда бірлескен кәсіпорындардың саны бірнеше мыңға жеткенімен, жаңадан құрылған және табысты әрекет етіп келе жатқан бұрын құрылған кәсіпорындардың проблемалары ерекше көкейтесті мәселелерге жатады. Сондай-ақ, олардың кейбіреулерінің әрекет ету процессі кезінде «ұйымдастыру толқыны» сияқты, тас-талқан етуші мәселелер туындап, оның ақыры бірлесіп ары қарай әрекет етуге мүмкіндік бермейді.

Ең алдымен «бірлескен кәсіпорын» деген ұғымды түсініп алайық.

Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестиция туралы» заңының 1 бабы бойынша бұл ұғым төмендегіше сипатталады:

«Бірлескен кәсіпорын дегеніміз - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мүліктің белгілі бір бөлігі (акция, үлес) шетелдік инвестордың иелігіндегі, шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорын».

Бірлескен кәсіпорындарды құру, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР 1998 жылдың 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы», 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы», 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңдарына, 1995 жылдың 17 сәуіріндегі ҚР Президентінің заң күшіне ие «Заңды тұлғалаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына және тағы басқа да халықаралық, үкіметаралық келісімдерге негізделеді.

ҚР «Шетелдік инвестициялар туралы» заңының 14 бабы бойынша шетелдің қатысуындағы кәсіпорын шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және басқа да ҚР Заңдарына қайшы келмейтін формаларда құрылуы тиіс. Осы заңның 15 бабы төмендегілерді қарастырады:

«1. Шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорынның жарғылық қорының көлемі, қалыптасу тәртіптері мен мерзімдері ҚР Заңдарына сәйкес анықталады.

2. Ғимарат, кешен, құрал-жабдық және басқа да материалдық құндылықтар түрінде, сондай-ақ жерді, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың, сонымен қатар басқа да мүліктік, оның ішінде интеллектуалды қызмет нәтижесінің құқықтары бойынша ҚР Заңдарында көрсетілген тәртіпке сәйкес жарғылық қорға жарнаны ендіруге болады.

3. Жарғылық қор шаруашылық қызметтен түсетін пайданың есебінен және бақа да кәсіпорынның түсімдерінен, сондай-ақ оның қатысушыларының қосымша салым салуы есебінен толықтырылып отырады. Егерде мұндай салымның көлемі жиырма мың көлеміндегі айлық есептік көрсеткіштен асып кететін болса, онда оның бағасы тәуелсіз сарапшы арқылы расталуы қажет.

4. Қатысушылардың келісуіне байланысты, бірлескен кәсіпорынның жарғылық қорындағы қазақстандық және шетелдік қатысушылардың мүліктік үлесі, заңды тұлғалардың тіркелген мерзіміндегі ҚР Ұлттық банкі бекіткен және әлемдік рыноктағы баға мен бағамдарды қолдана отырып ҚР ұлттық немесе шетел валютасымен анықталады. Жарғылық қорға салынған салымды бағалау, ҚР заңдық актілерінде бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

5. Жарғылық қордағы ақша Қазақстан Республикасында тіркелген өкілетті банкте сақталуы тиіс.

6. Егерде, шетел инвестициясы шетелдік инвестордың Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелген жабық акционерлік қоғамның акциясын немесе шаруашылық серіктестіктің үлесін иемденуге пайдаланылатын болса, онда әлгі заңды тұлға осы Заңның 16 бабына сәйкес шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорын ретінде қайтадан тіркеуден өтуге тиіс».

Осы заңмен толық танысып алған соң, бірлескен кәсіпорын құрылтайшыларына ең алдымен жарғылық қорға салған өздерінің салымдарының үлесін анықтап алуы тиіс. Себебі, болашақта осы мәселе бойынша келіспеушіліктің алғагшқы белгілері туындайды. Жарғылық қорда қай құрылтайшының үлесі молырақ болса, бірлескен кәсіпорынның бірінші басшысын таңдау, кадрлық саясат пен түскен табысты бөлу, соған байланысты болатыны әркімге де түсінікті. Сондай-ақ, жалпы капиталда кімнің салымы салмақтырақ болса, сол құрылтайшының бірлескен кәсіпорынға билік жүргізетіні айдан анық. Ал бұлай болмаған кезде, бұл жағдай бірлескен кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарында ( құрылтайшылық келісім-шарт пен жарғы) айқын көрініс табуы қажет /6/.

Іс-тәжірибе көрсеткендей, құрылтайшылық құжаттардың бірлескен кәсіпорындарды басқару органдарына арналған бөлімінде екінші бір келіспеушілікті тудыратын мәселелер кездеседі. Анық түсінікті болу үшін мысалға акционерлік қоғамды алып көрелік. Әрекет етуші заңнамаларға сәйкес құрылтайшылардың ұйымдастыру жиынында басқа да мәселелермен қатар құрылып отырған акционерлік қоғамның органдарының тізімі бекітілуі тиіс. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 46 бабына сәйкес бұндай органдарға төмендегілер жатады:

  1. жоғарғы орган - акционерлердің жалпы жиыны;
  2. басқару органы - директорлар кеңесі;
  3. атқарушы орган - бірлесе отырып (басқарма) немесе жеке (президент немесе бас директор) ;
  4. бақылаушы орган - бірлесе отырып (тексеру комиссиясы) немесе жеке (тексеруші) ;
  5. әрекет етуші заңнамаларға сәйкес басқа да органдар.

Атап өтетіні, жабық қоғамның жарғысында директорлар кеңесін құрмай-ақ акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, директорлар кеңесінің заң бойынша тиесілі құзыры толығымен акционерлердің жалпы жиынына беріледі.

Акционерлік қоғамдар туралы заңнамаларға жасалған талдау, осы уақытқа дейін қоғамның қызметкерлерін қызметке таңдау және босату тәртібі және олардың құқықтары мен міндеттерінің тізімі айқын көрініс таппаған. Бұл құқықтық мәселе бойынша, бірлескен кәсіпорын қызметкерлері арасында жинақталған мәселелерді шешуде өздерінің құқықтарын анықтауда үшінші бір келіспеушілік пайда болуы мүмкін.

1. 3 Бірлескен кәсіпорындарды дамытудың шетелдік тәжірибесі.

Әртүрлі елдердегі бірлескен кәсіпорындардың даму барысы мен ауқымы ең алдымен инвестициялық климатқа байланысты болады. Осы уақытта бірлескен кәсіпкерлік тек қана экономикалық сипатқа ғана емес, сондай-ақ басқа да, мысалыға әртүрлі елдердің аймақтық және топтық мүдделеріне жағдай жасауы мүмкін. Сонымен, социалистік елдердің тауар өндірушілері құрған бірлескен кәсіпорындар, шоғырландыру процесстерінде өздерінің рөлдерін ойнады және тәуелсіз әріптестердің ғана емес толығымен социалистік жүйенің экономикалық мүдделеріне қызмет етті.

Дамыған капиталистік елдердің кәсіпорындары мен корпорацияларының бірлескен кәсіпорындарды құрудағы айтулы көлемі туралы. 80-ші жылдардың басында-ақ америкалық компаниялардың 5300-дей шетелдегі бөлімшелерінің 1760-ы Батыс Еуропада біріккен кәсіпорын статусына ие болды. 1984 жылы АҚШ-та шетел капиталының қатысуымен әрекет етуші кәсіпорындар өздерінің өнімдерін 56 млрд. доллар көлемінде өткізді. Бұл әлемдік шаруашылықта тікелей тартылған шетел инвестициясын орналастыру сипатына ие болады. Дамыған капиталистік елдерге американың 77 пайыз, ұлыбританияның 82 пайыз, батыс германияның 86 пайыз және 50 пайыздан артық жапондардың тікелей тартылған инвестициясы бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
Ұйымдасқан кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Оңтүстік Қазақстан облысының біріккен кәсіпорындарының қаржыларын ұймдастырудың теориялық негіздері
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері
Өндірістік кәсіпорын ішкі орта
Кәсіпкершілік - шаруашылық әдіс ретінде және оның негізгі түрлері
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Басқару теориясының қазіргі жайы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz