Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев



Кіріспе

1. Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны
2. Н. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптастырудың алғышарттары мен маңызы, теориялық негіздері мен жолдары, ерекшеліктері мен билікке келу кезеңдері
3.Н. Назарбаев еңбектері Қазақстан Республикасында президенттік билік институтының пайда болу және қалыптасу

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өрлеп, өркендеуі, рухани, экономикалық еркіндігіміз, дүниежүзілік қоғамдастықпен, әлемнің дамыған ел, мемлекеттеріміздің барлығының да бастауы – біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде.
Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты. Президенттің қазақ халқы алдындағы атқарған қызметі зор, еңбегі ерен.
Заман бір орнында тұрмайды, сынаптай сырғып буын артынан буын алмасады. Кезінде күллі дүниенің жартысын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Кеңес заманы келмеске кеткеннен кейін оның орынында жаңадан пайда болған мемлекеттердің басына талай саясаткер келді, талайы кетті. Көпшілігінің есімін жұрт жадынан шығарып та үлгерді. Дегенмен, елін тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бері басқарып келе жатқан, атағы алысқа жайылып, беделі бүкіл жер шарын шарлаған, тұлғасы жеке дара шың тәрізді тұлғалар да бар. Ол – тәуелсіз қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1 Назарбаев Н. Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда //Егемен Қазақстан. -2004. -13 қазан.
2 Ақбиев М. Президент шыққан шаңырақ // Өмір.-1992.-№1.-16-22 б.
3 Әбділдаұлы Б. Тұңғыш Президенттің туған жерінде // Ақ жол.-2003.-10 шілде.
4 Әзиев Ә. Алатаудан ұшқан ақиық // Орталық Қазақстан.-2001.-8-15 желтоқсан.
5 Әмірова К. Әділетсіздікпен бетпе-бет; Таусылмайтын туған күн; Бізге беймәлім Теміртау:// Ана тілі.-2000.-22 наурыз.
6 Боржымбай Ж. Кейіпкерім – мақтанышым // Президент және халық.-2005.-2 желтоқсан.
7 Кенжебайұлы М.-Ш., Шайқақов Ж. Президенттің кіндік шешесі // Егемен Қазақстан.-1998.-6 маусым.
8 Лұқпан Е. Құрыш қалай шынықты? // Егемен Қазақстан.-2005.-6 шілде.
9 Машрапов Қ. Өмірі мен ісі өнеге // Сарыарқа.-1991.-30 қараша.
10 Омашев Қ. Теміртау мектебі // Егемен Қазақстан.-2006.-7 қаңтар.
11 Сапаралы Б. Президенттің балалық шағы: - Алматы: Ер-Дәулет,-1995, 174 бет.
12 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: “Санат”,-1994.-512 бет.
13 Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. - Алматы: РГЖИ “Дәуір”, МП Ынтымақ, -1992. -448 бет.
14 Кекілбайұлы Ә. Азаттықтың ақ таңы. - Алматы: Қазақстан, -1998.-736 бет.
15 Кекілбаев Ә. Тәуелсіздік толғауы. – Астана: -2002. -376 б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе

1. Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны
2. Н. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптастырудың алғышарттары мен маңызы, теориялық негіздері мен жолдары, ерекшеліктері мен билікке келу кезеңдері
3.Н. Назарбаев еңбектері Қазақстан Республикасында президенттік билік институтының пайда болу және қалыптасу

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өрлеп, өркендеуі, рухани, экономикалық еркіндігіміз, дүниежүзілік қоғамдастықпен, әлемнің дамыған ел, мемлекеттеріміздің барлығының да бастауы - біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде.
Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты. Президенттің қазақ халқы алдындағы атқарған қызметі зор, еңбегі ерен.
Заман бір орнында тұрмайды, сынаптай сырғып буын артынан буын алмасады. Кезінде күллі дүниенің жартысын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Кеңес заманы келмеске кеткеннен кейін оның орынында жаңадан пайда болған мемлекеттердің басына талай саясаткер келді, талайы кетті. Көпшілігінің есімін жұрт жадынан шығарып та үлгерді. Дегенмен, елін тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бері басқарып келе жатқан, атағы алысқа жайылып, беделі бүкіл жер шарын шарлаған, тұлғасы жеке дара шың тәрізді тұлғалар да бар. Ол - тәуелсіз қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Бұл жерде айтпағымыз, Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетін неше жыл бас­қарып келе жатқаны емес, оны қалай бас­қарып келе жатқандығы. Қандай жағдайда, қандай ахуалдағы елдің тізгінін қолына алып, оны қандай деңгейге жеткізгендігі.
Қазақстан басшысы кеңес заманынан мұраға тек орталықты шикізатпен қамтамасыз етумен айналысқан, өндірістері жоққа тән, барының өзі әлдеқашан ескірген, әлеуметтік ахуалы барынша шиеленіскен, экологиясы жетер шегіне дейін тозған, айналасында анталаған алпауыттар көз тіккен, одан қалды іргесінде түрлі қауіп-қатерлердің ошақтары тұтанған ұлан-ғайыр даласы мен оны мекендеген сан түрлі ұлттан құралған халқы бар мемлекеттің тізгінін алды.
Сол күндерде сарапшылар тәуелсіз Қазақстанның болашағы баянды болады дегенге аса сенімсіздікпен қарады. Себебі, ол заман сан түрлі ұлттар қоныс­тан­ған Қазақстанды қойып, байырғы тұрғындарының саны барынша басымдыққа ие Тәжікстанда, Әзірбайжанда азаматтық со­ғыстың өрті тұтанған, Өзбекстанның іргесі шайқалыңқыраған күндер еді. Молдова мен Приднестровьенің, Грузия мен Абхазияның, Оңтүстік Осетияның арасы шиеленіскен, Армения мен Әзірбайжан қарулы қақтығысқа тап болған алмағайып сәттер, Ресейдің өзі ішіндегі Шешенстанмен қанды соғысты бастан өткерген заман өтті. Оның артынан батыстың астыртын күштері Грузияда, Украина мен Қырғызстанда түрлі-түсті төңкерістер жасап, қауіптің қайдан келетіні беймәлім болған күндер болды.
Олардың қай-қайсысымен салыстырғанда да Қазақстанның жағдайы расымен мүшкіл болатын. Сондықтан, бір жағынан елдің болашағына күмәнмен қараған сыртқы сарапшыларды кінәлауға да болмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда оңтүстігі мен сол­түстігі ұлттық, тілдік, психологиялық тұр­ғыдан жер мен көктей, сол себепті де арасы­ның жігін жатқызып қабыстыру қияметтің қиыны көрінген Қазақстанның керісінше татулық пен тыныштықтың, бірлік-берекенің, тұрақты дамудың, өсіп-өркендеудің, гүлденудің нышанына қалай айналғанын оның әрбір аяқ алысын жіті бақылап отырғандар болмаса, өзгелер тіпті аңдамай да қалды. Бұл қазірдің өзінде көптеген саясаттанушылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың шартты түрде алғанда Қазақстан табысының құпиясы деп атауға болатын зерттеулерінің нысанына айналып жатыр. Қандай зерттеу жасалса да, бұл құпияның кілті біреу ғана, ол ТМД мемлекеттерінің ешқайсысы айналып өте алмаған, Қазақстанға да әзірейілдей төнген қауіп пен қатер атаулыдан туған халқын аман-есен алып шығып, жарқын болашаққа бастаған Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Қазақтың бақыты - осындай ғасырда, дәуірде бір дүниеге келетін ұлы ұрпағын дәл керек кезінде дүниеге әкелгендігінде. Сондықтан, біздің халқымыз қиыннан қиыстырып отырып дәл керек шағында осындай ұл сыйлаған жазмышқа мың қайтара разы болып, тәубесін айтуы керек.
Осы аймаңдай ұлы жас мемлекетті айналып өтуге болмайтын сан түрлі өзгерістер мен қайта құрулардан, реформалардан аман алып өтіп, барлық қарекеттерді бір ар­на­ға тоғыстырып, дұрыс бағытқа бұрып, елдің ортақ игілігі жолында барша халықты соңынан ерте алды.
Қазақстан - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып президент институтын қалыптастырған ел. 1990 жылдың көктемінде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің шешімімен президент институты құрылып, бұл лауазымға Нұрсұлтан Назарбаев бекітілді.
Дегенмен, әлі тұғыры бекімеген жаңа мемлекеттік институт саяси жүйесі орнықпаған, әлеуметтік мәселелері барынша күрделі күйде тұрған мемлекет үшін тығырықтан біржола алып шығатын шешім емес-ті. Елдің ендігі болашағы ол лауазымға келген тұлғаның көрегендігі мен шешімқорлығына, күллі халықтың ғана емес, айналасындағы, қала берді, осы аймаққа геосаяси мүдделілік білдіріп отырған барлық мемлекеттердің тілін таба білуіне тікелей байланысты еді. Көреген көсеміне сеніп, оған қажетті қолдауды көр­сете білетін халықтың даналығы да жас мемлекеттің барлық өзгерістерді табысты бастан өткеруіне ауадай қажетті алғышарт болатын.
Осы факторлардың барлығы біріге келгенде қираған кеңестік жүйенің үйіндісінің бір бұрышында табысты да қарқынды дамушы Қазақстан Республикасы деген мемлекеттің пайда болуына алып келді. Қазақстанда президенттік биліктің пайда болуын, ол билікті Нұрсұлтан Назарбаев секілді біртуар тұлғаның иеленуі толығымен ақтап шықты. Ол жылдарда талай уақыттан бері адамдардың санасын тұншықтырған тоталитарлық жүйенің құрсауынан енді ғана құтылған адам­дардың мүлдем дерлік басқарусыз қалуға таяған еркіндігі елге президенттік биліктің керектігін осындай тұлға арқылы ғана тануы, мойындауы мүмкін еді. Президенттің ол кездегі ең басты артықшылығы, соңынан халықты ерте білуінде болатын. Нұрсұлтан Назарбаев осы талаптардың үдесінен шыға білді.
1. Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Іле Алатауының бөктерінде жақын орналасқан Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген тұңғыш бала. Елбасымыз мектеп өмірінде жақсы оқуымен әрі үлгілі тәртібімен көзге түскен. Жас кезінен қоғамдық өмірге белсене араласып, жоғарғы сыныптарда жергілікті жас натуралисттер үйірмесінің белсенді мүшесі болған. Бұл үйірмеде олар ағаштар отырғызып , оларды залалсыздандырып, дәнді дақылдар және бақша зиянкестерімен күресу әдістерін оқып, өзендер мен көлдер, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы мәліметтер жинаумен шұғылданған.
Мектепті үздік және жақсы бағалармен тәмамдаған жас Нұрсұлтан Назарбаев маңдай тері тамшылап еңбектенетін металлург мамандығын таңдады. Және Днепродзержинск №8 техникалық училещесіне түсіп, оны сегізінші разрядты металлург деңгейінде аяқтап шықты. Содан 1960 жылдың мамырынан Н.Назарбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Қазметаллқұрылыс тресінің Доменстрой құрылыс басқармасына жұмысшы болып қабылданды. 1960 жылдың шілдесінен домна цехының машиналарына шойын құюшысы, содан соң Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия зауытындағы домна пешінің көрікшісі болды. 1965 жылдың шілдесінен бастап Қарағанды металлургия комбинатында домна цехының диспетчері, домна пешінің газ айдаушысы, домна цехының аға газ айдаушысы болып жұмыс істеді.
Оның бойынан білімге деген құштарлық, үздіксіз ізденіс, ісіне деген адалдық, тиянақтылық айқын байқалатын. Қазақстанның болашақ Президенті Қара металлдар метеллургиясы мамандығы бойынша білім алудың қажетті сатылары - Қарағанды политехникалық институтын, кейіннен Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын тәмамдап, 1967 жылы инженер біліктілігін алды.
Н.Ә. Назарбаев өзін білікті әрі болашағы зор металлургтердің бірі ретінде көрсете білді. 1962 жылғы 15 шілдедегі Казахстанская правда газеті: Қазақстандық Магнитканың көрікшілері Нұрсұлтан Назарбаев пен Қабидолла Сәркенов сынды тамаша адамдар Теміртауда жетерлік! - деп жазды.Еңбексүйгіштік, зиялылық Нұрсұлтан Назарбаевты биікке жетелеп өзіндік жетілудің шыңына шығарды.
Ол 1962 жылы елдегі жалғыз саяси партия - Кеңес Одағының Коммунистік партиясы мүшелігіне қабылданды. Н.Ә. Назарбаев қоғамдық міндеттер мен қоғамдық жұмыстардың ауыртпалығын көтеріп, абыроймен атқара білді. Оның адал қасиеттерін, ісмерлігін көре білген Теміртау жастары оны Қазақстан комсомолының Х съезіне (1962 ж.) және БЛҚЖО-ның ХVI съезіне (1970 ж.) өздері сенген өкіл ретінде сайлады. Содан 1962 жылы жас металлург саяси өмірге алғаш рет қадам басты. Ол республика комсомолы Хсъезінің делегаты болды. 1958-1977 жылдары Комсомол бүкілодақтық және республикалық екпінді комсомол құрылыстарына жетекші болды. Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау жастарының жолбасшысы ретінде жас жұмысшылардың мүдделерін қорғап, өндірістегі, тұрғын үй және өзге де әлеуметтік саладағы мәселелерге үңілді, сондай-ақ мәдени мекемелер, тұрмыстық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану орындарының қызмет сапасына көңіл бөлді.
1973 жылдың қазан айында Н.Ә.Назарбаев өзі еңбек еткен Қазақстан Магниткасына, яғни Қарағанды металлургия комбинатына партком хатшысы қызметіне келді. Ол ұжымның мыңдаған жұмысшысының түрлі мәселелерін шешуге мүдделілік танытты, ахуалды жан-жақты қарап, өндіріспен қатар қоғамдық өмірдегі басқа да мәселелерді шешу жолдарын іздестірді.
Н.Ә.Назарбаевтың білімге деген ұмтылысы, оны іске асыруға деген құштарлығы КСРО-дағы ең жоғарғы әдістері мен саяси біліктілікті игеретін таңдаулы білім мекемесі - КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебіне сырттай оқуға түсуіне алып келеді. Жарқын тұлға Н.Ә.Назарбаев жинақталған саяси және басқарушылық іс-тәжірибесін Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарғанда кәдеге асырды.
1979 жылы желтоқсан айында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Өнеркәсіп саласы жөніндегі хатшысы болып сайланып, ел басқару аппаратындағы одақтас республикалар басшылары ішінде ең жасы болды. 1984 жылы наурыз айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.Сол кезеңде саяси көшбасшы жаңа қырынан қалыптаса бастады: қайраткер көпшіліктің кең аудиториясымен пікір алмасып, ой бөлісті. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасы жетістіктері мен мәселелері туралы еңбектер жазды. Оның Важнейшее условие интенсфикации (1983 ж.), Стальной профиль Казахстана(1985 ж.), Экономика Казахстана: реальность и перспективы становления(1988 ж.) атты еңбектері жарыққа шықты.
Қазақстанның болашақ көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев партиялық органдардың қаржылық қызметін тексерумен айналысатын КОКП Орталық тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды. Ал, КОКП ХХVII съезінде (1986 жылғы) КОКП ОК мүшесі,КОКП XXVIII съезінде (1990 жылғы) - КОКП ОК Саяси бюро мүшесі болып сайланды. 1979 жылы Қазақстан коммунистік партиясының ОК хатшысы болып сайланады.
Біраз қиын жолдардан өтіп, елеулі жұмыстар атқарғаннан кейін,1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың тұңғыш Президенті болып сайланды. Осы атаулы оқиғадан кейін қазақ елі өзінің аңсаған тәуелсіздігін алып, өзінің елеулі де біртуар азаматын көшбасшы етіп сайлады. Халқының өзіне артқан үлкен үмітін Елбасымыз осыдан соң орындай бастады.
Мемлекет те тірі организм іспеттес. Мемлекет тіршілігінде тыным, дамыл, тоқтау жоқ. Оған күнде қорек қажет. Оның тамырын үздіксіз ұстап, қан айналысының, жүрек соғысының дұрыстығын, кінәратсыздығын үнемі бақылап отыру - мемлекет басшысының басты міндеті, борышы.
Сондықтан да үміт артқан ері халқы алдында борышын орындады. Ол өз халқының тілін, дінін, егемендігін қайтарып берді. Ол Қазақстан Республикасын алға тартып, әлемдік аренаға шығарып, қазақ халқын дүние жүзіне таныстырып, оның тарихын, салт-дәстүрін паш етті. Қазақ елі өзін өзі басқа елдерге таныту арқылы аймақтық, құрлықтық, континенттік, дүниежүзілік халықаралық ұйымдарға мүше болып, сол мүшелерде өз орнын тұрақты айшықтап бере алды. Ұлттық мемлекетіміздің жаңа шаңырағы көтеріліп, оның рәміздері Туы, Әнұраны, Елтаңбасы және ұлттық Ата Заңы, ұлттық валютасы - Теңге өз күшіне енді.
Жаңа Астана, Есіл бойында, өзінің әсем ғимараттарымен бой көтеріп, қазақ елінің мәртебесін көтерді. Астананың салынуы - еліміздің тұңғыш Президентінің қазақ мемлекетін қуаттандыру жолындағы теңдесі жоқ дәуірлік ерлігі. Қазіргі уақытта Астана мен Президент есімі ел назарында егіз ұғым болып қалыптасқан, себебі осы қаланың дағдарыс уақытында, басқалардың наразылығына қарамастан салынуына зор үлесін қосып әрі сәулетін жасаған Елбасы болды.
Президентіміз мемлекет құрылымдарының күретамырларын сауаттылықпен жүргізе алатын білікті, тәжірибелі адамдардан мемлекеттің жауапты, жоғары лауазымды қызметкерлерін іріктеп, оларды мемлекет ісіне ұйымдастыруға айрықша күш салды.
Н.Назарбаев 21 жыл президент болып келе жатыр. Осы 21 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі - сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді. Тіпті макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, өнеркәсіп жанданып, қаржы - бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. 1995 жылы тамыз айында еліміздің Негізгі Заңын қабылдап, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның құндылықтарын конституциялық нормаларға айналды.
Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы инситуттары мен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикамызда ауылдарды, шағын қалаларды, қалаларды дамытуға, тұрғын үй құрылысын дамытуға, егер де бір кәсіп ашамын десең, белгілі бір теңгеде несие беріліп, ал мамандық иесі боламын десең, белгілі мерзімде оқуға жіберуге және тағы сондайларға бағытталған ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асырылуда. Елбасымыздың осылайша мемлекетті басқаруының арасында Дүниежүзілік сарапшылар арасында Қазақстандық үлгі термині пайда болды. Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды.
Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Назарбаев көбінесе мәдениеттердің, өркениеттердің дамуына көп көңіл бөлді.
2. Н. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптастырудың алғышарттары мен маңызы, теориялық негіздері мен жолдары, ерекшеліктері мен билікке келу кезеңдері

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы әлем тарихының басты оқиғасы ретінде тарихқа енген КСРО сияқты алып империяның күйреуі нәтижесінде пайда болған елдердің бірі - Қазақстан Республикасы халқының, бірінші кезекте қазақ халқының алдында жаңа мемлекет қалыптастыру міндеті тұрды. Мұндай аса күрделі істің басында, ел тағдыры шешілер сәтте атқарылар ауқымды жұмыстардың қайнар көзінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрғандығы белгілі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, яғни жаңа мемлекеттіктің іргесін қалаушы ретінде, оның еңбектеріне деректанулық талдау жасау, Н. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта қалыптасырудың алғышарттары мен маңызын анықтап, теориялық негіздерін жасағандығын және жолдары мен кезеңдерін айқындап, ерекшеліктерін көрсеткендігін дәлелдейді.
Жаңа мемлекет құру ісінің өте қымбатқа түсетін, аса күрделі іс екендігін Н. Назарбаев КСРО-ның кезінде-ақ жете түсінген және оны ашық айтқан. Мысалы, ол өзінің 1991 жылдың наурыз-сәуір айларында, демек КСРО-ның күйреу қарсаңында дайындаған "Әділеттің ақ жолы"-атты кітабында одақтас республикалар арасында сол кезде ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстарды үзудің бәрі үшін де қатерлі екендігін айта келе: "Оның үстіне бір-біріне мүлде тәуелсіз, жаңа мемлекеттерді құру дегеніңіз де өте қымбатқа түсетін іс екенін дәлелдеп жатудың сірә, керегі бола қоймас"-деуі соның дәлелі [114, 257 б.].Дегенмен, көп ұзамай-ақ тағдыр оны дәл сол "өте қымбатқа түсетін", жаңа мемлекет құру ісімен айналысуға мәжбүр етті.
Н. Назарбаевтың қандай жағдайда жаңа мемлекет құру ісімен айналысуына тура келгендігін түсіну үшін, КСРО ыдырағаннан кейінгі Қазақстанда қалыптасқан жалпы жағдайды объективті суреттеп берген "Азия асқарларынан" үзінді келтірейік. Онда: "Кеңестен кейінгі елдердің басым бөлігі сияқты, Қазақстан да қайырым білмес жүйелік дағдарыстың жылымына батып жүре берді. Алып империяның күйреуімен бірге бәрі де: үйреншікті байланыстар, өмір салты және адамдық құндылықтар қирап түсті. Бұрынғы Одақтан мұраға қалған дерттерге енді ортақ идеологиямен, экономикамен және инфрақұрылыммен бекемделген біртұтас ағзаның қирауына байланысты шыққан жаңа дерттер қосылды. Соның өзінде де Қазақстан басқалармен салыстырғанда аса бір қиын жағдайда қалған болып шықты.
Оның өзіндік себептері де бар. Елді меңдеп алған дағдарыс кеңестік жоспарлы экономиканың қойнауларында баяғыдан сыздауықтай пісіп келе жатқан ауқымды дағдарыстың тікелей жалғасы және салдары еді. Қазақстанға дәл осындай мұра қалды: жантәсілім ете бастаған эканомиканың жарқыншағы, тозығы жеткен инфрақұрылым, әлемдік стандарттарға маңайламайтын кәсіпорындар мен құрал-жабдықтар, экстенсивті ауыл шаруашылығы және азып-тозған ауыл, ақыр аяғында, білікті мамандар мен тәжірибелі басқарушылардың тапшылығы"- дей келе, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ауыр ахуал мен оның салдары туралы: "Кеңестік кезеңнен қалған мемлекет басқару жүйесінің быт-шыты шықты. Экономиканың белі бүгіліп кетті. Оның көлемі 55 пайызға кеміді. Қазақстанның қаржысы да, өнім өткізетін рыногы да жоқ еді, сондықтан кәсіпорындардың бәрі дерлік тоқтады. Дүкендерден азық-түлік пен ең зәру заттар табылмайтын. Адамдар жалақы мен зейнетақыны айлар бойы алудан қалды. Елді жаппай жұмыссыздық жайлады. Жойдасыз инфляция әбден шегіне жетіп, жұртшылықтың тапқан-таянғанын жалмап жатты. Қылмыс өсіп кетті.
Ел қауіпсіздігінің мәселелері де оңай емес-ті. Шекаралардың аты бар да заты жоқтығы, қуатты ядролық арсеналдың қолда тұруы, көмірсутектерінің мол қоры және жағдайы тұрақсыз өңірдің дәл ортасындағы геосаяси орналасу ұлттық қауіпсіздікке әдәуір қатер болатын. Егер бұған аса ауқымды аумаққа шашырай орналасқан халықтың этностық құрамы бойынша ала-құлалығын, әскердің әлсіздігін қоссаңыз, қалыптасқан жағдайдың қаншалықты күрделі екендігі көрінеді"- деп баяндалған [102, 21 б.].
Міне, осындай, қазіргі қазақстандықтардың басым бөлігі әлі ұмыта қоймаған ауыр жағдайда, Елбасына жаңа мемлекет қалыптасыру сияқты аса күрделі істің басында тұруына тура келді. Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның бұл мәселеге ел тағдыры үшін шешуші маңызы бар мәселе ретінде қарап, оған ерекше көңіл бөлгендігін, оның бар маңызын жете түсініп, үлкен жауапкершілікпен және жан-жақты ізденістер негізінде, терең теориялық дайындықпен келгендігін көрсетеді.
Дегенмен, Н. Назарбаев өзінің жаңа мемлекет құрудың теориялық негіздері туралы ойларын 1996 жылдың басында жариялаған "Ғасырлар тоғысында" және 1999 жылы жариялаған "Тарих толқынында" атты еңбектерінде кеңінен баяндаған. Алғашқысында КСРО-ның күйреу себептері мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жүріп өткен жолды пайымдай отырып Н. Назарбаев: "Нағыз саясатшыға ең кемі үш қасиет керек: теориялық дайындық, экономикалық қызмет тәжерибиесі, қабылданған шешімнің орындалуына жауапкершілік" - дейді [126, 127 б.]. Өмір Н. Назарбаевтың саясаткерлерге қажет осы және т.б. қасиеттердің бәрін де өз бойына сіңіре білгендігін көрсетіп отыр.Солардың бірі - Елбасының жан-жақты теориялық дайындығы.
"Қазақстанның болашақ мемлекеттілігінің негізгі сипаттары менің ұғымымда 1991 жылға жетпей тұрып-ақ қалыптаса бастағанды"-дейді Нұрсұлтан Әбішұлы "Ғасырлар тоғысында" [126, 128 б.]. Дегенмен, ол кезде Елбасы Қазақстанды жеке дербес мемлекет ретінде емес, егемен мемлекеттер федарациясының құрамында болады деп ойлаған және соған дайындалған. Өйткені бәріде соған қарай келе жатқандай еді. Бірақ, 1991 жылғы тамыз оқиғасы бәрін де күрт өзгертті. Түбірімен өзгеше жаңа жағдай қалыптасты. Енді бұрынғы одақтас республикалар алдында, оның ішінде Қазақстанның да, өздерінің ұлттық мемлекеттігін қалыптасыру қажеттілігі тұрды.
Тарихшы Көшім Есмағамбетұлы Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық мемлекеттігіміздің теориялық негіздерін жасаудағы рөлін: "Н.Ә. Назарбаев - мемлекеттік егемендігімізді қамтамасыз етудің қайнар күші, даму жолдары және Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі мемлекетаралық қарым-қатнаста алатын орнын анықтауға арналған бірнеше зерттеу еңбектерінің авторы. КСРО жаңартылған отаршылдықтың негізін қалаған, ұлттар теңдігін сөз жүзінде ғана мойындап, ал шын мәнінде, қазақ, өзбек, қырғыз т. б. халықтарды түрлі жолдармен ұлтсыздандыру, олардың этникалық бірлігін жою және орыстандыру саясатын жүргізген империя болғаны мәлім. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның кеңес дәуіріндегі осы даму ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасады және отандық қоғамтанушы ғалымдар арасында ең алғашқылардың бірі болып теориялық-методологиялық пайымдауларын алға тартты"-деп, жоғары бағалады [108].
Н. Назарбаев өз еңбектерінде, ең алдымен, тәуелсіздікке ие болған бұрынғы одақтас республикалар халықтарының өз мемлекеттілігін құру ісіндегі негізгі ерекшеліктерін атап көрсетті. Оның айтуынша: біріншіден, "Бұрынғы КСРО республикаларының өз мемлекеттілігін құру процесі құралақан жерден басталған жоқ. Халықтар кеңес жылдарында да ондай үміттен күдер үзген жоқ. Қуғын-сүргінге қарамастан, өз мемлекеттілігін жаңғырту жолындағы күрес мысалдарын кеңес халықтары тарихынан көптеп табуға болады" [126, 128-129 бб.]. Иә, ондай мысалдарды қазақ халқының тарихынан да көптеп келтіруге болады. Алдымен патша үкіметінің, кейіннен кеңес өкіметінің тарапынан жүргізілген үздіксіз қуғын-сүргінге қарамастан қазақтар, бір кезде әр түрлі себептермен айырылып қалған, өзінің ұлттық мемлекеттілігін қайта қалпына келтіру жолында жүргізген күресін еш уақытта да тоқтатқан жоқ. ХІХ ғасырдағы Кенесары - Махамбеттің, ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет үшін күресі 1986 жылы "Желтоқсанға" ұласқандығы тарихи шындық.
Сонымен, қорыта айтсақ, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында мүмкін болған тәуелсіз мемлекеттігімізді қайта қалпына келтіру сияқты аса күрделі де қиын, маңызды да жауапты, тарихи да тағдырлы істің басында тұрған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның мемлекет құру барысында, осы істің теориялық негіздерін қалап, оның жолдары мен ерекшеліктерін, негізгі кезеңдері мен алғышарттарын ғылыми дәйектілікпен көрсете білгендігін дәлелдейді.
Біріншіден, жаңа мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы көксеген ұлттық мемлекет құру туралы армандарының орындалуы болса, екіншіден, бұл тарихи тамыры тереңде жатқан бұрынғы мемлекеттеріміздің жаңадан жаңғыру еді. Үшіншіден, Қазақстан бір жүйеден екінші жүйеге өтуде революциялық емес, эволюциялық жолды таңдаған. Төртіншіден, жаңа жағдайға сәйкес жаңа мемлекет қалыптастыра білуде ескі мемлекеттік машинаны дұрыс пайдалана білу тактикасы өзін толық ақтаған. Бесіншіден, ең бастысы, жаңа қалыптаса бастаған ұлттық мемлекеттің тағдыры, сол мемлекеттің негізін қалаушы қазақ халқының қолында екендігін, өз кезегінде қазақ халқының тағдыры, сол мемлекеттің беріктігімен тікелей байланысты екендігін дәлелдеген.
Н.Ә. Назарбаевтың жасаған тұжырымдарының айқын дәлелі өмірдің өзі. Қазақстан халқының, қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін құру ісіндегі бүгінгі күні қол жеткізген табыстары. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихының келешек зерттеушілері ескеруге тиіс маңызды фактор.

3.Н. Назарбаев еңбектері Қазақстан Республикасында президенттік билік институтының пайда болу және қалыптасу

Жаңа, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігі тарихының бұрын-соңды қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттер тарихынан басты ерекшеліктерінің бірі - оның саяси жүйесінде президентік басқару институтының қалыптасуы болды. "Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері"-деп аталатын оқулықта: "Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің өзегі. Ал, қоғамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1990 жылдағы Қазақстандағы тарихи өлкетану жұмыстары
Жоба авторы
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан
Тарих толқынындағы және жаңа дәуірдегі Қазақстан
Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны
Қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптау
Н. Назарбаевтің саяси портреті
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі
Пәндер