«Дүниетану» пәнін оқыту


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
І. Дүниетану туралы түсініктер және көзқарастардың қалыптасуы
- . Дүниетану пәнін оқытудың әдістер мен тәсілдер, олардың жіктелуі.
- . Дүниетануды оқытудағы ұйымдастыру формалары
- . Дүниетану пәнін оқыту процесінде пәнаралық байланыс орнату
ІІ. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
2. 2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.
ІІІ. «Дүниетану» пәнін оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері.
3. 1. «Дүниетану» пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері.
3. 2. 2-сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе.
Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартында үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор. Тұлға дарындылығының табиғаты, қабілеті, дамуының қайнар көзі, шығырмашылық мұмкіншіліктерінің психологиялық құрлымы болып табылады. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді. Қазіргі психология, педагогқа ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: Я. А. Понамарев, Н. С. Лейтес ал сонымен қатар білім берумен оқыту теориясында пәнаралық байланыс жөнінде өзіндік пікірлерін ұсынған педагог ғалымдар педагогтка ғылымының даму тарихына өз үлестерін қосты. Чех педагогы Я. А. Каменский, Д. Локк, Л. Н. Толстой, И. Г. Пестолцци және қазақ ғалымдары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т. б. оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен.
Кез-келген нәрсені, затты танып-білу адам денесіндегі сезім мүшелерінің қатысы арқылы жүзеге асатындығы, соның негізінде ойда із қалатындығы жайындағы пікірі дүниетану пәнін оқытуда практикалық және тәжірибе әдістерін қолданудың құндылығын дәлелдейді. Оның жастарға нақты объектілерді таныстыра отырып, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жол сілтейтін қағидалары қазіргі кездегі ізденістерге негіз болады.
А. Байтұрсынов зерттеулерінде де адам баласына жас шағынан бастап-ақ өзін қоршаған ортадан білімі болуы керектігін айтып, оны танып, білу үшін оқып үйренуді міндеттейді. 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде біздің сезініп, көріп жүрген нәрселеріміздің бәрі табиғат заттары екенін, сонымен қатар табиғт дүниелері және адам қолымен істеген ісінен шыққан жасанды нәрселер болғандықтан, жасанды нәрселерді жасауға адамның өнері, білімі, күші жұмсалатынын айтып, мұндай әректтерді жүзеге асыруға білім керектігін әкеліп тірейді
Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың мәні зор. Қазіргі таңдағы ғылыми еңбектерде адам эмоциясының және логикалық ойдың бір-бірімен тығыз байланыстылығы дәлелденіп отыр. Бұл екеуі де - адамның ішкі сезімі, жан әрекеті. Сыртқы шындықтың сезімге әсер етуінен түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім қабылдайды. Ой - қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығатын күйі (қобалжу, ренжу, қуану, қүптау не жоққа шығару және т. б. ), түрі. Осыған қарап, эмоция мен ойдың көзқарастың қалыптасуына тікелей әсер ететінін көруте болады.
Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогкалық ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде пәнаралық байланыс програмасын педагогикалық психологиялық жағынан зертеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейден қарастырған В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов т. б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру, білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. «Дүниетану» пәні негізінен, әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, өзекті мақсаты-диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Болашақ ұрпақ-келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдини-ғылыми өрісі озық адамзат етіп тәрбелеу біздің де қоғамның алдындағы борышымыз. Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі жолға қойылуда.
Курстық жұмыстың мақсаты : бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін оқыту барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Дүниетану туралы түсініктер және көзқарастардың қалыптасуы
- . Дүниетану пәнін оқытудың әдістер мен тәсілдер, олардың
жіктелуі.
Адамзаттың даму эволюциясына байланысты дүниетану деңгейі де өзгеріп күрделене түсті. Неғұрлым табиғи ортаға икемделіп, оның сырын аша бастаған сайын адамның оны меңгеру мақсаты да, соған орай атқаратын қызметінің түрі де өзгерді. Енді адам табиғатқа табынушы, оның дүлей күшінен қорқатын қалыпта қалмай, оны бағындырушы, керегіне қарай өзгертуші дәрежесіне жетті. Сөйтіп табиғатты меңгеру деңгейінің өсуімен байланысты адам санасы мен білімі де өсе түсті.
Қоршаған ортадан алған ұғымдарына байланысты сөз қоры молайып, заттар мен құбылыстардың қасиетін бейнелейтін ой тұжырымдау деңгейіне көтерілді. " . . . ұғымдар бай-лығы адамды әлемнің тылсым сырын танып-біліп, табиғат күштерін игеруте жақындата түседі". Бірақ ертеректе әр зат пен құбылыстың бүкіл қасиетін ашып, оның сырын, бір-бірімен байланысын білетіндей дәрежеге көтерілу мүмкіндіп болмады. Ондай тұрғыда түсіну үшін дамыған ғылым керек еді. Заттар мен құбылыстардың химиялық, физикалық, биологиялық қасиеттерін жай байкау арқылы анықтау, олардың байланысын дәлелдеу. ара қатынасыи ашу ғылыми ұғымсыз қиындыққа соқты.
Қазақстан ойшыл ағартушыларының қайсысын алсақта, олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға талбынбай қалған емес. Адам баласы табиғат аясында өмір сүре отырып, оның терең сырын білуге қызықпай қоймайды. Өйткені табиғат өз ерекшелігі, сұлулығы, құпиялығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан да ойшыл-ағартушыларымыздың бірі табиғат тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеді. Сөйтіп, келешек жастарға өшпес, жоғалмасмұра қалдырды.
Дүниетану пәнін оқыту бірнеше тәсілдерге бөлінеді.
Түсіндіріп оқыту сабақтары мынадай элементтерден тұрады: әңгіме тексін түсіндіру кіріспесі, әңгімені оқу, тексті талдау және сөздік жасау, әңгімені айтып беру үшін оқушылардың жоспар жасауы, әңгімені қайта айтып беруі.
Түсіндіріп оқыту сабақтарын бес типке бөледі;
1) экскурсия соңынан оқыту;
2) оқушыларды тұрған жерінде өз бетінше жасаған бақылауларымен байланыста оқыту;
3) заттық сабақтардың соңынан оқыту;
4) тәжірибелер демонстрациясы соңынан оқыту;
5) мұғалімнің әңгімесі мен баяндауына негізделген Көрнекі құралдарды қарастыра отырып оқыту.
Бірінен-бірі сабақтың алғашқы элементін - әңгіменің тексін түсіндіруге кіріспе және әңгіменің мазмұнын өткізумен ажыратылатын табиғат тану әңгімелерінің түсіндіріп оқыту сабақтарының әр түрлі типтеріне талдау жасау.
Экскурсия соңынан оқыту сабағы. Мұндай сабақ экскурсиядан алынған материал әңгіме тексін түсінуге болатындай болғанда, кейде оқу жылының басында өткізілген экскурсияның артынша өтіледі, кейде экскурсияның аралығында өткізіледі, ал әңгіменің өзі оқу жылының ортасында бірнеше ай бойы өтіледі. Бұл жағдайда экскурсиядан алған білімдерін экскурсия соңынан бақылау қортындысын бірден жазу немесе сурет түрінде қағазға сызумен тиянақтайды. Оқыту сабағанда әңгімелесу кезінде, балалар экскурсиядан көргендерін естеріне түсіреді. Содан кейін балалар немесе мұғалім әңгімені дауыстап оқып шығып, таныс емес немесе қиын сөздерді талдайды, екінші рет ішінен оқып шығып, мұғалімнің тақтаға жазған тапсырмаларын орындайды.
Әңгімені орындау жұмысы сұраулар бойынша оны талдау немесе жоспарын жасаумен аяқталады. Оқушылар әңгіменің мазмұны және экскурсиядан көргендері бойынша қортынды жасайды.
Заттық сабақтар . Бұл оқушылардың айналасындағы материалдық дүниені құрайтын жеке заттар туралы сабақтар. Оған табиғаттың алуан түрлі заттары- минералдар, өсімдіктер, жануарлар, табиғи материалдардан жасалған әр түрлі затттар жатады.
Бақылау негізінде оқыту. Қисынды құралған әңгіме кезінде мұғалім оқушыларынан бақылаған құбылыстарын ойлануды және себепті байланыстары мен өз ара тәуелділіктерін ашуды талап етеді, оларды табиғат тану туралы жаңа ұғымдарды меңгеруге жетелейді және ой-өрісін даиытады.
Тәжірибелер жасалғаннан кейінгі оқыту. Балалар 1-кластан бастап тәжірибелер кезінде мұғалім көрсеткен әр-түрлі табиғи құбылыстарды, мысалы, қардың еруі, мұздың қатты күйден сұйыққа айналуы, судың булануы жер қыртысының суды өткізбеуі және су сіңіргіштігі және т. б. бақылайды. Жасалған немесе бақыланған тәжірибелерден кейін оқушылар соған сәйкес әңгімелерді оқиды да қажетті қортындылар жасайды.
Көрнекі құралдарды пайдалана отырып алдын-ала әңгіме өткізу, соңынан оқыту. Мұндай сабақтардың мазмұны алуан түрлі болғанымен, олардың әр-түрлі варианттарының мынадай кезеңдері болады:
1) Балаларды тексті түсінуге тартқанымен тақырыпты аяғына дейін аша алмайтын, мұғалімнің әр-түрлі құралдарды пайдалана әңгімелеуі немесе баяндауы;
2) Әңгімені оқыту және сөздік жұмысы;
3) Оқыту бойынша әңгімелесу;
4) Әңгіме мазмұнын дұрыс түсіну және пысықтау үшін қайта оқыту;
5) Үйге тапсырма;
Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беріп бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді.
Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты. Мұғалім мазмұны бойынша қажетті оқу материалын іріктей отырып одан сабақ берудің белгілі бір формасын анықтайды. Оқушылардың міндеті мұғалімнің берген білімін меңгеріп, оны оқу және практикалық іс-әрекетке қолдана білу болып саналады. Демек, программадағы қандай да бір мәселені оқып үйрету әдісін анықтаған кезде мұғалім мен оқушылар іс-әрекеттерінің сипатын, сондай-ақ осы кезде пайдаланылатын білім көзін ескеруі қажет. Оқушыларға, бір жағынан, әдістердің қай-қайсысы болса да, біріншіден, мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс істеуге; үшіншіден, ешкімнің жәрдемінсіз өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі. Екінші жағынан әдіс білім игеру барысындағы мұғалімнің жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық қабілетінің дамуына бағытталғглі іс-әрекеттерін де қамтып көрсетеді. Осы жұмыстың барысында балалар оқуға үйренеді, яғни білім игеру әдістерін меңгерді.
Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұнына және танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әр түрлі бағыт, түрліше күрделілек дәрежесіне ие болады.
Табиғаттанудан сабақ беру барысында әрбір әдістерді тақырыптың мазмұнына оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің шеберлігіне сәйкестендіе отырып, пайдалана білу қажет.
Оқыту әдісіне жұмыстың әр алуан тәсілдері енеді, оларды әдістің детальдары, элементтері ретінде қарастыру керек. Тәсілдер, әдетте, қосалқы мәнде болады. Олар бір әдістің ғана емес, әр түрлі әдістердің бірқатар бөлігі болуы да мүмкін. Мәселен, мұғалім табиғаттану сабақтарында көбінесе әңгіме немесе әңгімелесу, практикалық жұмыс және бақылаулар кезінде салыстыру тәсілін пайдаланады
1. 2. Дүниетануды оқытудағы ұйымдастыру формалары
Табиғатты оқытудағы түсіндіріп оқыту сабақтарының маңызы. Түсіндіріп оқыту сабақтары негізінен үш мәселеңі шешеді:
1) балаларға жаңа білім және табиғат танудын, жаңа ұғымдарын айтып беру;
2) балаларды жақсы оқуға үйрету және
3) олардың оқығандарын саналы түрде түсіне білуіне көмектесу.
Біз ұғымды игеру үшін көркем әңгімелерге қарағанда басқаша тәсіл қолдануды талап ететін іске пайдалы мақалаларды оқуға зор маңыз береміз.
Көрнекі құралсыз, экскурсия мен бақылаусыз, балаларға тексті түсіндіретін кіріспе әңгімесіз өткізілген түсіндіріп оқыту бос сөзділік болады. Онда ол түсіндіріп оқыту емес, негізгі мақсаты - балаларды оқуға машықтандырып, оқығанына мән бере алмайтын өмірден қол үзген тәсілдің формасы болып шығады.
Экскурсия соңынан оқыту. Бастауыш мектепте программаға сәйкес табиғатқа, өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарына, өлке тану музейіне, хайуанаттар паркіне немесе айуанханаға, ботаника бағына экскурсиялар жасау керек.
Экскурсия - бұл объектілер мен құбылыстарды олардың табиғи ортасында - табиғатта және жасанды жағдайларда - хайуанаттар паркінде, бақтарда, т. т. оқып үйрену.
Экскурсияның маңызы. Оқушылар мұғалімнің басқаруымен экскурсия жасағанда бүкіл табиғатты оның алуан түрлілігімен бірге білетін болады. Олар заттарды толығырақ қабылдайды.
Экскурсия кезіндегі істер оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Олар бақылау барысында объектілерді салыстырады, олардың негізгі белгілерін көрсетеді, байланыстарын анықтайды.
Оқушылар табиғатқа жасалған экскурсияларда тәуелділік себептерін анықтап, болып жатқан өзгерістерді аңғарады, кейбір табиғи процестерді ұғына бастайды. Оқушыларға табиғатты бақылауды үйрету - оларға табиғаттың негізгі заңдылықтарын түсінуге баулу деген сөз. Оқушылардың экскурсия кезінде практикалық жұмыстарды орындауынан көптеген практикалық дағдылардың қабылдануы активтендіріледі және олардың игерілуіне мүмкіндіктер туады, соған байланысты олардың, зерттелетін заттарға деген зерделері ұшталып, ынтасы артады. Осының барлығы балаларға берілетін білімнің саналы игеріліп, берік есте сақталуына, олардың табиғат тану материалдарын оқып үйренуге байланысты дағдыларының ұласуына мүмкіндік туғызады.
Сан алуан бақылаулар мен белсенді қызметінің негізінде оқушылардың сөзі әлдеқайда бейнелірек бглып шығады. Қабылдау процесінің түсініктерінің молаюы нәтижесінде игерілген мазмұнды түсініктер көптеген ұғымдарға материал бола алады. өлке тану тәсілі балаларға беймағлұм алыстағыны оқып үйренуді жақындағымен салыстыру арқылы таныстыруға мүмкіндік туғызады.
Мектеп төңірегіндегі жерлерді оқып үйрену туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жергілікті халықтардың еңбек жетістіктеріне деген ынтасы артады.
Өз өлкесіне, еліне деген сүйіспеншілік оның адамдары мен оның табиғатын білу негізінде тәрбиеленедді.
Экскурсияларды ұйымдастыру. Мұғалім оқу экскурсияларын алдын-ала жоспарлап: өткізетін жерін, мазмұнын, уақытын белгілейді, көріп білуге барынша айқын объектілерді таңдап алады, оқушылармен істелетін жұмыстың методы мен ретін, практикалық жұмыстарды және оларды ретке келтіруді белгілейді.
Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру мақсатында байланысты жұмысты ұйымдастыруды біртіндеп алмастырып және күрделендіріп отырады: мұғалім бақылаулар ұйымдастырады, көргендері туралы сұрайды және объектілер мен құбылыстарға түсінік береді.
Мұғалім бүкіл класқа бірдей тапсырма береді, сонда тексеру кезінде айналадағы заттарға кім зер сала, қырағылықпен қарағанын оқушыларға көрсету жеңіл болады. Кейінірек оқушыларды топтарға бөледі.
Жұмысты бұлай етіп ұйымдастыру оқушылардың бірінен - бірі алып пайдалануды болдырмайды, сонымен қатар өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады.
Ең соңында мұғалім әр кімге жеке тапсырма бере алады. Өз бетінше жұмыс істеу қабілетінің артуы және экскурсияда көріп білетін объектілердің күрделенуі кластан-класқа көшкенде болады. Егер І және ІІ класта балалар жеке объектілерді оқитын болса, ІІІ және ІV кластарда барынша күрделі комплексті экскурсиялар өтуі мүмкін, ол кезде балалар бірімен-бірі тәуелділікте болатын көптеген объектілермен танысады. Мұндай экскурсияларда бірсыпыра практикалық жұмыстар мен бақылауларды өткізуге мүмкіндік туады.
Экскурсияларды мынадай кезеңдерге бөледі:
1) Алдын-ала класта немесе экскурсия өткізілетін жерде экскурсия басталғанға дейінгі мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
2) Оқушылардың тапсырмаларды орындауы;
3) Экскурсия кезіндегі тапсырмаларды орындаудың дұрыстығын түсіндіретін қортынды әңгіме және бүкіл класты олардың нәтижесімен таныстыру; суреттерін сыздыру және жаздыру;
4) Экскурсияның материалын класта оқылатын тақырып бойынша әңгімені оқыған кезде талдау;
Мұғалімнің экскурсияға дайындығы. Мұғалім жұмыстың жылдық жоспарын жасағанда экскурсиялардың тақырыптарын мақсатын және өткізетін жерлерін, оларды жалпы оқу жоспарына орналастыруды белгілейді.
Экскурсияның мақсатын анықтап, уақытын белгілеген сң, мұғалім оның сипатын анықтайды.
Ең алдымен экскурсия үшін қолайлы жер табу керек. Әдетте иұғалім өзі тұрған жердің планын қарап, мұндағы ежелгі тұрғындардан, осы тақырыпқа бұрын экскурсия өткізіп келген тәжірибелі ұстаздардан сұрайды және жоғарғы класс мұғалімдерінен ақыл-кеңес алады.
Жерді таңдап алғаннан кейін мұғалім қойын блокнотын, компасын, рулеткасын және басқа керекті құрал-жабдықтарын алып сол жершгет барады. Жұмыс өткізетін жерді айналып шыққан соң, мұғалім кіріспе әңгімені өткізуге болатын алғашқы аялдаманы белгілеп, оқушылардың назарын аударатын объектілердің ерекшеліктерін блокнотына жазады. Содан кейін жзенрді өзі толық танып алады да жеке бригадалар үшін тапсырмалар тағайындайды. Бұл жердегі қиыншылық берілген тапсырмалардың бір тектес болуында: өйткені бұлардың барлығы әр түрлі объектілерді қарағанымен алатын білімі бірдей болуы керек. Бригадаларды біріне-бірі кедергі жасамайтындай етіп орналастыру керек. Мысалы, балалар төбені және оның элементтері деген тақырыпты оқып білуі керек делік. Мұндай жағдайда кем дегенде екі төбесі, әр түрлі кескіні, әр түрлі баурайы бар жерлерді таңдап алады. Әрбір бригада өзіне бөлінген төбе маңында жұмыс істеу керек. Сол сияқты мәселен, шымтезекті батпақ және оның өсімдіктерімен таныстыру керек болса - мұғалім оқушылардың топтарымен жұмыс істейтін жерді таңдап алады. Егер мұғалім оқушыларды бақшаға алып барса, онда оларға әр түрлі овощтарды көрсетіп, өз беттерінше аттарын айтып беруді ұйғарады.
Оқытушыға экскурсияның маңызы, мақсаты және оның міндеттері айқын болған соң, ұғалім экскурсияның жоспарын жасап, кіріспе сабақтың немесе кіріспе әңгімесінің мазмұнын ойласытырып, бригада бойынша тапсырмалар құрастырып, әр - бір бригаданың құралдарын белгілейді.
Оқушылардың дайындығы. Мұғалім экскурсияға өзі дайындалумен қатар, оған балаларды да дайындайды. Ең алдымен оларға экскурсия саяхат емес, сабақ екендігін, оның тек класта өткізілмей, табиғат жағдайында - өтілетін сабақ екендігін нандыру керек. Мұғалім бүкіл класты 6-8 адамнан бригадаға бөліп, бригадирлерін тағайындайды. Олар өз бригадасының тәртібі мен тапсырмаларды орындауына жауап береді. Мұғалім әр бір бригадаға жеке тапсырма береді. Ол бұлардан басқа оқушылардың экскурсияға қандай заттар алатынын атады. Экскурсиядан кейін міндетті түрде жиналғңан материалдар мен мәліметтерді ретке келтіреді. Кейде экскурсиямен оқылатын тақырыптың аралығында көп уақыт өтіп кетеді. Мысалы табиғатқа экскурсия күзде жасалады да экскурсияда алған білімдерін тек қана қыста тақырыптың өткен кезде қолданады. Мұнда жағдайда мұғалім келесі сабақта экскурсияның қорытындысын шығарып суреттерін сыздырып, жазуларын жаздырады. Олардың тақырыпты өткен кезде ғана қажет болатындығы табиғи нәрсе. Экскурсиядан кейін оқушылар шығарма жазады.
Әңгіме ауызша айту методының бір түрі. 1-4 кластардағы мұғалімнің баяндауына қарағанда педагогика әңгімесі жиірек өтеді. Әңгіме балаларға қойылатын сұрақтардан, олардың жауаптарынан мұғалімнің түсіндіруінен және ең соңғы жинақтайтын қорытындыдан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz