Ми-жұлын жарақаттары жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ми-жұлын жарақаттары
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Орындаған: Бахытова Г. Б
Семей, 2015-2016
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Мидың шайқалуы.
- Мидың зақымдалуы.
- Жұлынның зақымдалуы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Малдың механикалық зақымдалуы ашық және жабық болуы мүмкін. Бас сүйегінің осы екі жағдайда да сыңу мүмкіндігі бар. Жабық зақымдануға мидың жарақаттануы және травматикалық миға қан кету жатады.
Ми шайқалу (Comotio cerebri) . Оның себебі бастың қатты соққы алуы немесе мал құлаған кезде затқа баспен соғылуы. Жалпы бас миы механикалық жарақаттан жақсы қорғалған. Бас сүйектері серпімді және мықты. Қатты милық қабық, миды тікелей зақымданудан сақтайды. Мидың қарыншаснын толтыратын ми - жұлын сұйықтығы және субархноид кеңістігі ми шайқалған кезде буфер рөлін атқарады. Мидың мықты каркасы - тамырлы жүйе. Мидың шайқалуы оның қызметінің бұзылуын тудырады, жүйке ұлпасының құрылымдық өзгерісі дөрекі бұзылмайды.
Мидың тамырлы жүйке торы механикалық әсерге өте сезімтал, вазомоторлы реакциясы баяулайды, ми қан айналуының бұзылуы басталады. Вазомоторлық өзгеріс нәтижесінде мидың домбығуы дамиды, ол милық ұлпаның гидрофилдігінің жоғарылауымен, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы және қысымның артуымен байланысты.
Ми шайқалғанда мидың ми қыртысында қорғаныстық тежелу (охранительное торможение) дамиды, қыртыс астына жайылады. Осыған байланысты тежелуден әлі босамаған ақырғыларының қызметі клиникалық симптомда байқалады. Ми шайқалғанда бас миында болатын өзгерістер қайтымды және клиникалық белгілері уақыт өте келе жойылады.
Клиникалық белгілері. Ми шайқалудың жеңіл сатысында мал құлайды және бірнеше минут ішінде орнынан тұра алмайды, ал ауыр сатысында - бірнеше сағат ішінде. Пульстың баяулауы (жиілеуі) және оның толуы төмендейді, кілегей қабығының ағаруы, рефлекстердің әлсіреуі, беткейлік тыныс алу байқалады. Ми шайқалудың ауыр жағдайында рефлекс байқалмайды, көз қарашығы кеңейеді және жарыққа әсер бермейді, тыныс алуы беткейлі және сырылды болады, құсу және құрысу байқалады. Ми шайқалудың жеңіл формасында мал толық жазылады. Ауыр жағдайда мал комалық күйден шыға алмағандықтан өледі.
Диагноз. Клиникалық симптом, алынған анализ негізінде қойылады.
Емі. Малды тыныштық жағадайында ұстау керек. Жүрек әлсіздігінде камфора, кофеин, беткейлі тыныс алуда - тері асты 1% лобелин немемсе 0, 15% цититон ерітіндісі қолданылады. Қозуды басу үшін бром натрий, комбелен, рампун қолданамыз.
Мидың домбығуын бәсеңдету мақсатында күре тамырға гипертоникалық ерітіндіні еңгіземіз (40% глюкоза ерітіндісі, 10% натрий хлорид, 10% калий хлорид ерітіндісі) . Млдың 1 мг/кг салмағына сесептеп, тері асты гидрокортизон енгізуге болады.
Мидың жаралануы (contusio cerebri) . Бас миының тікелей емес жабық травмвтикалық зақымдалудың екінші формасы, осы кезде ми затының шектеулі участогы бүтіндігі бұзылады. Әдетте мұндай жарақат зақымдау күш нүктесінде, бірақ жараланған жақтың қарсы жағында да байқалады. Осындай бұзылудың аймағы әртүрлі болады және жарақат характерімен анықталады.
Мидың шайқалудан айырмашылығы жарақат кезінде жергілікті зақымдалу болады. Ми шайқалу мен жарақат бірдей шарт немесе жағдайдан пайда болады. Сондықтан осындай екі формада шекара өткізу өте қиын.
Клиникалық белгілері ми шайқалғандағы сияқты, бірақ зақымдалу локализациясына тәуелді ошақпен сипатталады. Жарақат кезінде ми бөлігінің функциясының түсуі, паралич, парез, сезімталдықтың бұзылуы және т. б. байқалады.
Емі. Ми шайқалғанда сияқты. Паралич пен парезді терапияның орталық қозғалыс және сезімталдықтың бұзылу жалпы ережелеріне сүйене отырып емдейміз.
Мидың бас сүйегінің ашық жарақат кезіндегі зақымдалуы.
Бас сүйегінің жарақаты өткізуші, өткізбейтін болуы мүмкін. Біріншісінде қатты қабықтың бүтіндігі бұзылады және зақымдаушы зат ми затына түседі, ал екіншісінде жаралаушы зат бас сүйегінің бөлшектенген сүйегінде немесе мидың қатты қабығында тұрып қалады.
Әсіресе өткізуші жара аса ауыр және қауіпті болады. Жиі малдар тікелей жарақаттан кейін немесе алғашқы сағатта немесе күндерінде өледі. Ми даралануы кезінде сияқты бас сүйектің ашық жарақатында шок болады, артериялық кысым төмендейді, жүрек жұмысы бұзылады, дене температурасы төмендейді, рефлекстер бәсеңдейді, құрысу дамиды, құсу, зақымбалған мида ошақтық симптомдар байқалады. Жіті түрі әртүрлі және өзгермелі клиникалық белгілерімен сипатталады. Егер мал қайта қан кетуден және ми домбығуының алғашқы күндері өлмесе, онда ауыр, құбылыстары бірте-бірте кетеді.
Бас сүйегінің жарасы өзінің асқынуымен қауіпті. Жара жеңіл жұқтырылады. Жараға анаэробты микроб түссе, милық заттың домбығумен газды гангрена дамиды.
Емі. Бас сүйгінің ашық жарақаты кезінде жараны хирургиялық жолмен зарарсыздандырады, оны ластанудан қорғайды және шокқа қарсы зат және симптоматикалық препарат қолданамыз.
Жұлын жарақаты (Traumata medullae spinalis) . Жұлынның зақымдалуының ашық және жабық (омыртқа жотасыны бүтіндігі сақталады) түрін ажыратады. Жабық түріне ми шайқалу, жаралану, ми тамырларының және қабығының үзілуі, омыртқа сынғанда немесе шыққанда жұлынның қысылуы жатады. Ми шайқалғанда жұлын құрылымы мен қабығында дөрекі бұзылыстар болмайды. Қан және лимфа айналу бұзылады, жұлын және оның қайта даму бұзылысы пайда болады. Аурудың жіті түріндегі осы бұзылыстар жарақаттан төмен жұлынның толық өшу, клиникалық суретін еске түсіреді. Осы белгілер тез арада жойылады, ары қарай артқы аяқтың парезі басылады, сезімталдық қалпына келеді, нәжісті сыртқа шығару және несеп шығаруы қалыптанады.
Жұлынның жаралануы оның шайқалуына қарағанда ауыр өтеді. Жұлынның қызметінің толық қалпына келуі өте сирек кездеседі. Себебі жарақат кезінде оның затының, қыртысының, қабығы мен тамырының құрылымдық өзгерісі байқалады да парез, рефлекстердің бұзылуы, гипостезяға ем қонбайды (жазылмайды) .
Жабық жарақат кезінде жұлынның сұр затына қан кету байқалады. Бірнеше сағаттан соң жұлынның қысылу салдарынан толық параплегия дамиды немесе қыртыстың “ат құйрығы” сударахноидальды қабтың төменіне қан кету. Қан тарқаған соң жазылады.
Омыртқаның шығу, сыну кезінде жұлынның қысылуы жиі толық артқы аяқ параличіне, сезімталдықтың барлық түрінің бұзылуына, жамбас аймағындағы мүшелердің қызметінің бұзылуына және тез арада ойықтың пайда болуына әкеледі.
Жұлынның ашық зақымдалуы кезінде мынадай клиникалық белгілерді белгілейді: несептің шығуы, нәжістің сыртқа шығуының бұзылуы.
Емі. Малға тыныштық жағдайды қамтамасыз етеді. Жарақаттан кейінгі бірінші сағатта зақымдалған жерге суық басады, одан кейін жылулық процедурасын, электрофизиотерапия, массаж, тыныштандыратын зат қолданамыз.
Шеттік нерв ауруы (Morbi nerborum peripnericorum) . Перифериялық нервтар бас және жұлынға қарағанда аз қозғалған және механикалық әсерлерден жараланудың көптеген жерлері бар. Олар жұлын жүйкесі (жұлыннан шығатын) және ми жүйкесінен (бас миына келетін) тұрады.
Невриттер. Шеттік нервтің травматикалық, токсикалық немесе инфекциялық түрде зақымдалуын неврит деп атайды. Шеттік нерв жүйесі зақымдалу орнына байланысты ажыратылады; радикулит (жұлын қыртысының зақымдалуы), фуникулит (енрв қанаттамасының зақымдалуы), плексит (нерв өрімінің қабынуы), неврит (нерв қабынуы) . Нерв жйесінің зақымдалуында, нерв қабынуы жиі кездеседі. Қабынудың характері бойынша серозды, іріңді, интерстициалды және паренхиматозды; ал өту барысы бойынша - жіті және созылмалы, жеке және көптік, жоғары және төмен өрлейтін неврит деп ажыратылады.
Шеттік нервтің зақымдалу себебі - механикалық жарақат, инфекция (бруцеллез, оба), интоксикация, В гиповитоминозы, азықпен улану, суу ұзақтығы, аса қыздыру (күйік), нервтің толық қанмен қамтамасыз етілмеуі, нервке дәрілік затты енгізу және т. б.
Патогенез және клиникалық белгілері. Шеттік нервтің зақымдалуында патоморфологиялық өзгеріс және коиникалық белгілері зақымдалу характері және сатысына байланысты.
Асептикалық серозды невритте қабыну аймағында нерв серозды экссудатпен сіңіріледі, оның клеткалық инфильтрациясы, гиперемия, нервке және эпиневрит астына қан кету байқалады. өзгерістер нерв өткізетін, қоршайтын дәнекер ұлпасында дамыса, онда асептикалық интерстициалды неврит нерв паренхимасының зақымдалуымен және нерв талшықтарының дегенерациясымен бірге жүреді. Паренхиматозды невритте, нерв өткізгіштігінің төмендеуі немесе жойылуы, бұлшық етті жүйкелендіретін моторлы функция басымырақ болады, ал интерстицияалды невриттің алғагқы сатысында тітіркену, ауырсыну және жоғары сезімталдық басымырақ болады.
Нерв қабынуының серозды жіті сатысында қабыну аймағы және оны жүйкелендіретін тері аймағында ауырсыну жоғарылайды. Мал қозғалыстан қашады, зақымдалған аймақты қасуға тырысады. Шеттік нерв бұтақтарының қабынуы вазомоторлы, трофикалық бұзылыспен қатар жүреді, себебі онда вегетативті талшықтар саны көп. Зақымдалған нерв иннервациясының аймағында тер шығу (потоотделение) жоғары болады, ал толық өшкен кезде- төмен. Вазомоторлы иннервацияның бұзылуы тамырдың паралитикалық кеңейуіне, гиперемияға, тамыр спазмасы, ангидрозға әкеп соғады. Нервтің серозды қабынуы сәтті өтсе, қабыну процесі 10-15 күннен соң өшеді (затухает) . Дәнекер ұлпа қатаяды және өседі, ол нерв талшықтарының бөлінуіне, оның дегенерациясына, қысылуына әкеп соғады.
Іріңді невритті қабынудың белгілері: клетка инфильтрациясы жоғарылайды, ишемия бедгілері байқалады, ұлпаішілік қысым жоғарылайды. Интерстициалды ұлпа және нерв паренхимасында некроз ошақтары табылады, нерв талшығының дегенерациясы тек зақымдану аймағында ғана емес, нерв талшығының дистальды аумағында түгелдей байқалады (нисходящий неврит) . Сонымен қатар жұлын және орталық аумағының зақымдалуы мүмкін (восходящий неврит) . Нервтің нисходящий дегенерациясында жүйкелендіру аймағында толық анестезия болады және парез бен параличтің белгілері байқала бастайды.
Әсіресе іріңді невритте ауырсыну және жүйкелендіретін бұлшық еттің моторлы функциясы бұзылады. Жалпы температура көтеріледі және мал қажиды. Радикулитте ауырсыну көрші нервтарға да әсер етеді, себебі оған зақымдалған нерв қыртысының нерв талшықтары кіреді.
Жіті плекситте сезімталдық пен моторлы функцияның бұзылуы өрім аймағына жайылады. Невриттің созылмалы формасында сезімталдықтың және зақымдалған нерв жүйкелендіретін аймақтың бұлшық еттің жиырылуының төмендеуі байқалады.
Емі. Неврит, радикулит, плекситті дәрі-дәрмекпен емдеу патогенетикалық, физикалық терапиямен үйлестіреді. Аурудың басында зақымдалған нерв участогына гипотермия, тері астына (2 мг/кг мал салмағына) гидрокортизон мен 0, 5% новокаин ерітіндісі және жылыға орау емі көрсетіледі. 2-ші күннен бастап теріішілік новокаин блокадасын қолданады және жылы орау, қызыдырушы компрес соллюкс лампасымен сәулелендіру қолданылады. 3-4-тәулікте жылан немемсе ара уы бар сүртпе майын (мазь) жағамыз. Дозасы 1мл/кг мал салмағына күре тамырға 0, 25 % новокаин ерітіндісін қолданған жақсы нәтиже береді. Және В 1 және В 12 витаминімен емдеуге болады. Ауырсынуды бәсеңдеті үшін новокаинмен, хлорлы кальциймен ионогальванизациялау қолданылады. Жіті және созылмалы прцестерде парафинді, озокеритинді апплекация қоданады, мазь жағып массаж жасалынады, моцион, бұлшық ет электростимуляциясы жүргізіледі. Инфекция, интоксикация салдарынан болған невритте спецификалық емдеу жүргізіледі. Нервтің ревматикалық зақымдалуы кезінде және невралгияда натрий салицилаты, анальгинді қолдану ұсынылады.
Шеткергі нервтің травматикалық зақымдалуы (Laescones neriorum peripnericorum traumatica) . Нерв бұтақтары және оның бұтақталуының ашық және жабық зақымдалудан болатын невриттер жиі кездеседі. Жабық зақымдалуға шайқалу, жарақат, қысылу, созылу, нерв бұтағының үзілуі жатады, ал ашық зақымдалуға нерв бұтағының жаралануынан оның бүтіндігінің толық немесе бөлшектеніп бұзылуы жатады.
Шайқалу жарақатта оқ тиген жарада байқалады.
Шайқалуға морфологиялық өзгеріссіз нерв функциясының бұзылуы тән. Ұсақ қан кету, серозды экссудация, домбығу пайда болады. Шайқалу кезінде қозғалыс пен сезімтал функциясы толық бұзылуы мүмкін, бірақ функция тез қалпына келеді. Бірінші күндері, жұмада қалпына келу жоқ болса, онда нерв бұтағының қатты зақымдалғанының далелі.
Нерв дарақаты малды дөрекі қатты жерге жыққанда құлағанда, таяқпен ұрғанда т. б. жағдайда жиі кездеседі. Көбінесе сүйек негізінде жатқан беткейлік енрв бұтағы зақымдалады (беткі, жауырын алды, сәлелі және т. б. ) .
Нерв жарақатында анатомиялық үздіксіздік бұзылмайды, бірақ оның құрылымында қысылу, үгітілу түрінде болады. Шайқалуға қарағанда оның функцмясы ұзақ бұзылады. Жара маңында нерв өткізгіштік уақытша болмайды, жараның үстінен электр тоғымен тітіркендіргенде бұлшық еттің жиырылуы болмайды, ал жараны астының тітіркенуінде қалыпты электр қозуы байқалады.
Енрвтің қысылуы қозғалыссыз таңғышты, жгутты нашар салғанда, қатты операциялық үстелге малды бүйірінен ұзақ уақыт бекіткенде байқалады. Нерв маңында дамитын сүйектік экзостаздар, сүйелдер иіктер нерв қысылуының себебі болады. Қысылуда нерв бұтағының үздіксіздігі бұзылмайды, бірақ белдік цицлиндрдің дегенерациясы, миелен қабығының бұзылысы, ишемия түріндегі өзгерістерге ұшырайды. Ұзақтығына және нерв бұтағының өзгерісіне байланысты бөлшектелген немесе толық нерв бұтағының үзілісі болады.
Нервтің созылуы нерв осінің тракциясынан болады. Жеке нерв шоғырлары немесе талшықтары жарылады, ол парезге әкеледі. зақымдалу аймағында қан кету, серозды инфильтрация байқалады. Нерв осінің тракциясы кезінде және жаралану кезінде нервтің жарылуы паралич, бұлшық ет атрофиясы болады. Жарылу кезінде барлық жүйке шоғырлары нерв пучков бүтіндігі бұзылады және нерв ұштарының бөлектенуі байқалады және ол оның регенерациясын қиындатады. Көбінесе нерв бүтіндігі жаралану кезінде бұзылады, жара орнының шеткері нерв қиығының дегенерациясы дамиды. Нервтің проксимальды қиындысында дистрофиялық процесс Ранвьеге дейін жетеді. Егер іріңді қабыну дамыса, нервтің прорксимальды участогіндегі дегенерация үлкен көлемде жойылады. Нервтің дегенерациясы және дегенерациясында күрделі морфофункциялық процесстер болады. Жара және басқа да этиологиялық фактор әсерінен нервтің дистальды қиындысында оның нерв ұшына дейін валиеровтық өту дамиды. Нервтің дистальды участогіндегі жараның 2-3 тәулігінен соң осьтік цилиндр лизиске ұшырайды, ал шван қабығы сақталады. Оның клеткалық элементі көбейеді, тяжи пайда болады. Дегенерациямен қатар осьтік цилиндрдің регенерациясы байқалады. Жараланудан бірнеше күн өткен соң аксонның перифериялық соңының өсуі басталады. Регенерацияланатын осьтік цилиндрдің колбылары (колбы) орталық нерв участогына шван қабығының тяжи арасынан өтеді. Осьтік цилиндр (аксон) перифериялық нерв ұшына дейін өссе, зақымдалған нервтің функциясы қалпына келеді. Ақырындап регенерацияланатын аксон маңында миелин қабығы түзіледі. Ұлпада регенерацияланатын аксондар нерв ұштарын түзеді. Аксон нервтің ұзындығы 50 см болса, регенерация процесі 250-300 күн болады. Регенерацияланатын аксон жасының негізгі бөгеті (рубцовая) тыртықтың дәнекер ұлпасы болуы мүмкін. Онда өсетін аксондар өз бағытын жоғалтады және спиральға оратылады. Регенерацияланатын аксонның өсуі үшін нерв маңына эпиневральды тігіс салу арқылы ұштарын біріктіру керек. Нервтың толық регенерациясы үшін ұштарының ара қашықтығы 5 мм-ден аспау керек. Регенерация аяқталғанда ауырсыну және температуралық сезімталдық, содан соң тактильді ауырсыеу қалпына келеді.
Перифериялық нерв зақымданғандағы негізгі клиникалық белгі - ауырсыеу немесе гипостезия және қалпына келген нерв иннервациясының аймағындағы қозғалыс функциясының бұзылуы. Перифериялық нерв жарасының диагнозы аса қиындықты туғызбайды. Жарадан соң зақымдалудың характерін анықтау қиынға соғады.
Жарадан соң нервтің зақымдалуының клиникасы бірден байқалмайды. Шайқалу, жарақаттану, қысылу арасынан дифференциалды диагноз қою ұзақ байқаудан кейін мүмкін. Тәжірибеде нерв бүтіндігінің бөлшектеніп немесе толық бұзылуын айыра білу керек. Нерв бұтағының анатомиялық үздіксіздігінің толық бұзылуында барлық бұлшық еттің параличі, иннервация аймағында анестезия, цианоз, аяқтың сууы, ангидроз, бұлшық ет хроноксиясы байқалады. Емдеудің оң нәтиже бермеуі нерв бұтағының бүтіндігінің бұзылғандығыны дәлелі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz