Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, түрлерi


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кiрiспе.

1. Негiзгi бөлiм:

1. 1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, түрлерi.

1. 2. Нормативтi құқықтық актiлердiң түсiнiгi, түрлерi.

1. 3. Нормативтiк актiлердiң заңды күшiнiң уақыты, кеңiстiгi және адамдарды қамтуы.

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кiрiспе.

Қазақстан егемен, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Республиканың өзіндік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған демократиялық, интернационалдық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне тән қалыптасу жолдары мен тәсілдері бар. Оның бастаулары қандай екені Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында айтылған. Конституцияның 4-бабында былай жазылған: "Қазақстан Республикасында қолданылатын кұқық Қонституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Қонституциялық Қеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады".

Әдетте, құқықтың қайнаркөзінiң түрлерi : 1) нормативтік актілер; 2) үлгі істер (прецедент) ; 3) құқықтық әдеттер. Өз кезінде казак мемлекеттілігінің құқығы осы үш жолмен қалыптасқан. Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ. ), "Есім ханның ескі жолы" (XV ғ. ), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ. ) . Сонымен катар казак коғамында билердін үлгі шешімдері де қазақтың ұлттык құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұксас істерді карағанда күші бар күқықтық норма ретіңде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде Құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретіңде пайдаланылған. Солармен қатар қазак коғамында ежелден қалыптасқан Құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттык құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Қонституциясы.

  • Қонституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қодданылды.
  • Одан темен - конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді.
  • Одан кейінгі - жай заңдар.

Қонституцияға өзгерістер мен қосыммшаларды республикалық референдум өткізу арқылы немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Қонституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативтік Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Қонституциялық Қеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының күрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да өз қүзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

1. Негiзгi бөлiм:

1. 1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, түрлерi.

Позитивтi Құқықтың мiнез қыртыс көрiнiсi болып табылатын оның формальды түрде болуы. Оны құрайтын нормалар заңда немесе басқа да мемлекет қайнаркөздерде көрiнiс табуна байланыты олар заңды және жалпыға мiндеттi болып танылуы мүмкiн.

Құқықтың қайнаркөздерi - ол дегенiмiз мемлекеттен шығатын немесе мем. ресми -құжатталған нысанда танылатын, Құқықтық нормалары бекiтiлген, заңдылы, жалпыға мiндеттi танде болуы.

Құқықтың қайнаркөздерiне ресми сипат көрiнiсi тән, олар мемлекетпен танылады, және құрамындағы нормаларына мемлекеттен қолдау көрсетiледi.

Ресми сипат Құқықтың қайнаркөздерiне екi тасiлмен берiледi:

  1. Құқық шығармашылық жолымен, онда мемлекеттiк арнайы органдармен қабылданылады яғни мемлекеттен шығады.
  2. санкциялау жолы арқылы, ол дегенiмiз мемлекеттiк органдар кандайда бiр түрде алеуметтiк нормаларды жақтау арқылы (әдет-ғұрып, т. б. ) және оларға заңды сипат бередi.

Құқықтық қайнаркөздердiң түрлерi

Нормативтi Құқықтық акт - ол ресми құжат, арнайы мемлекеттiк органмен шығарылған, Құқық норма көрiнiсте қоғамдық қатынастарды анықтауға және реттеуге бағытталған. Оларға жататын Конституция, заңдар жай заңга негiзделген актiлер.

Құқықтық әдет-гұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлексттін қалыптасу кезеңінде өмірге келген күқық иысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардыц қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы, "Қасым хан-ның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" т. б. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезеңце де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.

Әдет-ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Біраз мемлекеттер қарсы пікірде. Элем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет-ғұрып нормаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса ол нормалар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.

Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептіліқ т. б. Әдет -адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып қетқен тұрақты эре-кет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі. Әдет жағымды, жағымсыз бо-лып екіге бөлінеді. Әдеттілік - моральдық нормаларды жақсы орындау. Әдептілік өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі. Әдеттілік ата-ананы қүрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті болу сияқты жалпы халықтық нормаларды да дұрыс атқ-ара білуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары ресми заңцармен қатар қолданылады және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа тартылады.

Прецедентгік құқық нысаны - белгілі бір іске байланысты қабыл-данған шешім және бұл шешім кейін соған үқсас істерді қараған-да басшылыққа алынып отырады. Оның екі түрі бар: а) соттық прецедент; ә) әкімшілік прецедент (басқару органдарының шы-ғарған шешімі) .

Заң ғылымы - (құқықтық доктрина) - кұқықтың жақсы қалып-тасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің деңгейін көтеруге зор эсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.

Нормативтік шарттар - қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады . . . Мысалы: ГФР - ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарт-тары т. б.

Референдумда қабылданған нормативтік актілер заңның бір түрі. Сондықтан бүл актілер Құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттіқ, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жүмыс, ол саяси күрестің бір түрі.

1. 2. Нормативтi құқықтық актiлердiң түсiнiгi, түрлерi.

Нормативтік құқықтық актілер - ресми заңды нормативті мемлекеттік күші бар нормалар.

Нормативтік-құқықтық акт - мемлекеттік органның қабылдаған-бекіткен актілері. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік актілер арқылы реттеліп, баскарыла-ды. Себебі : біріншіден - нормативтік актілер арқьшы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады; екіншіден - кұқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға өте ыңғайлы.

Заң ғылымыңца норма, нормативтік актілер, құқықдеген ұғымдар бар. Олардың өздерінің жеке-жеке мазмұндары бар.

Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық - қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың жиынтығы.

Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық мүдце-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші қүрал. Оның құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:

- нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе жалпы халықтық референдумда қабьшданған нормалар;

- нормативтік актілердің мемлекеттік кұші бар қүжаттары ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;

- нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т. б. болып шығады, олардың заңды нысандары болады;

- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп, басқарады.

Нормативтік актілердің түрлері:

  • заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңдар жөне заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дөрежесі жоғарылаған сайын нормативтік актілердің де заңды күші жоғарьшай береді.
  • нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т. б. қоғам-ның салаларына сәйкес;
  • нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады: қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
  • субъектілеріне қарай (нормаларды қабыддаған мемлекеттік оргаңдар) нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: заңды шығару-шы оргаңдардың актісі; заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.

Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы"- деуге болады. Заңның белгі-нышандары:

  • заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
  • заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
  • заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті) ;
  • заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
  • заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.

Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдьшық, тәртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне асады. Заң арқьшы адамдардың бостан-дығы мен Құқықтары, демократияның басқа да талаптары қалып-тасады.

Кдзақстан мемлекетінің Парламент! заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкідді органы (49-6. 1-т. ) . Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заң-дарды шығаруға хақылы.

Заңга төуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомствалық және

мекемелік актілер. Жалпы қоғамдық актілер - мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық заңды күші бар актілер

(Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаульшары) . Жергілікті бас-

кару органының актілері - маслихаттың шешімдері, әкімдердің бүйрықтары. Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықгары, шешімдері, инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін актілер.

Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің кұқығының даму процесінде діни нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды өте аз пайдаланады. Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түрлері:

- құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;

- Құқықтық прецедент;

- нормативтік шарттар;

- нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан мемлеқетінің нормативтік актілерінің түрлері, жұйелері Конституцияда толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзыретіне, өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Конституцияға нұқсан келтірмеуге міндетті. Конституцияның талаптарының дұрыс орын-далуын Президенттің аппараты мен Конституциялық Кеңес бақылап отырады.

Республика Конституциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар және жай жарлықтар шығарады. Республиқа Президентінің жарлықтарьі Конституция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен:

1. Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.

2. Конституцияда және өкімет органдарының халық алдын-дағы жауапқершілік заңдарында белгіленген мемлекеттіқ биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі:

3. Парламенттің заңды міндетіне қірмейтін, сондай-ақ Үқімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәселелерді кұқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады.

4. Республиқаның экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы жөніндегі стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Республика парламентінің актілері: Парламент Республиқаның бүкіл аумағында міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Конституциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің нормативтік қаулыла-ры түрінде заң актілерін қабьшдайды, Парламент, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабьшдайды.

Парламент пен Палаталар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауга хақьшы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыста-рында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.

Президенттің актілері. ҚР Президент! бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің Жар-лықтары Конституция мен Республика зандарының негізінде және оларды орындау ушін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен:

Республика Президентінің актісін шығаруда талап ететін Президенттің Конституциялық өклеттігі жүзеге асырьшады;

Конституцияда және өкімет органдарының Қазақстан халқы-ның алдыңдағы жауапкершілік зандарыңца белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жүмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;

Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәселелерді кұқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады;

Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Президент Конституция бойынша заң қабылдайды (53 бап 4 тармағы, 61 бап 2 тармағы) .

Республика Президентінің өкімдері Конституцияның, зандар-дың және Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Оның өкімдерімен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттагы мәселелерді шешу жүзеге асырылады. Республика Президентінің қүзыретіне сәйкес констиуциялық мәртебесі жоқ лауазымды түлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.

Премьер-Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады. Үкімет норма шығару саласында күқығын жүзеге асырады.

Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер бүйрық және инструкцияларды шығарады. Олар мемлекеттік комитеттерінің басшылығын жүзеге асырады, тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.

Конституциялық Кеңестің актілері шешім түріңде қабьшданады. Конституциялық Кеңестің отырысында қабылданатын барлық шешімдері Конституциялық өкілеттіктермен жүзеге асырылатын қорытынды шешімдерге бөлінеді. Конституциялық шешімдер, қаулылар, соның ішінде ҚР қолданылатын Құқықтардың қүрамдас бөлігі болып саналатын нормативтік каулылар қорытындылар мен жолдаулар нысанда болады. Конституциялық Кеңестің актілері, оның мүшелерінің көпшілік дауысымен алқалы түрде қабьшданады жөне оларға Төраға қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолымен бекітіледі. Конституциялық Кеңестің қаулысы оны қабылдаған күннен күшіне енеді және Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып сана-лады әрі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.

Мәслихаттар өз қүзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.

Үкімет актілері - заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілері және жеке қаулылары. Үқімет актілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылдана-ды, оған Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр өз құзыреті бойынша жеқе өқімдер шығарады. Үқімет қаулылары-ның және Премьер-Министрдің өкімдерінің Республиқаның бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премьер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті немесе Премьер-Министр жоя алады.

Нормативтік жүйеде бүл актілер үшінші орында түрады, олар заңдардың және Республика Президент! актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және қаулылары.

Үкімет актілері алқалық түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-Министр қол қояды.

Жоғарғы сот актілері - Республика сот билігінің жоғарғы органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы Соттың Прези-димуы, Пленумдары мен Төралкдсының кдульшары мен өзге де актілері. Сот практикасының мөселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Министрлік-ведомстволар өз құзыреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. Өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олар-дың орындалуын өздері бақылап отырады.

Бұл Жоғарғы соттың қаулылары мен өзге де актілері. ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы", Конституциялық заң күші бар, жарлығының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, сот прақтикасының мәселелері бойынша сот-тарға түсініқ беретін нормативтіқ қаульшарды ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қабьшдауға хақысы бар.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері - Кенес-тер, Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Конституцияға сәйкес мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.

Парламенттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп шыққан саяси партия өкілдерінен Үкімет кұрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен парламентке бағы-нышты және оның алдында есеп береді. Парламент конституци-ялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды, бекітеді, қаулы-лар қабылдайды, шығарады.

Мемлекеттің басқа органдарының (президенттің, үкіметтің, премьер-министрдің, сот органдарының, жергілікті басқару органдарының т. б. ) нормативтік актілер шығару, қабылдау, бекіту қүзыреттері Президенттік Республикадан көп айырмашылығы жоқ. Қазақстан 1993ж. Конституция бойынша Парламенттік Республика, 1995 ж. екінші Конституцияға сәйкес - Президенттік Республика болды.

Сот билігінің актілері - Конституцияның 75-бабына сәйкес, Кдзақстан Республикасында сот төрелігін тек сот кана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және халықаралық шартгарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыс-тық және заңмен белгіленген өзге де нысаңдары арқылы жүзеге асырылады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сон-дай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, үйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.

Сот төрелігінің кағидалары:

- адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қьшмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптау-шының пайдасына қарастырылады.

- Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.

- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді (Конституцияның 77-бабы) .

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - жалпы юрисдикция соттарының қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот төжірибесінің мәселблері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік береді) .

Заңның түсiнiгi, түрлерi және өзiне тән белгiлерi.

3аң - жазба түрдегі мемлекетгін ең жоғарғы Органдарының қатаң белгіленген актісі. Қазақстан Республикасында заңды қабылдайтындар: 1) Парламент; 2) егер Конституцияда көрсетілген жағдайда Парламент заң шығару өкілеттігін берсе, Президент; 3) Халық(референдум арқылы) ; 4) Президент шығарған заң күші бар жарлықтар. Заңның ең жоғары құқықтық күші бар. Басқа нормативтік актілер одан "темен", оған тәуелді, болуы жөне негізделуі тиіс жөне оған сәйкес болып, қайшы келмеуі керек. Заң ең манызды экономикалық, саяси және өлеуметтік мәселелер бойынша қабылданады.

3андар - елдегі қолданылатын заңдардың жиынтығы. Кейде "заңдар" деп заңдарға қоса шығарылған басқа да нормативтік қүжаттарды да атайды (мысалы, Үкіметтің қаулысы) . Әрине, заңның ең негізгісі Конституция, одан кейін констйтуциялық заң, сонан соң жай заң жөне заң күші бар Президент жарлықтары, )

Нормативтік құқыктық актілердің екінші тобына жататындар - заңға негізделген актілер. Олар заң негізіңце, заңға сөйкес жасалулары қажет, сонымен катар заңға қайшы болмауы керек. Заңға тәуелді актілер иерархиялықтүрде сипатталады. Жоғарғы қатарда Президенттің нормативті жарлығы тұрады. Одан төмен Үкіметтің каулысы. . Одан кейін министрліктердің нормативтік бұйрықтары, жергілікті өкілдік және атқару органдарының нормативті шешімдері қеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық түсінігі
Нормативтік шарттар
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Әкімшілік құқықтың пәні
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Аграрлық құқық
Құқықтың қайнар көздері
Құқықтың қайнар көзі
Құқық нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz