Ресми, іс кағаздар тілі



Кіріспе
1. Ресми хат туралы жалпы түсінік.
2. Ресми, іс кағаздар тілінің стилі және оның маңызы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.
. Дүйсебаева Т. «Машинкамен жазу және іс қағаздарын жүргізу» Алматы, Ана тілі 1991 ж.
2. Жақып Әділбек. «Іс жүргізу» Астана 2000ж
3. Салагаев В.Г. «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы 2000ж
4. Алдашева. А «Ресми іс қағаздары» Астана 2000 ж
5. Дүйсенбекова Л.С «Іс қағаздарын қазақша жүргізу » Алматы 2001ж
6. Нұрғожина Г.М. , Қоянбаева Қ.Қ. «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» Қарағанды 2000 ж.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1. Ресми хат туралы жалпы түсінік.
2. Ресми, іс кағаздар тілінің стилі және оның маңызы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), Тіл туралы Заң (1997), Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны - қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі - ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.

1. Ресми хат туралы жалпы түсінік
Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.
Қызметтік жеке хатттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мөселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.
Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән құрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.
Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерғе бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшадардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.
Хатты жазып отырғанда онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмұнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығыңызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқыған жөн.

2. Ресми, іс кағаздар тілінің стилі және оның маңызы

Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан іс қағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми іс қағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
-мазмұнының қысқа, тұжырымды баяндалуы;
-тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
-сөздердің тура мағынасында пайдалануы;
-терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
-терминдердің қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы [1, 12-13 бб.].
Ресми-іскери стильдің бірнеше түрі бар, біз өз мақаламызда дипломатия стиль түрінің ерекшеліктерін қарастырамыз. Дипломатия - халықаралық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешетін құрал өнері. Дипломатия сондай-ақ, халықаралық қатынастарға үйлесімді ықпал ететін және белгілі дәстүрлер мен ережелерге бағынатын техника мен шеберлік. Дипломатия тілі - бұл екі түрлі ұғымдарды белгілеуде қолданылатын айтылым. Біріншіден, бұл тілде ресми дипломатиялық қатынастар орнатылып, халықаралық шарттар бекітіледі. Екіншіден, бұл жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын арнайы терминдер мен фразалардың жиынтығы [2]. Қазіргі таңда ресми дипломатиялық қатынастарды жүргізуде және халықаралық шарттарды бекітуде бірыңғай міндеттелген тіл жоқ, алайда бұрын француз тілі басым болған. Заман өзгеріп, бірте-бірте тілдердің теңдік қағидасы орнатылды. Тек ерекше жағдайларда сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік органдары, әсіресе дипломатиялық құжаттармен алмасуда, ресми хат алмасуларды өз ұлттық тілдерінде жүргізеді.
Ресми, іс қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді. Ресми, іс қағаздар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Қазақ елін Алтын Орда хандығы, бертінде қазақ хандары билеген кездерде әр түрлі жарлық, шарт, қатынас қағаздар болды. Бірақ олардың тілі, құрылысы қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
XX ғасырдың басындағы іс қағаздар
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
Көркем әдебиет тілінің стилі
Қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық тілі
Жеделхат мәтіні
Қазақ әдеби тіл нұсқаларын зерттеуші ғалымдар
Пәндер