ҚР инфляцияға қарсы саясаты жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматика және электротехника кафедрасы
С. Ө. Ж №5
Тақырыбы: ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Орындаған: Тоқтарғазин Ә. А
АУ-401
Тексерген: Готман Л. А
Семей 2015 ж
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
ҚР инфляцияға қарсы саясаты
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Инфляция (лат. inflatio - «қабыну», «ісіну») - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция - бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
- Ақша айналысының факторларына:бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
- Ақшалай емес факторларға:қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті экоиомикалық ілгерілеуге бағыттаймыз . . . », -деді, президентіміз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев, өзінің «Қазақстан 2030» атты Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында[1] . Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес. Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады. Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді. Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді. Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады. Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады. Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.
Салық салудың погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді. Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін. Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырады.
Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді. Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды. Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірічінің көлемі ұқсас емес бағыты жылжып отырады. Ұзақ мерзімді уақыт интервалында, инфляцияның шапшаңдауы теориясы бойынша, жылдан жылға инфляцияның қарқынының өсуі, өндірістің нақты көлемін, оның өзінің табиғи дәрежесінен жоғары ұстап тұруға мүмкіндік береді[2] . Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экономикасын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі. Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі. Ол бір мезгілде материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді. Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай, инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz