Психодиагностика туралы



Кіріспе

1. Психодиагностика туралы жалпы түсінік.
2. Психодиагностика және оның әдістері.
3. Психодиагностикалық мәселелер.
4. Психодиагностикалық әдістер және оның жіктелуі.

Қорытынды
Пайжаланған әдебиеттер
Психологиялық ілім-білімдердің ілкі бастау, түп-төркіні ерте замандардан бастау алатыны белгілі. Жан туралы ілім есте жоқ ерте дәуірлерде, ежелгі дүние елдерінде (Үндістан, Қытай, Мысыр, Вавилон, Грекия т.б. ) пайда болып, тіршілік, өмір, жан мен тән, оқыту, тәрбие, т.б. негізгі мәселелер ретінде күн тәртібіне қойылып келген.
Жан мәселесіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Мәселен, жанға байланысты ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу шектеулі екендігін де жақсы аңғарған. Қазіргі психология ғылымында жанды көбіне психика ұғымының синонимі ретінде қарастыратынын да ескеруіміз қажет.
Жан дүниесінің сан қилы теорияларын баяндау – сөз болғалы отырған 10 томдықтың басты мәселесі.
1. Л.Смагулова «Оқушы тұлғасын қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық диагностикасы» // «Оқушы тәрбиесі», №8, 2013, 26-29бб.
2. М.Көшкентаева «Педагогикалық-психологиялық диагностикалау жолдары, әдістері» // «Мектеп директоры», №5, 2004, 9-18бб.
3. П.Маханова «Педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері» // «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Хабаршысы», №1(28), 2009, 40-45бб.
4. Из истории психологических тестов //Общая психодиагностика под.ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина -2009. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1. Психодиагностика туралы жалпы түсінік.
2. Психодиагностика және оның әдістері.
3. Психодиагностикалық мәселелер.
4. Психодиагностикалық әдістер және оның жіктелуі.

Қорытынды
Пайжаланған әдебиеттер

Кіріспе
Психологиялық ілім-білімдердің ілкі бастау, түп-төркіні ерте замандардан бастау алатыны белгілі. Жан туралы ілім есте жоқ ерте дәуірлерде, ежелгі дүние елдерінде (Үндістан, Қытай, Мысыр, Вавилон, Грекия т.б. ) пайда болып, тіршілік, өмір, жан мен тән, оқыту, тәрбие, т.б. негізгі мәселелер ретінде күн тәртібіне қойылып келген.
Жан мәселесіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Мәселен, жанға байланысты ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу шектеулі екендігін де жақсы аңғарған. Қазіргі психология ғылымында жанды көбіне психика ұғымының синонимі ретінде қарастыратынын да ескеруіміз қажет.
Жан дүниесінің сан қилы теорияларын баяндау - сөз болғалы отырған 10 томдықтың басты мәселесі.
Мәселен, мұндағы бірінші томға кеңестік психологияның іргетасын қалаушылардың бірі, маркстік психологияның Моцарты атанған Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жан мәселелерін баяндайтын мәдени-тарихи теориясы беріліп отыр. Бұл ілімнің түрлі аспектілері 1982-1984 жылдары Мәскеудің "Педагогика" баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мәселелер: 1.Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы; 2. Жасөспірім педологиясы; 3. Жалпы психологияның проблемалары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында - оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл және жазбаша тіл), көптілділік мәселелері қарастырылған.
Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П.Я.Гальперин жасады. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік және қолданбалы аспектілерді талдап саралайды.

1. Психодиагностика туралы жалпы түсінік.

Психодиагностика - нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика - психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.
Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.

2. Психодиагностика және оның әдістері.

Психодиагностика және оның әдістері (жан және diagnosticos) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Зерттеу міндеттеріне байланысты диагностикалық белгілер адамның жасы, жынысы, білімі, мәдениеттік деңгейі, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді.
Диагностика - зерттелетін объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың мәні медицинадағы аура сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол.
Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың жазылуына деген үміттің үзілуіне әкеп соқтырады. Осы аталғандардың барлығы тән денсаулығы саласы психикасына қатысы бар, сондықтан да диагностика даму саласында ерекше мәні бар іс, жоғары біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді. Күнделікті педагогикалық тәжірибеде мектеп психологтары және мұғалімдер жеке тұлғаның жекелеген сапаларын зерттейді, бірақ осы зерттеулердің нәтижесіне қарап, дамудың салаларына жалпы баға беруге болмайды. Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілер үшін ең бастысы - оқушылардың ақыл-ой әрекетінің диагностикасы, мінез-құлық ерекшеліктері, әлеуметтік сипаттарының мінез-құлық дамуы және тағы басқа да осы секілді мәселелер болып табылады.
Бақылау - анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау - клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.
Әңгімелесу - психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.
Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.
Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше бағытпен шешеді.
Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба - нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар.

3.Психодиагностикалық мәселелер.

Жалпы психодиагностиа мәселелері белгілі бір мөлшерде диагностика және психология бөлімдерінен шығады. Бірақ практик психологтар бұл мәселелер туралы нақты мәліметке ие болуы керек, себебі мәселені нақты білу негізінде, нақты әдістер таңдалады. Ерекшеліктер тек мәселелерде ғана емес психодиагностика ситуацияларында да көрініс табады. Бұл әртүрлі клиент ситуациясы және экспертиза ситуациясы.
Бірінші ситуацияда адам көмек сұрап психологқа барады, бл кезде адам психологпен әріптестік қатнаста болуға, оның талаптарын, ережелерін қатаң сақтап орындауға тырысады, яғни нәтижені ойластырулы түрде жасағысы келеді.
Екінші ситуациябұл жерде адам экспертизаға түсетінін біледі және өзіні сенімді, тұрақты етіп көрсету мақсатында сұрақтарға еркін жауаптар қайтарады.
Психодиагностикалық құралдарға кез келген ситуацияда шынайы қатынаста болуды қадағалау.
Психодиагностикалық мәселелерді - диагноз нәтижесіндегі мәліметтерді кім? Қалай? және қандай ситуацияда қолданатыны тұрғысынанда қарастыруға болады. Бұл ситуацияларды қысқа көрсетіп өтейік:
- Мәліметтерді смежник маманы психологиялық диагноз қою үшін емес, адменистраторлық шешімді шығару үшін қолданады. Аталған монографияның негізінде дифференциалды психология жалпы зерттеліне алатын мәселелер қатарына енгізілді.
1898жылы ағылшын журналында басылып шыққан Галтонның шәкірті Джеймс Маккин Кеттелл мақаласында проба зерттелуші деген мағынаны білдіретін тест термині алғаш рет ғылыми қолданысқа енген.
1890 жылдың басына қарай Эмил Крепелин алғаш рет экспериментальды психология әдістерін, пихология және психометриялық диагностика мәселелеррін шешуде қолдану туралы идеясын ұсынған. Оның шәкірті Э.Оерн бірінші болып осы идеяны интелектуалды қабілетті бағалау үшін тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізді.
XIX ғсасырдың соңы мен XX ғасырдың басында психологиялық диагностиканың әртүрлі әдістері тез қарқынмен дамыды
1885жылы мәтіндегі түсіп қалған сөзді есте сақтап қалу қабілеттін зерттейтін әдісті өңдеп шыққаны туралы Герман Эббингауз мәліметтеген. Бұл топтың ойлау қабілетін зерттейтін алғашқы тестердің бірі болып есептеледі.
1908жылы Альфред Бине және Томос Симон индивиттің есін өлшейтін Метрикалық интелект өлшемін жасап шығарған. Вилям Штерн коэффицент интелекта терминімен бала интелектісін өлшеуді ұсынған.

3.Психодиагностиканың әдістер және олардың жіктелуі

Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі практик психологқа өз жұмысын атқаруда белгілі бір әдістемелерді таңдауға көмектеседі. Сондықтан бұндай жіктелу әдістердің байланысын бейнелеуі керек.
Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы - әдістер деп аталады. Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың жүргізілуімен сипатталады.
Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға болады:
1. Әдіс - оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;
2. Әдіс - табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды зерттеу;
3. Әдіс - танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;

Қорытынды

Психодиагностика бір жағынан ғылыми-теоретикалық пән, сонымен қоса психолог атқаратын дәстүрлі тәжірибелік әрекеттердің бірі. Яғни, психодиагностика теория мен практиканы, тұлға туралы академиялық концепциялар мен оларды іс жүзінде зерттеуді байланыстыратын көпір деп айтуға болады. Осы жайлы Шмелев А.Г. былай деп жазады: Психодиагностика- бұл ғылым саласы және адамның жеке дара ерекшеліктерін айқындау әдістерін жасап шығаратын және қолданатын психологиялық тәжірибенің өте маңызды формасы. Психодиагностиканың психологиялық тәжірибе түрі ретінде мақсаты - адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін айқындап, өлшеу болғандықтан, психодиагностиканың дифференциалды психологиямен байланысы түсінікті. Дифференциалды психология өз тарапынан адамдар арасындағы психологиялық ерекшеліктерді зерттейді, сол арқылы диагностикалық әдістерді жасап шығару үшін қаетті теоретикалық негізді дайындайды. Ал психодиагностика сондай зерттеулерді жүргізу үшін, яғни теориялық концепцияларды дәлеледеу үшін әр түрлі психодиагностикалық әдістерді ұсынады. Шмелев А.Г. психодиагностиканың жүйелік құрылымын адам бейнесі арқылы қарастыруды ұсынады. Сонда, психодиагностиканың басы - бұл дифференциалды психологияның ғылыми теориялары, денесі - нақты психодиагностикалық әдістер жиынтығы, аяғы - тесттерді жасап шығарудың математикалық-статистикалық технологиясы (психометрика), қолы - нақты психодиагностикалық міндеттерді шешу үшін психодиагностикалық әдістерді қолдану схемаларын көрсететін тәжірибелік психодиагностиканың қолданбалы үлгілері. Сол сияқты А.А. Бодалев пен В.В. Столин психодиагностиканың бір жағынан теоретикалық пән, ал екінші жағынан психологтың тәжірибелік әрекеті екендігін көрсетеді. Олар психодиагностиканы теоретикалық-ғылыми пән ретінде жалпы психодиагностика деп атайды да, оған келесі анықтама береді: Жалпы психодиагностика валидтті және сенімді диагностикалық пікірлерді жасап шығарудың заңдылықтарын, психодиагностикалық әдістерді құру принциптерін және оларды нақты әдістемелер түрінде жүзеге асыру ерекшеліктерін қарастырады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностқа қойылатын талаптар
Психодиагностика және психологиялық түзетулер
Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностика
Психологиялық педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы
Психодиагностиканың жағдайлары
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар
Қазіргі психологиялық диагностиканың теориялық негізі
Кәсіби біліктілікке психодиагностика
Сихологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері
Пәндер