В.Фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Тақырыбы: В. Фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Тексерген: ф. ғ. к. Самекбаева Э. М.
Орындаған: Құлахмет С. Ж.
Топ: Қ-217
Семей, 2015 ж.
Жоспары:
1. Тіл философиясы
2. В. Фон Гумбольдттың өмірі
3. В. Фон Гумбольдттың лингвистикадағы қарастырған мәселелері, көзқарастары
Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды.
Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. XIX ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт /1767-1835/ болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, мәселелері шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т. б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын ең-бектері - «Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы» /1827/, «Ява аралығындағы Кави тілі туралы» /1836/ деп аталатын туындылары.
Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.
Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры - тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді адамдар әрекеті деп тану, оны халықтың ұлттық санасы де есептеу. Гумбольдтың ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде, даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. «Халық тілі - оның рухы, халық рухы - оның тілі». Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты.
Сонымен, XIX ғасырдың алғашқы жартысы - компаративистиканың /лат. салыстыру/ өз алдына дербес ғылым болып қалыптасып, өзінің зерттеу тәсілі мен әдістемесін жетілдірген, объектісін айқындай түскен кезең болды. Бұл кезеңде тіл ғылымының жалпы тілдік мәселесі ретінде тіл философиясы, жеке тілдер жөніндегі тарауы, салыстырмалы грамматика салалары қалыптасып, дами түсті. Тілдік материалдар жинау, тіл білімін теориялық жақтан дамыту да қызу жүріп жатты. Бәрінен де гөрі кеңірек етек алған мәселе - үнді-еуропа тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың шыққан төркін, ата тілді айқындау болды. Тілді, тілдік элементтерді тарихи тұрғыдан зерттеу ғана ғылыми деп жарияланды.
Вильгельм фон Гу́мбольдт (нем. Friedrich Wilhelm Christian Karl Ferdinand Freiherr von Humboldt; 22 маусым 1767 - 8 сәуір 1835, Тегель сарайы, Берлин) - неміс филологы, философ, тілтанушы, мемлеткеттік қайраткер, дипломат, өнер теоретигі, немістің классикалық гуманизмінің көрнекті өкілі. Ғалым Александра фон Гумбольдттың үлкен ағасы. Тарихтың мақсатын ол көркем туындыға ұқсас белгілі бір үйлесімді тұтастық болып табылатын адамдық даралықты қалыптастырудан және руханилық мұраттарды жүзеге асырудан көрді. Тұлғалар мен ұлттардың ерікті ішкі дамуы Гумбольдт бойынша, өзіне рухани шығармашыл тұлғалардың әрекетін қосып алады. Мемлекет әрекеті, дейді Гумбольдт, шектелген және ол сыртқы шекаралар мен ішкі құқық қорғау қызметтерімен анықталады ("Мемлекет әрекетінің шекаралары", 1792) . Бірнеше теориялык еңбектерінде ("Ежелгіні, әсіресе гректікін зерттеу туралы", 1793, "Эстетикалық тәжірибелер") грек өнерінің маңыздылығын атап өтті. Гумбольдт шығармаларының биігіне оның тілтану саласына арналған еңбектері жатады. Тіл тек дайын қарым-қатынас құралы емес, ол өз бойына "халық рухын" жинақтаған. Гумбольдт мәдениетті "тарихта әрекет етіп отырған халықтардын рухын" білдіретін органикалық тұтастық деп есептеді. Гумбольдт дербес пән ретіндегі тіл философиясының негізін қалады.
Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс романтиктерінің көсемі Фридрих Шлегель. Ол 1809 жылы жарық көрген «Тіл және үнділердің даналығы» дейтін еңбегінде сөз тұлғасын түрлендіретін қосымшалардың бар-жоқтығына, сөздердің тұлғалық құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, агглютинативті деп екі топқа бөледі. Мұнда көрсетілген типологиялық шағын белгілер дүние жүзіндегі тілдерді қамти алмайды. Осыны байқаған Шлегельдің туысы Август Шлегель 1818 жылы шыққан «Провансаль тілі туралы» атты зерттеуінде алдыңғы екеуі үстіне аморфты тіл дегенді қосады. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді. Бірақ формасыз тіл болмайды, тек оның көріну жолдары әр тілде әр басқа болады. Сондықтан бұл жіктеу де толық емес. Ағайынды Шлегельдердің біраз кемшіліктерін ашып, типологиялық зерттеуді едәуір дамыта түскен ғалым - В. Гумбольдт. Ол тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеуге екі түрлі белгіні негіз етуді ұсынады: оның бірі - тілдік тұлғалар қарым-қатынасы, екіншісі - сөйлем құрау тәсілдері. Осы белгілерге сүйене отырып, Гумбольдт дүние жүзіндегі тілдерді төрт топқа бөлді, жоғарыда аталған үш белгінің үстіне инкорпорациялы тіл дегенді қосып, оған Америка индеецтері мен палеоазиат тілдерін жатқызады.
В. Гумбольдттың ізімен К. Фосслер де тіл рухтың көрінісі, тілге байланысты мәселенің қандайы болса да тіл рухы арқылы айқындалады, тіл - рухтық процесс. Тілдің даму заңын рухтан бөліп алуға болмайды, қайта соның әрекеті ретінде зерттеу керек дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz