Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері



1. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
2. Экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлық иегерлері
3. ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныстары бірінші Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты.
Жоғарыда атап өткеніміздей, «экономика» термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт (б.з.д. 430-355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында «экономия» сөзі орын алған, ол үй шаруашылығын жүргізудің өнері туралы ғылым ретінде сипатталды. Алайда, уақыттың өзгеруіне байланысты экономикада жаңа ұғымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер қалыптасып, қоғамдық еңбек бөлінісі мен айырбас қатынастары дами бастады. Осыған орай, біртұтас мемлекеттің халық шаруашылығын басқару қажеттілігі туындады. Осы кезде француз экономисі Антуан де Монкретьен (1575-1621) 1615 жылы «Саяси экономия трактаты» атты еңбегін жариялайды. Онда ол сауда қатынастарын жан-жақты дамыту арқылы экономикалық саясатты жүргізуді ұсынады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Орындаған: Келдыбекова А.Е.
Топ: ПТ-411
Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Семей 2015
ЖОСПАР:
1. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
2. Экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлық иегерлері
3. ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері

1. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныстары бірінші Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты.
Жоғарыда атап өткеніміздей, экономика термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт (б.з.д. 430-355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында экономия сөзі орын алған, ол үй шаруашылығын жүргізудің өнері туралы ғылым ретінде сипатталды. Алайда, уақыттың өзгеруіне байланысты экономикада жаңа ұғымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер қалыптасып, қоғамдық еңбек бөлінісі мен айырбас қатынастары дами бастады. Осыған орай, біртұтас мемлекеттің халық шаруашылығын басқару қажеттілігі туындады. Осы кезде француз экономисі Антуан де Монкретьен (1575-1621) 1615 жылы Саяси экономия трактаты атты еңбегін жариялайды. Онда ол сауда қатынастарын жан-жақты дамыту арқылы экономикалық саясатты жүргізуді ұсынады. Сөйтіп, экономия сөзі саяси экономия деп аталатын сөз тіркесіне айналды. Саяси экономия - бұл кең мағынасында, халық шаруашылығын мемлекет тұрғысынан басқару туралы ғылым. Сол уақыттағы осы ғылым тұрғысында экономистер мемлекеттің ұлттық табысын арттыратын шешімдерді және шаруашылық жүргізудің негізгі мәселелерін алға тартты.
МЕРКАНТИЛИЗМ. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп - меркантилизм болып табылады. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинау беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі Томас Мэн (1571-1641), Уильям Стаффорд (1554-1612), француз экономисі Жан Батист Кольбер (1619-1683), орыс экономисі Иван Посошков (1652-1726) табылады. Меркантилистер экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуына айтарлықтай өз үлестерін қосты. Сонымен, меркантилизм - бұл байлықтың сыртқы сауда нәтижесінде жасалатынын түсіндіретін және айналыс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.
ФИЗИОКРАТТАР. Бұл мектептің негізін салушылар болып француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) болды. Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндірісте. Өндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жер табиғаттың берген сыйы, олай болса, жерден алынған өнім ғана қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді. Бұл жерде ауыл шаруашылығынан басқа экономиканың салалары (өнеркәсіп, сауда, т.б.) өнімсіз деп саналды. Физиократтардың жеткен жетістігі болып олардың алғаш рет ұлттық экономика шеңберінде (әсіресе, Кенэнің Францияның ұлттық шаруашылығын зерттеуі) ұдайы өндіріс үдерістерін зерттеуі табылады. Сонымен, физиократизм - бұл пайда табудың жолы ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатынын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.
КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі Жан Батист Сэй (1762-1832) қосты. Классиктер (бұларға классиктер деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып, байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатынындығын қадап айтты.
МАРКСИЗМ. Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбек құнының теориясы негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып нарықты шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс капитализм ұғымын қалыптастырды..
НЕОКЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ. Экономикалық ғылым өзінің жаңа атауын ағылшын экономисі Альфред Маршаллдың 1890 жылы шыққан Экономикс принциптері еңбегіне байланысты өзгертті. Олай болса, бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды.
МАРЖИНАЛИЗМ. Маржинализм теориясы арқылы экономикалық теорияның микроэкономикалық негіздері әріқарай дами түсті. Бұл бағыттың негізін қалаушылар: Карл Менгер (1840-1921), Евгений Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер (1851-1926), Леон Вальрас (1834-1910), Вильфредо Парето (1848-1923), Август Фридрих фон Хайек (1899-1992), Людвиг фон Мизес (1891-1973) болды.
КЕЙНСИАНДЫҚ ТЕОРИЯ. Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші құрамдас бөлігі - макроэкономика қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті. МОНЕТАРИЗМ. Экономикалық ой-пікірдің бұл ағымы жаңа көзқараспен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге келді. Монетаризмнің негізін қалаушы, американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен (1912-2006) болып табылады. Бұл бағытта макроэкономикалық саясаттың ортасында ақша мәселесі орын алады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыты ретінде ақша-несие саясатын жүргізудің негізі қарастырылады. Мемлекеттің бұл жердегі міндеті болып инфляциямен және басқа да мәселелермен күресу үшін банктік несие пайызын және ақша массасын бақылап отыруы табылады. Фридменнің монетаризм саласындағы жеткен жетістіктері Кейнстік талдауды сынға алумен байланысты, оның ойынша, шаруашылық өмірдегі күрделі өзгерістер ең алдымен, ақша массасымен және ақша импульстерімен тығыз байланысты болып табылады.
ОҢТАЙЛЫ КҮТІМДЕР ТЕОРИЯСЫ. Бұл басқаша, жаңа классикалық макроэкономикалық теория деген атпен белгілі болып 1970-жылдары қалыптасты. Бұлар макроэкономика саласына микроэкономикалық талдаудың құралдарын қолдануды ұсынды. Жаңа классиктер оңтайлы күтімдер гипотезасын алға тартты, оның авторы болып американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Лукас (1937 жылы туылған) саналады. Осы гипотезаға сәйкес, болашақ баға күтулері барлық экономикалық субъектілер үшін мінез-құлық танытудың ең маңызды себептері болып табылады. Осыған байланысты, үнемі өзгеріп отыратын экономикалық жағдайларға байланысты және қолдағы бар нақты ақпараттарға сүйене отырып олар алдағы болашақ уақытқа қарап шешімдер қабылдап отырулары тиіс.
ҰСЫНЫС ЭКОНОМИКАСЫ ТЕОРИЯСЫ. 1970-1980-жылдары танымал болған бұл бағыттың негізін салған болып американ экономисі Артур Лаффер (1941 жылы туылған) табылады. Бұл теория 1970-жылдары орын алған энергетикалық дағдарыстан кейнстік талдау әдістері негізінде нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің айтарлықтай әлсіреуіне байланысты орын алды.
ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. Институционализм термині заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр дегенді білдіреді. Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Бұл теорияның негізгі өкілдері: американдық экономистер Торстейн Веблен (1857-1929), Джон Коммонс (1862-1938), Уэсли Митчелл (1874-1948), Джон Гэлбрейт (1908 жылы туылған).

2. Экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлық иегерлері
Ларс Петер Хансен (ағыл. Ларс Питер Хансен; 26.10.1952, Иллинойс) -- американдық экономист, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Экономикалық теория дамуының негізгі кезеңдері
Экономикалық теория туралы ақпарат
Экономикалық теорияның қалыптасуы
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы
Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы
Экономикалық теорияның турлері
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері
Пәндер