География сабақтарында және сабақтан тыс кезде оқылатын экология мәселелері



Мазмұны

Кіріспе

1 тарау. Оқушыларға экологиялық білім беріп, тәрбиелеу негіздері.
1. Қазіргі ғылыми.техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайындағы экологтялық проблемалар.
2. Экологиялық білім беріп тәрбиелеудің мәні.
3. Мектеп оқушыларының табиғатқа деген көзқарасын дамыту.
4. Мектеп оқушыларын табиғатты қорғау жөніндегі нақты іс.әрекеттері.

2 тарау. География сабақтарында және сабақтан тыс кезде оқылатын экология мәселелері.
1. Географияны экологияландыру.
2. География сабақтарында экологиялық тәрбие беру.
3. Экология жөніндегі сабақтан тыс тапсырмалар.

Қорытынды.
Кіріспе
Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
Табиғат байлықтарын қорғау және тиімді пайдалану жөнінде алға қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып табылады.
Өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі айтарлықтай артады. Бұған қарап табиғатты қорғау үшін өндірістің көлемі мен қарқынын тежеу керек деген. Бұл жерде әңгіме адамның табиғатпен арақатынасын дұрыс жолға қою мәселесі туралы болмақ.
Ал табиғатпен қарым-қатынасты дұрыс жолға қою дегеніміз – бұл табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемі пайдалану , сондай-ақ шаруашылықты ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан қанша қажет болса, тек сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар жасау деген сөз. Адам табиғат байлығын шектен тыс рәсуа етсе, онда ол табиғаттың өзін-өзі қалпына келтіру қабілетін жояды.
Адам мен табиғаттың соншалық нәзік байланысына иненің жасауындай болса да зақым түссе, бұл адамзаттың Жер бетінде биологиялық түр ретінде өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады.
Адамның табиғатқа бағытталған өзімшіл шабуылынана туындайтын кесапат зардаптарды болдырмау үшін ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, экологиялық және басқа бірқатар проблемаларды шешу керек. Бұлардың арасында педагогикалық, тәрбиелік мәселелер алғы шептен орын алады.. Неге десеңіз, өсіп келе жатқан ұрпақ мектеп қабырғасында жүріп айналадағы табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтауға, онымен ғылыми тұрғыда қарым-қатынас жасауға дайындалуы тиіс.
Міне, сондықтан да оқу құралдарын «экологияландыру» идеясы (былайша айтқанда, оның мазмұны мен сабақ жүргізу методикасында мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндеттері көрініс табуы) бүгінгі таңда соншалық маңыз алып отыр.
«Экология» деген сөз «тіршілік ету мекені», «өмір сүрген орта туралы ғылым» дегенді білдіреді. Оны немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрнест Геккель тұңғыш рет 1869 жылы ғылыми сөздік қорға қосты. Ол экологияның зерттейтін заты тіршіліктің айналадағы ортамен байланысы болуға тиіс деп есептеді.
Қазіргі заманғы ғылымда «экология» деген сөздің түсінігі тек биологиялық мағынамен шектелмейді. Қазір экология табиғаттағы адамның мінез-құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылыдырып отыр.
Сондықтан да жастарды айналадағы табиғи ортамен тиімді байланыс жасауға үйрету, оларда экологиялық саналы тәртіп қалыптастыру жалпы білім беретін мектептердің аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Мектеп оқушылары алғашқы экологиялық білімді көптеген пән оқулықтарынан бағдарламалық оқу процесінде алады. Алайда қазіргі оқу құралдарында қоғам мен табиғаттың өзара байланыс проблемалары жан-жақты, терең жазылмаған. Міне, сондықтан да мұндай жағдайда қосымша әдебиеттердің керектігі өз-өзінен түсінікті.
Бұл көмекші құрал 2 тараудан тұрады. Оның алғашқысында айналадағы ортаны қорғаудың маңызы табиғаттың заңдылығы мен шынайы құндылығы және оны қорғай білудің қажеттілігі туралы баяндалады.
Бұл тарауда автор табиғатты қорғау идеясын насихаттауға, оқушылардың теориялық білімді іс жүзінде пайдалана білуіне едәуір назар аударды.
Келтірілген мысалдар экология жөніндегі тәрбиеге қатысты мектепте өткізілген және сабақтан тыс жүргізілген жұмыстардың бірлігі мен бірін-бірі өзара толықтыруы осы екінші тараудың желісіне арқау болды. Негізінен алғанда, мұндағы мысалдар нақты өмірден, күнделікті жұмысбарысынан алынды. Бұған автордың көптеген жылдар бойы астаналық облыс пен Алматы қаласындағы мектеп терде қызмет атқаруы да себепкер болды.
«Мектеп оқушыларына география сабағында және сабақтан тыс уақытта экологиялық тәрбие беру» бөлімінде автор Қыздар педагогика институты студенттерінің практика кезінде өткізген сабақтары мен көш, үйірме, ойын-сауық материалдарын кеңінен пайдаланды.
Мұнымен қатар методикалық газет, журналдар мен педагогикалық әдебиеттердің материалдары да кеңінен қамтылды,
Автор, әрине, мұнда оқушыларға экологиялық тәрбие беру проблемалары жан-жақты, толық қарастырылды дей алмайды. Бұл еңбектің негізгі мақсаты педагогикалық жоғары оқу орындары студенттері мен мектеп мұғалімдеріне оқушыларды айналадағы ортаны көздің қарашығындай күтіп ұстауға т әрбиелеудің, табиғаттағы өзара байланыстарды түсінуге тәрбиелеудің мүмкін болатын жолдарын көрсету болып табылады.

Мазмұны
Кіріспе
1 тарау. Оқушыларға экологиялық білім беріп, тәрбиелеу негіздері.
1. Қазіргі ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайындағы
экологтялық проблемалар.
2. Экологиялық білім беріп тәрбиелеудің мәні.
3. Мектеп оқушыларының табиғатқа деген көзқарасын дамыту.
4. Мектеп оқушыларын табиғатты қорғау жөніндегі нақты іс-әрекеттері.
2 тарау. География сабақтарында және сабақтан тыс кезде оқылатын экология
мәселелері.
1. Географияны экологияландыру.
2. География сабақтарында экологиялық тәрбие беру.
3. Экология жөніндегі сабақтан тыс тапсырмалар.
Қорытынды.

Кіріспе
Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді
пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
Табиғат байлықтарын қорғау және тиімді пайдалану жөнінде алға
қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды
жасау үшін табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып
табылады.
Өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс
қалдықтарының көлемі айтарлықтай артады. Бұған қарап табиғатты қорғау үшін
өндірістің көлемі мен қарқынын тежеу керек деген. Бұл жерде әңгіме адамның
табиғатпен арақатынасын дұрыс жолға қою мәселесі туралы болмақ.
Ал табиғатпен қарым-қатынасты дұрыс жолға қою дегеніміз – бұл
табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемі пайдалану ,
сондай-ақ шаруашылықты ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан қанша қажет
болса, тек сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар жасау
деген сөз. Адам табиғат байлығын шектен тыс рәсуа етсе, онда ол табиғаттың
өзін-өзі қалпына келтіру қабілетін жояды.
Адам мен табиғаттың соншалық нәзік байланысына иненің жасауындай
болса да зақым түссе, бұл адамзаттың Жер бетінде биологиялық түр ретінде
өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады.
Адамның табиғатқа бағытталған өзімшіл шабуылынана туындайтын кесапат
зардаптарды болдырмау үшін ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, экологиялық
және басқа бірқатар проблемаларды шешу керек. Бұлардың арасында
педагогикалық, тәрбиелік мәселелер алғы шептен орын алады.. Неге десеңіз,
өсіп келе жатқан ұрпақ мектеп қабырғасында жүріп айналадағы табиғи ортаны
көздің қарашығындай сақтауға, онымен ғылыми тұрғыда қарым-қатынас жасауға
дайындалуы тиіс.
Міне, сондықтан да оқу құралдарын экологияландыру идеясы (былайша
айтқанда, оның мазмұны мен сабақ жүргізу методикасында мектеп оқушыларының
экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндеттері көрініс табуы) бүгінгі таңда
соншалық маңыз алып отыр.
Экология деген сөз тіршілік ету мекені, өмір сүрген орта туралы
ғылым дегенді білдіреді. Оны немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрнест
Геккель тұңғыш рет 1869 жылы ғылыми сөздік қорға қосты. Ол экологияның
зерттейтін заты тіршіліктің айналадағы ортамен байланысы болуға тиіс деп
есептеді.
Қазіргі заманғы ғылымда экология деген сөздің түсінігі тек
биологиялық мағынамен шектелмейді. Қазір экология табиғаттағы адамның
мінез-құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылыдырып отыр.
Сондықтан да жастарды айналадағы табиғи ортамен тиімді байланыс
жасауға үйрету, оларда экологиялық саналы тәртіп қалыптастыру жалпы білім
беретін мектептердің аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Мектеп оқушылары алғашқы экологиялық білімді көптеген пән
оқулықтарынан бағдарламалық оқу процесінде алады. Алайда қазіргі оқу
құралдарында қоғам мен табиғаттың өзара байланыс проблемалары жан-жақты,
терең жазылмаған. Міне, сондықтан да мұндай жағдайда қосымша әдебиеттердің
керектігі өз-өзінен түсінікті.
Бұл көмекші құрал 2 тараудан тұрады. Оның алғашқысында айналадағы
ортаны қорғаудың маңызы табиғаттың заңдылығы мен шынайы құндылығы және оны
қорғай білудің қажеттілігі туралы баяндалады.
Бұл тарауда автор табиғатты қорғау идеясын насихаттауға,
оқушылардың теориялық білімді іс жүзінде пайдалана білуіне едәуір назар
аударды.
Келтірілген мысалдар экология жөніндегі тәрбиеге қатысты мектепте
өткізілген және сабақтан тыс жүргізілген жұмыстардың бірлігі мен бірін-бірі
өзара толықтыруы осы екінші тараудың желісіне арқау болды. Негізінен
алғанда, мұндағы мысалдар нақты өмірден, күнделікті жұмысбарысынан алынды.
Бұған автордың көптеген жылдар бойы астаналық облыс пен Алматы қаласындағы
мектеп терде қызмет атқаруы да себепкер болды.
Мектеп оқушыларына география сабағында және сабақтан тыс уақытта
экологиялық тәрбие беру бөлімінде автор Қыздар педагогика институты
студенттерінің практика кезінде өткізген сабақтары мен көш, үйірме, ойын-
сауық материалдарын кеңінен пайдаланды.
Мұнымен қатар методикалық газет, журналдар мен педагогикалық
әдебиеттердің материалдары да кеңінен қамтылды,
Автор, әрине, мұнда оқушыларға экологиялық тәрбие беру проблемалары
жан-жақты, толық қарастырылды дей алмайды. Бұл еңбектің негізгі мақсаты
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттері мен мектеп мұғалімдеріне
оқушыларды айналадағы ортаны көздің қарашығындай күтіп ұстауға т
әрбиелеудің, табиғаттағы өзара байланыстарды түсінуге тәрбиелеудің мүмкін
болатын жолдарын көрсету болып табылады.

1 тарау. Оқушыларға экологиялық білім беріп, тәрбиелеу негіздері.

1. Қазіргі ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайындағы
экологтялық проблемалар.
Қазіргі әлем табиғатының ғылыми түсінігі экологиялық проблемаларды
көрсетпейінше, бұлдыр болып көрінер еді. Бүгінгі таңдағы ғылым мен
техниканың, өндірістің жаңа салаларының пайда болып, адам еңбегінің
айналадағы ортаға ықпал күшінің орасан артуы нәтижесінде қоғам мен
табиғаттың өзара байланысы ең күрделі проблемаға айнала бастағаны
соншалық, адамның табиғатпен араласуы бұдан былай қомағайлық пен
рәсуәлікті көтермейді.
Осы заманғы ғылым мен техника адамның қолына ғаламат қуатты қару-
құрал беріп отыр. Ал мұның өзі қоғамның өндірістік қызметінің табиғаттың
тепе-теңдігін бұзуға әсерін керемет күщейтіп жібереді.
Осы өндіргіш күштердің Жер бейнесін тіпті өзгертіп жіберуге де
құдіреті жетеді. Жер байлығын ысырапсыз пайдалануға ұзақ жылдар бойы
үйреніп қалған адамзат табиғатзаңдарымен санаспайды. Оның ашкөздігі,
табиғат байлығын тиімді тұтына білмейтіндігі, өз әрекетінің айналадағы
ортаға қандай зардап тигізетінімен санаспайтындығы дүние жүзінде
қайталанбас экологиялық құбылыс туғызады.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары дүние жүзі халықтарының алдына қиын да
күрделі проблемаларды көлденең тартты. Оларды ғалымдық проблема дейді.
Неге десеңіз, ол ол тек жекелеген елдердің ған емес

2. Экологиялық білім беріп тәрбиелеудің мәні.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің
жеке дара элементі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа
жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және табиғат пен қоғам
арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгеруімен сабақатс қаралады.
Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер
етеді. Осылайша сабақ беру барысында олар экологиялық мәселелердің
тұтастығын ғылыми негізде қабылдайды, табиғат пен қайта түлеген ортаға
тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, дағдыны
меңгереді.
Экологиялық білім берудің мақсаты мектеп оқушыларының айналадағы
ортаны жай-күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін
ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып
табылады.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы,
оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді
меңгеру; оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды
дәлелдеп, орнықтыру; қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығ шексіз екенін
ұғындыру; табиғи ортада дұрыс жүріп-тұрудың нормаларын сақтау; табиғатпен
сырласа білу қабілетін дамыту; табиғатпен қайта түлеген ортаны жақсарту
жөнінлегі қызметті пәрмендірек ұйымдастыра түсу жатады. Міне, осы
міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың
табиғатқа деген жаңа мәдени қарм-қатынасын қалыптастыруға бағытталады.
Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланысын бірте-бірте аша түсу
әлемдік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарасы мен сенімін
тұжырымдап ,бекітеді. Біртұтас байланыстың себеп-салдары туралы экологиялық
білім, құрылымдық таңдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту оқушылардың
ақыл-ойын дамытуға бағытталған міндеттерді шешуді түбегейлі жақсарта
түседі.
Оқушылардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды парасаттылыққа
тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың
мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік жіне басқа гуманистік
ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласуы жеткіліксіздеу болса,
олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен
шектеушілікке душар болады. Табиғат, совет жазушысы С.Залыгиннің сөзімен
айтқанда , адамның ар-ұят сақтауына... табиғатты үнемі ана ретінде еске
алып отыруына көмектеседі.
Табиғат – сұлулықтың өмір-бақи тайсылмас қайнар көзі Сондықтан да ол
эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірінен саналады. Ал бұл
экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы
тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да
экологиялық жағы еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды
заңды түрде үйлестіріп отыратын еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны
толмас олқылықтар пайда болады.(К.Маркс)
Олай болса, тәрбие саласындағы экологиялық көзқарас педагогке ж еке
адамды қалыптастыруда табиғат сырын мейлінше толық пйдалануға, айналадғы
ортаның әлеуметтік табиғи фактордың өзара байланысына назар аударуға бағыт-
бағдар сілтейді.
Мектеп, сондай-ақ күллі білім беру жүйесі табиғатты бағындырудың
болашақтағы зардабын есепке алмай, тек жақын күндегі пайдасын ойлап,
табиғаттан кесіп алу дәстүрінен қол үзіп, ат құйрығын кесетін жас ұрпақты
даярлауға міндетті.
Экологиялық мәдениет адамда белгілі бір дәрежеде білім қорының
болуын,сенім мен моральдықмақсаттылықтың болуын, сондай-ақ оның табиғатты
көздің қарашығындай сақтау мәселесімен үйлесімді келетін практикалық іс-
әрекет жасауға дайын болуын қарастырады.
Прогресті педагогика жеке адамды қалыптастыруда табиғаттың ролі зор
екенін жоғары бағалай келіп, ...адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен
берік байланыста болған деген басы ашық пікірді тұжылымдай түседі.
Табиғатпен етене жақын өскен баланың орны мен маңызы туралы білім
беру жүйесіндегі ереже классикалық педагогикада дәлелденіп, одан әрі
дамытылды. Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистерверг сияқты ұлы педагогтардың
табиғат құралдарымен баланың адамгершілік сезімін нығайтудың педагогикалық
құндылығын атап өткені белгілі. Ал бұл адамның сүйкімді түйсік алып,
игілікті мінез-құлқының қалыптасуына ықпал етеді.
Орсы халқының В.Г.Белинский, А.Г.Герцен, Н.А.Добролюбов және басқа
ағартушылары теориядағы томаға-тұйық практицизм м ен утилитаризмге қарсы,
сондай-ақ табиғатты қалай болса солай, жәй оқып-үйрнуге, оған сұрқиялықпен
қарауға қарсы күресті.
Орыс халқының ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланың табиғатпен етене жақын
өсуін кең көлемде жүргізуге жұртты үндейді. Ол педагогикада табиғаттың
тәрбиелік ықпалы... болар-болмас дәрежеде бағаланғаны таңқаларлық нәрсе
деп қапаланды. Баланы табиғатпен етене жақын өсірудің тәрбиелік құндылығы
турасындағы оның пікірін А.Я.Герд, А.П.Павлов және басқалар өз еңбектеріне
байытып, дамыта түсті.
Классикалық педагогиканың идеяларын пайдаланған советтік мектеп пен
ғылыми педагогика адамның табиғатқа деген социалистік негіздегі жаңаша
қарым-қатынасын теория мен практикада жүйелі түрде іске асырып келеді.
Табиғатты оқып-үйрену мен оқушылардың орнымен тығыз байланыста болуына
іскерлік тұрғыда мән берілуде. Н.К.Крупская адамның табиғи ортаға деген
қарым-қатынасының қалыптасуы күнделікті қызмет барысында жүзеге асатынын
атап өтті. Даңқты педагогтың осы тұжырымын біздің еліміздегі жасөспірім
натуралистер қозғалысының жаппай дамуы айқын дәлелдеп отыр.
Табиғатты ақыл-ой және адамгершілік-эстетикалық тәрбие мақсатында
пайдалану жөніндегі В.А.Сухомлинскийдің терең тұжырымы да одан әрі дамытып
зерттеуге тұрарлық. В.А.Сухомлинский интеллектуалдық қажырлы еңбекке
жігерлендіріп тәрбиелеудегі табиғаттың ролін жан-жақты аша түсу міндетін
қойғанды. Мұндай өмір үшін табиғатпен байланыс жасаудың мүмкіндігі ұшан-
теңіз, - деп атап көрсетті ол. Оның шығармаларында қоршаған ортаны өз
еңбегңмен жақсартуға а т салысқанда ғана баланың табиғатқа қамқорлықпен
қарауы қалыптасатыны ашық та айқын көрініс тапты.

3. Мектеп оқушыларының абиғатқа деген
қарым-қаынасын дамыту.

Мектептегі оқу кезеңдері, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
қалыптасқан мүмкіндіктері, айналадағы ортаның әлеуметтік және табиғи
шынайы ақиқат жағдайы – міне, осының бәрі мктеп оқушыларының табиғатқа
деген қарым-қатынасының қалыптасуына, айналадағы ортаны сақтап, жақсартуына
лайықты ықпал етеді.
Енді балалардың жас ерекшеліктеріне қарай табиғатқа әсер ету
ерекшеліктеріне тоқталып көрелік.
Жас ұландар (9-11 жас). Олар көк-жасыл желекті күтіп-бапту керектігін
өсімдіктің өсуі бәрімізді де қуанышқа бөлейді, олардың өсіп-өнуі бізге
ұнайды, олар қаламызға сән береді, біздің айналамызды көріктендіре
түседі... деп түсіндіреді. Олар өсімдіктердің тиімділігін, мысалы,
ағаштан қарындаш пен сызғыш жасалады деген сияқтыларды жиі айта бермейді.
Бұл жастағы балалар ойнап жүргенде табиғатқа зиян келтіргенін ойнап
жүргенде бұтағы сынып кеттә деген тәрізді сөздермен түсіндіргісі келеді.
Олар табиғатты бүлдірмей, қайта оны қорғау керектігі жөнінде жақсы іс
тындыруды армандайды, өз қолдарымен бір нәрсе отырғызып, оны күтіп-баптап
өсіруге, орманғ зиян келтірмес үшін қалдық қағаздарды көбірек жинауға
өздерінің дайын екендерін білдіреді. Жеріміз көк жасыл желекке орануы үшін
әрбір адам 5-6 талдан отырғызу керек деп ұсыныс жасайды.
Ересек балалар (12-15 жас). Бұлар экономикалық проблемалардың
жалпыхалықтық, мемлекеттік маңызын тереңірек сезінеді. Табиғатпен қарым-
қатынас жасауда кездесетін кез келген өлермендікті, қаныпезерлікті,
өшпенділікті жек көреді. Табиғатты көздің қарашығындай күтіп сақтауды
бейбітшілік жолындағы күреспен, табиғат пен адамға соншалық көп қасірет
шеккізетін соғысты болдырмау жолындағы күреспен тығыз байланыстыра қарайды.
Осы жастағы мектеп оқушыларында, әсіресе қыз балаларда, табиғатқа
деген қарым-қатынас адамгершілік сезім тұрғысында ашық та айқын көрініс
береді. Мысалы, олар: табиғат - әлемдегі әсемдік байлық, адамға аса
қажетті нәрсенің бәрі де табиғатта сақталған, табиғаттың сұлулық
салтанатын бұзуға болмайды дейді өздерінің табиғатқа деген көңіл күйіе
білдіріп.
Бұл жастағы балаларда патриоттық сезім басым келеді. Мұны Отан
дегеніміз, ең алдымен, өзіміз туып-өскен жердің табиғаты, табиғатты
қорғау жөнінде менің қол ұшын беруім – бұл Отаныма көрсеткен көмек-
жәрдемім деген сөздерімен де дәлелдейді олар. Ересек балалардың өзі туып-
өскен өңірдің табиғатына деген ыстық ықыласы күнделікті нақты ісінен де
көрінеді. Олар тоғандар мен өзендерді тазалап, аулаларды көк жасыл желекке
бөлеу керектігі жөнінде жиі ұсыныстар жасайды. Мойылды сындырып бара
жатқан балалардың бұзақылығын тоқтатқанымды жақсы да, жағымды іс деп
бғалаймын, - деп жазады бір оқушы қыз. – Сұлулық пен сымбаттылыққа иненің
жасуындай болса да жөнсіз дақ түсіру дегеніміз, тек табиғатқа ғана емес,
сонымен бірге айналадағы ортаға, тіпті өзіңізге деген жауыздық болып
саналады.
Жоғары кластың оқушылары табиғаттан өзіңе керектіні алып қана
қоймай, сонымен қатар оған зәредей де зиян келтірмей, оны еш қиратып,
жоймай, өз тарапыңнан да беріп отырудың қажеттілігін атап өтеді. Олардың
бір сыпырасы Жер-ананы жүз жылдан кейін емес, дәл қазір көк жасыл
орманға айналдыру керек екенін армандайды.

4. Мектеп оқушыларының табиғат қорғау жөніндегі
нақты іс-әрекеттері.

Мектеп оқушылары табиғат қорғау қозғалысы мен айналадағы ортаны
қорғау жөніндегі қоғамдық-өндірістік еңбекке белсене араласады. Олар –
табиғат қорғаудың республикалық қоғамның пәрменді мүшелері. Мысалы, табиғат
қорғаудың советтік қоғамы қатарына 15 миллион мектеп оқушылары бар.
Олардың көбі мектептерде жұмыс істейтін ориан өсірушілер үйірмесінің,
көк орман күзетшісі, жасыл желек сақшысы үйірмелерінің, өлке танушы
туристтер үйірмесінің жұмыстарына қызу ат салысып жүр.
Еліміздегі сан алуан, аймақтардағы өндірістік бейнесі мен табиғаты
қаншалықты бай, қаншалықты кең тынысты болса, табиғат қорғау мен айналадағы
ортаны жақсарту саласындағы оқушылар мен жастардың нақты іс-әрекеттері
де соншалық нәтижелі болмақ. Мысалы, Душанбе мен Ақтау қалаларында шөл,
шөлейт аймақтардың жағдайын жақсарту жас натуралистер станциялары мен
үйірмелердің жұмысы қызғылықты ұйымдастырылған. Москва мен астаналық
облыстың мұғалімдері балалар арасында әр түрлі тартымды жұмыстар
ұйымдастыруда. Мысалы, олар практикалық сабақтарды, еңбек пен демалыс
лагерін, Шыпша, Ақ қайың шырыны, Құмырсқа деп аталатын және басқа
еңбектік қам-қарекеттерді ашық аспан аясында, далада өткізіп, оқушылардың
жан-жақты экологиялық білім алуына күш салып келеді. Сөйтіп оқушылар өз
кезегінде экологиялық оқудың соқпақ жолын салып, шағын қорықтарды,
мектептің бағы мен тынымбағын құруда.
Қазіргі кезде біраз жылдан бері қоғамдық жорықтар ұймдастырылып
тұрады. Мұндай сапарлар Кіші өзендердің кернеуі толып, суы мол болсын!
Жер байлығын сақтап, оны тиімді пайдаланайық! Мектеп орманының байқауы
баянды болсын! деген сияқты ұрандармен өтеді. Ашық аспан аясында жорық
жасап, конкурстар мен байқау өткізудің алғы шарты бойынша оқушылар табиғат
байлығын қорғаумен оны оқып-үйрену, табиғат қорғау жөніндегі білімді
насихаттап, тарату жөнінде берілетін тапсырмаларды орындайды. Осындай
байқаулар мен конкурстарды орман, балық шаруашылық, жасыл құрылыс
мамандары мен әр түрлі ғылым саласындағы ғалымдармен басқарады. Олар мектеп
оқушылары атқаруға тиісті айналадағы ортаның аса маңызды проблемаларды
шешуге арналған тәжірибелік, зерттеулік және практикалық мәні бар
тапсырмаларды беріп отырады.
Алматы облысының ауыл-селоларында оқу-өндірістікбригадаларының
жұмысы кең өріс алды. Оқушылар мұндай бригадалард еңбек ете жүріп, жерді
су мен жел эрозясынан қорғаудың жай-жапсарын үйренеді, жергілікті
жағдайларға байланысты орманды алқапты қорғау мен күту жөніндегі жұмыстарға
қол ұшын береді, жыра мен сусымалы құмды жердің топырағын бекітеді,
тоғандардағы судың ласталмауын бақылайды, өз өлкесіндегі хайуанаттарды
сақтап, күту жөнінде іс атқарады.
Жас ұландарды табиғат аясында жүріп, бірлесіп атқарған жұмыс түрлері
соншалық қызықтырады. Олар содан өзіндік бір ләззат алып, қуаныш сезіміне
бөленеді. Күллі класс болып, бригада болып орман тынымбағын тазалағанда,
мектеп ауласын тазалағанда және басқа тізе қосып, қоян-қолты атқарған
жұмыстардың нәтижесіне сүйсініп, масаттанады. Сондықтан да олар өз
хаттарында: Біз ақ ниетпен адал жұмыс істейміз, Біз 500 қарағай
отырғыздық. Ал бұл дегеніңіз, тұтас бір орман! деп жазады көбінесе.
Теледидарда жарияланған Табиғат сақшылары деп аталатын бүкілодақтық
конкурстың іс-тәжірибесі де сәтті болды. Ол табиғат қорғау жөнінде мектеп
оқушыларының арасында сан алуан жұмыс ұйымдастыруға болатынын, бұған
оқушыларды өте көп қатыстыруға болатынын, балалардың экология
проблемаларына ерекше назар аударатынын, бұл салада өздерінің білім қорын
кеңейтуге ықыласты екенін айқын дәлелдеп берді.
Көктемгі су тасқыны кезінде шалшықтарда бөлініп қалған балықтарды
қорғау жөнінде бүкілодақтық ұйым жұмыс істейді. Оқушылардың конкурс,
жарыс, байқау, көрме, конференцияларға қатысуы олар атқаратын қызмет
түрлерінің бәрін де біріктіре түседі.
Балалардың мектеп орманында жүргізілетін жұмыстары да сан алуан.
Мысалы, олыр мұнда жас шыбық отырғызып, оны күтіп-баптап өсіреді, орман
ішін тазалайды, тұқым дәнін жинайды, отырғызылатын шыбықтарды дайындайды,
құламалы жыраларды тегістеп, бекітуге қол ұшын береді, құстардың ұяларын
жасайды, аң құстардың азығын әзірлеп, тиісті жеріне бөліп, салып отырады,
орман ағаштарын есепке алып, қажет болса, қайсыбірін басқа жерге
отырғызумен айналысады, ормандарды өрттен, браконьерлерден, демалушылардың
таптап, ластап тастауынан күзетеді, орман байлығын шектеушілікпен жинауды
қадағалайды, тал бұтақтары мен гүлдерден букет жасап, орманға зиян
келтіретін адамдардың осындай жағымсыз іс-әрекеттеріне қарсы тұрады. Міне,
мұндай жұмыстар оқушылардың түйсік қызметіне тура әсер етеді.
Оқу қызметін ұймдастырудың ерекшелігі сол, оның түп-тымырында
творчестволық ізденіс жатады. Сондықтан да мектеп оқушыларының ғылыми-
зерттеужұмыстарында тәжірибе жасау, ұзақ уақыт бақылау жүргізу, тексеріп,
салыстыру, есептеу, мөлшерлеу сияқты көптеген элементтер орын алады.
Мұндай практикалық жұмыстардың педагогикалық тиімділігі оқушылардың
экологиялық мәдениет деңгейімен, олардың экологиялық білім мен дағдыны
қаншалықты меңгергендігімен анықталады.

2 тарау. География сабағында және сабақтан
тыс кезде оқылатын экология мәселелері.

1. Географияны экологияландыру.

Мектеп географиясының курсы, шындығына келсек, интегралды бағытта
жазылған. Жер, халық, шаруашылық жайындағы ғылым саласын кең қамтитын
осынау оқулық өз оқырманында табиғат пен оның байлығына деген қарым-
қатынасты қлыптастырады. Табиғи-теориялық кешен тұрғысындағы географиялық
ұғымның негізінде табиғи ортаның өзара байланысы жайында ілім жатыр. Сол
ілім жаңа жетілген технология талабына сай келмейтін және табиғаттағы
өзара байланыстың күллі күрделі түйіні ескерілмей жасаған жобалардың орны
толмас қауіп-қатерге соқтыратынын айқындап, көз жеткізе дәлелдеп шығуға
мүмкіндік береді.
Мұны қазір Қарабұғазкөл, Чернобыль, Ладога, Байкал, Балқаш пен Арал
бойының мүшкіл тартқан жай-жапсары ап-айқын көрсетіп отыр.
География пәнін оқытудағы экологиялық принцип оқу құралдарына
қосымша ұғымдарды енгізуді емес, керісінше, түбегейлі қалыптасқан
ұғымдарда жаңа көзқарастар айқындалып, олардың мазмұндық жағын
тереңдетуді талап етеді. Экологиялық принциптің мазмұнын нақтылай түсетін
табиғат пен қоғамның өзара ықпал аясындағы мынадай негізгі бағыттарды
бөліп айтуға болар еді: қоғам дамуы ғылымындағы табиғаттың ролі;
шаруашылық жұмыстарының салдарынан табиғаттың өзгеруі; шаруашылық жұмыс –
табиғи ортаның даму факторы; табиғи ортадағы өзгерістердің әлеуметтік-
экологиялық зардаптары; табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты
жақсартудың тиімді жолдары; аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, табиғат
байлығын ұтымды пайдалану.
Енді табиғат пен қоғамның өзара ықпал аясындағы осы байланыс
бағыттардың жаңа оқу бағдарламасында қандай дәрежеде көрініс тапқанын
қарап көрелік.
Мектептегі география пәнінде табиғаттың қоғам өміріндегі роліне
қашан да мейлінше назар аударылып келеді. Бұл жаңа бағдарламада да кеңінен
жазылған.
Онда табиғат байлығының сан алуан түріне шолу жасалып, олардың
қалай орналасқаны көрсетілген. Алайда табиғат жүйесінің әлейметтік-
экологиялық функцияларды орындау мүмкіндігін көрсету бағдарламада
жеткілікті түрде ашылмаған.
География пәні жөніндегі жаңа бағдарламаның ерекшелігі сол, онды адам
қызметінің айналадағы ортаға тигізетін әсеріне баса назар аударылған.
Мұндағы әрбір курста, әсіресе Материктер мен мұхиттардың
географиясы курсында адам қызметінің салдарынан табиғаттың өзгеру
мәселелерін көзделген. Антропогендік ландшафт деген түсінік, міне, осы
саладағы білімнің жай-жапсарына шолу жасап, талдайды (Физикалық
география). Бұл мәселелер сондай-ақ Экономикалық және әлеуметтік
география (Аймақтық экологиялық проблемалар) курс бағдарламасының, және
Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы
(Айналадағы ортаның ласталуы, Өнеркәсіп және айналадағы орта) курс
бағдарламасының бірсыпыра бөлімдерінде көрініс тапқан.
Бағдарламадағы ережелер табиғаттың өзгеру факторларын білуге, адам
қызметінің салдарынан оның уөлемдік өзгеріске ұшырауын білуге бағытталған.
Білім алумен оны қолдана білуге арналған талаптар деген рубрика да
осыған біздің көзімізді жеткізді. Сөйтіп, оқушылар табиғи ортаның
көптеген аймақта едәуір өзгеріске түскендігін біліп, тоқтамға келеді.
Оқулықтардың жаңа басылымдарындағы экологиялық материалдардың ауқымы
кең: табиғат жөніндегі оқулықтарда, 5, 6, 7, 10 кластарға арналған
географияда қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынас мәселелеріне арналған
арнаулы параграфтар бар.
Экологиялық проблемалардың қалыптасуы кезеңінде оқушылардың өз
бетінше жұмыс істеуіне ынталандыратын әдістер ерекше роль атқарады. Бұл
кезде берілетін тапсырмалар мен есептер табиғат пен қоғамның өзара
байланысындағы қарама-қайшылықтарды анықтап-білуге, оқылатын пәндегі
тұжырымды ескеріп, оларды шешу турасындағы идеялардың туындауы мен
проблемалардың қалыптасуына ьағытталған.
Географияда экология тақырыбына көп орын берілуі білім берудің
практикалық бағытын жоғары дәрежеге көтереді., оның теориялық деңгейін
көтереді, географияны оқытудағы фактологиядан бас тартуға ықпал етеді.
Неге десеңіз, бұл өзара тәуелділік пен байланыс механизмінің айқындалуына
көп көңіл бөлуді талап етеді.
Табиғат процестерін оқып-үйренуге көңіл бөлуді күшейту мектеп
оқушыларының ойлау мәселелерін нәтижелі шешуге мүмкіндік береді. Бұл
жөнінде Ф.Энгельстің анықтауы бойынша, ең негізгі диалектикалық ережелердің
бірі әлемнің дап-дайын заттардан құрылмайтынын, керісінше қазіргі
тіршіліктің ұдайы өзгеру процесінің жиынтығы екенін мойындау болып
табылады.
Сонымен, география қай кезде де өз мазмұнымен айналадағы ортаға деген
қарым-қатынасты едәуір анықтап берген пәндердің бірі болды. Экологиялық
тәрбие мен білім берудің қазіргі міндеттері географиялық білім беруді қайта
құруды, онда табиғат пен қоғамның өзра байланыс мәселелеріне баса назар
аударып, сол байланысты әр қырынан көрсетуді талап етеді.

2. География сабақтарында экологиялық тәрбие.

Экологиялық білім беру мен халық ағарту ісі – білім беру мен
тәрбиелілігі, табиғат пен қоғамның өзара ықпалын дұрыс түсінудегі жалпы
стратегияның құрамдас бөлігі. Жалпы білім беретін мектептердің міндеті
оқушыларға табиғат пен қоғам туралы ғылымның негіздерін үйреніп қана
қоймай, ең бастысы, оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік сезім ұялату,
айналадағы табиғи ортамен парасаттық тұрғыда қарым-қатынас орнатып,
экологиялық білімділік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады.
Мектептерде көп жыл бойы атқарған қызметінің барысы көрсеткендей,
жалпы білім беретін мектепті бітіретіндерде экологиялық ойлаудың
тұтастығы әлі қалыптасып жетілмейді. Ал оның қалыптасуы үшін жалпы білім
беру мен тәрбиенің ең басты міндеттері – оқу жылдарының өн бойында оның
тұтастығы сақталып үзілмей, жалғасып отыруы керек. Оқушылардың экологиялық
ойлауы мен экологиялық білімінің қалыптасуында мектеп географиясы шын
мәнінде дәйекті де жетекші орын алу үшін оның сабақтары өзге пәндермен
тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Мысалы, атап айтқанда, төменгі кластың
өзінде-ақ табиға қорғау деген ұғымды өсімдік пен хайуанаттарды қорғауды
нақты мысал ете отыра түсіндіру қажет.
География пәнінің мұғалімдері алдында табиғат пен қоғмның өзара
процесінің мәнін түсіну негізінде өскелең ұрпақты еліміздің табиғи
байлығына саналы түрде қарауға тәрбиелеу жөніндегі мектеп реформасының
негізгі бағыттары ұсынған жауапты да қиын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мәселелердің физиканың сыныптан тыс сабақтарында қаралуы
Инновациялық оқыту технологиясы арқылы жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім беру
Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Экологиялық тәрбиенің теориялық мәселелері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Биология және экология пәндерін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау
Географияны оқыту
География сабақтарында модульдік оқыту технологиясы
Пәндер