Ағылшын тілінен қазақ тіліне саяси мәтінді аудару мәселесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.бөлім Саяси мәтіндердің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Саяси мәтіндердің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Аударма . мемелекетаралық коммуникация ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Саяси мәтін аудармасына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.бөлім Саяси мәтіндегі сөз тіркестер мен сөйлемдердің аудармасы ... ... ..16
2.1 Еркін сөз тіркестерінің аудармасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Эквивалентсіз лексиканың берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Әлеуметтік.саяси мәтіндегі ерекше номинациялы аббревиатуа ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қоғамдық өмір көптеген өзара байланысты салалардан көрінеді. Соның ішіндегі ірілдері –экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалар. Бұл салалардың әрқайсысы ұйымдастырылу және ьасқару түрі, өзіндік даму заңдылықтары және дәстүрлері бар белгілі жүйені құрайды.
Жоғардағы аталғандардың ішінде саяси сала ерекше орын алады, оның міндеті экономикалық, әлеуметтік рухани, т.б. салалрға қарағанда қоғамда мемлекетік басқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. «Экономикалық саланың қоғамдық өмір броун қозғалысына пара–пар болып, тіршілігін мүлдем жояр еді».
Саяси сала адам қоғамы мен қатар пайда болды және кез келген формада оның дамуына септігін тигізеді. Оны зерттеу саясатты, саяси институттарды және саяси қозғалыстарды танып зерттеудің көзі болып табылады. Бұл сала ұғымының, оның сипатының анықтамасы саясат пен мемлекет табиғатын түсінуде ерекше маңызға ие, қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығынан саясат пен саяси қатынастарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
1.Богацкий И., Дюканова Н. Бизнес-курс английского языка Киев “Логос”, Москва “Айрис Пресс”,1999 с.-156
2. Флорин Сидер Муки переводческие Москва,“Наука”,1983,с.-184
3. Михеев А.В. Общественно-политический перевод и современная английская риторика, вып.22 Москва, 1987,с.-438
4. Крупнов В.Н. В творческой лаборатории переводчика Москва, “Международные отношения” 1980, с.-346
5. Санников Г.Н. Conference Terminolojy. Москва, 1996.
6. Литвинов П.П. Англо-русский фразеологический словарь Москва, “Яхонт” 2000
7.Гутнер М.А. A guide to translation from Russian into English Москва,1982, с.-158

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ағылшын тілінен қазақ тіліне саяси мәтінді аудару мәселесі

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-бөлім Саяси мәтіндердің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Саяси мәтіндердің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 6
1.2 Аударма – мемелекетаралық коммуникация
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Саяси мәтін аудармасына әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .11
2-бөлім Саяси мәтіндегі сөз тіркестер мен сөйлемдердің
аудармасы ... ... ..16
2.1 Еркін сөз тіркестерінің
аудармасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6
2.2 Эквивалентсіз лексиканың
берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Әлеуметтік-саяси мәтіндегі ерекше номинациялы
аббревиатуа ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...24
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе

Қоғамдық өмір көптеген өзара байланысты салалардан көрінеді. Соның
ішіндегі ірілдері –экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалар. Бұл
салалардың әрқайсысы ұйымдастырылу және ьасқару түрі, өзіндік даму
заңдылықтары және дәстүрлері бар белгілі жүйені құрайды.
Жоғардағы аталғандардың ішінде саяси сала ерекше орын алады, оның міндеті
экономикалық, әлеуметтік рухани, т.б. салалрға қарағанда қоғамда мемлекетік
басқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Экономикалық
саланың қоғамдық өмір броун қозғалысына пара–пар болып, тіршілігін мүлдем
жояр еді.
Саяси сала адам қоғамы мен қатар пайда болды және кез келген формада оның
дамуына септігін тигізеді. Оны зерттеу саясатты, саяси институттарды және
саяси қозғалыстарды танып зерттеудің көзі болып табылады. Бұл сала
ұғымының, оның сипатының анықтамасы саясат пен мемлекет табиғатын түсінуде
ерекше маңызға ие, қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығынан саясат пен
саяси қатынастарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Қоғам өмірінде маңызды рөл атқара отырып, саяси сала бұрыннан белглі
дәрежеде әртүрлі қоғамдық ғылымдар экономикалық теория, құқық, әлеуметтану,
психология өкілдерінің, сонымен қатар лингвистердің, соның ішінде лингвист-
аудармашылардың назарын аудартады.
Аударма және оның прицптеріне деген әртүрлі көзқарастар, аудармашылдық
адам ойының дамуының әртүрлі саларында байқалады.
Аударма теориясы ғылыми пән ретінде нақты бекітілді. Оған ғылыми
жалпылаудағы аударма ісінің саналы қажеттілігі, тіл білімінің дамуы,
байланыс теориясы,аударманы эерттеуге ғылыми негізді қамтамасыз ететін
білімнің басқа салаларының теориясы, аударманы аралық және мәдениетаралық
байланыс процесі ретінде анықтауға қажет ғылыми бағыт құру мумкіндігін
және болашағын нақты дәлелдеген аудармалық зерттеулердің пайда болуы
септігін тигізді.
Көркем әдебиетті, ғылыми техникалық мәтіндерді, ақпараттық-газет
материалдарын, сонымен қатар қоғамдық-саяси және ресми іскерлік мәтіндер
мен құжаттарды- барлығын да аударуға болады.
Қоғамдық-саяси аударма тақырыбының өзектілігі – қазіргі кезде қоғамдық-
саяси мәтіндердің аудармасы пропаланда және идеологтялық күрес құралы
ретінде ерекше мәнге ие болуында. Басқа тілдік халыққа арналған жыл сайын
басылатын қоғамдық-саяси мәтіндерінің көлемі ауқымды, халықаралық
байланыстардың өсуіне байланысты артуда. Қоғамдық-саяси аударма мәселеріне
арналған жұмыс мақсаты аударманың лексикалық граматикалық аспектилерін
зерттеу, аударманың экстролингвистикалвқ мәселерін көрсету, қоғамдық-саяси
мәтінде қысқартулар номинациялары ерекшеліктерін анықтау,ресми-іскерлік
құжаттар мен қоғамдық-саяси мәтіндерді кеңінен қолданылатын стилистикалық
құралдардың мәнін ашу боп табылады.
Берілген жұмыстың мақсаты – саяси-әлеуметтік мәтіндерді қазақ тілінен
ағылшын тіліне (және керісінше) аударудағы ең тиімді тәсілдерді қарастыру.
Аталмыш ғылыми - зерттеу жұмысы саяси -әлеуметтік мәтіндерді аудару
ерекшеліктерін, экстралингвистикалық аударма мәселелерін және саяси-
әлеуметтік мәтіндерді аударудағы мәдени компонент мәселесін зерттеуге
бағытталған
Курстық жұмыстың негізгі мақсатына жетуге негізделген міндеттері:
• саяси-әлеуметтік мәтіндер туралы ақпарат беру;
• саяси-әлеуметтік мәтіндерді аударуда кездесетін қиындықтарды табу;
• қоғамдық - саяси мәтінде аудармашы жүгінетін ақпарат берудің
әдістері мен құралдарын айқындау;
• саяси-әлеуметтік мәтіндер мазмұнының оксиологиялық аспектісі ашу;

Аударылатын мәтіннің жетістігі аудармада ықпал етудің тілдік құралдарының
қаншалықты тиімді қолданылып, мәтіннің басқа тіл ұжымында бұқаралық
байланыс нормаларына қаншалықты сәйкес келетіндігімен анықталады.
Қоғамдық-саяси мәтін мазмұнын тек жеткізуге бағытталған және оның ықпал
етуін қамтамасыз ету қажеттілігін жоққа шығаратын кез-келген аударма
негізінде саналы деп есептелмейді.
Жұмыстың басты міндеті- қоғамдық саяси терминологияның әлеуметтік маңызын
көрсету қажеттілігі. Аударма практикасында бекітілген, халықаралық саяси-
дипломатиялық терминология бір кунде пайда болған жоқ, бұл терминологияның
артында талас тудырған терминдерді жасап, сәйкестендіруге көп уақыт жұмсап,
еңбек еткен дипломаттардың көп жылғы күресі тұрғандығын ұмытпаған жөн.
Демек саяси құжаттар терминологиясына оқиғалардың сәйкесінше әлеуметтік-
саяси бағасы бекітілген.
Қоғамдық-саяси терминология қызмет көрсететін қоғамдық-саяси қатынастар
саласы берілген мемлекеттің тек ішкі мәселелерін ғана емес, сыртқы
қарынастар саласын да қамтып, тұрақты түрде басқа тілдермен байланыста
болатынын атап кеткен жөн. Осында ғана сөздердің белсенді түрде о\өзара
байланысы, әр түрлі тілдерде болатын семантикалық процестердің ұқсастығы
мен жақындығы, жаңа терминдер мен жартылай терминдердің пайда болуы және
тартымды болуы.
Белгілі бір себеппен аударма практикасында бекітілген терминологиядан
ауытқу берілген түрдегі құжаттар ушін жеке интерпретация рөлін күшейтіп,
мемлекет позициясын өзгерту иллюзиясын құрып, материалды белгілі бір мәселе
бойынша диссонансқа әкеле алады.

1-бөлім Саяси мәтіндердің ерекшеліктері

1.1 Саяси мәтіндердің ерекшеліктері
Қазақстан мен өзге шет елдер арасындағы саяси қарым-қатынастастың дамуы
ағылшын және қазақ тілдерін прагматикалық тұстан зерделеу қажеттілігін
туғызып отыр. Бұл фактор, тіл- аудиторияға ықпал етудің бірден-бір құралы
екенін дәлелдейді.
Қазақстанның әлемдік саяси аренаға енуі және интернет, компьютер
технологияларының әлем бойынша және мемлекет ішінде күрт өсуі – еліміздің
шет мемлекеттермен саяси, экономикалық және әлеуметтік байланыстарының
нығайуы саяси-әлеуметтік мәтіндерді халықаралық ағылшын тілінен мемлекеттік
қазақ тіліне және керісінше қазақ тілінен ағылшын тіліне сапалы түрде
аударуды талап етеді. Еліміздің әлемдік нарық пен демократиялық қоғамға
сәтті енуі үшін және шет мемлекеттер мен біздің ел арасындағы келіссөздер
ұтымды өтуі үшін аударма барысында аудармашыдан тек лингвистикалық дағдылар
ғана емес сонымен қатар өзге мемлекеттің әлеуметтік-мәдени құрылымын
түсіну, мәтіннің астарлы прагматикасын қабылдаушыға жеткізу дағдылары талап
етіледі.
Соңғы жылдары елімізде аударма мәселесімен қатар саяси-әлеуметтік
мәтіндерді зерттеуге деген қызығушылық артуда. Түрлі саяси айтылымдарды
аудару маңыздылығына байланысты саясатты зерттейтін тіл білімін де
қарастыруға болады. Саяси тіл ұлттық тілдің дәнекері, ол саяси
коммуникацияға бағытталған: түрлі идеялардың пропагандасы, қауымға
эмоционалды әсер беру, оларды қандай да бір саяси әрекеттерге итермелеу,
әлеуметтік консенсусты дамыту, саяси және әлеуметтік шешімдерді қабылдау
Түрлі тақырыпта,түрлі авторлар жазған әр саяси мақалада өзіндік идеясы
болады және автор өзінің аргументтерін дәлелдеу үшін түрлі лексикалық және
риторикалық әдістер қолданады. Сонымен, саяси мақалаларда өзіндік сөздік
қор болады (клише, лозунг), сонымен қатар, авторлар мақаланы жазу
барысында, белгілі стилистикалық және риторикалық құрылымды ұстанады.
Кез келген саяси мәтінде автор оқырманды белгілі бір идеяға итермелеу
мақсатында түрлі кескіндерді қолданады, олар саяси немесе әлеуметтік
жағдаяттарға байланысты болуы мүмкін. Олар бірнеше типке бөлінеді. Бірінші
тип тікелей қоғамның бейнесі. Автор әлемдік қоғам бейнесін суреттей отырып
өзіндік шынайылықты көрсетуге ұмтылады. Бұл бейнеде қазіргі қоғамның
нақты жағдайы және оның шындыққа сәйкестігі бейнеленуі тиіс.
Біздің зерттеп отырған мәдениеттанулық ғылым аясындағы аударма мәселесі
туралы сөз болғанда, ең алдымен, аударманың – қоғамдық-мәдени құбылыс
екендігін айта кету керек. Яғни аударма тек қана абстрактілі ойлау қабілеті
бар, өзін қоршаған орта туралы көзқарастарын шартты белгілерге айналдыра
алатын, сөйтіп, сол белгілердің мән-мағынасы туралы келісімге келе алатын
жеке адамдар өмір сүретін қоғамда, сол қоғам туындататын мәдениетте орын
алады.
Осы жоғарыда айтылған аударма түсінігінде “аудару дегеніміз түсіну” деген
тезиске де өзіндік орын табылады. Сөз бұл жерде бөтен тілден өз тіліңе
аударып түсінуде ғана емес, яғни “өзімдікі өзгенікі” арақатынасында ғана
емес, сөз бұл жерде “өзіңдікін өзіңнің түсінуіңде” де болуы мүмкін. Басқаша
айтар болсақ, мәселе “ішкі аудармада” деген сөз. Өз тіліңде жазылған
мәтінді түсіну процесінің өзі өзге тілден өз тіліңе аудару процесіне
парапар күшті қажет ететін күрделі процесс. Немесе, бір тілдің өзінің ескі
түрінен, не болмаса, диалектісінен сол тілдің қазіргі әдеби күйіне аудару
мәселесі де жоғарыдағылар қатарына жатады.
Қазақстанның өзге дамыған шет мемлекеттермен бырлық деңгейде тығыз
серіктестігі және Еуропа саяси аренасына қадам басуы еліміздегі аударма
мәселесін өзекті етеді.

1.2 Аударма – мемелекетаралық коммуникация ретінде

Аударма – сөйлеу фрагменті (сөйлем, абзац, мәтін) мазмұнының бір тілден
екінші тілге трансформациялау үдерісін құрайтыны бәріне мәлім. Аудармаға
деген ең басты талап – барабарлық, нақтылайтын болсақ, түпнұсқаның құрылысы
мен мазмұнын теңбе-тең әдістер арқылы нақты жеткізу. Барабар аударма
ақпаратты қабылдаушыда ақпарат жіберушінің коммуникативті нұсқауына сәйкес
реакция тудырады.
Аударма барысында мазмұнның денотативті және коннотативті құрамдас
бөлшектерінен басқа, айтылым мен коммуникацияға қатысушылардың (ақпарат
жіберуші мен ақпарат қабылдаушы) байланысына жауапты, прагматикалық
компонент те ескерілуі шарт. Аударма барысында түпнұсқа мәтіннің
прагматикалық бейімделу үдерісі жүзеге асады (түпнұсқа және аударма мәтінін
қабылдаушылардың арасындағы мәдени-әлеуметтік, психолоиялық
айырмашылықтарына байланысты, аударма мәтініне кейбір түзетулер енгізу).
Аударма барысында қос тілдің тілдік жүйесін салыстыру үдерісі мәдени
өзгешеліктерді салыстырумен қатар жүреді.
Бәріміздің білетініміздей, адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше
мыңдаған тілдерде сөйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды.
Тілдердің көп түрлі болуына биологиялық тұрғыдан алғанда еш негіз жоқ.
Өйткені барлық адамзат балалары биологиялық бір түр өкілдеріне жатады.
Шындығында, адам тек нәсілдік белгілері бойынша: терілерінің түсіне, бас
сүйектерінің көлемі мен формасына, қан құрамына және т.б. белгілері бой-
ынша ғана бірнеше топқа бөлінеді. Осыны негізге алсақ, онда әлемде бес-
алты тіл ғана болуы тиіс еді. Қазіргі заманда, әртүрлі есептеулер бойынша
әлемде төрт-бес мыңға жуық тілдер бар көрінеді. Жалпы бар тілдердің нақты
санын беру өте қиын екендігін де айта кеткен жөн, өйткені көп жағдайда сөз
қандай да бір дербес тіл туралы әлде сол тілдің диалекті туралы болып
жатқандығын ажырату қиын. Сонымен, мұндағы мәселе биологиялық себептен
мүлдем басқада жатыр деген сөз. Әрине, адамзат тек қана биологиялық-табиғи
өмірлік бағдарлама шегінде қалып қоймай, өзінің жаратылыс табиғатынан
тысқары жатқан, одан мүлдем бөлек заңдылықтарға, яғни шынайы адами-мәдени
әлем заңдылықтарына да тәуелділік танытатыны бәрімізге аян
Француз аудармашысы және аударма теоретигі Э. Кари аудармаға берілген
анықтамалардағы алуантүрлілікті келесідей түсіндіреді: “Аударма ұғымы,
шындап келгенде, өте күрделі ұғым. Бұл аударманың біздің заманымызда
кездесетін түрлерінің көптігінен ғана туындап отырған жоқ. Ол аударманың
ғасырлар бойы әрдайым өзгеріп отыруына да байланысты құбылыс. Мүмкін, нақ
осы жағдай өзінікінен бұрын берілген анықтамалармен не келісіп, не оны
жоққа шығарып отырған ғалымдардың өз ойларын тұжырымдауын қиындататын да
болар” [1, 5].
Ғылыми терминнің ұтымдылығы оның бірмағыналығы, бірізділігінде болса,
онда, ең алдымен, аударма сөзінің ондай талапқа сай еместігін, яғни
көпмағыналы екендігін айта кеткен жөн. Ол, ең аз дегенде, екі ұғымға
қатысты: аударма – мәдени-интеллектуалды әрекет, яғни процес ретінде
алынған аударма және аударма – сол әрекеттің, сол процестің нәтижесі,
әрекет өнімі ретінде алынған аударма, басқаша айтқанда, аудармашы жасаған
сөз туындысы ретінде алынған аударма. Аударма жасау нәтижесінде пайда
болған жаңа туындыны ғалымдар өзара “транслат” деп те атайды.
Аудармаға коммуникациялық теория тұрғысынан берілген анықтама Р.К. Миньяр-
Белоручевке тиесілі: “Аударма туралы ғылымның нысанасы – екі тілді қолдану
арқылы жүзеге асатын жай ғана коммуникация емес, түпнұсқаның аудармашы мен
қабылдаушының өзара әрекеттесуін корреляциялайтын қызметтен құралатын
коммуникация. Бұл коммуникацияның орталық буыны аудармашының қызметіне
барып тіреледі, немесе сөздік әрекеттің ең күрделі түрлерінің бірі болып
табылатын аударма осы сөздің толық мағынасындағы аударма болып есептеледі”
[2, 25].
Демек, аударма нәтижесінде екі сөз туындысы мен екі қабылдаушы
қалыптасады. Аударма қандай да болсын коммуникация компоненттерін
қосарландыра түседі. Аударма теориясын ұқсастық туралы, шынайы әлем
заттарының ұқсастығы туралы, шынайы әлемнің адам санасында көрініс табуының
ұқсастығы мен адамзат тілдерінің ерекше көркем мүмкіндіктерінің ұқсастығы
туралы іргелі білім деуге болады.
Біз тілдердің шындықты түрліше бөлшектеп, бірдей құбылыстар мен заттарды
олардың алуан түрлі белгілеріне назар аудара отырып, түрліше түзіп, түрліше
“дауыс беріп”, өмірді түрлі бояуларда көрсететіндігін білеміз. Алайда,
түрлі мәдениет пен алуан түрлі тілдік сана иегерлері мұндай айырмашылықты
түсіне білуге де қабілетті. Сондықтан, егер аударманы бір шындықты басқа
тілдің көмегімен бейнелеудің құралы ретінде қарастырсақ, онда
“аударылмайтын ұғымдар” мәселесі мүлдем туындамай, аударма проблемасы оңай
шешілетін болады.
Аударма – құндылықты қайта таныту. Егер кез келген сөз туындысы шындықтың
фрагментінің индивид санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің
бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударма шындықтың тікелей тура
өзінің емес, оның басқаның санасымен сарапталған кө- рінісі болады, өйткені
біз фактінің бейнеленуін емес, факт туралы басқа біреудің ойын аударамыз.
Аударма Басқаның ойын қаншалықты анық жеткізе алады және ол қаншалықты
қажет, аудармашылық “адалдықтың” шекарасы қайда? Осындай сұрақтар легі
аудармамен айналысатын әрбір адам алдында толассыз туындап отырары сөзсіз
[3, 28].
Аударманың анықтамаларынан аудармашы тұлғасын да жалпы түрде бейнелеу
мүмкіндігін табамыз. Аудармашы – ең аз дегенде, екі мәдениетке бет бұрған,
екіжақты Янус секілді, екі (әлде одан да көп) тілді тұлға. Аудармашылық
қызмет қоғамның бүкіл өмірімен байланысын танытып, аударманың өркениет
дамуындағы рөлі мен орнын көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірбиені
иемдену басқа тілдердегі әлемді басқаша тұжырымдау, көруден, басқаша
дүниетаным тәжірбиесінен, әлемді басқаша тану жолдарынан көрініс береді.

1.3 Саяси мәтін аудармасына әсер ететін факторлар

Осы ізденіс жұмысында аударманы мәдениеттанулық мәселе етіп жаңа бір
қырынан қарастыруды көздеп отырғанымыз белгілі. Бірақ сол ізденіс барысында
аударманы арнайы зерттеу пәні қылатын аударматанудан біржола қара үзіп
кетуге де болмайды, өйткені ол ғылым саласының аудармаға енді ғана
пәнаралық аймақ ретінде “ауыз сала бастаған” мәдениеттанудан гөрі
жинақтаған мағлұматтары да, әдіс-тәсілдемелері де жетерлік. Жалпы,
аударманы, оны арнайы зерттейтін ғылыми пәндерге қатысты жазған авторлардың
анықтамаларын тұжырымдай келе, аударманың мәдениеттанулық мәселе екендігін
мойындауға, сөйтіп, аудармаға жаңа бір мәдениеттанулық анықтама беруге
әбден болатын сияқты. Осы орайда, біз, мәдени айырмашылық салдарынан
туындайтын кейбір мәселелерді қарастырдық:
1. Сөз мағынасынының конфликтісі
Түпнұсқа тіліндегі мәдени мәні бар сөздің аударма тілінде нақты аналогы
болмауы ықтимал. Яғни, берілген сөздердің денотациясы бір болғанымен,
коннотациясы айрықша, тіпті бір-біріне қайшы болуы мүмкін. Сөз мағынасының
конфликтісі деп осы құбылысты айтуға болады. Мұндай сөздер ауқымы сөздік
қорда көптеп кездеспеуі мүмкін. Алайда, аударма барысында мұндай сөздерді
назардан тыс қалдыруға болмайды. Аудармашының мұндай сөздерге деген аздаған
салғырттығы үлкен мәселе туындатуы әбден мүмкін. Біздің назарымыз батыс
газет мәтіндерінде кеңінен қолдатылатын және АҚШ БАҚ-дарында едәуір орын
алатын Сұлтан сөзіне ауды. Бұдан басқа, берілген сөз Султанизм
терминімен қатар қолданылады. Аталмыш сөзге қазақ түсіндірме сөздігі келесі
анықтама берген:
СҰЛТАН: 1. Шығыс елдеріндегі жергілікті билеушілірдің лауазымы.
2. Ауысп. Ең жақсы, ең тәуір.
Бұл анықтамадан біз еш оқыс мағына байқамаймыз. Шын мәнінде де, Сұлтан
сөзі қазақ халқының түсінігінде күш, даналық, батылдық ұғымдарымен үйлеседі
және тек позитивті коннотацияларға ие, бұған дәлел ретінде кеңінен
таралған, дәуірлер бойы үлкен сұранысқа ие Сұлтан есімін келтіруге
болады. Қазақ жұрты нәрестелері адал, шыншыл, батыл болып өседі деген
үмітпен осы есіммен атаған.
Дегенмен, АҚШ және кей батыс елдері үшін Сұлтан, әсіресе, Султанизм
сөздері теріс мағынаға ие. Oxford Paper Back сөздігі Сұлтан сөзіне
келесі анықтама береді:
Сұлтан – Мұсылман елінің басшысы.
Алайда, ағылшын түсіндірмелі сөздіктерінде Султанизм феноменіне нақты
анықтама берілмеген, бұл жайт аталмыш терминнің біршама екенінен болуы
мүмкін. Дегенмен, біз атап өткендей, Султанизм термині батыс және
американдық БАҚ-дарында кері коннотацияда қолданылуда.
Демократиялық емес режимдерді саралау барысында Султанизм моделін жиі
қолданатын Хуан Линтсу мен Альфред Стипен сынды саяси ғалымдар бұл
модельдің басты белгілері ретінде қоғам өмірі және мемлекеттік басқару
саласына құзіреті жоғары адамның үздіксіз,деспотикалық қол сұғуы деп
көрсетеді.(Әрине, мұндай адамның Сұлтан деп атануы шарт емес, бұл Осман
империясымен байланысты жалғыз ишара) [4].
Түрлі энциклопедиялар мен мақаласына байланысты жазылған авторлардың
келесі анықтамаларын ұсынамыз:
‒ Султанизм – Патримониализмнің бір түрі. Саяси күш мұра арқылы беріледі,
және билеуші патриархтық дәстүрге мүлдем бағынбайды. Бұл үдеріс көбіне
күйреуге әкеліп соқтырады [4].
‒ Султанизм – деспотизмнің басқа атауы, авторитарлық билік белгісі, яғни,
билеуші басқарудың әр саласын қамтиды.
‒ Султанизм термині Сұлтан сөзінен шыққан, бұл Мұсылман елдеріндегі
толыққанды, тәуелсіз монарх деген лауазымды білдіреді [5].
Сонымен, мәдени конфликтісі немесе коннотативті мағынасы бар сөзді немесе
айтылымды аудару барысында сілтеме жасау немесе түсіндірме әдісін қолдану
аудармадағы мәдени компонентті сәтті жеткізу мақсатында пайдаланған жөн.

2. Балама сөздің нөлдік көрсеткіші
Бұл аударма тілінде балама сөздің болмауын білдіреді. Ағылшын тілі сөздік
қорында қазақ тілі сөздік қорында мүлде кездеспейтін лексикалық бірліктер
жетерлік,және керісінше, қазақ тілі сөздік қорында кездесетін лексикалық
бірліктер ақылшын тілі лексиконында орын алмауы ықтимал. Бұл дегеніміз,
баламалықтың нөлдік көрсеткіші, алайда, берілген қиындықтар түрлі
тәсілдер арқылы шешіледі:
1) Транслитерация мен транскрипция тәсілдері.
Транслитерация тәсілі түпнұсқа тілден аударма тілге сөздің графикалық
формасын, яғни алфавиттік құрылымын жеткізу арқылы беріледі.
Baltimore – Балтимор
Washington Post – Вашингтон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілеспе аударманың түрлері
Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану
Американдық саяси дискурс
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Заң саласындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың мәселелері
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Аударма теориясының міндеттері
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Аударма
Пәндер