Анаэробты байланысты процесс


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Анаэробты байланысты процесс
Орындаған: Кәдірова Ұ. С.
Тексерген: Қабденова А. Т.
Семей қ. 2015 ж
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. 1. Анаэробты тазарту
1. 2. Толық араластыруды қажет ететін ашытқы қондырғылары
1. 3. Байланыстырғыш анаэробты жүйе
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Ағынды суларды тазарту - құрамындағы заттарды, сондай - ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі. Су қоймаларының өз - өзін табиғи жолмен тазарту барысында ағын сумен бірге түскен затарды да бұзылуға ұшырауы мүмкін. Бұл процесс барысында заттар концентрациясы, құрылымы және құрымы уақыт пен кеңістік бойынша өзгеріске ұшырайды. Сондықтан су қоймаларда табиғи тазарту қондырмалардың маңызы зор.
Ағын суларды тазарту схемасын жасау көптеген факторларға байланысты. Бұл схема тазартылған судың қанша мөлшері өндірісті сумен жабдықтауға және қанша мөлшері суқоймаларына құйылатындығын есептеу үшін қолданылады. Ағын суларды тазартуда бірнеше қондырғы типтері пайдаланылады:
- Локальды (цехтік)
- Жалпы (зауыттық)
- Аудандық (қалалық)
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Анаэробты тазарту
Қазіргі уақытта ағын суларды анаэробты жолмен тазарту кеңінен дамымаған. Ағын суды тазартуда қолданылатын анаэробты процестерді аэробы процестермен салыстырғанда біршама артықшылығы бар. Негізгісі, биомасса көлемінің өсуі барысында ластаушы заттардан көмірсудың түзілу деңгейі жоғары және қосымша құнды өнім - биогаз алынады.
Европада 100 жыл бойы ағын суларды анаэробты жолмен тазартуда. Бұл процесте қолданылатын биореакторларды септиктенктер деп атайды, олар тұнып тұрған тұнбаны анаэробты деградацияға ұшырататын тұндырғыш қондырғыларынан тұрады. Септиктенктер 30-35 0 С температурада жұмыс атқарады. Мұнда тазаланатын ағынды су 20 тәулікке дейін болады. Биоректорды құрастырған уақыттта оның көп көңіл бөлетін негізгі параметрі сыйымдылығы (V), ол халық санымен есептеледі P:
180л көлемнің жартысы халыққа сұйық ретінде берілсе, екніші жартысы тұнба түрінде жиналады. Тенк көлемі екі камераға ажырайды, бірінде көлемі 2/3 құрайды және мұнда тұнба жинақталады. Тұнба толығымен жойылады, тек оның азғантай бөлігі ғана биореакторда қалады. Қалалық тазалау қондырғылар жүйесінде септиктенктер қолданылады. Мұнда біріншілік тұндырғыштардан бөлінген шөгінділер қайта өңделеді. Нәтижесінде ашытылған тұнба ликвидацияланады. Ашыту кезінде тұнбаның көлемі азаяды, оның құрамындағыпатогенді микроорганизмдер мен жағымсыз иісі жойылады. Күрделі ассоциация барысында септиктенктада жүретін ластаушы заттардың биодеградациясы бірнеше жолдар арқылы жүзеге асады: ацидогенді және гетероацетогенді бактериялардың қасытуымен жүретін гидролитикалық процесс және метаногендердің қатысуымен жүретін метаногенерация процестері. Анаэробты ағынды ашытударды өндірістік және ауыл шаруашылықтық ағын суларды анаэробты жолмен тазалауда қолданылады.
1. 2. Толық араластыруды қажет ететін ашытқы қондырғылары
Қатты ластанған тағам өндірісінің ағындары мен мал шаруашылығының қалдықтарын тазалауда қымбат емес анаэробты жүйелер қолданылады. Жоғарыда айтылған ағын түрлерінің БПК және ХПК бойынша жүктеме деңгейлері жоғары, ал көңдік ағындар да құрамында биодеградацияға түспейтін, ерімейтін компоненттер бар. Мұндай ағындарды тазалау үшін толығымен араластырғыш ашытқылар қолданылады. Шошқа және құс фермаларынан анаэробты биологиялық тазалау барысында тек ХПК - ның 50% ғана босап шығады. Ал ірі қара мал фермаларынан тек 30% қана. Деградация процесінің ингибиторы болып жоғары концентрациялы органиктер мен азот аммонийі табылады.
Көлемі 600-700м 3 тең биореакторларда ағын суларды 15-20 тәулік бойы ұстап тұрауға болады. Бұл процесс барысында түзілген биогаз құрамында 70% метан болады. 1200-1500 жуық шошқасы бар фермалардағы ағын суларды тазарту үшін көлемі үлкен емес биореакторлар қолданылады.
1. 3. Байланыстырғыш анаэробты жүйе.
Тағам өндірісінің ластанған ағын суларын тазарту үшін арнайы өндірілген анаэробты процестер қолданылады. Мұнда түскен ағынды сулар биогаз, тұнба рециркуляциясы және механикалық араластыру арқылы толығымен айналысқа түседі. Интенсификация процесінің факторы - ол биореакторлардағы температура өзгерісі. Ашыған ағындар жарықтандырғыш құралына қарай бағытталады, онда тұнба тұну процесімен қосымша биогаз түзіледі.
Тығыздалған тұнба қайтадан ашытқышқа түседі. Ашытқышта биомасса концентрациясы 5-10г/л болса, онда құрамында ХПК бар ағын суларда 20кг/м 3 дейін тазартуға болады. Биомасса концентрациясы 20-30г/л көтерілсе, ерімеген ағынды пайдаланады. Қозғалмайтын биопленкасы бар реакторларды анаэробты жолмен тазалау әдісінде де қолданылады. Бұл мақсатта қолданылатын биореакторлардың аэробты тамшылы биореакторлардан айырмашылығы, олардың лайланудан қорғайтын ірі саптамалары болады. Осы мақсатта қолданылатын ұсақ тасты саптамалардың диаметрі 25-65мм, 50% жуық бос көлемі бар. Ағынның тазалану жылдамдығы төмен және саптаманың бос кеңістігінде биомасса болады. Жүйеде ХПК бойынша жүктеме шегі 10кг/м 3 тәу, органиканың біркелкі мөлшерінде ол 5кг/м 2 тең. Тазалаудың эффективтілігі 70%. Бұл қондырғылар көп қолданылмайды., себебі қондырғыға қажетті саптама қымбат және қондырғының фильтрлеуші қабатын қайта - қайта тазалау қажет.
Жалпы алғанда анаэробты процестер біршама артықшылығы болғаымен, олар аэробты процестер сияқты кеңінен қолданылмайды. Алайда соңғы жылдары өндірістік ағын суларды канализацияға жібермес бұрын, оны қайтадан тазарту қажет деген қатаң талап қойылғандықтан, анаэробты процестерге деген қызығушылық артуда.
ҚОРЫТЫНДЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz