Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Кіріспе
Негізгі бөлім.
I. Қ.Мұхамедхановты зерттеген ғалымдар.
1.1. Қ.Мұхамедхановты зерттеген ғалымдардың еңбегі.
1.2. Қ. Мұхамедханұлының шәкірттері, көзін көрген зиялы қауым.
II. Қайым туралы зерттеулердің келер ұрпаққа пайдасы.
2.1. Қ. Мұхамедхановтың әдебиет тарихына қосқан үлесі.
2.2. Қ. Мұхамедханов туралы ғалымдардың пікірі.
III. Тұжырым.
IV. Қорытынды.
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
VI. Қосымшалар.

«Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады», деп ғалым Ш.Елеукенов айтқандай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғаларының еңбектері, жүріп өткен жолы ұрпақ санасында мәңгі сақталары анық.
Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап”, "Абай”, "Қазақ”, "Шолпан”, "Сана”, "Сарыарқа”, "Таң” сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.Бұл жөнінде Қ.Мұхамедханов естелігінде былай дейді: «Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Иса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов, Халел Ғаббасов, Мәннан Тұрғанбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты». Қ.Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оның биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді.

1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б.
2. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б.
3. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б.
4. Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.-18 август.
5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Топ: Қ - 319 с
Орындаған: Кәрібаев Р
Тексерген: Жүндібаева А.Қ.
Семей 2015 ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім.
I. Қ.Мұхамедхановты зерттеген ғалымдар.
1.1. Қ.Мұхамедхановты зерттеген ғалымдардың еңбегі.
1.2. Қ. Мұхамедханұлының шәкірттері, көзін көрген зиялы қауым.
II. Қайым туралы зерттеулердің келер ұрпаққа пайдасы.
2.1. Қ. Мұхамедхановтың әдебиет тарихына қосқан үлесі.
2.2. Қ. Мұхамедханов туралы ғалымдардың пікірі.
III. Тұжырым.
IV. Қорытынды.
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
VI. Қосымшалар.
Кіріспе.
Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады, деп ғалым Ш.Елеукенов айтқандай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғаларының еңбектері, жүріп өткен жолы ұрпақ санасында мәңгі сақталары анық.
Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап", "Абай", "Қазақ", "Шолпан", "Сана", "Сарыарқа", "Таң" сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.Бұл жөнінде Қ.Мұхамедханов естелігінде былай дейді: Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Иса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов, Халел Ғаббасов, Мәннан Тұрғанбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты. Қ.Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оның биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы сөздердің ақиқа - тына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді. Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты. Ақын Қайым желтоқсан қасіреті мен құдіретіне арнаған ғибратты тұжырымын сол кезде жырға айналдырып айтудан тайсалмаған болатын:
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан мұраларын қазіргі таңдағы ғалымдардың зерттеу жұмыстарын бағалау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың есімін ұрпақ жадында мәңгі сақтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қайым Мұхамедхановтың өмірі, шығармашылығы жайлы толыққанды мәлімет беру;
- Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы мәселесін қарастыру;
Қайым туралы жарыққа шыққан мақалаларды жинастыру;
- Қайым зерттеулерінің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау.
6.1 Қ.Мұхамедхановты зерттеген ғалымдардың еңбегі.
Қазіргі уақытта Қайым Мұхамедханов мұрасы жіті зерттелуді қажет ететін өзекті тақырып болып отыр. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген. Олар:
- ЖҰРТБАЙ ТҰРСЫН ҚҰДАКЕЛДІҰЛЫ (1951 жылы, Семей қаласы, Абай ауданы, Шаған ауылында туған)-жазушы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор
- Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына тү-сініктеме жазған библиограф, Абай шығар-маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт-теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұс-қа-ларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңыз-ды қағазға түсірген фольклорист, - деп ба-ға-лай-ды.
- Қайымның қағидалары мақаласы Қазақ әдебиеті, №3, 16 қаңтар 2006 жыл
- Абайдың інісі, Алаштың ірісі Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Алаш, 2005.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Алаш, 2006.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІV том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Алаш, 2006.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. V том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты редактор, баспаға дайындаған: Т.Жұртбай. - Алматы: Ел-Шежіре, 2007. - Т.5. - 344 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Ел-Шежіре, 2008. - Т.6. - 320 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Ел -Шежіре, 2009. - Т.7. - 312 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Ел-Шежіре, 2009. - Т.8. - 320 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІХ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Ел-Шежіре, 2010.
- Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.10. - Алматы, Ел-шежіре. - 2012. - 384 б.
ЕСПЕНБЕТОВ АРАП СІЛӘМҰЛЫ (1945 жылы Семей қаласы, Абай ауданы Қарауыл ауылында туған) - ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық заң факультетінің деканы, Қайымның шәкірті
- Қайсар ғалым ( Қ. Мұхамедханов туралы) Семей таңы.- 17 қаңтар.
ДӘУЛЕТ СЕЙСЕНҰЛЫ Егемен Қазақстан газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі
- Абайға араша, Мұхтармен мұндас: Егемен Қазақстан.- 1996.-20 ақпан
ЕРБОЛ ІРГЕБАЙ зерттеуші
- Көптеген ірі ғалымдар Абайтануға үлесін қосты. Бірақ, солардың ішінде ең шоқтығы биік тұлға-ол Қайым Мұхамедханов. Оның ең алғаш қорғаған диссертациясы 1951 жылғы Абайдың ақындық мектебі деп аталады.
АЛМАХАН МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Абайтану орталығының директоры
- Абайтану және Қайым Мұхамедханов мақаласы-Қайым Мұхамедқанов арқылы Абайдың өлеңдерінің дұрыс жазылуы, текстологиялық өзгерістері, Абайдың қай өлеңі түпнұсқада қандай еді? Бізге қалай жетті? Соның бәрін ғұмыр бойы зерттеген Қайым Мұхамедханов бізге баға жетпес құндылықтар қалдырды
МЕЙІР ҒАРИПОЛЛАҰЛЫ ЕСКЕНДІРОВ (1972 ж. 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында туған)- СМПИ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті.
- Қайым шығармашылығы - қазақ жұртының киелі қазынасы атты мақаласы;
БАУЫРЖАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ ЕРДЕНБЕКОВ (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қазақ тілі кафедра меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор)
- Абай мектебі және Қайым Мұхамедханов мақаласы;
ҚИНАЯТ ШАЯХМЕТҰЛЫ (СМПИ филология ғылымының кандидаты, профессор, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті)
ЖАНДОС МАҒАЗБЕКҰЛЫ ӘУБӘКІР (Абай мұражайының директоры, әдебиетші-ғалым)
- Көкбай және Қайым Мұхамедханов мақаласы;
САЙЛАУ ҚОЖАҒҰЛ-Қайымның шәкірті,
-Қайым Мұхамедханов және Абай мұрасының мәтінтану мәселелері мақаласы;
АЙГҮЛ СЕРІКҚЫЗЫ ІСМАҚОВА (филология ғылымының докторы, профессор)
- Қайым Мұхамедхановтың тәуелсіз кезіндегі абайтануға қосқан үлесі мақаласы;
- Абай текстологы Қайым Мұхамедханұлының ғылыми түсініктемелері жөнінде Қ. Мұхамедханов Абайдың шығармаларына ғылыми түсініктер. - Алматы: Общественный фонд Центробразования и культуры имени Каюма Мухамедханова, 2009. - 227c.
АЛЛА БЕЛЯКИНА
- Человек - легенда кітабы. Алматы 2009 ж.
Ғарифолла Есім - ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Әдебиетте мәдениет алатын орны екі мәселеде. Бірінші , ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған деген гимн авторы. Екіншіден, Абайдың мұрасын зерттеуге келгенде, бұл кісіге тең адам таба алмаймын!
Дина Қайымқызы және Қайым Мұхамедханов атындағы Мәдениет және білім қоғамдық қоры ұсынған мұрағат құжаттары мен деректерге негізделген Қайым Мұхамедханов туралы кітапты жариялай бастаақ.
- Қ.Мұхаммедханов. Абайдың әдебиет мектебі (Диссертациялық кеңес стенограммасы)
ТӨКЕН ИБРАГИМОВ - әдебиетші, ғалым, абайтанушы.
- Музеймен бірге мұраты( Қ. Мұқамедхановқа 70 жыл) Семей таңы.- 1986.- 17қаңтар.
- Абай мектебінің оқытушысы Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.
КӘМЕН ОРАЗАЛИН -жазушы
Ұстаз өркені. Семейтаңы.-1986.-17 қаңтар
МҰРАТ РАХЫМЖАНҰЛЫ СҰЛТАНБЕКОВ-әдебиет зерттеушісі шәкірті Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы
Жұлдызға апаратын жол.. Семей таңы. - 2011. -11 қаңтар. - 3 б.
- Қайымның бізге қалған мұрасын зертеуде Қайымның шәкірті болған филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Сіләмұлы Еспенбетов бастауымен қорғалған Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің доценті Ақмарал Смағұлованың кандидаттық дисертациясын айтуға болады. Бұл диссертацияда ғалым шығармашылығы жан жақты, барлық қырынан талданған. - Мұхамедханов және Абай мұражайы Семей таңы. - 2009. - 18 маусым.
Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханов - (5.01.1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы Заречная слободка деп аталатын жерде дүниеге келіп, 30.06.2004 жылы қайтыс болған) қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын, педагог.
2.1 Қ. Мұхамедхановтың әдебиет тарихына қосқан үлесі.
Қайым Мұхамдехановтың абайтанудағы соқпағы алашорда ойшылдарымен етене жақын болған әкесі Мұхамедханның әсері мен ықпалынан болар. Қайым 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласы, қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы Заречная слободка деп аталатын жерде дүниеге келген. Әкесінің азан шақырып қойған аты Ғабдұлқайым. Бұл кез алашорда зиялыларының Семейге жиналып, қаланың қазақ халқының рухани орталығына айналған кезі еді. Қазақтың атқамінер ел басылары, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің дені осы қалада тұратын. Қайымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы (1870-1937) өз заманында көзі ашық, көкірегі ояу әрі ауқатты азамат болған. Сондықтан ұлын 1924 жылы Семей қаласындағы төрт жылдық бастауыш мектепке оқуға береді. Өз халқының ұлттық тарихы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлген зерделі әке Айқап, Шора журналдары, Қазақ, Дала уалаятының газеті, Сарыарқа газеттерін жаздырып алып, өзі де оқып, Қайымның да білімі мен мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік жасайды.
Әр уақытта бала Қайым өзінің әкесінің қасында Мұхтар Әуезов, Көкбай Жанатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ірі тұлғалы қазақ арыстарын көріп өсіпті. Осының барлығы кейіннен Қайым Мұхамедхановтың үлкен синкретикалық дарынының кеңінен құлаш жаюына септігін тигізгені аян. Сол жас кезінде бұл үйде Мұхтар Әуезов тұңғыш "Ес аймақ" мәдени үйірмесі қойған сахналық ойындарының репетицияларын өткізіп тұрыпты.
1917-1918 жылдарда М.Әуезов пен Ж.Аймауытов басшылығымен Семей қаласында шығып тұрған Абай журналына демеушілік жасап қаржылай көмек көрсетеді. Абай мұраларын жинақтап, ел арасына насихаттап таратуға мұрындық болады. Сөйтіп ұлы ақынның өлеңдерін Қайымның бойына бала кезден сіңірген рухани ұстазына айналады. Қайымның әкесі Мұхамедханның шаңырағында Алаш партиясының көсемі және Алашорда үкіметінің басшысы Ә.Бөкейханов, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі тұлғалары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Әуезов және т.б. көрнекті адамдар қонақта болып, дастарханынан дәм татып, қазақтың келешегі туралы келелі басқосулар өткізіп тұрған. Қазақ зиялыларының аузынан естіген ұлағатты тағылымдары Қайымның қазақ халқына және оның сөз өнеріне деген балалық махаббатын оятып, ұлттық рухани нәрдің болашақ ғалымның жан дүниесіне терең сіңіп, мықтап орнығуына негіз болған алғашқы академиялық дәрістер еді.
Бұл турасында ғалым былай деп жазды: Әкем Уақ руынан, көзі ашық, көңілі ояу, мұсылманша да орысша да сауатты, қолы ашық, кең пейілді момын адам болыпты. Ертеде ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас болған. Төңкеріс кезінде Семейден шыға бастаған Алаш үні Сарыарқа газеті мен Абай журналына меценат ретінде көмек көрсетуі сол ұлы ақын көрсеткен өнеге-тәрбие емес деп кім айтады. Өзіне жетерлік кітапханасы да болды. Алаш арыстары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, М.Әуезовтермен де қоян-қолтық араласатын. Үміт күткен баласын тәрбиелеуде барын салған әке Қайымның кемелді азамат болып шығуы үшін қолынан келгенің бәрін де істеген. Шәкерім, Көкбай ақындарды Семейге келген кездерінде Мұхаметхан үйіне шақырып қонақасы беріп, құрметтеп отыратын болған. Әкенің ойлағаны бір ғана Қайының көкірек көзін ашу, ұлылардың тәрбиесіне бейімдеу. Бұл үйдің қабырғаларына әдеби рух сіңісті болған деуге әбден лайық, себебі мұнда бір кездерде ұлы Абай атамыз болған екен, ақын-гуманист, ойшыл-философ Шәкәрім қажы табалдырығын аттағаны мәлім. Жанына жамандық қонбаған бала кезінен бастап ұлтын сүюге, таза өнерге деген махаббатын ояту болғаны түсінікті. Осылай ғалымның балалық шағы қазақ әлеміндегі біртуар тұлғалардың сөзіне тұлғалардың сөзін тыңдап, әңгімелерін естіп, зиялы ортада өтеді.
Бала Қайымның дана болып, абайтанудың білгірі атануының бастауында тұрған алғашқы ұстазы Тұрлықан Хасенұлы болды. Ол дарынды ақын, жазушы, публицист болды. 1937 жылы жазықсыз жала жабылып, репрессия құрбаны болды. 1937 жылғы ел басына төнген қатерлі нәубет, М.Сейітқұлұлының отбасында айналып өтпейді. Мұхамедхан 1937 жылы 24 қарашада НКВД органдарымен тұтқынға алынып, 27 қарашадағы УНКВД үштіктің қаулысымен өлім жазасына кесіліп, 2 күні атылған.
1928 жылы Мұхамедхан отбасы кәмпескеге ілініп, талан-таржыға түсті. Бай, кулак қатарына жатқызылып, үйін тәркіледі. Отбасымен аш, панасыз күйге түсті. Кейінен әке үйі № 20 мектепке айналдырып, тағдырдың ащы әжуасындай Қайым сол мектептен оқыды. Қат-қабат келген ауыртпалықты бұғанасы бекімеген бала көтеріп, төзе білді. Ел санасын есеңгірткен азапты жылдар оқуға құштарлығына бұғау болып, ерте жасынан еңбекке араласты. 1932-35 жылдары Семей оқу мекемелерінеде техникалық жұмысшы болып істейді. 1936-37 жылдары пән мұғалімдерін даярлайтын курсты оқып жүріп, мұғалімдер курсында қаражат табу үшін сабақ береді. Семейдің мұрағатында бұл жайлы хаттамалар сақталған. Бұл жөнінде ғалым: Әкейді ұстап әкеткен соң мені мектептен шығарды. Ешбір мектеп қабылдамады. Содан күнкөріс қамымен қара жұмысқа түстім. Кейіндеу мұғалімдер институтына түстім,-деп еске алады.
Қайым әкесі туралы деректі 1990 жылдарға дейін ала алмайды. Бұл ақиқатты куәландыратын Семей қалалық прокуратурасының берген анықтамасы айғақ болады. Анықтама 1992 жылы 3 ақпанда берілген. Онда 1937 жылы 24 қарашада ұсталып, 1937 жылы 2 ақпанда атылғаны айтылып, жерленген жері белгісіз делінген. 1989 жылы 25 сәуірде Мұхамедхан Сейітқұлұлына жабылған жала алынып тасталды. Қайымның әкесінің көмусіз, атаусыз қалуы оған қатты батса да, ол бар жан-тәнімен әке үмітін ақтауға тырысты.
Қ.Мұхамедханов 1929-32 жылдары колхоз жастары мектебінде, 1932-35 жылдары әр түрлі мекемелерде техникалық жұмысшы болып істейді. 1938 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген (1941). Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.
Қайым Мұхамедханов саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. Абайдың немере інісі Әрхам Кәкітайұлымен бірлесе отырып, мұражайда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды заттар, қолжазбалар, құжаттарды жинастырады. Бүгінде кемелденіп қорық-мұражайға айналған үйдің ғылыми әдеби ортасының қалыптасу ісі де Қ.Мұхамедхановтың табандылығымен жүзеге асқан.
Абай журналының 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі Алаш арыстары мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов көп еңбек сіңірді. Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500-ден асады екен). Мысалы, Халық ақыны Са-пар-ғали Әлімбетов шығармашылығы жайында, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кә-сіби қазақ суретшісі, Қ.Еркебаев және С.Әлім-бетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері, Тағы да Айқыз туралы, І.Бораганский, Қаракерей Қабанбай, Бұқар жырау, Шешен Сабыржан, Сабыржан Ғаббасов және тағы басқа мақа-лаларындағы тарихи тұлғалар ғалым-ның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, Абайдың бұрын жарияланбаған өлең-дері, Түзелгені қайсы? Түсініктері қай-сы?, Қазақ әдебиетінің адал досы, Саади Ши-рази, Құдай деген сөзден құдай сақтасын жә-не тағы басқа мақа-ла-ларындағы әдеби-танымдық, та-рихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың бо-ла-шақ зерт-теулерінің ғылыми діңгегіне айналды. Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өл-келік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қайым Мұхамедханов еңбекте-рінсіз елестету мүмкін емес . Бұл туралы белгілі әуе-зовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына тү-сініктеме жазған библиограф, Абай шығар-маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт-теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұс-қа-ларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңыз-ды қағазға түсірген фольклорист, - деп ба-ға-лай-ды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шы-ғар-машылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шы-ғармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі Әзім әңгімесі туралы Қ. Мұ-хамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айнала-сындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жат-қан белестердің мол екені мен Қ.Мұха-медхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана (Абай шығармаларының текстологиясы. 1959ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстоло-гиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Сегіз аяқ, Қансонарда, Сап-сап көңі-лім, т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз .
Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығарма-ларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.
Қайым Мұхамедхановтың туған жерінде, Алаш азаматтарының басы қосылып, ел бола-шағы туралы пікірлескен қасиетті Семей топы-рағында ғалымды еске алуға арналған іс-шара-лар өтіп жатыр. Мәселен, № 47 мектепке Қазақтың қайсар ғалымы атты ұлы Қанағатпен кездесу кеші өтті. Ғалымның ғылым жолында көрген қиындықтары мен өмірінің қызықты сәттерінен әңгіме өрбітті. Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі Қайым Мұхамедханов өмірі мен ғылыми қызметі бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым Мұхамедханов еңбегін насихаттау Қайым үшін емес, болашақ жастар үшін керек.
Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты.
Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Қайым шығармаларының тағы бір қыры- оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Қайымның Толқын (1994), Майданнан майданға (1947), Комиссар Ғаббасов (1960), Ер Білісай (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді .
Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың Аршин мал алан (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың Қажы әпенді үйленеді (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н. Карамзиннің Бишара Лизасын қазақ тіліне аударды.
1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұқамедхан отбасында дүниеге келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған жоқ. Барлық сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы Қайым ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz