Педагогикалық психология – зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістері
Педагогикалық психология
Педагогикалық психологияның міндеттері
Педагогикалық психологияның құрылымы
Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері
Пайдаланылған әдебиеттер

Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.
Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді.

1.ТалызинаН.Ф. Педагогическая психология. М., 1998.
2.ЯкунинВ.А. Педагогическая психология. М., 1998.
3.ПетровскийА.В. Основы педагогики и психологии высшей школы. М., 1995
4.СмирновС.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 1995.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық психология - зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістері.
Орындаған:Рахимбаева А.
Тексерген: Адильжанова Қ. С.
Семей 2015
Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.
Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.
Педагогикалық психологияның пәніне жан-жақты анықтама бермес бұрын көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылатын (педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина, басқару теориясы, жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық психология) білім беру, педагогикалық процесс - күрделі, көп қимылды, көп құрамдас бөлікті құбылыс екеніне назар аудару қажет. Оқыту процесінің күрделі, көп құрамдас бөлікті екенін кезінде ұлы дидакттар - Я.А. Коменский, И. Песталоцци, А. Дистервег атап өткен болатын. Мысалы, А. Дистервег ...оқытушылық іс-әрекетті анықтаушы әртүрлі кезеңдер мен пәндерді назарға алу қажет. Атап айтқанда: 1) оқытылатын адам, оқушы - субъект; 2) оқу және оқыту пәні - оқу пәні - объект; 3) оқушының оқу сәтінде қоршайтын сыртқы шарттар - уақыт, орын және т.б.; 4) оқытатын мұғалім дейді. (XIX ғ. ортасында оқушы оқыту объекті емес, оқыту субъекті ретінде қарастырылғаны маңызды болған). Педагогикалық психологияда білім беру процесінің көп құрамдас бөлікті құрамы функционалдық тұрғыдан факторлардың өзара әрекеті деп қарастырылады. Оқытудың тиімділігі осы факторлардың әрекеттерінің өзара келісімділігіне байланысты, яғни не нәрсеге оқытады, кім және қалай оқытады, және кімді оқытады. Бұл жерде, білім беру процесін зерттеушілер оның құрамдас бөліктерін құрастырушылардың барлығының бірдей маңыздылығын атап өтеді. Жалпы білім беру процесінің, оқушылардың әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру және осы меңгеруді ұйымдастыру күрделілігі педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің көпжоспарлы екенін анықтайды.
Педагогикалық психологияның зерттеу пәні болып адамның әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілері және осы процестің білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында педагогтың ұйымдастырып және басқаратын оқу қызметінің субъекті ретінде қарастырылатын адамның (баланың) интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейінде өзгеруді меңгеруін туғызуы болып табылады. Жекелеп айтқанда, педагогикалық психология білімді, икемділік пен дағдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді, осы процестердегі жеке айырмашылықтарды зерттейді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді, яғни, жаңадан пайда болған психикалық өзгерістерді қалыптастыру. Ал, кеңінен алғанда, ғылымның зерттеу пәні - ол объектте нені зерттесе сол болып табылады. Келтіріліп отырған анықтама педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің күрделігі, көп аспектілігі мен біртекті еместігін дәлелдейді.
Педагогикалық психологияның қазіргі уақытта даму ауқымы одан сайын кеңейіп отыр. Мысалы, отандық педагогикалық психология оқытуды басқарудың психологиялық механизмдерін зерттейді (Н.Ф. Талызина, Л.Н. Ланда және т.б.) және білім беру процесін жалпы зерттейді (В.С. Лазарев және т.б.); іс-әрекеттердің жинақтап қорытылған тәсілдерін меңгеру процесін басқару (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов және т.б.); оқу мотивациясы (А.К. Маркова, Ю.М. Орлов және т.б.); осы процестің табыстылығына әсер етуші жеке психологиялық факторлар, мысалы ынтымақтастық (Г.А. Цукерман және т.б.), оқушылар мен мұғалімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері (В.С. Мерлин, Н.С. Лейтес, А.А. Леонтьев, В.А. Кан-Калик және т.б.). Жалпы, педагогикалық психология оқу процесін басқарудың психологиялық мәселелерімен, танымдық процестерді қалыптастыруды (ең алдымен, теоретикалық ойлау) зерттейді, оқушы тұлғасын қалыптастырудың жалпы контекстінде оқыту процесінде ой еңбегі дамуының неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ой еңбегі дамуының сенімді өлшемдерін іздейді, педагог пен оқушының өзара арақатынас мәселелерін, сонымен қатар оқушылар арақатынасын қарастырады.
Педагогикалық психологияның міндеттері
Жалпы, педагогикалық психология оқу-тәрбие беру қызметінің, білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп баяндап, зерттейді. Педагогикалық психологияның нақты міндеттеріне:
оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу;
оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталынуы (нығаюы) және әртүрлі жағдайларда пайдалануы;
оқушының интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен оқытушылық және тәрбие берушілік ықпалдың (еңбектестік, оқытудың белсенді формалары және т.б.) формалары мен әдістері арасындағы байланысты анықтау;
оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқу-танымдық белсенділікке әсерін анықтау;
педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке-психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу;
дамыта оқытудың, атап айтқанда, ғылыми, теоретикалық ойлаудың механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
білімді меңгеру заңдылықтары, шарттары мен өлшемдерін анықтау, олардың негізінде әртүрлі міндеттерді шешу процесінде қызметтің операциялық құрамын қалыптастыру;
игеру сапасы диагностикасының деңгейінің психологиялық негіздері мен оның білім беру стандарттарына қатыстығын анықтау;
білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ары қарай жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.
Педагогикалық психологияның құрылымы
Ғылыми білімнің әрбір саласының зерттеу пәні оның құрылымдық ұйымдастырылуын, яғни аталған ғылымға кіретін тарауларды анықтайды. Педагогикалық психология дәстүрлі үш тараудың құрамында қарастырылады: оқыту психологиясы, тәрбие беру психологиясы, мұғалім психологиясы. Мектепке дейінгі бала мен мекетеп оқушысының психологиясын жас ерекшелік психология қарастырады. Студенттік жас өмірдің ерекше кезеңі ретінде жеке қарастырылады (атап айтқанда, Б.Г. Ананьевтің психологиялық мектебі)
Педагогикалық психологияның зерттеу пәніне біз кеңінен түсінік беруімізге байланысты (оған оқушының оқу қызметі мен педагогтың педагогикалық қызметінің бірлігі ретінде білім беру процесінің өзін, сонымен қатар оқушы тұлғасының позитивті дамуының психологиялық заңдылықтарын анықтау мақсатында олардың әрбіреуіне және олардың субъекттерінің сипаттамасын қоса) осы ғылымның құрылымы келесі себептерге байланысты басқа позициядан ұсынылуы мүмкін.
Біріншіден, бұл позиция ғылыми білімнің дербес саласы болса да, бастапқы белгісі бойынша психологиялық ғылым болып табылатын педагогикалық ғылымның пәнін пәнаралық деп түсінумен анықталады. Осыған сәйкес бұл пәнге тұлға, ұжым, еңбектестік психологиясының көптеген жақтары, жас ерекшелік және әлеуметтік психология, психофизиологияның аспектілері кіреді. Ал осы жақтар білім беру процесі мен оның нәтижесіне қатысты қарастырлғандықтан, олар педагогикалық психологияның пәнін құрайды. Педагогикалық психологияға осылайша түсінік беру қазіргі заманда оның білім беру психологиясы (Psуchologу Education) деп аталатын пәніне тән білім салаларының сан алуандылығымен немесе оқытудың өзі білім беру және үйрету сияқты екіжақты процесс деп түсінілетін оқыту теориясымен түсіндіруге болады.
Екіншіден, педагогикалық психология құрылымын қарастырудың ұсынылған позициясы оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысын біраз басқаша анықтауды қарастырады. Қазіргі заманғы ғылым мен педагогикалық тәжірибеде оқыту деп оқушыларға алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік мәдени тәжірибесін табыс етудің (білім, норма, іс-әрекеттердің жинақтап қорытылған тәсілдері және т.б.) белсенді, мақсатты бағытталған процесі және осы тәжірибені игеруді ұйымдастыру, сонымен қатар бұл тәжірибені әртүрлі жағдайларда қолдануға мүмкіндік пен дайындықты түсінеді. Оқыту осыған сәйкес, өз шарты ретінде осы тәжірибені игеруде үйрету немесе оқыту процесін ұйғарады.
Тәрбие беру (оқыту, оқытумен қатар немесе одан тыс процестер барысында) адамды (қоғамның адам дамуының әрбір берілген тарихи кезеңінде әлеуметтік маңызды, позитивті құндылықтар ретінде қарастырылатын) белгілі құндылықтарға бағыттау, өзін-өзі ұстау принциптерін, баға беру жүйесін, өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, қоғамға, жалпы әлемге көзқарасын қалыптастыру мақсатында мақсатты бағытталған ықпал деп түсініледі (А.Ф. Лазурский, В.Н. Мясищев)1. Тәрбие беру талдамалы және педагогикалық мақсаттарда ол адамгершіліктік, эстетикалық, еңбектік, физикалық және т.б. деп жеке тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, жалпы барлық білім беруші ортаның тұтас ықпалы ретінде қарастырылады.
Оқыту мен тәрбие беру процестерінің осылайша түсінілетін өзара байланысы, кемінен төрт түрлі бола алады:
Тәрбие беру оқыту процесінде жүзеге асырылатын, оқытудан ажыратылмайтын процесс (мазмұны, нысаны, оқыту құралы арқылы). Бұл дәл осы екі процестің арасындағы, былайша айтқанда бір-біріне қосылатын қатынастар. Оқыта отырып, біз тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып, біз оқытамыз, - деп С.Л. Рубинштейн атап өткен. Осындай түрде тәрбие беру оқу процесіне кіреді, бұл жағдайда ол тәрбиелеуші оқыту ретінде анықталады. Осы тұрғыдан ол басымдырақ тартып, педагогикалық психологиямен қарастырылады.
Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері
Педагогикалық психология деректер алудың барлық үш көзін пайдалана отырып ғылыми әдістердің негізгі құралдарына ие болып отыр: олар - бақылау, сауалнама жүргізу, эксперимент, қызмет (шығармашылық) нәтижесінде туған өнім, тестілеу, социометрия және т.б. Ғылыми танымның деңгейіне байланысты - теоретикалық немесе эмпирикалық әдістер ретінде анықталады. Педагогикалық психологияда көбінесе эмпирикалық әдіс қолданылады.
Бақылау - педагогикалық психологияда (және жалпы педагогикалық тәжірибеде) адамды мақсатты, жүйелі зерттеудің эмпирикалық әдісі. Байқауға алынған өзінің байқау объекті болып табылатынын білмейді, байқау жаппай немесе таңдаулы бола алады, - мысалы, барлық оқу барысын тіркеп немесе тек бір немесе бірнеше оқушыны тіркеп отыру. Байқаудың негізінде сараптамалық баға берілуі мүмкін. Байқау нәтижелері арнайы хаттамаларға енгізіліп, онда бақылауға алынған оқушының (оқушылардың) аты-жөні, күні, уақыты және мақсаты белгіленеді. Хаттама деректері сапалық және сандық өңдеуден өтеді.
Өзін-өзі бақылау - адамның рефлекстік ойлау негізінде өзін-өзі бақылау әдісі (өзін-өзі бақылау объекті болып мақсаттар, мінез-құлық түрткісі, қызметінің нәтижесі бола алады). Бұл әдіс өзіне-өзі есеп берудің негізінде жатыр. Ол субъективтіліктің басымдылығымен сипатталады, ол көбінесе қосымша ретінде қолданылады (XIX-XX ғғ. қиылысында өзін-өзі бақылау интроспективті психологияның негізі болып табылған).
Әңгімелесу - педагогикалық психологияда (және педагогикалық тәжірибеде) адам туралы онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсатты бағытталғын сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде мәліметтер (ақпараттар) алудың эмпирикалық әдісі. Жүргізуші оның мақсаты туралы зерттелінушіге айтпайды. Жауаптар (мүмкіндігінше әңгімелесушілердің назарын аудармай) дыбыс таспасына жазу, немесе тез жазып отыру, стенография арқылы тіркеліп отырады. Әңгімелесу - адамды зерттеудің дербес әдісі, сонымен қатар көмекші әдіс, мысалы эксперимент пен терапияның алдын-алушы әдіс бола алады.
Сұхбат - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабардар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар және т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.
Әңгімелесу, сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.
Сауалнама - арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік - психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау - кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс. Сауалнама құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны, 2) олардың түрі- ашық немесе жасырын, соңғысына ия немесе жоқ деп жауап беру қажет, 3) олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмей және т.б.), 4) сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірибеде сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады.
Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтық бола алады, алайда кез-келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс - іріктеудің көрнекілігі мен біркелкілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.
Эксперимент - ғылыми зерттеудің педагогикалық психологияда кеңінен таралған эмпирикалық әдісі. Эксперименттің зертханалық түрін (арнайы жағдайларда, аппаратура пайдалану және т.б.) және әсерін зерттеу үшін арнайы ұйымдастырылған, оқытудың, өмірдің, еңбектің кәдімгі жағдайларында жүргізілетін табиғи эксперимент түрлерін ажыратады. Соңғы онжылдықтарда ең бір тиімді және кеңінен таралған (әсіресе отандық педагогикалық психологияда) табиғи эксперимент түрінің бірі - қалыптастырушы эксперимент балып табылады. Оның барысында оқушыға мақсатты түрде білім және тәрбие бере отырып, оның білімі, білігі, қарым-қатынасы мен құндылықтары деңгейіндегі өзгерістер, оның психикалық және тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістер зерттеледі.
А.В. Петровский атап өткендей, педагогикалық психология үшін бұл табиғи эксперименттің қалыптастырушы (үйретуші) ерекше түрі өте маңызды болып саналады. Зерттеу әдісі ретіндегі экспериментте сыналушы оның мақсаты жөнінде білмейді. Эксперимент жүргізуші зерттеудің мақсатын анықтап, болжам ұсынып қана қоймай, зерттеуді жүргізу жағдайы мен зерттеу түрін де өзгерте алады. Эксперименттің нәтижесі арнайы хаттамаларда қатаң және дәлме-дәл тіркеліп отырылады, онда сыналушының аты-жөні, ол туралы қажетті мәліметтер, күні, уақыты, мақсаты белгіленеді. Эксперименттің деректері сандық өңдеуден өтеді (факторлық, корреляциялық талдау және т.б.), сапалық түсінік беруден өтеді. Эксперимент жеке, топтық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бола алады.
Педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің ерекшелігіне байланысты жоғарыда аталған әдістердің бірі жиі, басқалары сирек қолданылады. Оқушылардың іс-әрекеті өнімінің, олардың шығармашылығының талдауы (есептер шешімінің, конспектілер, шығармалар, еңбек өнімі, оқушылардың бейнелеу шығармашылығының және т.б. нәтижесін талдау), әңгімелесу, сауалнама, қалыптастырушы (үйретуші) эксперимент байқаумен қатар, педагогикалық психологияда ең көп қолданылатын әдістер болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық психологияда тестілеу әдісін пайдалану кеңінен таралып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998.
2.Якунин В.А. Педагогическая психология. М., 1998.
3. Петровский А.В. Основы педагогики и психологии высшей школы. М., 1995
4.Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 1995.

Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі білім беру үрдісі.
Орындаған:Рахимбаева А.
Тексерген: Адильжанова Қ. С.
Семей 2015
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz