Биотехнология туралы



Кіріспе

1. Биотехнология ғылымы туралы жалпы түсінік
2. Биотехнология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
3. Биотехнологияның даму тарихы және бағыттары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) - тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Алғаш рет «биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эреки шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген.
Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді ажыратты.
Пастер ғасырына дейінгі кезең (1865 жылы). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын,
ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
1.Б.Бегімқұлов Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы, «Білім» 1996 г
2.Дж.Уотсон, Дж.Туз,Д.Курц.Рекомбинантные ДНК.М.Мир, 1986г.
3.А.Сассон Биотехнология: свершения и надежды Москва “Мир” 1987г.
4.Маниатс Т.Фрич Э.Дж.Сэмбрук. Методы генетической инженерии.Молекулярное клонирование.М.Мир 1984г.
5.Инге-Вечтомов С.Г.Введение в молекулярную генетику.М.Высшая школа,1983г.
6. Джамалова Г.А. Биотехнология животных

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Биотехнология ғылымы туралы жалпы түсінік
2. Биотехнология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
3. Биотехнологияның даму тарихы және бағыттары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) - тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Алғаш рет биотехнология термині 1917 жылы Карл Эреки шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген.
Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді ажыратты.
Пастер ғасырына дейінгі кезең (1865 жылы). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын,
ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
Пастер ғасырлық кезеңі (1866-1940 жж) - этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.
Антибиотиктер кезеңі (1940-1960жж) - тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтардың микробиологиялық биотрансформациясы.
Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975) - микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. Канализациялық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.
Жаңа биотехнология кезеңі (1973 жылдан бастап) - биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.

1. Биотехнология ғылымы туралы жалпы түсінік

Биотехнология ─ ғылым мен өндірістің жаңа саласы. Биотехнология ұғымының дәл мәнісі ─ биологиялық технология, немесе биология + технология.Басқаша айтқанда, биотехнология дегеніміз, биологиялық объектілер мен биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құру, сол арқылы адамға қажетті өнімдерді алу.
Осы айтылған қандай объектілер, процестер, өнімдер? Биологиялық объектілерге сан-алуан организмдер, олардың әр түрлі мүшелері мен ұлпалары,әсіресе клеткалары және протопластары, солардың құрамындағы органоидтар,хромосомалар, тіпті жекеленген гендер де жатады. Ал, биологиялық процестерге келер болсақ, олардың тіршілік үшін ең маңыздылары ─ өніп-өсу, даму, көбею, зат пен энергия алмасу, информация қабылдау, сақтау, пайдалану және стресстік, қолайсыз факторларға бейімделу болып табылады. Биотехнологиялық жолмен алынатын өнімдерге көптеген дәрі-дәрмектектер, белоктар мен ферменттік препараттар, құлпырған табиғи бояулар, хош иісті заттар, витаминдер және тағы басқа да биологиялық активті қосындылар кіреді.Біріншіден, биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекция процесін жүргізуде ежелден қолданылып келе жетқан тәсілдерді (будандастыру, мутагенез, сұрыптау, т.б.) едәуір жеңілдетуге, тездетуге болады. Екіншіден, керемет зор нәтижелерге қол жеткізетін мүмкіндіктер тууына жол ашылды. Бұлар биоинженерия (клеткалық инженерия, гендік инженерия) принциптері негізінде бұрынды-соңды дүниеде болмаған, түп-тұқияннан қалыптасқан қасиеттерді тіпті қиялға симастай етіп өзгертіп, жаңа организмдерді конструкциялау, жасап шығару. Осындай биотехнологиялық жолдармен өсімдіктердің сапалы сорттары, малдың асыл тұқымдары, микроорганизмдердің аса өнімді штаммдары алынады.
Биотехнология ─ биологиялық процестердің өту заңдылықтарын терең зерттеп, ұғу арқасында биологиялық объектілердің қызметін пайдалану негізінде іске асырылатын қазіргі заманның өте тиімді де биік деңгейдегі технологиясы.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі жалпы биотехнология ғылымының си-
паттамасы. Ал кеңірек алып қарағанда, биотехнологияның өзі бірнеше саладан тұрады. Пайдаланылатын объектілерге қарай: өсімдік биотехнологиясы, жануар биотехнологиясы, микроорганизмдер биотехнологиясы болып бөлінеді. Қолданылатын әдістер бойынша, клеткалық инженерия, гендік (немесе генетикалық) инженерия, ферменттік инженерия (немесе инженерлік энзимология), белоктық инженерия, иммунобиотехнология, гибридомдық технология деп аталатын биотехнологияның жеке тармақтары өріс алуда. Сондай-ақ, биотехнологияның жетістіктерін экономиканы дамыту үшін қолдануға байланысты ─ ауыл шаруашылық биотехнологиясы, фармацевтикалық (немесе медициналық) биотехнология, геобиотехнология, биотехнологиялық энергетика, экологиялық биотехнология сияқты салалар қалыптасты. Осы жағдайларды еске ала келе, өсімдік биотехнологиясын өз алдына жеке, дербес пән ретінде тану қажет. Биотехнология ғылыми пән ретінде және өндірістік қызмет саласы ретінде биохимияның, молекулалық биологияның, микробиологияның және химиялық технологияның функционалдық жетістіктері мен табыстарына сүйене отырып негізделеді.

2. Биотехнология ғылымынң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биотехнология ғылымы туралы жалпы түсінік
Биотехнология - XXI ғасыр ғылымы
Өсімдіктер биотехнологиясының негізгі салалары
Биотехнологияның дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі жағдайына шолу
Тағамдық шикізатты биотехнологиямен өңдеу
Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Тұжырымдамасы
Биотехнология ғылымы
Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнология орталығын дамытудын 2009-20010 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Биотехнология
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы жөнінде
Пәндер