Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі



Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.
Өлең сөздің теориясы.
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері.
Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.
Ауызекі, әдеби және поэтикалық тіл мәселесі. Автор сөзі мен персонаж сөзі. Көркем сөздің құрамы. Көркем сөздің ерекшелігі. Көркем сөз. Әдебиет және сөзді есту арқылы қабылдау. Номинация, синонимдеу және антонимдеу образдық салыстырудың, салыстырмаудың тиімді тәсілі. Омоним және оның түрлері. Сөздің морфологиялық вариациясы. Поэтикалық тілдің ерекше лексикалық ресурсы. Сөздің көп мағыналығы. Эпитет пен теңеу. Метафора( тұрақты, күшейткіш т.б.), паралелизм, метонимия, синекдоха, гипербола, литота, кейіптеу, символ. Поэтикалық фигуралар. Әдеби тілдің синтаксисі. Қайталау, амплификация(таралу, кеңею), плеоназм( мөлшерден артық), ретардация. Силлепсис, эллипсис. Градация, антиклимакс анастрофа, анаколуф. Түсіну – герменевтиканың орталық ұғымы. Интерпретация – түсінудің екінші компоненті. Өмірге мағынаның қуаты сіңірілген. Мағына мен мән.
1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.
2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.
3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.
4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002
5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.

Орындаған: Жалын Нұрсая.
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Тобы: Фи-311.

Семей 2015ж.
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Ауызекі, әдеби және поэтикалық тіл мәселесі. Автор сөзі мен персонаж сөзі. Көркем сөздің құрамы. Көркем сөздің ерекшелігі. Көркем сөз. Әдебиет және сөзді есту арқылы қабылдау. Номинация, синонимдеу және антонимдеу образдық салыстырудың, салыстырмаудың тиімді тәсілі. Омоним және оның түрлері. Сөздің морфологиялық вариациясы. Поэтикалық тілдің ерекше лексикалық ресурсы. Сөздің көп мағыналығы. Эпитет пен теңеу. Метафора( тұрақты, күшейткіш т.б.), паралелизм, метонимия, синекдоха, гипербола, литота, кейіптеу, символ. Поэтикалық фигуралар. Әдеби тілдің синтаксисі. Қайталау, амплификация(таралу, кеңею), плеоназм( мөлшерден артық), ретардация. Силлепсис, эллипсис. Градация, антиклимакс анастрофа, анаколуф. Түсіну - герменевтиканың орталық ұғымы. Интерпретация - түсінудің екінші компоненті. Өмірге мағынаның қуаты сіңірілген. Мағына мен мән.
Өлең сөздің теориясы .Өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді.Сөздің ұғым түсінік беретін мәнін, бейнелі мағынысын оның өлеңдегі ырғақ үнділігі , әуезділігі сан түлі рең беріп толықтыра түседі. Тіпті өлоеңді сөйлеп айтпай, іштей оқығанда да, оның үні, әуезділігі, ырғақ-интонациясы, үйлесі адам жанына қалай да әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан олар өлең сөздің Абай айтқандай "тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп", "айналасы теп-тегіс, жұмыр" келуін өз қадарынша құнттайды.
Әрине, өлең сөздің әуезділігін арттыруға ұмтылу - құр әсемдік қуу емес. Ол үшін өлең сөздің ырғағын мөлшерден тыс өрнектеп, дыбыс үндестігін бірыңғай қуып кетуге де болмайды.
Өлең сөздің көркем құралы сөзден құрылыс жағына не айырмасы - онда мөлшерлі ырғақ болады. Және ол қара сөзден де бола беретін, сөйлем не сөйлемшелердің біткен жеріндегі тыныс алу немесе дауыс толқынының құбылып, өзгеріп, тиянақталып отыруынан туатын ырғақ қана емес. Өолең сөзге тән өлшемділіктен туатын, өлеңнің өзінеде ғана болатын ырғақ. Яғни, өлең ырғағы - поэзияның өз еншісіне тиген сипат, өлең сөзде белгілі, қалыптасқан өлшем, өрнекті сақтаудан туатын, әрбір өлең тармағының көлемінде мөлшерлі шек болатындықтан туатын ырғақ. Мұны аңғару үшін әр сөздің буынын ежіктеп санап жапту қажет емес, ырғағын, әуезділігін айқын сезіну жеткілікті.
Өлең сөздің табиғаты, оның қара сөзден бөлек, мөлшерлі ырғақ, өрнегі болатыны, осындай өлшеуліліктің сыры, қажеттілігі жайлы талай ғалым-зерттеушілер, әдебиетші-ойшылдар пікір қозғаған.
"Сөз адамның ойын, шцындықты білдіріп, рухын танытатындықтан, ол өте маңызды нәрсе, ал енді оған әкеліп өлшем,ырғақ, ұйқасты кіргізуге тырысу, сөйтіп сөздің айқындығы мен қарапайымдылығына нұқсан келтіру сөздің қадірін кетрушілік және мұның
өзі соқамен жер жыртып келе жатып, би билеп, түзу жүрмеу секілді жөнсіз қылық", дейді Л. Толстой.
Өлең жүйесі тіл құрылысына негізделе отырып, мүлде жаңа сапа, қасиетке ие болады. Өлең сөздің өзіне ғана тән белгілі заңдары қалыптасқан. Мысалы, сөздерді буын санына қарай қолдану, мөлшерлі буын сақтазу өлеңінде ғана бар. Ал қара сөзде мұндай заңдылық жоқ.
Өлең сөздегі кейбір қарапайым ырқғақ-өрнектер жай сөйлеу тілінде де кездесетіні болады. Бірақ күрделі өлең өрнектерінің әр түрлі қырлары, әр сатылы сипаттары бар. ТОлардың тілмен қарым - қатынасы да біркелкі емес. Ұйқастың құрылысы тілдің дыбыстық құрылысымен, ал ұйастың кезектесу реті тілдің синтаксистік құрылысымен көірек байланысты. Айталық, орыс поэзиясы мен қаз-ақ поэзиясындағы ұйқастың дыбыстық құрылысы мүлде бөлек болыпкеледі. Ал бірақ ұйқастың кезектесу реті кейде бір-бірімен жақын бола береді. Мысалы, шалыс ұйқас - абаб орыс поэзиясында да, қазақ поэзиясында да көп қолданылады.
Шығармада қолданылатын өлшемді, оның құрылыс-кестесіне сәйкес туатын өлең ырғағын өлең сөздегі сан құбылып тұратын дауыс толқынының негізгі арпқауы ғана деп қарау керек. Белгілі өлдшеммен жазылған өлеңнің өзіндк ырғағы, әуенділік сипаты болғанымен, олар дауыстың, үннің мазмұн-мағына, сезім-әсер байлығына сай түрленіп, еркін өзгеріп отырады.
Қай елдің поэзиясында болсын өлеңдегі ырғақты туғызатын - өлең сөздің қайталанып келіп отыратын мөлшерлі бөлшектері десек, қазақ поэзиясында ырғақ туғызатын - өлең сөздің буын саны тұрақты бөлшектері.
Осындай бөлшектердің негізгісі, бастысы - тармақ, яғни өлең жолы.
Өлең яки "поэзия - өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорыған жамбысы. Поэзия бақшада құлпырған роза гүлін сипаттамайды, оның дөрекі заттық жақтарын лақтырып тастап, хош иісін, әсем құбылғыш бояуын алады да, осылардан жаратылыстағыдан да әсем өз розасын жасайды. Поэзия - сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі, жандық қуанышы.
Өлең - еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі, Абайша айтсақ, сөз патшасы, сөз сарасы. Өлеңдегі әр сөз адамның жан дүниесі мен, көңіл - күйімен сезім толқындарымен өзекті байланыста ; ұйқас пен ырғақта, шумақ пен бунақта - бәрі де осыдан туған. Өлеңдегі әр бір тыныс, үн, үзіліс адам жанын тебірентпей қоймайды. Өлеңнің әр ырғағы мен бунағы да көл - көсір сыр ұялап, сезім шалқып жатады.
Ырғақ, яки ритм (грекше rhytmos - шамалас, мөлшерлес, сайма - сай) - қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақ - жасанды емес, табиғаи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе : мезгілі мен келіп, мерзімімен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктем мен күз, күннің шығу мен батуы, толқынның жағаға соғуымен қайтуы, - Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу - түп - түгел ырғақты құбылыстар. Адамның аяқ алысы, жүрек соғысы ... - бәрі ырқақ. Міне, осылар секілді, өлең де, бәрінен бұрын, ырғаққа негізделеді.
Өлеңнің түрін белгілейтін де, негізнен, ырғақ. Сырт көзге поэзиялық шығарманың сырт пішінінің өзі прозалық шығармадан өзгеше, бөлек: кесте - кесте, тақта - тақта ... . әр кесте, яки әр тақта - шумақ, әр шумақтың әр жолы - тармақ, әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа - соқпасы - бунақ ... Әрине, мұның бәрі шартты нәрсе. Мысалы, кестесіз де, тақтасыз тұтаса беретін ұзақ - ұзақ өлеңдер бар. Бірақ бәрібір, шумақтардың жік - жігін ажыратуға әбден болады. Өйткені әр шумақ - аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық. Ал шумақ бар жерде тармақ, тармақ бар жерде бунақ болатыны сөзсіз. Әр бунақты біз тағы да тек ырғақ арқылы ғана ажырата аламыз.
Қабақ түйіп қара бұлт тұрды сәл - ақ
Өте шықты селімен қырды сабап
Көкжүзіне керіліп келе қалды
Мәңгні бақи тозбайтын сырлы садақ
(І. Мәмбетов)
Бүкіл әлем әддебиетіндегі өлеңдер де халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі - метрикалық өлең жүйесі. Бұл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда - б. э. б. VIII ғасырда пайда болғанда, кейін (б. э. б. III ғасырда) латын әдебиетіне ауысқан.
Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында да ән жатады. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әнмен айтылған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған.
Метрикалық өлең жүйесіндегі негізгі өлшем - ән; ал ендідігі өлшем не болмақ ? Ендігі өлшем - әр тармақтың аяғына айырықша ырғақ әкелетін үндестік, дыбыс қайталау : ұйқас осылай туады. Жә, аяқтары ұйқасқан өлең тармақтарының өн бойындағы ішкі өлшем не болмақ ? Ішкі өлшем - буын; өлең жолдарының буынын санау осылай туды.
Әр елдер әдебеиітндегі силлабикалық өлең жүйесінің туу тарихы осындай.
Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе - буын : ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ, бәрі де буынға негізделеді.
Квалитативті \топтың силлабикадан басқа басты жүйелерінің бірі - орыс поэзиясындағы Тредиаковский реформасынан "XVIII ғ." Кейін ресми ат алып айдар таққан тоникалық, яки акцентті өлең. Бұл өлеңнің өлшемі - екпін : ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ - бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңдер буын атаулының бәрі есепке алынатын болса тоникалық өлең де екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді.
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішінде қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен - көбі буында жатыр. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзінін өлеңге айналдыратын бірден - бір күш, құрал осы - буын.
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары -- текстология, тарихнама,библиография. Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөзөнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлеңжүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны -- әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе -- жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип -- тарихилық. Нәтижесінде -- сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетик. талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте, әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психол-сы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары -- әшейін ойдан туа салған нәрсе емес,әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар (қазақ әдебиеті теориясы). Әдебиет тарихы жалпы сөз өнерінің әр халықтың тарихында қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр ұлттың атамзаманғы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігенін, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті өніп-өрістегенін, сөйтіп оның көркемдік дамуы қай заманда қай бағытта болғанын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Мұның өзіҚазақстанның жоғары оқу орындары соңғы отыз жыл бағдарында тұрақты оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан "Сөз өнерінде" бір ғана өлең эволюциясы арқылы дәлелденеді: Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым деп келетін Орхон жазуындағы жырлардың қазақша аудармасын бүгінгі биік талғаммен өлшесек, эстетик. құны онша мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, танымдық мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең сөздің 15 ғасырладағы белгілі Доспамбет жыраудың: Ағарып атқан таңдай деп, шолпанды шыққан күндей деп, май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп, ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, жазыда көп-ақ жортқан екенбіз деген толғауындағы жыр тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенін байқаймыз да, қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз. Осының бәрін тек әдебиеттіңтарихы арқылы ғана танып-білуге болады. Бірақ бұл қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің тек біреуі ғана. Ал бүкіл әдебиеттің қалыптасу, даму тарихын жан-жақты талдап-түсінуде Әдебиеттанудың әлгі саласының атқарар қызметі орасан зор .Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы -- қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем әдебиеттегі «образдылық» пен «көркем образ» мәселелері. әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. өлең сөздің теориясы
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Көркем әдебиеттегі образдылық пен көркем образ мәселелері.Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы туралы ақпарат
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Стиль және шығармашылық ерекшелік жайында
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Пәндер