Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Кіріспе
Негізгі бөлім
І.Алаштың соңғы тұяғы . Қайым Мұхамедханов
1.1. Қ.Мұхамедхановың өмірі мен шығармашылығы
1.2. Қайымның қағидалары
ІІ. Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
2.1.Жалпы қазақ әдебиетінде алатын орыны
2.2.Абайтанушы. Қайым Мұхамедханов
2.3. Абайдың ақындық мектебі
ІІІ. Тұжырым
ІV. Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер
VІ. Қосымша

Белгілі абайтанушы ғалым, Ме쬬ле¬кеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұ¬хамедхановтың есімі зиялы қа¬уымға жақсы таныс. Алаш кө¬сем-дерінің тізесінде оты¬рып ер¬жет¬кен ол жас алшақ¬ты¬ғына қара¬мастан дана Мұх¬тармен досжар болып, жақсы ма¬ғынада "жан¬тор¬сығы" атанды. Сонау елуін¬¬ші жыл¬дардың басын¬да жиыр¬ма бес жылға сотталып, ама묬сыздан азап пен мазақ лагері¬нің дәмін татып кел¬гені де шын¬дық. Сонда оның Қа-зақ Ке¬ңестік Социалистік Респуб¬ликасы гимні¬нің авторы екендігі де еске алынбаған. Әуезовтің кеңесі¬мен гимн жөніндегі байқауға қатысып, жеңім-паз атанғанда оның жасы небәрі 27- де ғана болатын.
Әуезов демекші, ол ұлы ұста¬зының кеңесімен жасынан Абай¬дың ақындық мектебін зерттеумен айналысқан. Бірақ, өкінішке қа¬рай, кандидаттық еңбегі тәркіле¬ніп, жоғарыда айтқандай, сотта¬лып кете барған. Алайда, қайсар Қайым боркеміктеніп, жасымаған. Соның айғағындай, соңында Абайдың ақын¬дық мектебі туралы том-том кі¬таптары қалды. Ал егемен ел атанып, тәуелсіздікке қол жеткен шақта ке¬шегі Алаш көсемдері тура¬лы өндіртіп жазған да осы Қайым еді. Соның басым бөлігі Семейдегі респуб¬ли¬ка¬лық Абай қоры мен Алматыдағы "Атамұра" баспасы¬ның қамқо¬р¬лы¬ғымен "Абайдың ақын шәкірт¬тері" және "Абай мұра¬герлері" деген атпен жарыққа шыққаны да көзі қарақ¬ты оқыр¬манға белгілі. Қайым аға¬ның сол шақта өндірте еңбек ете жүріп, кезінде Жүсіпбек пен Мұх¬тар шы¬ғар¬ған "Абай" журналы қайта жарық көргенде оған бас-көз бол¬ған "Па¬рыз" шығарма¬шылық то¬бы¬на жетеꬬ¬шілік еткені өз алдына бір әңгіме.

1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б.
2. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б.
3. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б.
4. Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.-18 август.
5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә.Бөкейханов // Түркістан.-1995.-9 тамыз
6. Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.
7. Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.- 26 қаңтар.- 3 б.
Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
8. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы.-1996.-16 қаңтар.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СОБӨЖ
Тақырыбы:Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Топ: Қ - 319 с
Орындаған: Мұхаметжанова Гүлназ
Тексерген:Жүндібаева А.Қ.
Семей 2015 ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І.Алаштың соңғы тұяғы - Қайым Мұхамедханов
1.1. Қ.Мұхамедхановың өмірі мен шығармашылығы
1.2. Қайымның қағидалары
ІІ. Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
2.1.Жалпы қазақ әдебиетінде алатын орыны
2.2.Абайтанушы- Қайым Мұхамедханов
2.3. Абайдың ақындық мектебі
ІІІ. Тұжырым
ІV. Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер
VІ. Қосымша
Кіріспе
Белгілі абайтанушы ғалым, Мем - - ле - кеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұ - хамедхановтың есімі зиялы қа - уымға жақсы таныс. Алаш кө - сем - дерінің тізесінде оты - рып ер - жет - кен ол жас алшақ - ты - ғына қара - мастан дана Мұх - тармен досжар болып, жақсы ма - ғынада "жан - тор - сығы" атанды. Сонау елуін - - ші жыл - дардың басын - да жиыр - ма бес жылға сотталып, амал - - сыздан азап пен мазақ лагері - нің дәмін татып кел - гені де шын - дық. Сонда оның Қа - зақ Ке - ңестік Социалистік Респуб - ликасы гимні - нің авторы екендігі де еске алынбаған. Әуезовтің кеңесі - мен гимн жөніндегі байқауға қатысып, жеңім - паз атанғанда оның жасы небәрі 27- де ғана болатын.
Әуезов демекші, ол ұлы ұста - зының кеңесімен жасынан Абай - дың ақындық мектебін зерттеумен айналысқан. Бірақ, өкінішке қа - рай, кандидаттық еңбегі тәркіле - ніп, жоғарыда айтқандай, сотта - лып кете барған. Алайда, қайсар Қайым боркеміктеніп, жасымаған. Соның айғағындай, соңында Абайдың ақын - дық мектебі туралы том-том кі - таптары қалды. Ал егемен ел атанып, тәуелсіздікке қол жеткен шақта ке - шегі Алаш көсемдері тура - лы өндіртіп жазған да осы Қайым еді. Соның басым бөлігі Семейдегі респуб - ли - ка - лық Абай қоры мен Алматыдағы "Атамұра" баспасы - ның қамқо - р - лы - ғымен "Абайдың ақын шәкірт - тері" және "Абай мұра - герлері" деген атпен жарыққа шыққаны да көзі қарақ - ты оқыр - манға белгілі. Қайым аға - ның сол шақта өндірте еңбек ете жүріп, кезінде Жүсіпбек пен Мұх - тар шы - ғар - ған "Абай" журналы қайта жарық көргенде оған бас-көз бол - ған "Па - рыз" шығарма - шылық то - бы - на жетек - - - шілік еткені өз алдына бір әңгіме.
Айтты-айтпады, Қайым Мұ - - - хамедханұлы сол шақта жасы сек - сенге тақап қалғанмен хакім Абайдың артындағы өлмес, өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа мұрты қисаймаған қалпында жеткізу мақ - сатында бір кісідей-ақ еңбек сіңір - ді. Сол қажырлы еңбегі мемле - кеттік деңгейде аталып та өтілді.
Қайым ағаны қалың жұртшы - лық сонымен бірге қарымды жазу - шы-драматург, тамаша аударма - шы, сондай-ақ бірнеше буын өкілдерін, тәрбиелеген ұлағатты ұстаз ретінде де жақсы білетін.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындап көрсету, шығармалары, ғылыми еңбектері жайлы толыққанды мәлімет беру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қайым Мұхамедхановтың өмірі, шығармашылығы жайлы толыққанды мәлімет беру;
- Қайымның қайғидалары арқылы ғалымның өмір жайлы ғылым жайлы тынысын таныту;
- Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы мәселесін қарастыру;
- Ғылыми - зерттеу еңбектерінің қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуына қосқан үлесін қарастыру;

Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханов - (5.01.1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы Заречная слободка деп аталатын жерде дүниеге келіп, 30.06.2004 жылы қайтыс болған) қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын, педагог.
Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап", "Абай", "Қазақ", "Шолпан", "Сана", "Сарыарқа", "Таң" сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.Бұл жөнінде Қ.Мұхамедханов естелігінде былай дейді: Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Иса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов, Халел Ғаббасов, Мәннан Тұрғанбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты. Қ.Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оның биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді.
Қайым Мұхамдехановтың абайтанудағы соқпағы алашорда ойшылдарымен етене жақын болған әкесі Мұхамедханның әсері мен ықпалынан болар. Қайым 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласы, қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы Заречная слободка деп аталатын жерде дүниеге келген. Әкесінің азан шақырып қойған аты Ғабдұлқайым. Бұл кез алашорда зиялыларының Семейге жиналып, қаланың қазақ халқының рухани орталығына айналған кезі еді. Қазақтың атқамінер ел басылары, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің дені осы қалада тұратын. Қайымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы (1870-1937) өз заманында көзі ашық, көкірегі ояу әрі ауқатты азамат болған. Сондықтан ұлын 1924 жылы Семей қаласындағы төрт жылдық бастауыш мектепке оқуға береді. Өз халқының ұлттық тарихы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлген зерделі әке Айқап, Шора журналдары, Қазақ, Дала уалаятының газеті, Сарыарқа газеттерін жаздырып алып, өзі де оқып, Қайымның да білімі мен мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік жасайды.
Әр уақытта бала Қайым өзінің әкесінің қасында Мұхтар Әуезов, Көкбай Жанатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ірі тұлғалы қазақ арыстарын көріп өсіпті. Осының барлығы кейіннен Қайым Мұхамедхановтың үлкен синкретикалық дарынының кеңінен құлаш жаюына септігін тигізгені аян. Сол жас кезінде бұл үйде Мұхтар Әуезов тұңғыш "Ес аймақ" мәдени үйірмесі қойған сахналық ойындарының репетицияларын өткізіп тұрыпты.
1917-1918 жылдарда М.Әуезов пен Ж.Аймауытов басшылығымен Семей қаласында шығып тұрған Абай журналына демеушілік жасап қаржылай көмек көрсетеді. Абай мұраларын жинақтап, ел арасына насихаттап таратуға мұрындық болады. Сөйтіп ұлы ақынның өлеңдерін Қайымның бойына бала кезден сіңірген рухани ұстазына айналады. Қайымның әкесі Мұхамедханның шаңырағында Алаш партиясының көсемі және Алашорда үкіметінің басшысы Ә.Бөкейханов, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі тұлғалары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Әуезов және т.б. көрнекті адамдар қонақта болып, дастарханынан дәм татып, қазақтың келешегі туралы келелі басқосулар өткізіп тұрған. Қазақ зиялыларының аузынан естіген ұлағатты тағылымдары Қайымның қазақ халқына және оның сөз өнеріне деген балалық махаббатын оятып, ұлттық рухани нәрдің болашақ ғалымның жан дүниесіне терең сіңіп, мықтап орнығуына негіз болған алғашқы академиялық дәрістер еді.
Бұл турасында ғалым былай деп жазды: Әкем Уақ руынан, көзі ашық, көңілі ояу, мұсылманша да орысша да сауатты, қолы ашық, кең пейілді момын адам болыпты. Ертеде ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас болған. Төңкеріс кезінде Семейден шыға бастаған Алаш үні Сарыарқа газеті мен Абай журналына меценат ретінде көмек көрсетуі сол ұлы ақын көрсеткен өнеге-тәрбие емес деп кім айтады. Өзіне жетерлік кітапханасы да болды. Алаш арыстары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, М.Әуезовтермен де қоян-қолтық араласатын. Үміт күткен баласын тәрбиелеуде барын салған әке Қайымның кемелді азамат болып шығуы үшін қолынан келгенің бәрін де істеген. Шәкерім, Көкбай ақындарды Семейге келген кездерінде Мұхаметхан үйіне шақырып қонақасы беріп, құрметтеп отыратын болған. Әкенің ойлағаны бір ғана Қайының көкірек көзін ашу, ұлылардың тәрбиесіне бейімдеу. Бұл үйдің қабырғаларына әдеби рух сіңісті болған деуге әбден лайық, себебі мұнда бір кездерде ұлы Абай атамыз болған екен, ақын-гуманист, ойшыл-философ Шәкәрім қажы табалдырығын аттағаны мәлім. Жанына жамандық қонбаған бала кезінен бастап ұлтын сүюге, таза өнерге деген махаббатын ояту болғаны түсінікті. Осылай ғалымның балалық шағы қазақ әлеміндегі біртуар тұлғалардың сөзіне тұлғалардың сөзін тыңдап, әңгімелерін естіп, зиялы ортада өтеді.
Бала Қайымның дана болып, абайтанудың білгірі атануының бастауында тұрған алғашқы ұстазы Тұрлықан Хасенұлы болды. Ол дарынды ақын, жазушы, публицист болды. 1937 жылы жазықсыз жала жабылып, репрессия құрбаны болды. 1937 жылғы ел басына төнген қатерлі нәубет, М.Сейітқұлұлының отбасында айналып өтпейді. Мұхамедхан 1937 жылы 24 қарашада НКВД органдарымен тұтқынға алынып, 27 қарашадағы УНКВД үштіктің қаулысымен өлім жазасына кесіліп, 2 күні атылған.
1928 жылы Мұхамедхан отбасы кәмпескеге ілініп, талан-таржыға түсті. Бай, кулак қатарына жатқызылып, үйін тәркіледі. Отбасымен аш, панасыз күйге түсті. Кейінен әке үйі № 20 мектепке айналдырып, тағдырдың ащы әжуасындай Қайым сол мектептен оқыды. Қат-қабат келген ауыртпалықты бұғанасы бекімеген бала көтеріп, төзе білді. Ел санасын есеңгірткен азапты жылдар оқуға құштарлығына бұғау болып, ерте жасынан еңбекке араласты. 1932-35 жылдары Семей оқу мекемелерінеде техникалық жұмысшы болып істейді. 1936-37 жылдары пән мұғалімдерін даярлайтын курсты оқып жүріп, мұғалімдер курсында қаражат табу үшін сабақ береді. Семейдің мұрағатында бұл жайлы хаттамалар сақталған. Бұл жөнінде ғалым: Әкейді ұстап әкеткен соң мені мектептен шығарды. Ешбір мектеп қабылдамады. Содан күнкөріс қамымен қара жұмысқа түстім. Кейіндеу мұғалімдер институтына түстім,-деп еске алады.
Қайым әкесі туралы деректі 1990 жылдарға дейін ала алмайды. Бұл ақиқатты куәландыратын Семей қалалық прокуратурасының берген анықтамасы айғақ болады. Анықтама 1992 жылы 3 ақпанда берілген. Онда 1937 жылы 24 қарашада ұсталып, 1937 жылы 2 ақпанда атылғаны айтылып, жерленген жері белгісіз делінген. 1989 жылы 25 сәуірде Мұхамедхан Сейітқұлұлына жабылған жала алынып тасталды. Қайымның әкесінің көмусіз, атаусыз қалуы оған қатты батса да, ол бар жан-тәнімен әке үмітін ақтауға тырысты.
Қ.Мұхамедханов 1929-32 жылдары колхоз жастары мектебінде, 1932-35 жылдары әр түрлі мекемелерде техникалық жұмысшы болып істейді. 1938 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген (1941). Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.
1.2. Қайымның қағидалары
Адамның бойындағы қасиеттерге берлген ғұламалардың анықтамалары көп. Соның ішінде, "танант дегеніміз - мінез" деген қисын ғұлама ғалым Қайым Мұхаметхановтың жеке басына да, оның өмірлік жолыеа да, ғылыми шығармашылық еңбектеріне де қаратыла айтылған сияқты. Шындығында да, мінезсіз талант - қанатсыз қыран, жер бауырлап көтеріле алмайды. Ал шабытты қолдан жасай алмайсың. Бұл ретте алған да азамат Қайымның, оқымысты қайымның тұтастық табатын тұсы шындық. Осы шындық үшін басын бәйгеге де тікті. Түрменің торлы терезесі, ыстық - суық корцердің қыстаулары, достардың сатқындығы, жалған жала, көрген бейнет пен зейнет те оның бойындағы бұл қасиетті қайсарлыққа сызат түсірген жоқ. Алған бетінен қайтпайтын, жақынының өзін жалғандығы үшін жек көретін, ұнаса - қырандысыз құлай ұнататын осынау адамға таң қалумен келе жатқаныма да ширек ғасыр болып қалыпты. Ол Абай айтқандай әуелі "өзіне сенеді", өйткені қандай тауқыметтен де "еңбегі мен қайратының екі жақтап"демеп шығатынын біледі. Бұл мінезі - қиын - қыстау күндерде жанына медет беріп, сатпайтын, сатылмайтын азамат деген атын шығарса да, кәдімгі етек басты тіршілікте өзіне көп кедергісін келтіріп, кесірін тигізді. Сәл ғана езу тартып, қас - қабағын дұрыс керіп, басын бір изеп салса бітіп - ақ кететін іске келгенде тасырқап қалатынына кейде іштей налып та қалған кезіміз блды. Өзегі қатқан емендей қасарысқан күйінен танбайды ау, танбайды. Қаншама жылы қабақ танытып, бауырына тартып, кейде еркелеткенімен де өз басым Қайым ғұламаның алдында үнемі сескеніп тұрамын. Ол сыртқы жуасыған, іші ашуға толы, атылуға кез - келген сәтте дайын тұрған арыстан сияқты. Қай жерден қапы жіберіп аламын деп қылпылдайсың. Өзінен басқа кез - келген адамды мақтай бер - үндемейді, сынай бер үндемейді, өзін қоса сынап, өмірге бейімсіздігін айт - күліп қойып отыра береді. Ал енді Абай мен Әуезов туралы сөз қозғап, сәл ғана жалған сөйлеші, онда шаруаңның біткені! Онда - Қайым арыстан! Арыстан болғанда Майысқақ Қаратай айтқандай, "неғылайын жоқ" арыстан. Өйткені, өмір сүру мен ғылыми пікір тұжырымдауды тек сол екеуінің ілімі мен тәлімінен үйренген. Олардан басқа ешкімді тағы мойындамайды, мойындата да алмайсың. Қайымның бірінші қағидсы осы. Бұған оның жеке өмірі де, ғылыми зерттеушілік қызыметі де толық дәлел. Осы ұстазы үшін жиырма бес жылға сотталды. Әуезовтің соған сындырып, санаттан шығару үшін жасалған елуінші жылдары ең әуелі ұлы жазушының айналасын тазалады. Жалғыз емендей өзі қалған соң оны құлату оңай деп ойлайды. Барлық жаланы үйіп - төгіп:
"...Жоғарыда келтірілген дәлелдер М.Әуезовтіңәдебиеттанушы ретіндегі ұсқынын толық әшкерелеп береді, бұл оның 30 жыл бойы әдебиеттану саласындағы әрекетінің саяси қателіктер мен бұрмалаушылыққа құралатындығын көрсетеді... Өзінің қастандық идеялық поэзиясын нығайт түсу үшін М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымына өзінің ғылымға қарсы "концепциясын" сіңіруге тырысты. Осы мақсатқа жету үшін ол "Абайдың әдеби мектебі" туралы Қ. Мұхамдетхановтың диссертациясына сондай ұқыптылықпен дайындалды, мұнда Әуезовтің өткендегі қателіктері мен қаса - қана бұрмалаушылық көзқарастары тұжырымды түрде түйінделеп берілген. Диссертация ашық және бүркемеленіп берілген антимарксистік материялдрға сықай тұрған боп шықты. Алайда бұл жолы Әуезотің жолы болмады. Мұхаметхановқа ғылыми дәрежже беруі туралы шешім қабылдаған ғылыми кеңестің ұйғарымы, ал оның иесі халық жауы ретінде әшкереленді. Осы диссертацияның тарихи төңірегінде ұстанған Әуезовтің поэзиясы оның бет - бейнесін ашып берді. Ол мұндай зиянды жұмыстың идеялық шабыттандырушы мен жетекшісі ғана болып сөйлеген жоқ, оның нағыз қорғаушысы да болды. М.Әуезов диссертанттың әрі жетекшісі, әрі оппоненті міндетін бірдей атқарады. Ол оны \Қ. Мұхаметхановтың - Т.Ж.\ әдебие және өнер институтының секторында да, институттың ғылыми кеңесінде де және Қаз ССр Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің біріккен ғылыми кеңесінде диссертация қорғаған кезінде де жақтап сөйледі. Міне, бұл М. Әуезовтің дәл осы жаулық пиғылдағы диссертацияны дайындағандарда және оны сүйреп алып шыққандығынада оныңжеке басының аса мүдделі болғандығын айтпай - ақ байқатады. М.Әуезов тек қана аса ауыр қателіктері мен бүлдірушілігі үшін ғана айыпты емес, сонымен қатар, дәл осы пиғылының насихатшысы болғандығы үшін де айыпты. Өйткені ол өзінің айналысына ыоғи да идеялық тұрғыдан тұрақсыз, саяси көзқарасы соқыр адамдарды топтастырып келді және қазір де топтастырып жүр", - деп бабалам салады.
Оқымысты, қлтының адал азаматы Қайым Мұхаметхановты мына сексенге келген жасында әр нәрседен ілік тауып, кінәсіз кінәләуға болар, бірақ - "идея тұрақсыз, саяси көзқарасы таяз" деп айта алмайсыз. Ол туғаннан бергі тәрбиесі мен өскен өмірінде бір ғана идея ұстанады, бір ғана "саяси көзқарас" болды. Ол - Абай идеясы, Абайдың көзқарасы, Абайдың Мұхтар Әуезов бағдарлап берген саясаты. Бұдан ешқашан айныған да емес, және оны жасырған да емес. Жаңағы С. Нұрышеатің пікірі - ғылыми пікір емес, соттың үкімі болған. Қасианшықпағыр арандатушылар М.Әуезов "ұқыптылықпен тәрбиелеген" Қайым Мұхаметханотың сғын сындырып, еңсесін езіп, рухын түсіріп дегенімізге көндіреміз деп ойлады.Бірақ көндіре алмады. Бұдан сұрағаны жалғыз - ақ: "Маған бұл тақырыпты Әуезов зорлап зерттеті" - деген сөз. Соны жазып берсе бостандықта жүреді, ғылыми аағын да қайтып берер еді. Бұлай етсе Қайым - Қаиым болмас еді. Абайдан да, оның алашордашыл шәкіртерінен де, алашордашыл Әуезовтен де бас тартпады. Сөйтіп, жирма бес жыл түрменің төріндегі "құтты қонағы" болуға "ризалық білдіріп" , маршыл Жуковтың штабындағы генералдармен бірге сыбаға бөлісіп шыға келді. Қайымды "халық жауы" етіп көрсеикендердің бірі бар, бірі жоқ, ғалым оларға өепе де артпайды. Бірақта сол кезде Абай мен Әуезовке жала жапқандарды кешпейді. Өзінің жеке басына қиянат жасағандарға түсіністікпен қарап: "Оларда не жазық бар. Қысымға шыдамады. Бала - шағасы бар, тіршілікті қимады. Алатын атағы бар... және Қайымды кім біліп жатыр. Ал Әуезовті аранға жығу деген сөз - қазақ ұлтын арандату деген сөз. Менің өз басым, әйтеуір Әуезов еркіндікте аман - есен жүрсе, түбі бәрәмәздәі бостандыққа шығатынымызға кәміл сендім. Сондықтан екіжүзділерді жек көрдім. Әуелі Мұхаңды мұқатамын дегендердің өзі ұшып кетті ғой. Адалдығын, арыңның тазалығы - адамдығыңның белгісі. Қазір соларды көрсем - мен күліп қараймын, ал олар қипыжықтап, бет - аузы тыржиып береді. Түн ішінде көрпесін басына жамылып алса да әруақтар көз алдына елестеп, тыныштық бермейтін болу керек. Менің ұйқым тыныш, ойым орнында". - дейді оқымысты ұстаз.
Шындықты бетіне тура айту үшін Қайым Мұхаметханов кісі таңдамайды. Үлкен бе, кіші ме, шәкірті ме, тіпті дана Мұхтар Әуезов пе, Қайым сескенбейді. Үндемей, қабағын түйіп отырып қалады, не шығып кететін мінезі жетпіс бес жастан кейін ғана қылаң берді. Сол шыншыл мінезді Қайым түрмеден шығып келген бетте Мұхаңа да көрсетіпті. Абақтыдан Алматыға тартқан шәкірт бірден Мұхаңның үйіне тартады. Онда да вокзалдан күтеді. Бұл үш жылдың ішінде Әуезов Мәскеуге баспаналап жүріп, бұрынғы пікірлерінің кейбіріне баспасөз бетіне басқаша баға беріп:
"...Осыған байланысты \1953 жылы қаңтардың 30 күні "Правда" газетінде М.Әуезов пен С.Мұқанов туралы жарияланған "Сынау орнына мадақтағандық" атты П.Кузнецовтың мақаласын айтып отыр - Т.Ж.\ Абай мектеді деп аталып жүрген қателіктердің түп тамыры туралы да айта кетуді қажет деп санаймын. Бұл мәселе баяғыда 1933 жылы абайтану жөніндегі менің қате, бір жақты пікірімнен басталды. Істің жайы былай: Абайдың бұрынғы жарияланбаған өлеңдері мен өмірбаяндық деректерін кешігіп барып жинақтағандықтан да \түрмеде отырғандықтан да - Т.Ж.\ ауыз екі тілде айтқан куәлік сөздері мен естеліктері сын көзбен қарамай, олардың мәліметтеріне қалтықсыз сеніммен қарадым. Мен олардың маған жеткізген деректеріне дер кезінде қатал сыншылдықпен қарамадым. Көкбайдың және Абайдың өзге де замандастарының мұрасын халық мүддесіне қарсы және бізге жат екендігін анықтай алмадым. Көкбай сияқты адамдарды бағалаудағы теріс бағыттарым 1939 жылы өзім жариялаған Абайдың өмірбаянына енгізілді. 1953 жылы 30янврьдағы "Правда" газетінде жарияланған мақалада дұрыс көрсетілгендей, Абайдың жалған шәкірттері туралы пікірлерім Абайдың орысша шыққан шығармалар жинағын да жағымды пікір айтуға итермеледі. Сол сияқты бұл тақырып туралы менің соңғы жазған рецензияларым да теріс пікір білдіруге ықпал жасады" - деуге мәжбүр болды. Осыған қитығып ұстаған Қайым Мұқаңа:
Сіз де сенімсіз екенсіз ғой, - дегендей ауыр сөз айтыпты. Сонда:
Әй Қайым - ай, сен нені түсінесің? Түрме саған ештеңе үйретпеді ме? Олрдың аңдығаны - сендер емес, менмін ғой. Мен өзім үшін емес, сендер үшін осындай әрекетке бардым. Сендерді сөйтіп қорғадым. Егер мен қасарыса берсем, сендерді қысады. Мен жұмсарсам - сендерге де жұмсарады. Мұны тактика дейді, - деп әуелде қату, соңынан тату сөзін айтыпты.
Шындығында да, Мұхтар Әуезовтің бүкіл саналы өмірі түрменің тактикасы мен статегиясын зерттеуден тұрады. Әйтпесе, аман қалу мүмкін емес еді. Тағдыр талқысын түскен Қайым Қайым Мұхаметхановтың ғылымдық жоды тәуелсіздік ел атанған тұста ғана еркін тыныс алды. Өзі мұқым ғұмрын арнаған Аабайдың ақындық мектебі туралы үш томдық еңбегі жарық көрді. "Абай мұрагері" атты зерттеу еңбегі оқырманның қолына тиді. Бірақ, әлі қаншама асыл қазына жарық көрмей, ғалымның тартпасында жатыр десеңші! Бүкіл ғұмырын Абайға арнаған ғалымның Абайдың тойы тұсында ешқандай ілтипатқа ілінбей, тіпті, Семейге барғанда жаттын орн да тимей, көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті. Орынын толтырамын десе, әлі де кеш емес. Өйткені, Қайым Мұхаметханов қандай да болса құреметке лайық. Оған ғалымның қазақ әдебиетінің тарихына қосқан мынадай ерекше үлестерін саралап санасақ та жеткілікті.
2.1. .Жалпы қазақ әдебиетінде алатын орыны
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі де салмақты. Соның ішіндегі жыраулар әдебиеті жөніндегі өмірбаяндық зерттеулер мен текстологиялық салыстырулары бұл саладағы көптеген көмескі жайлардың бетін ашып, тың деректер мен соны пікірлер түйіндеуге негіз қалады. Поэмаларының ерекшеліктері Қайым Мұхамедханұлының әдеби мұралары жинақталып, бас-аяғы бүтінделіп, бір арнаға түсірілген жоқ. Баспасөз беттерінде жарық көрген, жанұялық қорында сақталған шығармаларын топтап айналымға енгізу - әдебиеттану ғылымындағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Қазірде Қайым Мұхамедханұлының кең көлемді екі шығармасы белгілі: Бірі - Жамбыл атты толғауы, екіншісі - Орындалған өсиет атты поэмасы. Жамбыл атты толғауы 1938 жылы жарық көрді. Абайға арналған Орындалған өсиет атты поэмасы баспа жүзінде жарық көрмеген, Абайдың республикалық мәдени-тарихи, әдеби-мемориалды қорық мұражайының қорында сақтаулы.
Жамбыл атты толғаудың басты кейіпкері қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев. Туынды тақырыптың мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік мақсаты жағынан өнер адамын ашып көрсету, оған деген халық құрметін паш ету.
Абайға арналған Орындалған өсиет поэмасы 1940 жылы жазылған, тақырыптық мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік ерекшелігі жағынан өнер адамын дәріптеу, халқының ақынға деген құрмет мейірін жеткізу. Қайым Мұхамедхановты ақын ретінде арнайы зерттеуіміздің де себебі осында.
Жалпы Қайым Мұхамедхановтың өлеңдеріндегі ерекшелік, нені жырласа да қарапайым сөздермен өз ойын бейнелі, әсерлі, мәнерлі жеткізуінде.
Бала кезінен таныс болған Қайым Мұхамедханов ұлы жазушы және ғалым, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен отбасы достығының эстафетасын әрі қарай жалғастырып әкетті. Кейіннен осы қаламдас ағасының кеңесімен жігерлі де ізденімпаз жас Ғабдулқайым тынымсыз еңбектің арқасында Абайдың, балалары Ақылбайдың, Мағауияның, Тұрағұлдың, оның замандас шәкірттері Әсеттің, Шәкәрімнің, Әріптің, Көкбайдың және ізбасарлары Ахмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz