Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері

Орындаған: Сұңғатқызы А

Тексерген: Абдуллина Г. К.

Семей - 2015ж.

Жоспары:

  1. Психикалық аурулардың шығу себептері
  2. Психикалық ауруладың ерекшеліктері
  3. Психикалық аурулар

Психикалық аурулар дың шығу себептері әртүрлі. Медициналық және психикалық ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша стресс адамның психикасына әр түрлі әсер етіп, әртүрлі психикалық өзгерістерге әкеледі. Психикалық аурулар тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын екі топқа бөлінеді. Тұқымқуалайтын ауруларға: олигофрения, шизофрения, эпилепсия, маникальды-депрессивті психоз және т. б. Жүре пайда болатын психикалық аурулар көптеген себептерге байланысты: дұрыс тамақтанбау, интоксикациялық жағдайлардың ықпалы, заталмасу процестерінің бұзылуы, экологиялық жағымсыз жағдайлар, қанның резус факторы және т. б.

Қазіргі психогенетика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, хромосомалық аурулардың шығу себептерін хромосомалық факторлар негізінде анықтауға болады: хромосома жиынтығының артық не кем болуына байланысты көптеген ауытқулар. Клайнфельтер синдромы (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалдарына жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У-хромосомасы артық жағдайды «хромосомы-убийцы», ал ХУУ - ХХУ хромосомалары бар балалардың ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі) және агрессивті мінез-құлық байқалады.

Еркектерде болатын Кляйнфельтер ауруында, керісінше хромосома саны 47 (XXV) Клетка ядросында қалыпты жағдайда еркектерде кездеспейтін жыныстық хроматин болады. Мұндай еркектер әйел пішіндес, екіншісі жыныстық белгісі нашар дамыған, бойлары биік болады. Оларда психиканың бұзылуы кейде шизофрениядағыдан, не басқа аурудан ажыратылмайды. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларда фермент жүйелерінің биохимиялық өзгерулері болады. Бұған фенилкетонурия жатады. Қалыпты жағдайда фенйлалалин амин қышқылының ыдырауы төмендегідей болады\ Фенилаланин->тирозин ->тироксин ->адреналин ->норареналин->меланин. Бұл тізбек фенилаланин->тирозин кезеңінде бұзылады. Организмде фенилаланин жиналып, басқа жолмен пирожүзім қышқылына дейін ыдырайды. Бұл қышқыл жаңа туған сәбидің зәрінде жиналады. Фенилкетонурияда ақыл кемістігі дамуының алдын алу үшін бұл кемістікті жоятын гидролизаттарды \берлафен\ береді. Кейде дені сау адамдарда фенилаланиннің ыдырауы бұзылып, оның зердегі мөлшері жоғары болады.

Ал психикалық аурулардың жүре пайда болатын түрлерінің шығу себептеріне стресстің-жан күйзелісінің ықпалы ерекше. Стрестің күрделі формасы психикалық жарақаттар немесе психогения -деп аталатын жағымсыз психикалқ әсерлер салдарынан пайда болатын әр алуан аурулы күйлерді туғызады. Психогения бір сәттік күшті жарақаттық салдарынан немесе біршама әлсіз, бірақ ұзаққа созылған психикалық жарақаттық салдарынан пайда болады: Оның пайда болуына соматикалық күйдің алдын ала өзгеруі, ағзаның бұрынғы болған аурулардан әлсіреуі, ұйықтамаушылық, қан жоғалтпаушылық және басқа жағдайлардың үлкен маңызы бар. Психогения принципті түрде толығынан кері қайтатын аурулы күй болып табылады. Сондықтан, егер басқа бір қосымша зияндылық болмаса, қандай бір уақыт өткеннен соң жарақатты жағдай өтіп кетісімен жойылып кетеді. Психогенияның бірыңғай жіктемесі әлі күнге дейін жоқ. Мүлың өзі оның күрделілігімен, аралас көріністерінің болуы, психогенияға деген бірыңғай көрінісінің болмауымен ғана емес, сондай - ақ псйхогенияға принципті түрде тән кері қайтатын дамудың кейде білінбеуінен, соған орай аурудың белгілі дэрежеде ұзақ дамуының орын алатындығымен түсіндіріледі.

Психогенияны көбіне реактивтік күй реактивтік психоздар, немесе невроздар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Реактивтік күй , психогенді немесе реактивті психоздар . Белгілі болған сан алуан түрлі реактивтік психоздардан реакциялардың мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) Шокты психогенді реакция; 2) истериялық психотиялық реакция (истериялық психоздар) ; 3) реактивтік психогенді сарыуайымшылдық; 4) реактивтік психогенді сандырақ тәріздес күй. Реактивтік күйлердің аталған түрлерінің арасында берік шек жоқ. Олардың аралас күйлері, сол сияқты реактивтік психоздың бір түрінің басқасына алмасуы болады.

Шокты психогенді реакциялар Мұны да кейде невроздар, аффектілі-шокты реакциялар, эмоциогенді невроздар деп атайды. Күтпеген жерден айтылған өте күшті күйзелістерден, ауыр жағдайлардан, өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан, бір сөзбен айтқанда, эсері жағынан адамға сезімдік шок тудыра алатын жайлардан пайда болады. Сезімдік шоққа жер сілкіну, көлік апаты, сүмдық көрініс, көп адамдар түратын үйлердегі өрт және: басқалары жатады. Психогенді шоктық реакциялар әдетте реактивтік ступор немесе реактивтік қозу қимылы арқылы пайда болады. Реактивті психогенді ступор кенеттен пайда болған қимылдай алмаушылық әсерінен білінеді.

Адам өлім қаупіне қарамастан орнынан қозғалмайды, бір де қимыл жасай алмайды, бір де сөзді айтуға күші келмейді. Мұның кейінгісі мутизм деп аталады. Реактивті ступор эдете ұзақка созылады да, бірнеше минуттан бір сағатқа дейін болады. Содан кейін барып, адам басқа турлі әсерге ауысады. Оқта-санда шоктық реакцияда көбіне сезімдік салз зардап шегеді, сөйтіп, сезімдік жағынан сал болу деп аталатын күй басталады. Барлық сезім бір сәтке семіп қалғандай болады да, маңайдағы өтіп жатқанға сезімдік жағынан жауап бермейді. Сонымен бірге оның ойлау қабілеті толығынан дерлік сақталады, адам бәрін көреді, бәрін байқайды, бірақ көбіне өлім қаупіне қарамастан осының бэрін сырттай бақылап тү-рғандай болады.

Реактивті психогенді қозу кенеттен пайда болған абыр-сабыр, мэнсіз қимылдық мазасыздықпен сппатталады. Адам шырқ үйіріліп, көптеген қажетсіз қимылдар жасайды, қолдарын мақсатсыз сілтеп, айқайлайды, көмек тілеп, жалбарынады. Сол сәтте құрылу жолын көре алмай, көмек сүрап, жалбарынады. Қейде ешбір мақсатсыз жүгіре жөнеліп, көбіне жаңа қауіп туатын жаққа қарай ұмтылады. Егер бірнеше адам осындай психогендік қозуға үліыраса, мұндай құбылыс үрейге бой алдыру деп аталады. Реактивті қозу да ступор сияқты сананың алжасу күйі және одан кейін болатын амнезиямеи бірге жүреді. Шоктық реакцияға аяқ асты, ағыл-тегіл терлеу, мазамыздану тән болады.

Истериялық психоздар (истериялық психотикалық реакциялар) Реактивтік күйдің түрлері әр алуан болады. Олардың клиникасы да алуан түрлі болып келеді. Бірақ әдетте истериялық психоздың үш түрі бөліп қарастырылады: 1) жалған кемшілік; 2) пуэрилизм; 3) сананың истериялық алжасуы. Жалған кемшілік мынадан білінеді: адам кенеттенр ақымақтанып қалғандай болады, ең бір қарапайым сұрақтарға өте бір қисынсыз жауаптар береді. Жалған кемшілік екі түрге - сарыуайымшылдық және абыржушылық болып бөлінеді. Сарыуайымшылдық түрінде ауру тежелген, босаң болып келеді, көп жатады, өзіне қарамайды. Жанама сөз симптомы мүлдай ауруларда көбіне теріс жауаптар түрінде байқалады. Абыржушылық түрде ауру мазасыз, әбігершіл келеді, бір орында отырмайды, билейді, секектейді, қисандайды, көп сөйлеп, жылдам жауап қайтарады. Жалған кемшіліктің басқа бір түрі Ганзер синдромы деп аталады. Ганзер өзі сипаттаған психозды «ерекше истериялық алжасу күйі» деп атаған.

Пуэрилизм м інез-құлықта балаға тән сипаттың болуы кездескендіктен осылай аталалы. Ауру психикалық жарақатқа жауап қайтарғанда инфантидьді мінез-күлық түрінде ауруға сәйкес реакция жасайды. Соның салдарынан ол баланың даусымен сөйлей бастайды, өзінің анасына жіберуді, жәбірлемеуін, қолына алып, көтеруін, ойыншық сыйлап, конфет беруін сұрайды, қыңырлық жасап, балаларша ағайлары мен апайларына ренжиді. Пуэрилизм клиникалық көріністе басым болғанымен, оның ішінде жалған кемшіндікпен немесе сарыуайымшылдық күймен үлттасып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы мәлімет
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы ақпарат
Психикалық аурулар туралы ақпарат
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Дәлелді медицинаның екінші және үшінші этаптары
Ландшафтқа бейімделген егіншілік жүйесінің биологиялық және техникалық сәйкестігі
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz