Өнім сапасын басқару жөніндегі Американдық тәжірибе


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Өнім сапасын басқару жөніндегі Американдық тәжірибе.

Орындаған:Какенова А.

Топ: БТ-201.

Тексерген: Төлеубекова С. С.

Семей-2015ж.

Мазмұны:

  1. Кіріспе .
  2. Негізгі бөлім. Американдық сапа жүйесі. TQM жүйесі және оның принциптері.
  3. Қорытынды.
  4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі, монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің күрт шиеленісуі, ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетілдіру жұмысына ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды. Техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан гөрі, мамандықты арттыру мен ұйымдық басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатынын көрсетті.

Сол себепті АҚШ-та өндірістік қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік-монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімделу, өндірісті одан ары қарқынды дамыту және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдыө ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр.

Американдық сапа жүйесі.

АҚШ-та өндірістік қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу, өндірісті одан әрі қарқынды өркендету және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр.
Орталықтан басшылық етуден гөрі, пайда табатын орталықтардың, бөлімдер мен кәсіпорындардың құқықтары мен жауапкершілігін ұлғайту АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды. Осының нәтижесінде компанияларда жаңа бөлімшелер құрылды, бөлемше топтарының қызметін үйлестіретін арнайы жоғарғы басқарма енгізілді, штабтық органдар корпорацияның жоғарғы басшыларына қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөле бастады, төменгі буындарда (зауыттарда) функциялық қызметтерді толық орталықтандыру жүргізілді.

Дракер “федералдық принцип” деген ұғымды енгізді, мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады, әрі орталық та, ұйымның бір бөлігі де “жоғары”басшының қызметін орындай алады.

Дракердің ойынша “федералдық принципті”бірте-бірте қолдану мынаған негізделген: жоғарғы басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқындайды, адам ресурстарын ұйымдастырады, болашақ әкімдерді таңдайды, даярлайды және сынайды, қызмет тиімділігін өлшеудің эталондарын белгілейді. Екінші жағынан әрбір бөлімшенің белгілі бір автономиясы болады, оның менгерушісі автономдық істің басшысы, ол өндіріс пен техникалық прогресске, өткізу мен сатып алуға, есеп беру мен қызметкерлерге жауапты.

Ол өзінің бөлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Друкердің пікірінше ұйымдастырудың федералдық принципі:
1. жоғары басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;
2. жергілікті жердегі жоғарғы басшының қызметін және оның проблемаларын түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін жергілікті денгейде ойдағыдай орындауға ықпал етеді;
3. еңбек өнімділігін әділ бағалауға қолайлы жағдай жасайды;
4. сабақтас проблемаларды шешіп, кең профильді басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы проблемалар мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі. Корпорациялық басқарудың біршама шағын органдарына ірі инвестицияға байланысты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешу шоғырландырылады. Әрбір бөлімше өз қызметін толық қаржыландырады, коммерциялық негізде кез келген ұйыммен серіктестік қатынас орнатады. Алайда, ұйымдық құрылым мәселелерінің күрделі іс екендігі соншалық, ұйымды құрудың әмбебап схемасын жасау мүмкін емес.

Шетел мамандарының пікірінше, жоғарғы оқу орындарында алған білім алғашқы 3-5 жылға ғана жеткілікті болады да, содан соң қайта даярлауды талап етеді, ал жүмысшылар біліктілігі техника мен технологияның даму деңгейінен кем дегенде 5-10жылға қалып қойып отырады. Сондықтан әрбір кәсіпорын жүмысшыларды дайындайтын жүйені құруға мүдделі. Мысалы, жапон кәсіпорындарының 80%-да жүмысшыларды кәсіби даярлау жүйесі бар.
Америка компанияларында персонал біліктілігін жоғарылату мен қайта даярлауға, мемлекет дотациясын ескермегенде, таза табыстың 5% дейін жұмсайды. Ал АҚШ-та шаруашылықтағы жүмысшылардың орташа оқу жылы 1970-1985 жылдары 8, 6-дан 13% дейін өсті: бұл бір жүмыскердің алған білім көлемі төрт есеге өсті деген сөз.
АҚШ-тың еңбек сферасындағы маңызды элементі фирмадағы еңбек қатынасы мен кадр жұмысы. Ол жұмысшыны жалдаудан бастап бүкіл персоналды басқару, соның ішінде ынта, еңбекақы төлеу формасын, кәсіби дайындық пен қайтару үрдісін қамтиды. Фирмаға жұмысшыларды жалдау әдістері 2 фактормен анықталады: ішкі факторлар, оның ішінде фирмалардың стратегиялық дамуы мен қызметінің нәтижесі, ішкі еңбек нарығының жағдайы, кадрды даярлау мүмкіндіктері; ұлттық еңбек күші нарығының жағдайы. Сапа саласындағы американдық тәжірибесінің мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

• әдістерін пайдалана отырып, өндірістік өнімнің сапасын қатаң бақылау математикалық статистика;

• өндіріс көлемі мен сапасы бойынша жоспарлау процесінде шот көрсеткіштері, жоспарларын жүзеге асыруға әкімшілік бақылау;

• тұтастай алғанда компанияның басқаруды жетілдіру.

TQM жүйесі.

TQM - бұл бір ғана бағдарлама емес, бизнесті жүргізу тәсілі. Оны енгізу мекеменің барлық қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілетін үлкен ұзақ жұмысты талап етеді. 9000 сериялы ИСО стандарттарына сәйкестікке берілетін сапа жүйесінің сертификаттау тұтынушының мекемемен серіктестік қатынас жасау мүмкіндігі негізінде тек минималды талаптарға сәйкестігі туралы ғана куәландырады. Тәжірибе көрсеткендей, табысты жұмыс үшін бір ғана сапа жүйесінің сертификаттау жеткіліксіз, ұзақ мерзімді табысқа жету үшін TQM әдістері мен принциптеріне негізделе отырып, бұл жүйені құрастыру және дамыту қажет.

Сапаны басқару - жедел дамып келе жатқан концепция. Бүгінгі күнде TQM-нің бірнеше негізгі мектептері бар (жапондық, америкалық, европалық) . TQM негізделетін бірыңғай принциптердің қалыптасуының нақты көзқарастың болмауы осыдан да шығар. Алайда қазір негізгі болып келесі 8 принцип анықталған:

  1. кәсіпорынның тұтынушыға ыңғайлануы
  2. басшылықтың ролі
  3. қызметкерлерді тарту
  4. үрдістік көзқарас
  5. басқаруға жүйелі көзқарас
  6. тұрақты түрде жетілдіру
  7. фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау
  8. тауар әкелушілермен өзара пайдалы қатынас

TQM принциптеріне сәйкес басқару жүйесін даярлауға мекеме қызметкерлерінің көп бөлігі тартылады. Ал жүйені толығымен жүзеге асыру заманауи технологияны (басқарушылық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және т. б. ) пайдалану арқылы жүргізіледі. Бұл процесс ұйымның барлық әрекетін қайта құруды, барлық құрылымдық бөлімшелердің сәйкес жұмыс істеуін, сондай-ақ енгізу мен реттеудің ұзақ уақыттық кезеңін талап етеді.

Тәжірибеде көрсеткендей, TQM әдістемесін біліктілікті пайдалану мыналарды қамтамасыз етеді:

1. Клиенттердің өнім мен қызметке қанағаттану деңгейін көтеру. TQM шарттарында барлық клиенттерді қанағаттандыру, сондай-ақ олардың күткен нәтижелері мен сұраныстарын ескеру бойынша қосымша жұмыстар жүргізу міндетті болып табылады.

2. Фирманың имиджі мен репутациясын жақсарту.

3. Еңбек өндірістілігін арттыру. Қызметкерлер TQM енгізуі бойынша серіктес болғаннан кейін ол автоматты түрде жүргізіледі.

4. Пайданы көбейту.

5. Өнім мен қызметтің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

6. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын, сондай-ақ ресурстардың барлық түрін рационалды пайдалануды қамтамасыз ету.

7. Басқарушылық әрекеттердің сапасын арттыру.

8. Техника мен технологияда жаңа жетістіктерге қол жеткізу.

«Жалпыға ортақ сапа менеджменті» (TQM) мен «Жалпыға ортақ сапа менеджмент жүйесі» (Total Quality Management System (TQMS) ) жайлы ұғымдары сапаны басқаруды дамытудың көрінісі болып табылады. TQM алғашқыда АҚШ-ң Қорғаныс Министрлігінде енгізілген болатын. «Total Quality Leadership» терминіндегі басқару әскери терминге қатысты емес және TQM «total quality» енгізу деген мағынаны білдірді, сол себептен бұл термин «leadership» сөзінің өзгерісінің нәтижесінде пайда болды.

«Тotal quality» терминінің нақты анықтамасы АҚШ-ң алдыңғы қатарлы 9 өнеркәсіп басшыларының бастамасымен басталып, 1992ж. сапа проблемасымен айналысатын ғалымдар мен кеңес берушілердің тырысуымен бекітілген еді.

Тотальды сапа - Total Quality (TQ) - өнім мен көрсетілетін қызметтің нақты бағасын төмендете отырып, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында құрылған менеджмент жүйесі. TQ жоғарғы басқару деңгейінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. TQ кәсіпорыннң барлық бөлімдерін, қызметкерлерін төменнен жоғары қарай, тұтынушылар мен жабдықтаушыларды толығымен қамтиды. TQ оқу мен күрделі өзгерістерге әкелетін үздіксіз жұмыс істеу, жұмысты ұйымдастырудың жоғарғы деңгейіне әкеледі. Тоталды сапаның философиялық (пәлсапалық) негізін ғылыми әдістемелер құрайды. TQ әдістер мен құралдардан, жүйелереден тұрады. TQ ұжымның жеке тұлғалық қасиеттері мен маңыздылығын негіздейді.

TQM - әдістер мен құралдар біріккен, әкімшілікті тегіс қамти алатын (всеобъемлющая) философия. Сапа идеясының тарихи дамуы кәсіпорындар мен ұйымдардың сапа жүйесін бағалау TQM принциптеріне байланысты қажеттілігінен туындады.

Еуропада бұл қажеттілік Еуропалық сапа менеджмент қорын (European Foundation for Quality Management (EFQM) ) «Business Excellence» («бизнесте алға шығу», «превосходство в бизнесе») құруға әкелді, бұл қор TQM әдістері мен принциптерін кәсіпорынға енгізудегі моделі болып табылады. Ол-жапондық сапаны басқару менанизімінің орталық идеясы. Мұндай жүйе өнімнің сапасы мен көлемінің ескі жүйесімен салыстыра отырып, сапасының төмендеп кету қаупінен сақтайды. Шығарылатын өнімнің көлемі өскен жағдайда (нарықтың бәсекелестік талабына сай), өнімнің сапасына кері әсерін тигізбей көлемін арттырудағы шаралар жиынтығы, кей жағдайларда істелінетін шаралар өнім сапасына әсерін тигізуі де мүмкін.

Тоталды басқарудың маңызды компоненті- өнеркәсіпте сапамен қамтамыз етудегі жауапкершілікті теңдей бөлу. Әдетте, шығарылатын өнімнің сапасына жауапты өндіріс басшыларының жауапкершілігі, ескі әдіс болып саналады, себебі, өндіріс мәселесі (план орындау) бірінші орынға қойылып, сапамен қамтамасыз ету көп жағдайда ысырылып қалады. Тоталды басқаруда шығарылған өнім сапасы үшін тізбек бойынша қарапайым жұмысшыдан жоғарыдағы басшыға дейін жауапты болады. Ұйымды ұйымдастыру жүйесінде жұмысшыларды бақылау, технологиялық операцияларды қаншалықты сапалы орындалғаны анықталады, сонымен қатар, әрбір жұмысшы алдыңғы технологиялық операциядан келіп түскен өнімнің сапасын қадағалай алады. Сапаға қол жеткізу аумағындағы белгілі ғалымдар Бове мен Тилл ТQМ әрекеттеріне: «Жалпыға ортақ сапаны басқару - бұл жалпыға ортақ сапаға әкелетін басқару тәжірибесі мен сапаға ұмтылдыруға негізделген ұйым философиясы, яғни сапа - бұл өндірістік процестің қандай да бір сатысында іздеп табатын немесе қосуға болатын нәрсе емес, сапа ұйымның болмысы », -деп анықтама береді

TQM әрекеттері жоғары деңгейде ХС ИСО 9004:2000 стандартында келтірілген. Ол сапа жүйесін пайдалану бойынша әдістемелік нұсқау болып табылады. ХС ИСО 9001:2000 тұтынушы сұраныстарын қанағаттандыруға арналған талаптардың минимумынан тұрады. Бірақ 9000 сериялы ИСО стандарттары мен TQM концепциясы арасында бірқатар айырмашылықтар бар .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасын басқару жөніндегі Американың тәжірибесі
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі жайлы
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапония тәжірибесі
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік тауарлардың сапасын басқару
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
Сапаны басқару концепциясы
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Менеджменттің мектептері
Жапондық менеджмент
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz