Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Аграрлық факультет «Ветеринариялық санитария» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері
Орындаған: Тусупбекова А. А. Тобы: ВС - 303 Тексерген: Мұратбаев Д. М.
Семей қ. 2015 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
Жүрек қантамыр жүйесіне жалпы сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Жүрек қантамыр жүйесінің қызметі
2. 2 Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне кіреді:
- жүрек
- қан тамырлары.
Қан айналу жүйесі: жүрек (қоңыр түсті), веналар (көк түсті), артериялар (қызыл түсті)
Қантамырлар жүйесі
Сүткоректілердің жүрегі өзара тек кан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен канығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін « қан айналудың кіші шеңбері » деп, ал, қан айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін « үлкен қан айналу шеңбері » деп атайды.
''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға болінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері - жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа - вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.
2. 1 Жүрек қантамыр жүйесінің қызметі
Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамырдың соғуы деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасы - мен ортаға ырғақты лақтырылған қан айналымы арнасы ішінде тербеліс жасап, артериялар қабырғаларьш зластикалық кеңейтіп, орнына келтіреді. Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен, ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады. Қалыпты тамыр соғу жиілігі минутына 60-тан 80-ге дейін өзгеріп отырады, бірақ жасына, жынысына, дене температурасына және қоршаған ортаға байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай көп түрленіп отырады. Ана құрсағында дамуы мен өмірінің алғашқы жылдарында тамыр неғұрлым жиі соғады. 25-тен 60 жасқа дейін тамыр соғу тұрақты. Әйелдердің та-мырларының соғуы еркектерге қарағанда жиі. Неғұр-лым көп күш жұмсайтын қарқынды жұмыс кезінде та-мырдың соғуы да жиі болады. Тамыр соғу артериялары үстінде орналасқан және тікелей сол тамырды басып табуға (пальпация) болатын жерлерде зерттеледі. Тамыр соғудың жалпы іздейтін жері - кәрі жілік артериясы. Тамырдың соғуын самай, сондай-ақ ұйқы және ұршық артериялары-нан табуға болады. Оны анықтаудың негізгі тәсілі - сипау, әдетте білектің алақан жағындағы І саусақтың негізін (кәрі жілік артериясын) сипап табады. Бұлшық ет пен сіңір сипауға кедергі келтірмеуі үшін сырқат қолы еркін жатуы тиіс. Кәрі жілік артериясының соғуын міндетті түрде екі қолдан да анықтап, тек айырмашылық болмаған жағдайда ғана оны бір қолды ұстап анықтайды. Сырқаттың саусақтарын оң қолымен білезік буыны тұсынан еркін ұстайды. Мұнда I саусақты шынтақ жағында, ал II, III және IV - кәрі жілік, тікелей кәрі жілік артериясына қаратады. Саусақтың астында тамыр-дың жұмсақ та шымыр соғуы сезілее, ол қалыпты болғаны. Сынаушының IV саусағы сырқаттың V саусағына қарсы тұруы тиіс. Тамыры соғып түрған артерияны үш саусақпен сипап тауып, оны орташа күшпен кәрі жілік-тің ішкі жағынан басып қысады. Артерияны қатты қысу-ға болмайды, себебі қысымнаи тамырдың соғу толқыны жоғалып кетуі мүмкін. Егер кәрі жілік артериясының соғуы қалай да табылмаса, онда самай немесе ұйқы артериясының соғуын анықтайды. Тамырдың жиі соғуы - тахикардия деп, сирек соғуы - брадикардия деп аталады. Тахикардия кезінде де, брадикардия кезінде де түрліше асқынулар болмауы үшін сырқатты мұқият қадағалау қажет. Тамырдың соғуын санау 30 секундтан кем болмауы тиіс бұдан алынғаи санды 2-ге көбейтеді. Тамырдың ретсіз соғуы кезінде 1 минут бойы санайды. Тамырдың соғу толқындары шетіне дейін жетпейтін, жүректің сол жақ қарыншасының кейбір жиырылулары өте баяу жағдайда тамыр соғу тапшылығы (шеткі тамыр соғу мен жүректің жиырылуы арасындағы алшақтық) пайда болады. Мүнда тамырдың соғуын екі адам санауы қажет: біріншісі кәрі жілік артериясыньщ соғуын, екіншісі жүректің жиырылу санын. Егер тамырдың соғуы бірінен кейін бірдей уақыт аралығында болса, тамырдын соғуы дұрыс немесе тамырдың соғуы ырғақты дейміз. Керісінше жағдайда тамырдың соғуы дұрыс емес, тамыр соғуының ретсіз құбылысы байқалады.
Қан қысымын өлшеу - жүрек қан тамыры және дем алу жүйелері аурулары кезінде қолданылатын маңызды диагностикалық әдіс. Қан қысымының қалыпты мөлшері бірқатар себептерге, әсіресе жасына, нерв жүйесінің жағдайына, тәулік уақытына, т. б. байланысты белгілі бір шекте өзгеріп отырады. Систола қысымы 120-дан 140 мм сынап бағанасына, диастола қысымы 70-ден 90 мм сынап бағанасына өзгеріп отырады. Қан қысымы таңер-тең 5-10 мм сынап бағанасына кем болады.
Кан қысымын өлшеу үшін түрлі приборлар қолданылады. Сынап сфигмоманометр (Рива - Роччи) манометрден, манжеттен, алмұрт тәрізді балоннан және прибордың бөліктерін өзара қосатын резеңке түтіктер жүйесінен тұрады.
2. 2 Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері
Жүрек жұмысы әр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады. Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді. Қан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс туады. Оны арнаулы баллистокардиография әдісімен зерттейді. Бұл әдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен оның әр түрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді. Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормоны адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді. Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия , тездетуін тахикардия дейді. Аускультацияның дамуы стетоскоптың күрделдірумен байланысты деуге болады. Алғашқы стетоскоптар цилиндр тәрізді болып келді, оның кеңейген жағы дәрігердің құлағына, ал екінші енсіз шеті науқастың денесіне тақалып қойылатын. Стетоскоптар әр түрлі материалдардан: ағаш, қола, піл сүйегі, пластмасса және т. б. жасалған. Дыбыс стетоскоптың ішіндегі ауамен емес, оның қабырғаларымен өткізіледі. Кейіннен жұмсақ материалдан жасалған стетоскоптар енгізілді. Профессор Н. И. Филатов балаларды тыңдауға арналған өзінің стетоскопын ұсынған, оның бір ұшы екіге бөлініп, зерттеушінің құлағына кигізіледі. Кейін біртіндеп дыбыс қозғалыстарының берілуін күшейтетін аппараттар - фонендоскоптар ойластырылып табылды. Оның құрылыс ерекшеліктері: фонендоскоптың бір жақ шеті бетіне мембрана тартылған металдын жасалған қуыс болып табылады. Осы шетін адам денесіне тығыз жанастырып қойғанда дыбыс құбылыстары мембранаға беріліп, ол тербеліске келеді де, сол мүшеде белгілі бір дыбыс естіледі. Металды қуыс резонанс теориясы бойынша дыбысты күшейтеді, күшейтілген дыбыс түтіктің бойымен зерттеушінің құлағына жетеді. Ескертетін жағдай: фонендоскоп дыбыстарды күшейтумен қатар өзгертеді, оған қарағанда стетоскоппен естілетін дыбыстар таза болады. Әрбір дәрігер бір құралмен ғана тыңдап қарағаны дұрыс. Себебі: әрбір фонендоскоп немесе стетоскоп дыбыс құбылыстарын өткізуде бір - бірінен ерекшеленеді. Үнемі тыңдап дағдылану нәтижесінде ғана аускультация әдісінің барлық мүмкіндіктерін меңгеруге болады. Екі жармалы қақпақшаның қызметі жетіспеушілігінде пайда болатын систолық шуыл науқас жатқанда жақсы естіледі. Екі жармалы қақпақшаның тарылуында науқас сол жақ бүйіріне қарай еңкейген кезде де анық естіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz