Психологиялық дамуында ауытқуы бар балалар



Кіріспе

1. Психологиялық дамуында ауытқуы бар балалардың таным қабілеттерінің ерекшеліктері
2. Психологиялық дамуында бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіріудің ең маңызды буыны отбасы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі кезеңде арнайы беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып,өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту – түзету (коррекциялық) жұмыстарының , сондай – ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш бойынша 35 процентке жуығын нервтік – психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев, П.Е.Сухарева, В.И.Лубовский т.б. бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.
1. Иншаков О.В Развитие и корр. графо- моторных навыков у детей 5-7 лет. Корр.Пед(Владос) 2005г.
2. Козлова В.М. Психол.коррекция умственного развития школьников. Академия.2001г.
3. Дружинин В.Н. Психология – Питер; 2002.
4. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
5.Никуленко. Коррекционная педагогика высшие образования. Растовка Дону: Феникс. 2006.-456С
6.Мишина Г.А. Моргачева Е.Н. Коррекционная педагогика. Москва. 2007.-257C
7.Кузнецов Л.В.Особенности мотивационно – волевой готовности детей С ЗПР к школьному обучению// Дефектология. 2005. — №4.
8.Торшин О.В. Жулина Е.В.Логопсихология. Москва. 2005.-349С
9.Мастюкова Е.М. Ребенок с отклонениями в развитии. Москва: Просвещение. 1992.-414С
10.Забранная С.Д. развитие ребенока в ваших руках. Москва. 2000.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Психологиялық дамуында ауытқуы бар балалардың таным қабілеттерінің ерекшеліктері
2. Психологиялық дамуында бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіріудің ең маңызды буыны отбасы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезеңде арнайы беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып,өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту - түзету (коррекциялық) жұмыстарының , сондай - ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш бойынша 35 процентке жуығын нервтік - психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев, П.Е.Сухарева, В.И.Лубовский т.б. бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникасы, психикалық және физикалық дамудың кешеуілдеуіндегі инфантилизм ретінде белгілі. Психикалық дамудың кешеуілдеуін кешенді зерттеумен оқыту дефектология ғылымына 60 - жылдардың ХХ ғасырдан бастап өз бастауын алды. Осыдан бері өз қызметін атқарып келеді.
Балалардың ақыл - ой дамуындағы жеңіл ауытқулары Психикалық дамудың кешеуілдеуі деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл кемшіліктің негізгі себебі: бала миының әлсіз түрдегі яғни органикалық зақымдауымен, сондай - ақ іштен туа пайда болған, туылу кезіндегі зақымданулар жатады. Сонымен бірге дамудың кешеуілдеуі жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы және соматикалық жағдайлармен, бас миының жарақаттануымен, эндрокриндік жүйенің бұзылуымен байланысады.
Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі-арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып,оны жаңаша бағыттта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

1. Психологиялық дамуында ауытқуы бар балалардың таным қабілеттерінің ерекшеліктері

Дамуында ауытқуы бар балалар еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды, лайықты өмір сүруіне көмек беретін ерекше күтім, білім және әлеуметтік ортаға бейімделуге, мемлекет тарапынан көмек көруге және білім алуға құқылы. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңының 5-бабы, 1-тармақшасында айтылған.
Сонымен қатар Елбасының әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде қоғамның әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму ауытқуы бар балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын үдемелі жақсартуда, сол себепті дамуында ауытқуы бар азаматтарға адамгершілік тұрғысынан мән беріліп, халықаралық және отандық педагогика мен медицинаның ғылыми-практикалық шектесуінде коррекциялық тәрбие жүйесін құрудың бір мүмкіндігі шектелген жандар үшін қажеттілігі атап айтылды.
Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалар жан-жақты клиникалық, психологиялық және педагогикалық бағыттарда зерттелген, оның клиникалық белгілері анықталған. Дамуында ауытқуы бар балалардың клиникалық түрлерінің жіктелу негізінде генетикалық өзгерістер мен олардың әсерінен туындайтын клиникалық белгілер алынған. Бұл өзгерістерді білікті мамандар немесе медициналық, педагогикалық және психологиялық коммисиялардың мүшелері ғана анықтай алады. Дамуында ауытқуы бар балаларға тән белгілер:
-- тез жалығу және шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;
-- сезім мен еріктің жетілмеуі;
-- жалпы мәлімет мен елестету қорының шектелуі;
-- сөздік қорының жеткіліксіздігі интеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы;
-- ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;
-- қабылдаудың баяулауы;
-- сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы;
-- ақыл-естің барлық түрлерінің бұзылуы;
-- сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы;
-- өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі.
Осы өзгерістердің дәрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу, оқыту және түзету жолдарын айқындайды. Сонымен дамуында ауытқуы бар балаларда жиі кездесетін белгілері: енжарлық, қызықпаушылық, өз-өзіне сенбеушілік тезжалығу, шаршау, бастаған ісін аяқтамау, ынта-жігерінің төмендеуі - бұл жоғары жүйке жүйесінің қызметінің негізі болып саналатын қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдік заңдылықтарының бұзылуынан төмендейді. Осымен қатар кейбір балаларда көру, есту, сезіну, қимыл-қозғалыс талдағыштарының әрекеті де жетілмеген. Сондықтан 5-8 жастағы балалар арасындағы кездесетін дамуында ауытқуы бар балалар жан-жағындағы өзгерістерге мән бермеу, оқуға талпынбау, дене қимылының, саусақтарының, координацияларының бұзылуы, баланың тез шаршауы, қарындаш, қаламсаппен жұмыс істей алмауы, тіл мүкістіктері, сөздік қорының аздығы, есте сақтау, ойлау әрекеттерінің жетілмегені сияқты белгілерімен білінуі мүмкін. Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез-құлықтарымен және іс-әрекеттерімен ерекшеленеді.
Дамуында ауытқуы бар балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. Эмоционалды ерікті дамудың жеткіліксіздігі органикалық инфантилизммен көрінеді. Балаларда дені сау балаға тән эмоцияның жылдамдығы мен айқындығы байқалмайды. Дыбыстау жеткіліксіздігі, ол кейде кейбір балалардың бір жұп дыбыстарды қабылдауына байланысты. Дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп. Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
-- баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
-- шаршап кетпеуін анықтау;
-- оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
-- сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
-- ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
-- арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
-- жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Дамуында ауытқуы бар балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады. Психолог, педагог, тәрбиеші, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзете дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді.
Дамуында ауытқуы бар баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Таным қабілеті бірнеше кезеңдерден өтеді. Дамуында ауытқуы бар балалардың таным ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа бөліп қарастырады:
1. Бұл ойлау қабілетінің дамуы қалыпты болғанымен танымдық қабілетінің төмендігін көрсетедін балалар;
2. Бұл танымдық қабілеті және тапсырманы орындау белсенділігі бірқалыпсыз балалар;
3. Танымдық қабілетінің дамудан тыс қалған тапсырманы орындау деңгейі өте төмен балалар.
Танымдық қабілет (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері қалыптасады. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құштарлық тапқырлық, әзденімпаздық сияқты жағымды, болымды жақтары жетіле түседі. Балалар өздерінің қимылдық әрекеттерін бағдарлай да,бақылай да алмайды. Көп жағдайда моториканың бұзылуы, сондай - ақ, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау операцияларының бұзылулары жиі кездеседі. Қимылдың жетіспеушілігінде - тактиль мен кинестетикалық түйсінулерінің бұзылыстары орын алады. Кеңісті бағдарлауының функцияларының бұзылысы да бар.
Дамуында ауытқуы бар баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі қалыптастырып, жақын эмоционалды көріністерді тудыратын, ой-өрісін кеңейтетін материал алынады. Дамуы баяу балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын жай бөліп қоймай, керісінше жалпы дамуға бағытталған жаңа бағдарлама (баланың қоршаған ортаға бейімделуі, мінез-құлық ерекшелітері, өзін-өзі төмен бағалауы, қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы, өз күшіне деген сенімсіздігі, белсенділігі төмен) құруды талап етеді. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру.

2. Психологиялық дамуында бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіріудің ең маңызды буыны отбасы

Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.
Мәселен, "Отбасы - семья, үй деген сөздің синонимі" ( 1, 615 ), яғни біроттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.
"жанұя -- өмірдегі туысқандық қарым - қатынастық ортақ белгісі" (2, 43)
"Үйелмен - ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы" (3,334)
"Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы" (4,126)
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз - адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы -- қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Күрделі дамуында ауытқуы бар балалар
Дамуында ауытқуы бар балалар
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Гидроцефалиядан асқынған олигофрения
Дамуында бұзылыстары бар балалардың білімін бағалау
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Арнайы педагогика туралы
Пәндер