Қазақтың көне ел билеу заңы – «Жеті жарғы»
КІРІСПЕ
І. Ұлы дала заңдары
1.1 Қасым ханның Қасқа жолы
ІІ. Әз.Тәуке және оның «жеті жарғысы»
2.1 «Жеті жарғы» атауының мағынасы
2.2 «Жеті жарғының» зерттелу тарихы
2.3 «Жеті жарғы» туралы деректер
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
І. Ұлы дала заңдары
1.1 Қасым ханның Қасқа жолы
ІІ. Әз.Тәуке және оның «жеті жарғысы»
2.1 «Жеті жарғы» атауының мағынасы
2.2 «Жеті жарғының» зерттелу тарихы
2.3 «Жеті жарғы» туралы деректер
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше құбылыс. Яғни, “Жеті жарғы” қазақ халқының дəстүрлі мемлекеттік жəне құқықтық мəдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа байланысты ауызша жəне жазба деректердіқарастырып отырып “Жеті жарғының” мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заңқағидаларының жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, соныменен бірге ұлттықтанымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы екенінаңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік жəнеұлттық тəуелсіздігі, осы ұлы түсінік “Жеті жарғының” ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарыныңжадына берік жазылуына негізгі себепкер.
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырып “Жеті жарғы” туралы мəліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-жырлары арқылы сақталған деп есептейміз.
“Жеті жарғының” түп өзегі Евразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан əдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге “Жеті жарғы” XVII ғасырдың соңы мен XVIIIғасырдың басындағы саяси-əлеуметтік ахуалға ыңғайланған əдет-ғұрып ережелерінің жаңаредакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде əлісіреп замана əсеріне,əсіресе сыртқы ортаның ықпалына тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілідережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпелілердің ірі қозғалыстарыныңкезінде күшейіп, ал қауым ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда əлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғыны” тек құқықтық мəселелермен ғана байланыстырады.

1. Абылай хан. Тарихи жырлар /Құраст. С.Дəуіт. - Алма-Ата, 1993.
2. Абишев Х.А. Передовая русская интеллигенция Западной Сибири об обычно-правовой системе казахов //Проблемы казахского обычного права. - Алма-Ата, 1998. С. 56-65.
3. Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: истоки и история. - Астана, 2002.
4. Артықбаев Ж.О. Этнос жəне қоғам. XVIII ғасыр. - Қарағанды, 1995.
5. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в XVIII – первой половине XIX века. - Караганды,1990.
6. Бакунин В.М. Описание калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков
их ханов и владельцев (сочинение 1761 года). - Элиста, 1995.
7. Баллюзек Л.Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу закона //Записки Оренбургского отдела Императорского географического общества. - Казань, 1871. Вып. 2.
8. Билер сөзі. /Құраст. Т.Кəкішев. - Алматы, 1992.
9. Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. - М.-Л., 1950. Т.1.
10. «Жеті жарғы» Бұрынғы қазақтардың ел билеу заңы. Алматы//Айқап баспасы, 1993
11. Ө.Жаппархан. Билер алқасы тәртіпке шақырады//Егемен Қазақстан, 1995, 12 мамыр
13. Зиманов С.З. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.Алматы. «Жеті жарғы», 1996
14. Зиманов С.З. Проблемы казахского обычного права. Алма-Ата, 1961
15. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. Алма-Ата, 1958

Қазақтың көне ел билеу заңы - Жеті жарғы
КІРІСПЕ
І. Ұлы дала заңдары
1.1 Қасым ханның Қасқа жолы
ІІ. Әз-Тәуке және оның жеті жарғысы
2.1 Жеті жарғы атауының мағынасы
2.2 Жеті жарғының зерттелу тарихы
2.3 Жеті жарғы туралы деректер
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше құбылыс. Яғни, "Жеті жарғы" қазақ халқының дəстүрлі мемлекеттік жəне құқықтық мəдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа байланысты ауызша жəне жазба деректерді қарастырып отырып "Жеті жарғының" мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, соныменен бірге ұлттық танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік жəне ұлттық тəуелсіздігі, осы ұлы түсінік "Жеті жарғының" ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік жазылуына негізгі себепкер.
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырып "Жеті жарғы" туралы мəліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-жырлары арқылы сақталған деп есептейміз.
"Жеті жарғының" түп өзегі Евразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан əдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге "Жеті жарғы" XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы саяси-əлеуметтік ахуалға ыңғайланған əдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде əлісіреп замана əсеріне, əсіресе сыртқы ортаның ықпалына тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілі дережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпелілердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауым ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда əлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі "Жеті жарғыны" тек құқықтық мəселелермен ғана байланыстырады.
Бұл таңдау белгілі дережеде тарихи институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. "Жеті жарғыға" байланысты əдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет дəстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар "ақтабан шұбырынды" заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл дағдарыс əлеуметтік топтар арасындағы қарым- қатынасқа да тікелей əсер етіп қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды.
XVIII ғасырдың ортасына қарай қазақ жерінде мемлекеттік дəстүрлердің қайта күшеюі басталды.
Оның барысын біз қазақтардың Жоңғария жеріндегі белсенді саясатынан, Сыр бойындағы қалаларды қайтарып өнеркəсіп пен сауданы қолға алуынан, Сыр бойына əсерін азайту үшін Қоқан хандығын ығыстыру саясатынан т.б. салмақты істерден көріп қаламыз. Қазақ халқының мемлекеттік мүддесі бұл кезеңде Абылай атымен байланысты болды. Бірақ бір жағынан Ресей, бір жағынан Қытай шеңгелі қазақ мемлекетінің күшейіп, іргелі ел болуына тосқауыл қойды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тәуке ханның, хандық құрған кезіндегі елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәукенің ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін талдау, Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдары мен қазақтың ұлы билердің өмірі мен қызметі даналықтары туралы мәліметтермен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Ұлы дала заңдары
1.1 Қасым ханның Қасқа жолы
Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі болған. Олар Қазақстанның Ресей патшасына бағынғанына дейін (XIX ғасырдың II жартысы) билердің үкімімен шешіліп келген.
Дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлуге болады. Екі рулы ел жерге, жесіріне немесе ұрланған малы мен малын жоқтап қапыда қазаға ұшыраған ерінің құнын жоқтап таласқанда тоқтам айтысып, бітісер жері билер соты болған. Даулы мәселені екі рудың билері жоқтап өзара айтысқа түскенде, ара би әділ қазылық айтып, тоқтамға келтіріп құн кескен. Ердің құнын, нардың пұлын тауып айтқан тобықтай сөзбен бітістіру -- сөз қадірін бағалай білушілік халық дәстүріне негізделген. Сөзге тоқтау, Аталы сөзге тоқтамағанның әкесі өледі деп сөз қадірін құдірет тұту, Тура биде туыс жоқ деп әділ билік айтқан билердің үкімін екі етпей, мүлтіксіз орындау парасаттылықты байқатады. Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен туындаған қазылық институт, билік-төрелік айту әдеті қалыптасқан.
Бірнеше мың жыл бойы Евразия көшпелілерінің жуан ортасында алаш туының астында болған қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған уақыты ХV ғасырдың ортасы. Керей жəне Жəнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеяның өміршендігі үшін күрескен қазақ рулары Жəнібек баласы
Қасым хан кезінде мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа келтіру, ішкі жəне сыртқы саяси ахуалға зандарды ыңғайлау мəселесіне кіріскенге ұқсайды.
Қазақ шежіресінде бұл кезең "Əз Жəнібектің тоғыз ұлы болыпты. Оның бірі - Қасым хан. Бұл тақты Сарайшықтан көшіріп Ұлытауға орнатыпты. Қазақты қатарға қосып кеткен осы Қасым хан.
Қазақ ортасында "Қасым ханның қасқа жолы" делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды" (45, б.7) - деп суреттеледі.
"Қасым ханның қасқа жолы" туралы қазақтың ауыз екі əңгімелерінде аздаған мəліметтер кездесіп қалады. Академик Ə.Марғұлан "Қасым ханның қасқа жолы" заңдарын орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстарында қолданылған "Ярғу" заңынан алынған, қазақша "Жарғы" деген ұғым береді деп есептеді. Бұл ұғымның түпкі мəні жару, нəрсенің салмаған бір жағына аудармай, дəл, əділ айтудан шыққан: "Дауды əділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп мақтаған. Өзінің мазмұны бойынша, бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі əскери- демократия арнасына барып тіреледі. ХҮ ғ. соңында - ХҮІ ғ. басында Бұқардың ишан-қазылары қазақ өлкесіне діни үгіт таратып, "ежелгі Жарғы заңын қалдырыңдар. Ол көкке табынған дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде "көк соқсын" деп айтпаңдар, "құран соқсын" деп, құранды бастарыңа көтеріңдер" - деп үгіттейді. Бірақ, халық бұқарасы оған селқос қарап, көп заман шариғат қағидасына ойыса қоймады. Уақыттың көбін мал бағумен өткізген халық бұқарасы шариғат қағидаларын өте қиын деп ойлады" (56, б.541-542).
Ə. Марғұланның айтуы бойынша саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде қалың қазақтың, оның басшылары от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билердің, ықпалымен Қасым хан ерте заманнан бері көшпелілер мойындап келген "Жарғы" заңын күшейтті. Осындай себепке байланысты "халық
Қасымның шириғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы - "Жарғыны" жанадан көтергенін қатты ұнатып оны "Қасым ханның қасқа жолы" деп атап кетті".
Қасым хан заманында қазақ елі хан ордасын Евразия көшпелілерінің ежелгі саяси-этникалық орталығы Ұлытауға көшіріп, Алаша хан атын қайта жаңғыртты. Қазақ елінің ұлттық идеясының мықты ірге тасы, қазақ қауымына біріккен сан алуан тайпалардың басын құрап отырған ортақ тамыр Алаша ханға арнап Ұлытауда Қасым хан биік күмбез орнатты. Олай болса "Қасым ханның қасқа жолы" тек құқықтық көзқарастардың жинағы ғана емес, ол ең алдымен қазақтың ел болу үшін, жұрт болу үшін күрес жолы.
Қазақтың басын құрап, өз бетімен ел қылып, найзамен шекарасын сызып кеткен Қасым ханнан қазасынан кейін хан билігі ұзақ уақытқа созылған дағдарысқа түсті. Осындай қысылтаяң кезде мемлекет билігін түзеу міндеті Шығай ханның ұлы, Тəуекел ханның інісі Есім хан иығына түсті.
ІІ. Әз-Тәуке және оның жеті жарғысы
Жеті жарғы - Тәуке хан (1678 - 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған "Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолын" одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында "Тәуке ханның Жеті жарғысы" деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан "Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолына" негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. Жарғы сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: Қара қылды қақ жарған деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Бізге белгілі, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Тәуке ханның жеті жарғысы осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер Тәуке ханның Жеті жарғысы (Жеті жарлығы) аталып кеткен делінеді.
Жеті жарғы Заңының мазмұны:
1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі - елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде ер қанаты - ат елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).
6-жарғы.Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы.Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
Жеті жарғыны қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге Жеті жарғының өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде Жеті жарғыға феодалдық қатынастардың сарқыншығы деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге Жеті жарғы орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде Жеті жарғының 11 үзіндісін 1820-шы жылы Сибирский вестник баспасөзінің бетінде жариялады. Жеті жарғының екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар Жеті жарғы дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.
Жеті жарғы заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.
Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан Жеті жарғы заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.
Жеті жарғыда қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта қанға қан заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы көзге шөп салушылық дәлелденген жағдайда және құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда. Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.
Жазалаудың ең көп таралған түрі - құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. Сұлтан немесе қожаға тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ - 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне үш тоғыз етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз Жеті жарғыға сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
Жеті жарғы бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.
2.1 Жеті жарғы атауының мағынасы
Ғылыми жəне ғылыми-көпшілік əдебиетте "Жеті жарғы" атауына қатысты əр түрлі пікірлер бар, бірақ олар ғылыми қауым тарапынан толық қолдау таба қоймаған, бір-біріне кереғар келіп жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл төңіректе əлі де даулы мəселелер көп болғандықтан біз осы атауға қатысты жасалған этимологиялық талдаулар мен түсініктердің негізгі бөлігіне ғана тоқталып кетеміз.
"Жеті жарғы" атауын алғаш рет Əз Тауке хан тұсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының əскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ əдет-ғұрып, заңережелеріне қатысты деректерді мол жинайды∗ .
"Жеті жарғы", "жарғыш" атауына қатысты əр түрлі пікір-деректердің ішінде Н.Н.Гродеков мəліметтері өзінің қисындылығымен де, толық бірінші орында тұрса керек.
Екінші бір көңіл аударатын мəлімет А.Леонтьевтің "Обычное право киргиз" (1890) еңбегінде кездеседі: "Правда, ханом Тауки (Тявки) учреждено было, по народным преданиям, собрание из семи биев, как высшее судилище. Но оно действовало только при этом хане" (53, с.122).
"Жеті жарғы" туралы осы түсінікті кейіннен Л.А.Слаовохотов толықтырып "Народный суд обычного права киргиз Малой Орды" еңбегіне еңгізді. Осы еңбекте, біздің ойымызша алғаш рет, Жеті жарғыға байланысты "уложение" деген сөз қолданылады: "семь биев...составил уложение, целиком основанное на древнем народном обычае - адате и тогда получившее название - "Джеты Джарга" (73, с.41).
Л.А.Словохотов "жеті" сөзінің тек мемлекеттік кеңестегі билердің санын ғана білдіріп қоймай, толықтықты, толық кəмелетті, бүтіндікті білдіретін ұғым есебінде пайдаланылғанын жазады: "Джеты по киргизский (казахский-Ж.А.) означает "семь" - число у всех народов Востока, считавшееся выражением полноты, совершенства и авторитетности. Джарга-дат. падеж от дзар (тат.) или дзор (монг.) - известие, объявление, публикация, обнародование, возвание ср. Другую транскрипцию - "жеті жарығы" - т.е. "семь святил его" (т.е. Тявки)" (73, с.42). XX ғасырдың басында қазақ тарихының ең бір күрделі де қызық мəселері туралы жазған
А.П.Чулошников "Жеті жарғыны" Шыңғыс хан заманындағы "Жаза" (Великая Яса) тəртібімен салыстырады, оның пікірінше "Жеті жарғы" қазақ халқының ұзақ өмірінен бір тамаша нəтиже, азаматтық жəне қылмыстық құқық туралы түсініктерінің жиынтығы: "В самом деле, подобно
"Великой Ясе" Чингис хана и казак-киргизское обычное право, систематизированное Тявкою, заботилось тоже не столько о предупреждениях преступлений, сколько об их ближайшем наказании" (83, с.204).
"Жеті жарғының" атауының мағынасы туралы А.П.Чулошников пікірі Н.Гродеков жазғандарымен үндес: "...хан Тявка, особеннно чтимый всеми казак-киргизами, собрал на урочище Куль-тюбе (в пределах нынешней Сыр-Дарьинской области) семь биев во главе с знаменитым бием Туле
Алимбековым и вместе с ним составил уложение, целиком основанное на древнем народном обычае - адате и тогда же получившее название - "Джеты-Джарга", т.е. "Обявление семи" (83, с.204).
Қазақ ғалымдарының ішінде "Жеті жарғы" туралы алғашқы пікір білдіргендердің бірі академик Ə.Х.Марғұлан "Жеті жарғыны" - жеті жарғыш, жеті, яғни жеті əділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді қолдады. Сонымен бірге Ə.Х.Марғұлан "Қазақ совет энциклопедиясындағы" "Жеті жарғыға" арналған мақаласында оның мазмұнының жеті түрлі ережеден құралатындығы жайлы жазады. "Жеті жарғыға" кірген ережелер жетеу. Олар: 1).Мүлік заңы; 2).Қылмыс заңы; 3).Əскери заң; 4).Елшілік жоралары; 5).Жұртшылық заңы; 6).Жесір дауы; 7.Құн дауы" (56, б. 542.).
Əлекеңнің "Жеті жарғы" мағынасы туралы бір мақалада қарама-қайшы екі пікір айтуы кездейсоқ па? "Жарғыға" қатысушы билердің саны ережелердің санымен неге тең деген сұраққа дəл жауап қайтару оңай емес. Негізінен "Жеті жарғы" бұрын соңды қолданыста болған заң жобаларын жүйелеп, оның басын қосып жетеуге жеткізді деп қабылдау ешқандай дəлелге негізделмейді.
Ғылыми əдебиетте кейде "Жеті жарғы" мағынасына байланысты тіпті ұшқары пікірлер де айтылады. Оның негізгі себебі зерттеушілер "жарғы" сөзінің мағынасына бойлай бермегендіктен туындайды. Мəселен С.Е.Толыбековтың қазақ көшпелі қоғамына арналған кітабында "жарғы" сөзі "жорға" деп беріледі: "Первый свод народных обычаев под названием "Джеты - жарга", составленный семью биями (точнее: "джеты - жорға - семью иноходцами) при хане Тауке..." (77, с.343-344).
"Жарғы" жəне "жорға" сөздері бір-бірінен мағынасы бөлек атаулар. "Жарғы" - көне түрік тілінде жарлық, билік, шешім деген мағына береді (26, б.630; 88, б.18-20). М.Қашғари сөздігінде "жар"- (йар) - жару, жарғыш ұғымдарымен тікелей байланысты қарастырылады (50, б. 46, 60).
Қазақ тіліндегі "жар" сөзінің түпкі мағынасы моңғолдың (қалмақтың) - "зар" сөзімен ортақ. Мəселен моңғол тілінде "зар" - жар, хабар деген мағынада. "Зар тараах - жар, хабар тарату болып адурылады. Сонымен қатар "Зардан" туындайтын "зарга" - дау айтыс, талас, тартыс, сонар дау, егес, жанжал" мағынасын береді (63, б. 247). Ал енді "зарға шүүх" сөзі дауды тексеру, дау кесу, шешім мағынасында айтылады (63, б. 248).
Моңғолдың "заргач" сөзі қазақтың "жарғышымен" төркіндес, дауға, билікке қатысы бар адам туралы айтылады (63, б.248).
Соңғы жылдары ғылыми əдебиетте "Жеті жарғыны" жеті билік, жеті ереже мағынасында қолдану көбрек кездеседі. Т.И.Султановтың осы тақырыпқа жазылған еңбегінде "В истории права ханского периода известен только один законодательный памятник - "Жети Жаргы" (Семь установлений) - деп аударылған (76, б. 64). Бұл біздің түсінігімізше шартты атау, біздің қолымыздағы ешқандай дерек Əз-Тəуке хан заманында қабылданған заңдардың жетеумен шектелгенін айтпайды.
Екіншіден дəстүрлі əдет-ғұрып заңдарында ережелерді белгілі бір принциптермен жүйелеу кездесе қоймайды.
"Жеті жарғы" жайлы" деп аталатын соңғы жылдардың жақсы бір еңбегінде академик С.З.Зиманов пен Н.У.Өсеров "Біздің пікірімізше "Жеті Жарғы", "Жеті Жарлық", "Жеті дау", "Жеті шешім" деген ұғымды білдіреді. Оларға жер дауы, құн дауы, барымта, айып-жаза, алым-салық т.б. кірген" деп "жеті" мағынасын тек сандық тұрғыдан қабылдауды ұсынады (32, б.127). Авторлардың пікірінше "Жеті жарғы" билер кеңесіне түскен, талқыланған, шешілген жарлықтың, даудың т.б. жалпы санын береді.
"Жеті жарғының" мəн-мағынасын толық түсіну үшін тарихи-этнографиялық мəліметтерді ғылыми айналысқа көбірек еңгізу міндеті осы жоғарыдағы шолудан туындаса керек. "Жарғы" сөзін жалпы кеңес, өкілетті билік, заң тудырушы орын есебінде қабылдау өте дұрыс болғанымен, "Жетіге" қатысты пікірлерді əлі де тереңірек қарастыру керек сияқты. "Жарғы" кеңес, заң мағынасында тарихи деректерден ертеден жиі кездеседі, ал "жетінің" орнында басқа сандары кездестіріп қаламыз (алты, сегіз).
Мəселен атақты саяхатшы Ибн Баттута 1333 жылы Хорезм əмірі Құтлық - Темір (ол кезде Хорезм Алтын орданың əкімшілік бөлігі) қабылдауында болып ордадағы "Жарғы" қызметі туралы мəліметтер береді.
Ибн Баттута суреттеп отырған Құтлық-Темір бектің Хорезмдегі билігі аздаған үзілістермен 1321 жылдан басталып 1368 жылға дейін жүрді. Алтын Орда мемлекетінің ірі басшыларының бірі, Өзбек ханға жақын болып келетін Құтлық-Темір Хорезм өлкесіндегі билігін жергілікті көшпелілер дəстүрінің үлгілеріне сүйеніп жүргізгені дау тудырмаса керек. Бұл кезең Хорезм өлкесінің аса гүлденіп тұрған кезі, ибн Баттутаның өзі де кітабының бірнеше жерінде бұрынғы жағдайына қарағанда Хорезмнің көркейіп өскенін атап кетеді. Құтлық Темір бек сарайындағы "Жарғы" қызметі мемлекеттік жоғары сот деп атауға келеді. Сонымен бірге мемлекет ішіндегі ірі əмірлердің "Жарғы" қызметіне қатыстылығы мемлекетке аса қажет шаруалардың да осы отырыстарда талқыланатынын білдіреді.
"Жарғы" мəні мен мағынасын түсінуге тікелей қатысты деректерді біз қалмақ тарихынан да жиі кездестіреміз. Қазақ-қалмақ халықтарының этникалық субстраттағы жақындығы, тарихының ортақ кезеңдері, территориялық іргелестігі қалмақ деректерін қазақ тарихын зерттеуге көбірек қолдану қажеттілігін дəлелдей түседі.
Жоғарыда келтірген құжаттар біздің "Жеті жарғы" жоғары мемлекеттік кеңес жəне сот деген пікірімізді нақтылай түседі. Əз Тауке заманында "Жеті жарғының" құрылуы ұзақ жылдарға созылған дағдарыстан мемлекетті алып шығудың бір жолы есебінде қарастырылған болуы керек.
Екіншіден XVII ғасырдың соңына Евразиядағы геополитикалық ахуал ірі өзгерістерге түсіп қазақ елінің төрт құбыласының бəрі қауіпті жауға айналып бара жатты. Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы арасалмақ соңғылардың пайдасына шешілгенін айтпағанның өзінде, шығыстан төнген қалмақ (қара қалмақ) қазақ мемлекет басшыларының, ірі билердің жүрегін сыздатқаны анық. Осының нəтижесінде өмірге "Жеті жарғы" аталатын қоғамның ең ауыр мəселелерін талқыға салатын, шешетін, ел тыныштығын сақтайтын, сыртқы елдермен қалыптасқан өзекті мəселелерді талқылайтын хан ордасы жанында Жоғары кеңес жəне билік орыны қалыптасты. Əуел баста хан
Тəуке ұсынысымен бұл "жарғыға" қазақ елінің қазақ елінің ең таудаулы деген жеті биі қатысқаны себебті "Жеті жарғы" атанды. Тіпті мəселе жетіде де емес, мұндай ірі мемлекеттік кеңеске одан көп те адам қатысуы мүмкін, бірақ белгілі субэтникалық жəне əлеуметтік топтардың мүддесіне жауап беретін, қорғайтын адамның саны жетеу болғанға ұқсайды. Əз Тəуке хан тұсындағы Қазақ хандығының құрамына енген жеті ұлыс елдің басшылары "Жеті жарғының" құрамында болды десек біз тым қателеспейміз.
2.2 Жеті жарғының зерттелу тарихы
"Жеті жарғының" зерттелу тарихы бірнеше ғасырды қамтиды, бірақ ескерте кететін мəселе бар.
Алдымен "Жеті жарғыны" ғылыми түрде зерттеу, яғни академиялық деңгейде зерттеу, əлі күнге дейін тəжиребе ала алған жоқ. Екіншіден, "Жеті жарғыны" қазақтың əдет-ғұрып дəстүрлерімен, жолдарымен салыстыра отырып жəне жеке бөліп қарастырған зерттеулер жоқ. Тіпті "Жеті жарғыны" қазақтың мындаған жылдар бойы қордаланып, қоғамдық өмірінің реттеуші тетігі есебінде өмір сүрген заң-ережелерінен бөле жарып қарау мүмкін де емес шығар.
"Жеті жарғы" туралы алғашқы салиқалы пікір айтқан А.И.Левшин қарама-қайшылыққа толы жазбалар қалдырды. Кіші жүз қазақтарының ішіндегі белгілі, салмақты ру басшылары мен сұлтандарының айтқанына сүйіне отырып А.И.Левшин: "было время, говорят благоразумнейшие из Киргизов Меньшой Орды, когда и наш народ жил в покое, было время когда и у нас существовал порядок, были законы и правосудье. Сей золотой век, о котором воспоминают они со вздохом, есть царствование знаменитого Хана их Тявки" (51. Ч. 3, б. 169.) - деп жазады.
Қазақ қоғамының XVIII ғ. соңы XIX ғ. басында елеулі өзгеріске түскені, хан билігінің, ежелгі тəртіптің сындарының кете бастағаны бір жағынан тарихи заңдылық, екінші жағынан Ресейге бодандықтың тікелей нəтижесі. А.И.Левшин отаршылдық саясаттық қазақ қоғамына тигізген кері əсерін жаза қоймайды, оның пікірінше Əз Тауке заманында аздаған тəртібі болған қазақ қоғамының негізгі сипаты анархия: "...совершенное безналичие не может быть продолжительно, но непрочность властей, у Киргизов существующих, неопределенность оных, слабость, свобода переходить из под одной к другой, отсутствие законов, ненаказанность преступлений, очень близки к тому понятию, которое обыкновенно разумеется под словом анархия" (51. ч.3, с. 157).
А.И.Левшин еңбегі XIX ғ. басындағы қазақ қоғамы туралы энциклопедиялық деңгейдегі түсініктер мен мəліметтерді бергенімен де, қазақ қоғамының ішкі өмір сүру тəртібі, заңдылықтары, мемлекет пен құқықтың ерекшіктері туралы пікірлері сын көтермейтін дəрежеде.
Кейіннен А.И.Левшиннің қазақ қоғамы туралы айтқан ат үсті пікірлері В.В.Радлов тарапынан қатал сынға ұшырады.
"Жеті жарғының" қазақ қоғамындағы қызметін, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатындағы орнын түсіну үшін көшпелі өмір салтына, оның шаруашылық жəне əлеуметтік тіршілігінің сырларына əбден қанығу керек. Тарихи деректерден орталық саяси биліктің пəрмəні мен құрығы қазақ қоғамына түгел жете бермейтінін көреміз, бірақ оның есесіне қоғамды біріктіріп ұстап тұратын реттегіш бар, ол рулар арасындағы, жеке адамдар арасындағы туыстық қарым-қатынас.
Туыстық шаруашылықты, əлеуметтік өмірді, саясатты т.б. қоғам өмірінің салаларын бір жүйеге салады. "Жеті жарғы" осы жүйені дұрыс жұмыс істеткізетін құндылықтар жинағы. Оның ең басты мақсаты адамның əр басқан қадамын ережеге салу емес, ол мүмкін де емес, оның ең басты қызметі көшпеліліктің басты құндылықтарын айқындау. "Жеті жарғы" ережелерін қазақ қоғамының көпшілік бөлігі жатқа біледі. Қазақ ортасындағы əр дауды билер осы құндылықтар деңгейінен келіп қарастыруы басты шарт. Əр адамның мінезі əр түрлі болатыны сияқты "Жеті жарғының" да əр билікке дайындалған жеке ережесі жоқ.
В.В.Радловтың өзіне дейінгі зерттеушілерден ең басты артықшылығы, ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz