Құс етінің классификацисы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ауыл шаруашылық құс етінің классификацисы, химиялық және морфологиялық құрамы
2.2 Құс етінің органолептикалық қасиеті
2.3 Құс етінің жетілу кезеңдері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Құс шаруашылығы мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Сондықтан нарық экономикасы жағдайында оның тиімділігін арттыра түсуге баса көңіл бөлінуі керек. Ол үшін құстың физиологиялық ерекшеліктерін, оның энергия мен құрылымдық материалдарға мұқтаждығын жан-жақты зерттеп білген жөн. Құстарға бірнеше биологиялық ерекшеліктер тəн. Олар тез өсіп- жетіледі, өте өсімтал əрі өнімтал келеді, физиологиялық тұрғыдан ерте толысады, дене температурасы көтеріңкі (40-42°), эмбрион ана организмінен тыс дамып, жетіледі, тері жабыны мен оның туындыларына өзіндік ерекше сипат тəн.
1.Несіпбаев Т., Исхан Қ.Ж., Несіпбаева А.Қ. « Құс физиологиясы» Оқулық. -Алматы, 2010 жыл
2.Ш.Ә.Әлпейісов , Қ.П.Тәжиев « Құс өсіру» Алматы ,” Бастау”, 2002 жыл
3.Дүйсенбаев С.Т «Ветеринариялық – санитарлық сараптау» ,.Алматы 2013жыл

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрілігінің
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Құс етінің классификацисы.

Орындаған: Тарту Қарлығаш
Тексерген: Серікова А.Т
Топ.ВС-203

Семей 2015
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ауыл шаруашылық құс етінің классификацисы, химиялық және морфологиялық құрамы
2.2 Құс етінің органолептикалық қасиеті
2.3 Құс етінің жетілу кезеңдері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Құс шаруашылығы мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Сондықтан нарық экономикасы жағдайында оның тиімділігін арттыра түсуге баса көңіл бөлінуі керек. Ол үшін құстың физиологиялық ерекшеліктерін, оның энергия мен құрылымдық материалдарға мұқтаждығын жан-жақты зерттеп білген жөн. Құстарға бірнеше биологиялық ерекшеліктер тəн. Олар тез өсіп- жетіледі, өте өсімтал əрі өнімтал келеді, физиологиялық тұрғыдан ерте толысады, дене температурасы көтеріңкі (40-42°), эмбрион ана организмінен тыс дамып, жетіледі, тері жабыны мен оның туындыларына өзіндік ерекше сипат тəн.
Физиологиялық мағлұматтар негізінде құстың қоректік заттар мен энергияға деген мұқтаждығы анықталып, нормативтер белгіленеді; құс өсіру мен құсты күтіп-бағудың ғылыми негіздері ұсынылады; құс өсірудің тиімді жолдары анықталып, практикада əр түрлі техниканы қолдануға жол ашылады (мысалы, түрлі технологиялық қондырғылар); құсты үйрету, баптау, машықтандыру негіздері анықталады; құстың өсуін жеделдететін, өнімділігін арттыратын түрлі биологиялық белсенді заттар - дəрмендəрілер (витаминдер), гормондар, ұлпалық қуаттандыр- ғыш заттар қолданылады.
Құс физиологиясы да тəжірибелік (эксперименттік) ғылым. Ол мал физиологиясы қолданатын əдістер мен тəсілдерді пайдаланады да, өзге пəндермен: морфология, биохимия, биофизика, мамандыққа баулитын басқа ветеринариялық-зоотехниялық пəндермен тығыз байланыста дамиды.

Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылық құс етінің классификацисы, химиялық және морфологиялық құрамы
Жоғары сапалы концентрленген тамақ ретінде еттің маңызы, ең алдымен, осы өнімде биологиялық жоғары сапалы ақуыз және өте жоғары қортылу дәрежесінің молдығымен ерекшеленеді. Құс етіне ерекше мән беріледі. Бұл ет басқа ет түрлерімен салыстырғанда біршама ақуызы көп және айтарлықтай майы аз, ол төмен энергетикалық құндылығы мен жақсы сіңуіне негізделген. Еттің химиялық құрамы мен биологиялық құндылығы көптеген факторлармен және сонымен қатар, тіннің жекелеген түрлерінің қатынасына байланысты болатыны күмән туғызбайды. Осыған орай, құс етінің химиялық құрамының ауытқуы қорымдылық дәрежесі, тұқымы, жасы, құс ұшасының құрылымына және т.б. көрсеткіштерге байланысты түсіндіріледі.
Құс еті - әрі жұмсақ, әрі дәмді ет. Құс еті әрқашан бағалы жеңсік ал саналып келді. Өндіріс орны, құс фабрикасы және басқа шаруашылықтар шығарған құс еті сауда, көпшілік тамақтандыру орындарында және өндірістік өңдеуге арналған құс етінің (тауық, күркетауық, мысыр тауығы, үйрек, қаз) сапасы МЕМ СТ 21784-76. Құс еті Техникалық шарты және МЕМ СТ 25391 - 82 Бройлер балапандарының еті техникалық шарт талаптарына сәйкес анықталады. Құс еті стандарт және техникалық шартқа сәйкес санитариялық ережені сақтаумен өңделуі тиіс. Сойылатын құс түрі МЕМ СТ 18292 -85. Союға арналған ауыл шаруашылығы құстары және техникалық шарт бойынша құстар түрі анықталады.
Қоңдылығы және өңдеу сапасы бойынша барық құс түрлерін бірінші және екінші категорияларына бөледі.
Жасына байланысты құс еті жас және ересек құс еті болып бөлінеді. Жас құстың етіне үйрек, қаз, күркетауық, мысыр тауығы балапандарының, балапан - бройлерінің, терісі жұмсақ ұшалары жатады.
Күркетауық, мысыр тауығының балапаны, балапан- бройлерінің аяғының қабыршағы тегіс, тығыз жататын, тепкісі-жетілмеген, үйрек, қаз балапандарының терісі нәзік. Ересек құстардың - тауық, қаз, үйрек, күркетауық және мысыр тауығының сүйектелген және мүйізделген тұмсығы болады. Тауық, күркетауық және мысыр тауығының аяқ қабыршағы қатты, ал үйрек пен қаздың терісі қатты. Әтеш пен күркетауық тепкілері қатты болады.
Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің негізгі компоненттері: су, ақуыз, май, көміртегі, минералды заттар, дәрумендер және т.б. Құс етінде су, ақуыз және май жеткілікті мөлшерде, ал көмірсулар өте аз деуге болады. Дегенмен, кейбір мүшелерде глюкоза мен глик огеннің мөлшері 4 %-ға жетеді.
Құс етінің аталуы
Су, %
Ақуыз, %
Май, %
Күркетауық
67,4
20,5
8,3
Цесарок
65,4
20,7
10,1
Балапан
63,8
18,1
14,3
Үйрек
54,5
15,2
26,5
Қаз
52,4
15,7
31

Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты -- белок; бройлер етінде ол санатына қарай -- 17,6 -- 19,7%, тауық етінде 18,2-20,8%, бөдене етінде 18,0 %. Құс етіндегі амин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау туралы ақпарат
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау жайлы
Құс етінің классификацисы. жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Жалпы ашытқы ұғымына анықтама
Әртүрлі құс еттерінің химиялық құрамы
Құс ұшаларының ақаулары
Құс етінен котлет дайындау
Құс етіне жалпы сипаттама
Шірік қаңқалар
Пәндер