Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау
Орындаған:Манап. Ф
Тексерген: Сагындыков С. Н
Топ; АГ-213
Семей 2015
ЖОСПАР
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау
- Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау
- Шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту
- Шабындық жайылымдарды күтіп -баптау
- Шабындықтардың тиімді пайдалану жүйесі шөптерді оңтайлы шабу мерзімі, шабындық айналымын ұйымдастыру
ІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау
Шабындықтар мен жайылымдар - облыстың мал-азық қорының негізі болып саналады. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек. Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді. Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады. Табиғи жайылым мен шабындық жерлердің орташа өнімділігі құрғақ салмақта гектарына 0, 5-3 центнерді құрайды. Жайылымның ескіріп, тозуына тосқауыл жасау, оны қалпына келтіру мен жақсарту - бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесі. . Соңғы жылдары жайылымды суландыруды кешенді түрде игеру мен оның тиімділігін арттыру жөнінде ешбір жұмыстар жүргізілмеген. Ғылыми негізделген жайылым айналымы жүйесін енгізу мәселесіне де аса көңіл бөлінбей келеді. Жылдан жылға бір ғана жайылым қолданылады, ол жайылымдық шөптердің мал азық сыйымдылығының қалпына келуіне үлгермей, тозып, ескіреді. Сонымен қатар аймақтың құрғауы - ауқымды территорияның ылғалдылық деңгейінің қысқаруы мен топырақтың биологиялық өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мал шаруашылығы саласын дамыту тиімділігін арттыру мен ет өнімін сыртқа шығару жөніндегі тапсырысына байланысты жем-шөп қорын дайындау үшін жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғаны анық. Ең алдымен жайылым мен шабындық жерлердің әрі қарай тозуына, ескіруіне жол бермеу. Табиғи жайылымды жақсартуға ат салысу керек. Оның бір тәсілі - жайылым айналымын іске қосу, ол қандай да бір көп шығынды қажет етпейді. Жайылым айналымынан басқа, ғылыми жасалымдарды да өндіріске енгізудің мезгілі жетті. Ұзақ мерзімді, жоғары өнімділікті, құрғақшылыққа төзімді себілетін жайылымды жасау жөнінде тәжірибе бар, ол мал-азық өнімділігін 2, 5-3 есеге арттырады. Құмды жайылымда жабайы шөптерді, негізінен изен мен теріскен шөптерін өсірген жөн. Ол 10-12 метр тереңдіктен ылғалды тартып алуға қабілетті, жаздың ыстық аптадында да күйіп кетпейді, шындығына келсек, жем-шөп қоры ретінде жыл бойына жарай береді. Қар ери салысымен минералды тыңайтқыштарды себу де пайдалы, табиғи шөптердің өнімділігі 2-2, 5 есеге артуына ықпал етеді. Мұндай учаскелерде табиғи шөптер бірден күйіп кетпейді. Жабайы өсетін шөптерді себу, оны қоршау, минералды тыңайтқыштар беру жайылымның жақсарып, қалпына келуіне жол ашатын бірден-бір тәсіл болар еді. Құрғақ жайылым аймағының тиімділігі оның суландырылуына тікелей байланысты екендігі де белгілі. Қазіргі таңда мал шаруашылығы дамуының артта қалуының бір себебі табиғи жайылымдарды жеткіліксіз, әрі біркелкі емес түрде суландыру болып саналады. Облысымыздың жайылымдарында 60 % дейін суландыру құрылғылары істен шыққан: су жиналатын әуіттер, мал суаты аумағы мен астаулары, скважинаның павильондары бұзылған; шегенді құдықтар мен түтікті құдықтар бітелген, көміліп қалған; су көтеретін қондырғылар жоқтың қасы және т. б. 1, 5-10 л/с едәуір су шығымын құрайтын минералданған су көздері шындығына келсек ешбір пайдаланылмайды десек артық айтқандық емес. Облысымызда жайылым аймағын суландыру негізінен қолайлы гидрогеологиялық жағдайы бар жер асты суын пайдалану арқылы іске асады. Жалпы солтүстігі мен солтүстік шығыс бөлігінен басқа, жер асты су қоры мен оның таралуы бойынша облысымыз ауыз су мен шаруашылық суына тапшы емес аймаққа жатады. 1988 жылғы жүргізілген тексеру мәліметтері бойынша облыстың 6, 840 мың гектар суландырылған жайылымы болған, алайда барлығы бірдей қолданылмаған. Жердің бір бөлігі ауылшаруашылығы айналымынан шығып қалған, өйткені суландыру құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуі, оларды жөндеу және пайдаланудағы кемшіліктер орын алған. Кейбір шаруашылықтар, тіпті жайылым суландыратын құрылғылардың пайдалануға жарамдылығын айтпағанның өзінде, олардың саны қанша екенін де білмейді. Бұл дегеніңіз суландыру құрылғыларына бақылаудың, әрі есепке алудың жоқтығын растайтын бірден-бір дәлел., жайылымды суландыратын құрылғылар ешбір мекеменің шаруашылықтың бақылауында емес. Жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жалға берілген жайылымдық жерлер тиімсіз пайдаланатыны хақ. Мұндай құбылыстың орын алуының негізгі себебі - жайылым аймағына ғылыми-негізделген ұйымдастырудың жоқтығы. Ол жайылым түрін есепке алу, жайылымдық шөптерді толығымен пайдалану деңгейін сақтау, мал жайылу мерзімінің басталуы мен аяқталуын реттеу, мал жайылымы айналымы мен оған түсетін мал жайылу салмағын, оларды тиімді пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуі тиіс. Суландырылған жайылым аймағында мал шаруашылығын өркендету өз жемісін берері даусыз. Мал басын көбейту мен оның өнімділігін арттыруға жыл сайын жаңа жайылымдық жерлерді суландыру арқылы ғана емес, сонымен қоса қолда бар суландыру құрылғыларын дұрыс, әрі тиімді қолдану арқылы да қол жеткізуге болады. Біздің пайымдауымызша, осы мәселелерді кезек күттірмейтін келесі іс-шараларды іске асыра отырып, жүзеге асыруға болады:
- Суландырылған жайылым жерлерін тізімге алу мен геоботаникалық тексеру жүргізу, жаңадан суландырылатын жерлерді тіркеу мен оны қатаң есепке алуды жолға қою;
- Жайылым айналымын енгізу негізінде жайылым жерлерін қолдану, бір мал суатымен 2-ден астпайтын мал отарын суғаруды шектеу ақылы жайылымға түсетін артық салмақ пен жайылымның мал тұяғымен тапталуына жол бермеу;
- Облысымызда жайылымды суландыратын құрылғылардың құрылысымен, техникалық қызмет көрсетуімен айналысатын мамандан-дырылған мекемелер ұйымдастыру қажет.
Шабындықтар мен жайылымдық жерлерді жыл сайын пайдаланудың әсерінен топырақта өтетін физика- химиялық және биолоиялық өзгерістер қарқынды жүріп, құрамындағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттар мөлшері азаяды. Соның салдарынан шалғындық жерлердің өнімі төмендейді. Бірақта шабындықтар мен жайылымдарға уақытында тыңіайтқыштар қолдану арқылы өнімділігін қалыпты ұстап тұруға болады.
Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау
Қазақстанда мал шаруашылығын қарқынды өркендетуде жайылым мен шабындықтың маңызы өте зор. Қазақстан бойынша жайылымдықты пайдалану кезеңі орташа жарты жылдан астам. Жайылымдылық шөптің қоректілік бағасы өте жоғары . Жайылымдық шөпте жақсы дайындалған пішенге қарағанда қоректік заттар 1, 5 есеге дейін жоғары болатынын көптеген зерттеулер көрсетті. Жайылымдықты тиімді пайдаланған кезде өнімі мен азықтық қоректік бағасы қатты көтеріледі, нәтижесінде онда бағылатын малдан алған өнімдер ет сүт, жүн т. б. жоғарылайды. Жайылым азығының сапасының мал өнімін жоғарлатудағы әсерін Франция ғалымы А. Вуазэннің 1959 зерттеулерінен де көруге болады. Жоғары сапалы жайылымда астықты- бұршақты шөп сауын сиырлар 13, 3 кг құрғақ массасы дейін азық жегенде тәуліктің сүт беруі 21кг болса, сапасы орташа жайылымнан тек 5 кг ғана сүт сауылған, ал сапасы нашар жайылым малдың тірі жүруін ғана қамтамассыз етуге ғана жараған. Тағы да айта кететін жайт: жайылымда бағылған малдың барлық потенциялдық мүмкіндіктері толығымен ашылады. Жайылымда бағылған мал ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді, қысқы кезеңге жақсы шыдайды, организмі ауру- сырқауларға аз шалдығады және де жас төлдер жақсы өсіп, дамиды. Табиғи және мадени жайылымдардың мал жайылымдылық маңызын көрсете отырып, оның тиімді пайдалану әдістерінің де өте актуальды екенін атап өтуге болады. Жайылымды мал жаюға тиімді пайдаланған жағдайда оның түсімі айтарлықтай көтеріледі. Тиімді пайдаланудың барлық жүйелерін қолданғанда малға шөпті дұрыс жеткізу, уақытында қүтіп баптау, ауыспалы жайылым енгізу қоршауларда бағу және т. б. табиғи жайылымдықтың жалпы өнімі 2-3 есеге көтеріледі екен.
Шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту.
Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер, барлық жер көлемінің 70% дан астамын алып жатыр. Бірақта осыншама аймақтан алынатын азық көп емес. Оның негізгі себебі шабындықтар мен жайылымдардың өнімінің төмендігінде. Соңғы ғылыми-өндірістік сараптамаларының мәліметтері бойынша далалық және құрғақ далалық аймақтың шабындықтары мен жайылымдарының әр гектардан құрғақ массасының өнімі 1, 5-2, 5 ц-ден 5-6 ц дейін болған, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың өнімі одан да төмен деңгейде - 0, 5-1, 0 ц-ден 3-4ц га дейін. Мұндай төмен көрсеткіштердің орын алу себептері:біріншіден -далалық аймақтың шұрайлы жерлері егістікке жыртылып кетіп, мал азығына құнарсыз сортаң және игеруге қолайсыз жерлердің қалуы ; екіншіден- көпшілік жайылымдық жерлердің жүйесіз пайдалуына байланысты тозып, өсімдік құрамында мал азықтығы нашар шөп түрлерінің көбейіп кетуінде. Шөлейт және шөл аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көп жерлер эрозияға ұшыраған. Әсіресе ауыл маңайларының шөбі мал тұяғынан тозып топырағы шаңданып кеткені байқалады. Ғылыми мәліметтер бойынша Республика бойынша тозып кеткен жайылымдар көлемі 30 млн гектардай, оның 11млн гектардайы өте тозып, эрозияға ұшыраған жерлер деп танылады. Қазіргі кезде Республика бойынша бірінші кезекте жақсартуды қажет ететін табиғи жерлердің көлемі 40 млн. Гектар шамасында. Ғылыми зерттеу мекемелерінің тәжірибелері көрсеткендей мұндай жерлерді алдыңғы қатарлы жақсарту технологияларын қолдана отырып, жақсарту арқылы өнімін 3-5 есе дейін көтеруге болады. Шабындықтың өнімі төмен болып және шөп құрамындағы бағалы астық тұқымдастарының үлесі 32%-ға жетпесе, ондай жерлерді түбегейлі жақсартады. Түбегейлі жақсартқанда табиғи шым толықтай бұзылып, өңделіп, орынына бағалы көпжылдық шөптер себіліп өнімділігі жоғары жаңа мәдени екпе шабындықтар мен жайылымдар жасалады. Қазақстандағы табиғи шабындықтар мен жайылымдардан соңғы жылдары алынған өнімді талдау олардағы түсімнің төмендігін байқатты.
Шабындық жайылымдарды күтіп -баптау
Жайылымның жоғарғы өнімін және сапасын сақтауға жыл сайынғы жүйелі түрде жүргізілетін үүтіп -баптау жұмыстарының да маңызы зор. Жайылымда мал жемеген шөп қалдықтарын шауып тастау, мал тезектерін ұсақтаптегістеу, минерал тыңайтқыштарын беру және суару жұмыстары жайылым өнімін 30% дейін көтереді. Мал жайылымнан кейінгі шабыс өсіп кеткен шөп сабақтарын, мал жемейтін зиянды және улы шөптерді жояды. Жайылым бетін жүйелі түрде шауып отыру малға керекті көк шөптің біркелкі өсуіне, сапасына және азықтың желінуіне оң ықпал жасайды.
Шөп қалдықтарын мал өрістен шығара салысымен шабу керек, кешіктірген жағдайда оттылықтың алшынкөк құруы кешігеді де жайылымды малға жегізу мерзімдері бұзылады, өнімі төмендейді. Шөп қалдықтарын шабу биіктігі 5-6 см биіктікте жүргізіледі. Желінбеген шөп қалдықтары аз болса орында қалдырады, ал көп болса жинап, кептіріп малға төсенішр ретінде пайдаланады.
Суармалы мәдени жайылымдардың өнімін және сапасын көтеруде азот тыңайтқыштарының маңызы зор. Азот тыңайтқышы бөлшектеп: көктемде және пайдалану дүркіндерінен кейін беріледі. Азот тыңайтқыштарымен бірге фосфор-калий тыңайтқыштары да беріледі. Жайылым шөбі құрамында 30-40% бұршақтұқымдас шөп болса тек ғана фосфор- калий тыңайтқыштары беріледі. Минерал тыңайтқыштары шашылғаннан кейін 14-15 тәулік өткесін ғана жайылымға мал жаюға болады. Қысты күні жайылымға қар тоқтатылады да көктемде қар сумен қанықтырылады. Жайылым шымы құрғай салысымен азот тыңайтқышы беріліп беті тырмаланады. Жайылымдылықты жыл сайын бір мезгілде пайдалану оның өнімінің төмендеп және ботаникалық құрамының нашарлап кетуіне себепші болады. Мұндай жайылымдарда мал азықтығы бағалы өсімдік түрлері жойылып, орынына қоректілігі төмен, зиянды және улы өсімдіктер басып кетеді. Сондай-ақ жайылымдықты жыл сайын ерте пайдалана берген жағдайда, бағалы шөптердің тұқымдарыменөркен жаюы тоқтап, өнімі қатты төмендейді. Жайылым шөбін жегізу мерзімдерін осылайша кезектестіргенде екінші және төртінші жылдарда өсімдіктің басым бөлігі ұрықтандырғанан кейінжүргізіледі, мұның өзі шөптің қалыпты күйде қайта шығуына мүмкіндік береді. Жайылымды қарқынды пайдаланғанда оның өнімі төмендеп кетуі мүмкін.
Шабындықтардың тиімді пайдалану жүйесі шөптерді оңтайлы шабу мерзімі, шабындық айналымын ұйымдастыру.
Шөптерді шабу мерзімдері мал азығының сапасына және санына көп әсерін тигізеді. Егер шабылған шөптердің азықтық құндылығы жоғарғы болады протеин мөлшері көп, жасұнық мөлшері аз болады, бірақ өнімділігі төмен болады және бір өлшем ауданына жиналған қоректік заттардың мөлшері төмен. Шөптердің шабу мерзімі жем шөптің сапасы миен өнімділігіне үлкен әсер етеді. Шөпті ерте шапқанда пішен немесе сүрлем қоректілігі жоғары болады протеин мөлшері көп, ал жасұнық аз болады. Әр түрлі шабындық типін әр түрлі мерзімде және жер отылығының құрамына, орналасу жеріне, пайдалану мақсаттына байланысты әр түрлі өсу- даму фазасында шабу керек. Астық тұқымдас және әр түрлі шөпті астық тұқымдас шабындықтарды өнімділігі төмен немесе орташа болса, пішенге және сүрлемге маусымда бір рет, масақтану кезеңінің соңынан бастап гүлдену кезеңінің соңына дейін шабу орынды. Шөптер жақсы өсіп- дамуы, тіршілік әрекетін жалғастыруы және келешекте қайтадан жақсы өсіп щығуы үшін тамыр жүйесінде резервті пластикалық заттар жинақталғанда, гүлдену кезеңінің де шабу керек. Сонымен қатар жер оттылығының ерте шапқаннан түсуі олардың табиғи жағдайда тұқымдары байланып өздігімен шашылуына мүмкіншілік бермейді. . Қазақстанның барлық құрғақ аңғар шабындықтары, әдетінше, бірақ рет шабылады. Орманды далада және далалы аймақтың жайылма шалғындары мен лимандарында, себілген шабындықтарда, жақсы ылғалдандырылған биік таулы шалғындарда ылғал мол болған және ерте шабылған жағдайда екінші рет шабу жүргізіледі. Ауыспалы шабындықтың қажеттігі шөпті жүйелі түрде жыл сайын ерте шапқаннан гүлденуге дейін пішен өнімі жер оттылығының сиректеуіне байланысты төмендейді, сонымен қатар тек ғана өнім төмендейді және мал азықтық сапасы да нашарлайды., өйткені малазықтық бағалы шөп түрлері егістіктен түсіп қалады. Ауыспалы шабындық кескінін жасағанда, қарқынды пайдалану жлдары демалыс беріп ауыстырып отыру керек, бірақ бағалы пішен алу үшін шөптерді мүмкіндігінше ерте кезеңде шабу керек. Ылғал мол түскен жылдары ерте шабыстан кейін алшынкөк өсіп шыққаннан бастап, күзгі бозқыраудың түсуіне бір ай қалғанша малды жаюды жоспарлау керек. Себілген жер отылығын ауыспалы шабындықтарға тіршілігінің екінші жылынан бастап енгізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz