Эббингауз заңы уйрету және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу.Эббингауздың ұмыту қисығы және оның модификациясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Тақырыбы: « Эббингауз заңы уйрету және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу. Эббингауздың ұмыту қисығы және оның модификациясы»

Орындаған: Тоқтағунова Ш. М

Тексерген: Едигенова А. Ж

Тобы: Пх-415

Семей 2015

Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс. Ес - күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден тұрады. Адам өзінің өмірде қөріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мең сезімдерін, әрқилы іе-әрекеттерін, ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.

Ассоциативті психологиялық теория болды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация туралы ұғым жатады. Ассоциация - жекелеген психикалық үрдістердің арасындағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысы айтылады. Бұл теория бойынша ес қыска мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.

Ес зерттеулерi психология ғылымындағы эксперименттiк әдiс қолданылған алғашқы бөлiмдерiнiң бiрi болды. CIC ғасырдың 80 жылдары немiс психологы Г. Эббингауз ойлау iс-әрекетiнен тәуелсiз “таза” естiң заңдарын зерттеуге болатын әдiстi ұсынды. Ол мағынасыз буындарды жаттау әдiсi едi. Ол өз зерттеулерiнiң негiзiнде материалды есте сақтаудың негiзгi қисықтарын тапты және ассоциациалардың пайда болу механизмдерiнiң кейбiр ерекшелiктерiн ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде соңында тұрған материал тез еске түсетiнiн тапты (“шеткi эффектсi”) . Г. Эббингауздың маңызды жетiстiктерiнiң бiрi ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әрiптен тұратын буынды есте қалдыру тәжiрибесi негiзiнде ашылды. Алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60% ұмытылады, ал алты күннен кейiн бастапқыда да жатталған буындардың 20%-дан аз бөлiгi ғана есте сақталады екен.

Г. Эббингаузбен қатар басқа да ғалымдар зерттеулер жүргiздi. Атап айтқанда, немiс психиатры Э. Крепелин психикалық ауру адамдарда есте сақтау қалай жүретiнiн зерттеген. Келесi немiстiң белгiлi ғалымы - Г. Э. Мюллер адамдағы естiң қайта жаңғыруы мен есте қалудың негiзгi заңдылықтарына фундаменталды зерттеулер жүргiздi. Адамдағы ес процестерiн зерттеудiң алғашқы кезеңiнде арнайы саналы мнемикалық iс-әрекеттi зерттеуге (материалды арнайы жаттап, қайта жаңғырту процесi) бағытталды, кейiнiрек iздердiң өз бетiнше есте қалу механизмдерiне талдау жасалынды

Есте сақтау қабілеті - психикалық өмірдің маңызды сипаттамасы. Сондықтан есте сақтау қабілеті мәселесі - психологияның назар көп бөлінген және көп зерттелген мәселелерінің бірі. Бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтпаған, есте сақтау қабілеті эксперимент арқылы зерттеудің алғашқы амалдарын жасаған, есте сақтау қабілетінің ең бірінші психологиялық теорияларының бірі - ассоциативті теория болды. Ол ХVІІ ғасырда туды, Англия мен Германияда тарау алып, танылды. Аталмыш теория негізінде ассоциация түсінігі - Г. Эббингауз , Г. Мюллер, Ф. Шульман және А. Пильцепермен бірлесіп зерттеген - белгілі бір психикалық феномендер арасындағы байланысы жатыр. Басты міндет ассоцианистердің барлық жұмыстары үшін жалпы болды: ол барлығына мәлім ассоциацияның пайда болуы, әлсіздеуі, өзара әрекеттесу жағдайларын зерттеу. Есте сақтау қабілеті қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, қатарлас, ұқсас, қарама-қарсылық, уақытша және кеңістік жақындығы бойыша көп не аз тұрақты ассоциациялардың күрделі жүйесі болып түсініледі. Осы теория негізінде есте сақтау қабілеті механимздері мен заңдары ашылды және түсіндірілді, мысалы, Г. Эббингауздың ұмыту заңы. Осы заңға сәйкес ұмыту бірінші қатесіз қайталаудан соң тез жүреді. Ассоциативтік теорияға сәйкес басқалармен белгілі бір қисынды, құрылымдық-функционалдық және мағыналық ассоциацияда сақталатын және оқшау емес жаңғыртылатын ақпараттың кейбір элементтері сақталады.

Эббингаузтың заңы үйрету және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу.

Эббингауз Герман (1850-1909 ) - ес (жады ) психологиясына қатысты эксперименттік зерттеулерімен әлемге танымал психологі. "Шек фаторын" анықтап, ұмытшақтық қисығын шығарды, сақтау мен ұмытудың бірқатар заңдылықтарын бекітті, саналы есте сақтаудың артықшылықтарын анықтады, жадты зерттеудің экспериментік әдістемелерін жасады ("Жад туралы", 1885), балалардың зерделі қабілеттерін зерттеу үшін тест (оның есімімен аталатын) жасаған болатын.

Осыған байланысты көптеген зерттеулер, концепциялар, жүргізілді. Соның ішінде Эббингауз Германның уйрету және ес заңы . Ол бірінші мамандығы бойынша, Галле және Берлин университеттерінде оқыған Тарих және филология, содан кейін - философия. Доцент, университетінде, содан кейін профессор Ол шағын зертхана құрылды Берлин, Breslau, Галле, эксперименттік психология, ол бірінші кәсіби ұйым құрылды Неміс психологтар Тәжірибелік психология және ұзартқыш неміс қоғамы; және Психология және физиологиясы журналы мағынасы психологтар мен психологтар да қолдады. Нақтырақ айтатын болсақ, ол есте сақтау процесінің механизімін толығымен зерттеді. Эббингауз 2300 үш әріпті және де екі дауысты мен дауыссыз дыбыстардан сөйлем құрап, зерттеуді өзіне жүргізген болатын. Бұл сөздер бір біріне ұқсамайтын сөздер болатын. Осы зерттеу барысында ол есте сақтау қабілетін уақыт бойынша есептеуге көшті. Осының негізінде ол есте сақтаудың ұмыту қисығын есептеп шығарды .

Зерттеу нәтижесі бойынша жатталған мәліметтердің жартысы жарты сағат көлемінде 60 % жуығы ұмытылып қалатынынын байқаған болатын . Уақыт өте келе есте қалдырмау процесінің көрсеткіші төмендей бастайды. Сосын бір аптада кейін осы мәліметтердің 20 % ы есте қалып, ол көп уақыт ұмытылмайды. Көптеген зерттеулер нәтижесіне байланысты Г. Эббингаузтың ойынша, ұзақ уақыт есте қалдырудың бірден бір себебі, ол яғни сол мәліметтерді қалай қабылдауына байланысты деген тұжырымға келеді. Зерттеулерге байланысты ол бірінші күні берілген сөздерді келесі күні тексеріп, ал екінші күні берілген сөздерді біраз уақыттан кейін тексерді. Нәтижесінде бірінші мәліметтерге қарағанда, екінші мәліметтер ұзақ уақыт есте қалды.

Есті зерттеудің ассоциативті бағыты. Г. Эббингауздың ұмыту қисығы. Ассоциативті теория - негізгі ұғымы ассоциация. Ассоциация «байланыс» орнату деген сөз. Дүниедегі бір-бірімен байланысты заттар немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып сақталады. Ассоциация бойынша бір затпен негізделіп, онымен байланысты басқасын еске түсіре аламыз. Ассоциация түрлері (сыбайлас, ұқсастық, мағыналық) . Эббингауз - есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды. Есте қалдыру ерекшеліктері мен ақпаратты сақтау, қайта жаңғыртудағы негізгі өзгерістердің ерекшеліктерін Г. Эббингауз (1850-1909) қарастырды. Ес процестерін Эббингауз ассоциациялардың жасалуы ретінде түсінді, мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін бөлді. Ассоциативті (байланыс) теория оның заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Осы теория негізінде әртүрлі қайталау ретінде элементтердің есте сақталу саны өзгереді.

Неміс ғалымы Эббингауз естің ассоциативті теориясында мәліметтер ретін алды және есте қалдыруды ашты, онда есте қалдыру үшін мағынасыз буындар қолданды. Ақпараттың жекелеген элементтері есте қалады, сақталады, жаңғырады. Естің ассоциативті теориясына сәйкес, яғни белгілі логикалық құрылымды-функционалды байланыстар негізінде уақыт өте ассоциативті теория проблемалармен соқтығысты, олардың біріншісі, адамзат есінің таңдамалығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Л.С Выготскийдің, А.Б. Запарожец, С.Л. Рубинштейн, А.Н Леонтьев, П.К Анохин П.В Симонов еңбектерінде эмоцияның теориясы
Есті зерттеудің ассоциативті бағыты
Ес туралы жалпы анықтама
Естің нейрофизиологиялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балалардың есін дамыту және тәрбиелеу
Ес туралы анықтама. Естің түрлері. Естің бұзылысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың сабақтан тыс уақытта бейнелі есін дамыту
Жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz