Өндірістік эстетика


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өндірістік эстетика.

Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері

Орындаған: Қыдырмолданова А. М

Топ: ПО-411

Тексерген: Жуманова Г. Т

Семей 2015

Өндірістік эстетика. Техникалық эстетика-қозғалыстың ғылыми-әдістемелік негізін жасайтын және пәндік ортаның негізінің қалыптасуының әлеуметтік, эстетикалық, функциональдық, эргономикалық, техникалық аспектрлерін зерттейтін ғылыми пән. Техникалық эстетиканың әлеуметтік -мәдени рөлі адамдардың еңбек, демалыс және тұрмысының қолайлы жақтарын жасау болып табылады.

Өндірістік эстетика техникалық эстетиканың бөлігі бола отырып, өндіріс мәдениетін көтеру, еңбектің қолайлы жағдайларын жасау мақсатында өндірістік кәсіпорындардың заттық ортасын эстетикалық жетілдіруін, қалыптастырудың негізгі ережелерін, принциптерін, әдістерін әзірлейді.

Техникалық эстетика еңбек процестеріе көркем бастау енгізеді, бұл еңбек рухын көтереді, өндіріс жағдайында адамға оң сезімдердің тәсілдерін әзірлейді.

Техникалық эстетика еңбек процесінде ағза қызметіне зиян әсерлерді азайтады және жүйке шаршауын төмендетеді, себебі ол техникалық пәндерге, экономикаға, эргономикаға, сәулетке, көркем өнерге сүйене отырып, адамды ыңғайлы, жетілген және әсем техникамен қоршайды.

Техникада барлық жағдайда қолданатын әсемдік формалары жоқ, әр жұмыс орнының, әр машинаның мазмұнға сәйкес түрі бар. Құрамдалатын кез келген нысан әлемдік танытуы қажет. Бұл тек механикалық тетіктер емес, бұл “адам-машина” жүйесінің өзара қатынастары.

Бірақ эстетика мазмұнындағы басты нәрсе- еңбек. Еңбекті эстеттеудің үш түрі бар:

-еңбек процесін эстеттеу;

-жұмыс ортасы эстеттеу;

-еңбек өнімін эстеттеу.

Жұмыс процесін эстеттеу өндіріс мәдениетін және еңбек мәдениетін қамтиды. Өндіріс мәдениетінің талаптары өндірістің өз процесімен, бұйымдардың сыртқы безендірілуін қоса отырып, өндірістің көп түрлі технологиясымен аяқтай отырып, техникалық құжаттаманың жобалануы және қойылуынан бастап, өз процесімен қанағаттандырылуы қажет.

Жұмыс күшін эстеттеу кең міндеттер кешенін қамтиды, еңбек өнімділігінің өсімінің елеулі резервтерінен тұрады.

Еңбек өнімін эстеттеу көркем безендендіркуге негізделеді. Еңбек өнімі соңғы түрде және тұтастай әсем болумен бірге, оның әрбір материалының машинаға, бөлшекке, затқа, құралға айналуы да әдемі болуы қажет. Еңбек өнімін эстетикалық маңызды әдістерінің біріоның көркем дизайны болып табылады.

Көркем құрастыру -адам қызметінің саласы, оның мақсаты, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыратын үйлесімді зат ортасын жасау; бұл процесс тұтастай мазмұн мен сапаның диалектикалық өзара байланысындағы бұйымдардың түрлерін жинақтау және өнеркәсіп бұйымының ең оңтайлы формасын іздестіру болып табылады.

Көркем құрастыруда компазиция, көлемдік-кеңістіктік құрылым сияқты ұғымдарды пайдаланады.

Бұйымға мөлшерлік пен үйлесімділік беретін негізгі құралдар пропорциялар, масштаб, ырғақ, қарсылықты түстер, реңк, симметрия, асимметрия болып табылады.

Пропорциялар формалардың тұтас және өз арасындағы бөліктердің өзара мөлшерін көрсетеді. Пропорциялар форманы үйлестіру құралы болып табылады.

Масштабтылық-белгіленген өлшемде заттың жасалатын шамасының белгіленген қатынасы. Масштаб-бұл бір заттың екінші затқа немесе бірнеше затқа олармен салыстырғандағы өлшемі.

Ырғақ-элементтерді қайталау, кезектестіру, күшейту, азайту жолымен көрінісін және байланысын қамтамасыз ететін компазициялық құрал.

Қарсылықты түстер-элементтерді қарама-қарсы көлемі, түсі және т. б. көрсету үшін пайдаланылатын компазициця құралы. Ол салыстырылатын элементтердің функциональдық және құрастыру ерекшеліктерін белсендірек көрсетуге көмектеседі.

Реңк (нюанс) -элементтердің формасы, мөлшері, түсі және т. б. бойынша контрастқа қарама-қарсы компазиция құралы.

Симметрия -оське немесе ортаға компазиция элементтерінің ұйымдастырылу принципі, асимметрия-бұрыс орналастыру.

Машина формасы оператордың назарын қажетсіз аудармауы үшін басы артық ақпарат болмауы қажет. Жұмысқа қажетсіз сәндік элементтер, егер олар даярлау технологиясына жатпаса, алынуы керек. Машиналардың негізгі көлемдері қарапайым болғаны дұрыс . Басы артық конфигурациялар адамның назарын еріксіз тартады.

Масштабтылық негізінде заттың бір бөлігінің тұтасқа қатынасынан тұрады, тұтастың бөліктерге, сондай-ақ адам мөлшеріне қатынасынан тұрады. Масштабтық салыстыру осы заттар қатар тұрғанда ғана емес, сондай-ақ орны мен уақыты бойынша алыс тұрғанда дабола береді . Бұл жағдайда салыстыру жад бойынша жүреді, адам ойша өткен тәжірибесін елестетеді.

Адамның еңбек процесінде оның көз қызметіне жүктемелердің көбейе түсуіне байланысты, адам көзіне шаршатпайтын, түйілдірмейтін жағдай жасау қажет. Мәселен, өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындары көзге жайлы болатындай боялғаны дұрыс.

Адам көзі түс түрлері бойынша күн спектрінің 120 өрілімін көре алады, 70-тен астам қанық түсті және 20-дан астам ашық түсті көре алады, мұның бәрі 25 мыңнан астам түс пен түс реңктері.

Жекелеген бұйымдар мен заттық ортаны бояу үшін түстерді қолдану әдетте келесі бірлікте қолданылады: физикалық, психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, эстетикалық.

Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері. Мазмұнына және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi:

  1. кiрiспе нұсқау.
  2. жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау.
  3. қайталама нұсқау;
  4. қосымша нұсқау;
  5. тиiстi нұсқау.

Кiрiспе нұсқау. Алғаш жұмысқа орналасуға келген адаммен кiрiспе нұсқауды еңбек қорғаудың инженерi, ондай маман болмаған жағдайда, бұйрық бойынша, оның мiндетi жүктелген адам өткiзедi.

Кiрiспе нұсқауды еңбекшiнiң бiлiмiне, осы қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен, тәжiрибе өтуге немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де жүргiзу керек.

Алғашқы нұсқау . Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен, кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар, студенттермен ; мамандығын ауыстырып, өзiне бұрыннан таныс емес жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен мiндеттi түрде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргiзiлуi тиiс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік эстетика Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері туралы ақпарат
Өндірістік эстетика.Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері
Эргономика
Эстетика мәселесі мен міндеттері
Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта. Қауіпті және зиянды факторлардың классификациясы
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Өнер философиясы туралы
Этикалық тәрбие істері
Тәрбиенің комплекстілігі
Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz