Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер


Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер»
Мазмұны
Кіріспе ……. ……. . . . … . . . 2
1. Техникалық мәтіндердің ерекшеліктері . . . 4
- Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері . . . …. 4
- Техникалық аудармаға қойылатын талаптар . . . …. …… . . . 18
2. Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын трансформациялар . . . 25
- Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексикалық трансформациялар…… . . . ……… . . . 25
- Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын грамматикалық трансформациялар . . . . 31
- Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексико-грамматикалық трансформациялар . . . …. . 33
Қорытынды . . . . ……… . . . 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . …… . . . 38
Кіріспе
Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.
Адамзат аударма арқылы араласып -құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма теориясының обьектісі - аударма , ал міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру. Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы өнеркәсіп өнімдер көлемінің 40 пайызға жуығын мұнай-газ саласы құрап отыр. Мұнай-газ саласы еліміздің экономикасын дамытуда, оның тұрақты қалыптасуына өз зор ықпалын тигізіп отыр. Осыған орай бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мұнай-газ саласына жаңаша қарауды, оның бағыттарында қол жеткен жаңа табыстарымызды сын көзбен саралай отырып бағалауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибеде жинақталған бай психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.
Сол себепті курстық жұмысымның өзектілігі : қазіргі таңда, ғылыми-техниканың дамыған шағында, тәуелсіз мемлекетімізде дамушы салалардың бірі техникалық сала. Сол саланың тілдік ерекшеліктерін терең де жан-жақты зерттеу, және де осы салаға қатысты арнайы ақпараттарды түсіну, техника саласының дамып жетілуіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты елімізде техникалық саланың тек теориялық білімі бар ғана емес, осы салада тәжірибесі бар мамандар қажет. Оның үстіне мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін зерттеу, және аудару барысында аудармалық шеберлікке, білімге ие болу және оларды қолдана білу өте маңызды.
Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік тілдегі өндірістік саладағы техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау.
Міндеті: Техникалық мәтіндерді аудару аудару барысында түрлі трансформацияларды қолдана отырып мысалдарға талдау жасау; техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде кездесетін мазмұндық құрылымдардың ерекшеліктерін айқындау; техникалық мәтіндерді аудару кезінде кездесетін қиыншылықтарды көрсету және болашақ аудармашылардың біліктілік дағдыларының дамуына көмектесетін жұмысты ұсыну.
Зерттеу нысаны: Зерттеу барысында жалпы мәтін түсінігінің сипаттамасы мен түрлері, одан келе техникалық мәтіндердің сипаттамасы, түрлері және оларды аударудағы қойылатын талаптары мен ондағы қолданылатын трансформациялар қарастырылды. Өкініштісі қазіргі отандық баспада нақты зерттеліп бекітілген техникалық терминдердің қазақ тіліндегі сөздіктер мен әдебиеттердің сирек кездесуі айқын. Осыған орай біз зерттеу жұмыс барысында техникалық мәтіндердің аудару барысының құрамдас бөлігі болып табылатын термин мәселесін назардан тыс қалдырмауға тырыстық, техникалық мәтін, термин және олардың мемлекеттік тілге адекватты түрде берілу мәселесін курстық жұмыста сөз қылғанды жөн көрдік.
- Техникалық мәтіндердің ерекшеліктері
1. 1 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды-стильдік ерекшеліктері
Бөлек функционалды стильдер әдеби тілдің тарихи даму процесінде пайда болады; олар бір-бірінен тілдік қатынастың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тілдік құрал жүйесімен ажыратылады. Әдеби тіл мен функционалды стильдің арасында жалпы және жалқы қатынас бар; әрбір функционалды стильде әдеби тіл нормасының дамуының жалпы бағыттарын көруге болады; әдеби тілдің функционалды стилі әдеби тілдің дамуының әрбір сатысындағы бірлікті қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік процесінде болады.
20 ғ. бағытталған ғылыми техникалық прогресс өмірде қарқынды ақпараттың алмасуы мен басты қызметі когнитивті ақпарат болып табылатын ғылыми техникалық стильдің қалыптасуына түрткі болды. Лингвистикалық зерттеулердің нысаны болып табылатын көркем әдебиет тілінен өзгеше, 20 ғ. Лингвистердің назарларын аударатын ғылыми техникалық басылымдардың қарқынды дамуы байқалды.
Лингвостилистика, лингвистикалық стилистика - сөздің қолданылу заңдылықтары мен тілдің стильдік тармақтарын тіл білімінде зерттейтін саласы. Екінші жағынан, лингвостилистика - көп салалы, көп мағыналы стилистиканың бір саласы. Лингвостилистиканың өз ішіндегі бөліктері хақында әлемдік тіл білімінде әр түрлі қөзқарастар баршылық. Әсіресе, көркем әдебиет тілін бөлек қарастырып, оны лингвостилистика мен әдебиеттану стилистикасының арасындағы сала деушілер де болды (В. В. Виноградов) . Сонымен, бүгінгі таңдағы лингвостилистиканың көпшілік табан тіреген теориялық пікірлеріне сүйенсек, оның басты екі бағытын немесе екі түрін атауға болады. Олар: 1) тіл ресурстарының стилистикасынемесе тіл стилистикасы. Ол өз ішінде тілдің деңгейлеріне байланысты: а) лексикалық стилистика, фразеология стилистика (немесе екеуін қосып лексика-фразеологиялық стилистика деп атаушылық та бар) . Лингвостилистиканың бұл түрі лексикикалық бірліктер мен тұрақты тіркестердің стилистикалық қызметін зерттейді; ә) фонетикалық стилистика. Ол тілдегі дыбыстар жүйесінің қолданылу заңдылықтарын қарастырады; б) морфология стилистикада қосымшалардың ойды дәл және мақсатқа сай беру қатынасына көңіл бөлінеді; в) сөз тіркестері мен сөйлемдердің түрлерінің, олардан да көлемді конструкциялардың (күрделі синтаксистік тұтастық, абзац т. б. ) стилистикалық мақсатта жұмсалуындағы дұрыс немесе бұрыс құрастырылғаны негізгі нысанаға алынады. 2) Функциональдық стилистика немесе қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) . Бұл да өз ішінде бірнеше топқа жіктеледі. Бұл жіктелу функциональдық стильдер жүйесі бойынша жүзеге асады, демек, әдеби тілдегі бес функционапдық стильге бөлінеді: а) ауызекі сөйлеу стилі; ә) ресми стиль; б) ғылыми стиль; в) публицистикалық стиль және г) көркем әдебиет стилі (немесе тілі) . Бұл стильдердің барлығы да өздеріне тән тілдік-коммуникативтік жанрларда қызмет етеді. Бір функциональдық стильдің тілдік элементтері екіншісінде немесе бірнешеуінде бола беруі мүмкін, бірақ әр стильдің өздерін даралайтын лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер бар. Лингвостилистиканың арқауына енетін стильдердің тағы бір түрі - эмоциялық-экспрессивтік стильдер. Көп ретте стильдің бұл түрлері функциональдық стильдердің құрамында қарала береді.
Техникалық әдебиет тілін лингвистика жағынан зерттеулер, техникалық әдебиеттің барлық түрлерінің тілдік қарым-қатынас құралы ретінде маңызды дәрежеге ие екенін, өзіне қатысты ерекшеліктері мен белгілі тілдік құрылымдық стилі бар екенін көрсетеді.
Техникалық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері оның лексикасына, грамматикасына және стилистикалық белгілеріне де қатысты. Бұл жерде ең маңызды мәселе, техникалық әдебиет барлық тілдерге тән болғанымен де, оның ерекшеліктері, тілден тілге сол күйінде берілмейді, әр тілде өзінше аударылады. Бұл өзіндік сандық және сапалық сипатқа ие. Сапалық өзіндік әр тілдегі белгілі қатынас немесе ерекшеліктері ұқсас тілдік құрал арқылы емес, лексикалық құрал грамматикалыққа ауыстырылып берілуіне, ал сандық ерекшелік лексикалық, грамматикалық немесе стилистикалық құралдардың әртүрлі жиілікте қолдануында көрінеді.
Сонымен қатар, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей отырып, жүйелі-адекватты аударма алу үшін берілген тілдің ғылыми техникалық әдебиетін жалпы және арнайы ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Жалпы әр функционалды стильде аударма барысы мен нәтижесіне маңызды әсер беретін кейбір тілдік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалыға Комиссаров В. Н. [8, 56 б] бойынша ғылыми техникалық стильде ғылыми техникалық материалдардың лексико-грамматикалық ерекшеліктері, бірінші орында терминология және арнайы лексика болып табылады. Техникалық стильге қатысты ерекшелік - оның ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң жүйелік, басқы ой мен бөліктерінің арасындағы байланыс), дәлдік және дұрыстық және осы ерекшеліктерден шығатын айқындық пен түсініктілік.
Осы стильге қатысты мәтіндер аз немесе көп дәрежеде ережеге сәйкес ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Бірақ та осы сияқты мәтіндерде, осы сала қарым-қатынасына түрткі болатын, басымырақ қолданысқа ие құралдар бар. Лексика саласында барлығынан бұрын техникалық терминология және арнайы лексиканың қолданылу аясы бірінші орында тұратыны анық.
Қандай да болсын ғылым саласымен байланысты ұғымдар жүйесі - термин проблемасына тоқталатын болсақ: «Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешімді болмайды. Болмайтын себебі: өркендеп алға барған тілдің тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтаса да отырады» - дейді қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі, профессор Қ. Жұбанов. Оның терминге берген анықтамасы: «Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға - ғылым жолы қандай сатыда тұрса, міне осыны теліп отырады, сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы мүмкін».
Жалпы «термин» сөзін латыннан аударғанда «шек», «шекара» деген мағынаны білдіреді. «Термин» атауының өзі жайлы С. Әсілжанов былай дейді: «Соңғы кезде қазақ тілінде термин сөзін «атау», «аталым», «атауыш» деген қазақша балама сөзбен ауыстырып қолдану кездеседі» [9, 357 б] .
«Терминді тұрақтандыру, жаңа терминдерді қабылдау ісіндегі кемшіліктің басы - термин деген ұғымды ғылыми негізде түсінбей, оған жалаң, схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін ең алдымен термин деген сөздің мәнің ұғынуымыз қажет. Онсыз жерде, қазыргі аудармада кездесіп жүрген былықтан құтылу мүмкін емес» - деп 1956 жылы Қазақ әдебиеті газетінің қарашадағы санында жарық көрген филология ғылымдарының кандидаты Ғ. Мұсабаев жазған пікірі болатын [10, 178 б] . Содан бері жарты ғасыр өтсе де, қазақ тілінің өндіріс саласындағы техникалық терминологиясы әлі де ақсап келеді.
Мәтіннің терминдік деңгейде қолданарлықтай, түсініктемесі негізі толығымен қалыптаспаған. Мәтіннің әртүрлі түсініктемесі И. Р. Гальпериннің «Текст как объект лингвистического исследования» атты кітабында және басқа да авторлардың еңбектерінде кездеседі [11, 139 б] .
Ендігі, термин дегеніміз - ғылым немесе техникалық белгілі саласында мамандар пайдаланатын арнайы объекті мен мағынаны білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін айтады. Термин ретінде тек осы стильде қолданылатын сөздерге қоса арнайы мағынаға ие жалпы халықтық сөздер де қолданылуы мүмкін [12, 143б] . Мысалыға: smelter, recycling, galvanizing, die-casting, mining, non-ferrous секілді металлургия саласына қатысты лексикалық бірліктерді техникалық материалдан тыс кездестіру өте қиын. Сонымен қатар, осы мәтіндерде термин ретінде барлығына таныс, жалпы қолданыста болатын industry, market, metal, design engineers, production сөздері де қолданылады.
Терминдер арқылы нақты объектілер мен құбылыстарға нақты және дәл нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың берген ақпаратына бір мағыналы түсініктеме орнатуы керек. Сондықтан да осы типке қатысты сөздерге ерекше талап қойылады. Барлығынан бұрын термин дәл болуы керек, яғни берілген ғылым және техника саласындағы терминнің орнын табатын, қисынды анықтау арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға ие болуы тиіс.
Ағылшын тіліндегі ғылыми техникалық материалдарда грамматикалық ерекшеліктер кездеседі. Әрине «техникалық грамматика» жоқ. Басқа функционалды стильдерге қолданылатын синтаксистік құрылымдар және морфологиялық формалар техникалық мәтіндерде де қолданылады. Дегенмен бұл стильде басқаларға қарағанда грамматикалық өзгерістер көп қолданысқа ие.
Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М. М. Покровский, А. А. Потебня, В. В. Виноградов есімдерімен байланысты. Тіл білімінде семантика теориясының жүйелілік мәселесін зерттеуші Л. А. Новиков өзінің зерттеуінде мағына түрлерінің мынадай жіктемесін ұсынады:
1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның сигнификатқа (ұғымға, мән-мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады) . Ол сөздің толық семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-мағыналық көрінісін айқындайды. Мысалы, аударматану - аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы; жағдаят - сөйлеу әрекеті сәтінде болатын немесе айтылымда сипатталатын шындыққа сай болмыстың құрамдас бөліктерінің жиынтығы; түпнұсқа - аудармадағы бастапқы мәтін (аударма осы мәтіннен жасалады) т. б. ;
2) Құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі) . Бұл мағына семиотика теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе шеңберіндегі таңбаларға деген қатынасы арқылы анықталады. Осы негізде ол өз ішінде синтагматикалық құрылымдық мағына және парадигматикалық құрылымдық мағына түрлеріне бөлінеді:
а) синтагматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-синтагматикалық аспектісі) . Құрылымдық мағынаның бұл түрін валенттілік деп те атайды. Мысалы, аударма тілі, аударма теориясы, аударма процесі, аударма бірлігі, аударма лингвистикасы, аударма нормасы, аударма баламалығының нормасы және т. б.
ә) парадигматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-парадигматикалық аспектісі) . Ол белгілі бір топ құрайтын лексикалық бірліктердің өзара байланысын және қарама-қарсы мағыналарын белгілейді. Мәселен:
аударма
↓
жазбаша аударма
↓
көркем аударма
3) Прагматикалық мағына (лексикалық мағынаның прагматикалық аспектісі) . Мағынаның бұл түрі, негізінен, сөздің эмоционалды және экспрессивті-стилистикалық сипатын көрсетеді. Сондықтан бағалаудың спецификалық тілдік көрінісін белгілейтін лексикалық мағынаның бір түрі болып саналады. Ол аталымның экспрессивті түрінде ғана орын алады;
4) Сигматикалық (заттық, денотативтік, жағдаяттық) мағына (лексикалық мағынаның сигматикалық, заттық, жағдаяттық аспектісі) . Сигматикалық мағынаның атқаратын негізгі қызметі тілдік бірліктердің нақты жұмсалуы мен белгілі коммуникативтік міндетті атқаруымен байланысты.
Сонымен, тіл білімінде «термин-мағына-ұғым» мәселесіне қатысты үш түрлі көзқарас қалыптасты:
1. Терминдердің лексикалық мағынасы бар, бірақ ол сол ұғыммен толық сәйкес келе бермейді (Л. С. Ковтун, Д. Н. Горский, К. Н. Левковская) ;
2. Терминдердің лексикалық мағынасы бар және ол сол ұғымды толық сипаттайды (Е. М. Галкина-Федорук, П. С. Попов, А. Шафф) ;
3. Терминдер - ұғыммен сәйкес келетін лексикалық мағынаға ешбір қатысы жоқ тілдік бірліктер (В. А. Звегинцев, А. А. Реформатский, Л. Н. Капанадзе) .
Сонымен бірге, «Терминнің ерекшелігі оның тұрпат межесінде емес, мазмұн межесінде, яғни, оның мағына сипатында. Ғылыми термин - бұл ғылыми ұғыммен байланысты мағынасы бар тілдік бірлік. Бірақ бұл мағына ғылыми ұғымның тек негізгі және маңызды белгілерін ғана көрсетеді» деген пікірлер бар екені белгілі.
Терминдерді терминологиялық өрістен бөліп қарауға болмайды. Терминологиялық өріс бойынша моносемантикалық термин жасалуы тиіс. Терминдерді талдау барысында ұғымдық өріс ерекшелігіне басты назар аудару қажет. Бұл тілден тыс негіздемесіз терминологиялық өріс қалыптасуы мүмкін емес. Себебі жай лексикалық өрістен терминологиялық өрістің айырмашылығы - оның құрамына жай сөздер емес, арнайы ұғымдарға сәйкес келетін арнайы лексика жатады.
Терминологиялық өріс теориясында сөздердің басым көпшілігі жасанды жолмен туындайтын болған соң, сөзжасамға ерекше мән беріледі. Сол себепті әрбір терминологиялық өрісте жалпы лексикаға және өрістің басқа түрлеріне тән емес өзінің сөз тудырушы және сөз түрлендіруші парадигмалары қалыптасады. Мысалы, аударматану өрісіндегі балама терминіне зат есімді баламалық, сын есімді баламалық терминдері сәйкес келеді.
Үлкен, ірі терминологиялық өрістер одан кіші, микроөрістерге жіктеледі. Мысалы, аударматану өрісінің мынадай микроөрістерін атап көрсетуге болады:
1) Көркем аударма микроөрісі төмендегідей терминдерден құралады: авторланған аударма, авторлық аударма, бейімдеу, бейімделген аударма, барабар алмастыру, барабарлық, аударма барабарлығы, барабар аударма, антонимдік аударма және т. б. ;
2) Машиналық аударма микроөрісі: автоматтандырылған ақпараттық жүйе, аудармашы, АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны), кіріс сөздік, кіріс тіл, шығыс сөйлем, шығыс сөздік, шығыс тіл, іріқұрылым бірліктері, машиналық сөздік, машиналық интерпретация, машиналық құрылым және т. б.
3) Мәтін аудармасының микроөрісі: газет мәтіндерінің аудармасы, фельетонды мақалалар аудармасы, көркем аударма, техникалық әдебиет аудармасы, ғылыми әдебиет аудармасы, қоғамдық-саяси әдебиет аудармасы, патенттік рефераттар аудармасы, құжаттар аудармасы, мәтін тақырыптарының аудармасы, кино-бейне материалдар аудармасы және т. б. ;
4) Аударма процесінің микроөрісі: аудармашының түпнұсқа мәтініндегі бағдарлау үрдісі, аудармашылық шешімдердің жүзеге асырылу үрдісі, аудармашылық шешімдерді іздестіру және қабылдау үрдісі, аудармашылық шешімдерді іздестіру немесе таңдау үрдісі, оңтайлы шешімді іздестіру үрдісі, бағдарлау үрдісі, коммуникация акті, екі тілді коммуникация акті, аудармалық іс-әрекет, аудармалық амалдар және т. б. ;
5) Аударма әдістемесінің микроөрісі: аударма техникасы, аударма практикасы, таңбалық аударма, мазмұндық аударма, ілеспе аударма, жазба әдісі, мәтінді құрақтау әдісі, семантикалық өрісті қысқарту әдісі, статистикалық оппозициялар өрісі, транформация әдісі, бастапқы мәтінді трансформациялау әдісі, сүзгілер әдісі және т. б.
Терминдердің лексика-семантикалық құрылымы термин интенциясы мен экстенциясы ұғымдарымен байланысты болып келеді. Термин интенциясы дегеніміз - бұл таңбаланушы нысанды белгілі бір ұғымдық өріс шеңберінен айқындап алу ниеті мен мақсаты. Сондай-ақ, оның ерекше белгісін сипаттайтын дәл және нақты атаумен таңбалануын білдіреді.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде уәж, уәжділік мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп жүр. Соңғы бес-он жыл көлемінде лексикалық, терминдік бірліктерді, тілдік құбылыстар мен үрдістерді уәж, уәжділік ерекшеліктері тұрғысынан қарастыратын лингвистикалық зерттеудің арнаулы саласы - уәжтану ғылымы қарқындап дами бастады.
Лексикологияның ерекше саласы ретінде уәжтанудың лингвистикалық мәртебесіне қатысты арнайы зерттеу жұмысын жүргізбегенмен, қазақ тіл білімінде уәж, уәжділік мәселелері жөніндегі Ә. Қайдаровтың, К. Хұсайыновтың, Б. Қалиевтің, Н. Уәлиевтің, Ж. Манкееваның, Р. Шойбековтің т. б. ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады.
Ал орыс тіл білімінде уәжтану М. М. Копыленко, З. В. Беркетова, О. И. Блинова, Н. Д. Голев, М. М. Гинатулин, С. А. Колчин, В. В. Левицкий, А. А. Леонтьев, Г. П. Мельников және т. б. ғалымдардың еңбектерінде әбден қалыптасқан, күрделі жүйесі мен өзіндік терминдері бар сала ретінде зерттелген.
Терминжасамның басты талаптарының бірі - атаудың уәжді болуы. Ендеше атау қатаң шарттылықтан аулақ болу керек, кез келген ұғымның атауы уәжді болу керек, сонда өзге тілден еніп, аударылып немесе жаңадан пайда болып жасалып отырған ұғымның мазмұн-мағынасы оның атауынан көрініп тұрады. Яғни, атаудың ар жағында тұрған ұғым аударма немесе түсіндірме сөздіксіз-ақ түсінікті болып тұру керек.
Терминнің уәжділік мәселесіне мысал ретінде А. Байтұрсынұлы дәстүрін үлгі етіп алуға болады: бастауыш - сөйлемнің басында тұрып, басты тұлғаны көрсететін ұғым; баяндауыш - сөйлемнің аяғында тұрып, баяндау әрекетті аяқтайтын ұғым. Екі ұғымның да орны мен қызметі олардың атауынан көрініп тұр. Осы ретпен жасалған жалғау, жұрнақ, зат есім, сан есім, өткен шақ т. б. атаулардың сыры ұғым мен атаудың үйлесімінде, атаудың төркіні қазақтың төл сөзі болғандығында екені даусыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz