Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру әдістері туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы : Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру әдістері

Орындаған:Туржигитов А. Х.

Тексерген: Муратбаев Д. М.

Семей 2015

Жоспар:

I. Журек

II. Қан айналым жүйесі

III. Жүрек қан - тамырлар жүйесін тексеру әдістері

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне кіреді:

  • жүрек
  • қан тамырлары.

''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға болінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері - жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа - вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.

Жүрек қабырғасы үш қабаттан түрады: ішкі қабаты эндокард , ортаңғысы - миокард , ал сыртқысы - эпикард деп аталады.

  1. Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша.
  2. Миокард - жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты. Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер кабырғасымен салыстырғанда қалындау, ал сол карыншаның миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын себебі қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді.
  3. Эпикард - жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген жүрек кабына - педикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы куыста сұйықтық болады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.

Жүректің қызметі

Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола , босаңсуын - диастола деп атайды. Жүрек еттерінің бір рет жиырылып босаңсуын және тыныштық кезеңімен өтуін жүрек айналымы немесе Жүрек циклі дейді. Жүрек циклі жүрекшелердің жиырылуынан басталады

Қанайналым жүйесі - денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.

Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea ) - адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.

Қан тамырлары:

  • қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға -артерияларға,
  • қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға -веналарғажәне оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететінмикроайналым арнасының қан тамырларына(қызыл тамырша -артериола, қылтамыр -капилляр, көк тамырша -венула) бөлінеді.

Тексеру әдістері

Жүрек жұмысы әр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады.

Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді.

Кан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс туады. Оны арнаулы баллистокардиография әдісімен зерттейді. Бұл әдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен оның әр түрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді. Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормоны адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.

Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия , тездетуін тахикардия дейді. Аускультацияның дамуы стетоскоптың күрделдірумен байланысты деуге болады. Алғашқы стетоскоптар цилиндр тәрізді болып келді, оның кеңейген жағы дәрігердің құлағына, ал екінші енсіз шеті науқастың денесіне тақалып қойылатын. Стетоскоптар әр түрлі материалдардан: ағаш, қола, піл сүйегі, пластмасса және т. б. жасалған. Дыбыс стетоскоптың ішіндегі ауамен емес, оның қабырғаларымен өткізіледі. Кейіннен жұмсақ материалдан жасалған стетоскоптар енгізілді. Профессор Н. И. Филатов балаларды тыңдауға арналған өзінің стетоскопын ұсынған, оның бір ұшы екіге бөлініп, зерттеушінің құлағына кигізіледі. Кейін біртіндеп дыбыс қозғалыстарының берілуін күшейтетін аппараттар - фонендоскоптар ойластырылып табылды. Оның құрылыс ерекшеліктері: фонендоскоптың бір жақ шеті бетіне мембрана тартылған металдын жасалған қуыс болып табылады. Осы шетін адам денесіне тығыз жанастырып қойғанда дыбыс құбылыстары мембранаға беріліп, ол тербеліске келеді де, сол мүшеде белгілі бір дыбыс естіледі. Металды қуыс резонанс теориясы бойынша дыбысты күшейтеді, күшейтілген дыбыс түтіктің бойымен зерттеушінің құлағына жетеді. Ескертетін жағдай: фонендоскоп дыбыстарды күшейтумен қатар өзгертеді, оған қарағанда стетоскоппен естілетін дыбыстар таза болады. Әрбір дәрігер бір құралмен ғана тыңдап қарағаны дұрыс. Себебі: әрбір фонендоскоп немесе стетоскоп дыбыс құбылыстарын өткізуде бір - бірінен ерекшеленеді. Үнемі тыңдап дағдылану нәтижесінде ғана аускультация әдісінің барлық мүмкіндіктерін меңгеруге болады.

Екі жармалы қақпақшаның қызметі жетіспеушілігінде пайда болатын систолық шуыл науқас жатқанда жақсы естіледі. Екі жармалы қақпақшаның тарылуында науқас сол жақ бүйіріне қарай еңкейген кезде де анық естіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортшының сыртқы тыныс алу жүйесі
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері туралы
Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру әдістері
Марганец пен сынаптың адам организміне түсуінің негізгі жолдары
Хирургиялық науқастарды заманауи тексеру әдістері. (Науқасты аспапты тексеру)
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы
Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы мәлімет
Аспаптық талдау әдістері
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына мектеп ортасының әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz