Қазақстан Республикасының әлемдік көлік жүйесін басқаруды ұйымдастыру



Кіріспе

1. Көлік туралы жалпы түсінік.
2. Көлік жүйесін басқаруды ұйымдастыру және оны дамыту.
3. Қазақстан Республикасындағы көлік түрлері.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауында «Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы Шығыстан Батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік және коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр.
Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысынан кемітуге жәрдемдесетін болады» деп көрсетілген.
1. «Транспорт Республики Казахстан» статистикалық жинағы. Алматы, 2005ж.
2. «Основные показатели работы транспорта и связи Республики Казахстан» статистикалық жинағы. 10-ші сериясы. Көлік және байланыс. 2005 ж. қаңтар-желтоқсан. Алматы. – 2006 ж.
3. Бекмаганбетов М.М. Современные приоритеты в развитии транспортной системы Республики Казахстан. Алматы, АИЭС, 2005.- 489 б.
4. Бекмаганбетов М.М. К проблеме развития транзитного потенциала Казахстана. / Транзитная экономика 2005ж. №4. 16-30-б.
5. Бекмаганбетов М.М. К вопросу о приоритетах развития транспортного комплека Казахстана. / Транзитная экономика 2006ж. №3. 33-46-б.
6. Келимбетов К.Н. Стратегические направления развития транспортной инфраструктуры до 2010 года. Алматы, АИЭС, 2004. 489-б.
7. Концепция развития международных транспортных коридоров Республики Казахстан. 2001 жылдың 27 сәуірінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мақұлданған, №566.
8. Усипбаев Д.М. Арнайы экономикалық аймақтың теңіз көлік әлеуетін дамытудағы мәселелері.// Аль-Пари. - Алматы.- №1.- 2008. -14 бет- 0,8 б.т.;

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының әлемдік көлік жүйесін басқаруды ұйымдастыру.

Жоспар
Кіріспе

1. Көлік туралы жалпы түсінік.
2. Көлік жүйесін басқаруды ұйымдастыру және оны дамыту.
3. Қазақстан Республикасындағы көлік түрлері.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауында Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы Шығыстан Батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік және коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр.
Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысынан кемітуге жәрдемдесетін болады деп көрсетілген.
Ежелден бастап Ұлы Жібек жолы, Еуропа мен Азияны керуен жолымен байланыстырып, батыс пен шығыс өркениетінің өзара ықпалдасып дамуына мүмкіндік берді. Барлық дәуірлерде бұл бағыт ерікті қайырымдылық жолы болды.
Егер қазіргі кезде теміржол магистралдары анық белгіленген болса, авиациялық жүйе мен автокөлік инфрақұрылымы үнемі өзгерістерге ұшырап отыр, осылайша, Ұлы Жібек жолындағы автокөліктер керуендері мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуының жоғарғы деңгейін үнемі қанағаттандырып отыруға, әзірге жарамсыз деп қарастырылуда.
Жолдар мемлекеттің инфрақұрылымының ең маңызды элементтерінің бірі. Еліміздің экономикалық өркендеуі мен қорғануға қабілеті жол желілері дамуының деңгейіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті жолдарды салу мен жөндеуді мемлекеттің басым тапсырмаларының бірі ретінде алға қойды.
Сонымен бірге Қазақстан автокөлік саласының негізгі мәселелерінің бірі - жол төсемдерінің жүріп өту қабілетінің тез тозуы. КазЖол ҒЗИ АҚ - ның жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, шамамен жалпы пайдалануға берілген автокөлік жолдарының төсемдерінің 75% белгіленген төзімділік пен тегістік көрсеткіштеріне сәйкес еместігі анықталған. Бұл тізімдегі жолдардың ішінде 20% толығымен бүлінген, 35% толығымен бүлінудің аз ақ алдында. Мәліметтерге сүйенсек, 90-жылдарда Қазақстанда Әлемдік банктің жүргізген зерттеулерінде жалпы пайдаланылатын автокөлік жолдарының 37% жақсы, 26%- қанағаттанарлық тек қана 37%-нашар деңгейде болған.
Автокөлік жолдарының техникалық жағдайының төмендеуі, жол құрылысын жеткіліксіз деңгейде қаржыландырумен тығыз байланысты..
Қазақстанның тарихи жаңаруындағы түбегейлі өзгерістер - ұлттық қайта даму, ғылыми таным, қазіргі заманға сай ұлттық-мемлекеттік құрылыс тәжірибесі процестерін табандылықпен ұғынуды қажет етеді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына айырықша әсер ететін мемлекеттің саяси және экономикалық қызметі. Нақты дәлелденген, дұрыс бағдарланған саясат қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени күш-қуатының өсуіне ықпал жасайды, сонымен бірге тәуелсіздікті нығайту, жетілдіру мен қоғамды түбегейлі өзгертудің алғышарттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында көрсетілгендей Қазақстанның транспорттық - коммуникациялық кешенінің негізгі міндеті еуразиялық транспорттық жүйеге шоғырлану болып қала береді. Көлік және коммуникациялық кешенді дамыту - елдің геостратегиялық, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір болып саналатын орналасу басымдылығын толығымен пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.
Жүк легінің жылдам өтімділігін ұйымдастырудың тиімді жағдайларын енгізу үшін, көршілермен нақты келісімді дамыту қажет.
Осы және басқа да міндеттер Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруда көрініс табуы керек.
Бұл мәселелерді шешуде біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін қамтамасыз етуге назар аударуымыз керек.
Әлемдік және аймақтық елдердің саяси және экономикалық құрылымдарымен кең көлемде өзара байланыс жасай отырып ішкі процестерді дамыту, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саяси қызметінің ұлттық көлік саясатының объективті құрамдас бөлігі болып табылады. Осы негізде егемен Қазақстан әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастыққа келуге шынайы мүмкіндік алады.
Қазақстан теңізге тікелей шыға алады, өзге елдер теңіз жолдарын пайдалану үшін көршілес елдердің территориясын кесіп өтеді, бұл олардың геоэкономикалық әлсіз тұсы.
Мемлекеттік-территориалдық құрылымды, ішкі және сыртқы нарықты қалыптастырудың қуатты факторы ретінде кез келген қоғамда маңызды болып саналатын, бұл жерде Орталық Азия мемлекеттерінің көлік саласындағы өзара ықпалдасу проблемасының ерекше өзектілігін айту керек.
Көлік еліміздің барлық шаруашылық салаларын біріктіреді, аймақтардың қажетті байланысын қамтамасыз етеді. Көлік факторы тек қана халықаралық деңгейде ғана емес, сондай-ақ мемлекетішілік еңбек бөлінісінде де үлкен маңызға ие.
Қазақстан территориясы кең аумақты алып жатыр. Әрбір аймақтың табиғи өзгешелігі, қалыптасқан - құрылымдық ерекшелігі бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қалыптасқан. Соңғы жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуының нәтижесін талдау кезінде, аймақтардың экономикалық трансформациялануы процесінде, олардың жалпы мемлекеттік, құрылымдық, бюджеттік-салықтық және ақша-несиелік саясатқа әртүрлі қатынасында спецификалық ерекшеліктері орын алғандығы анықталған.
Қазақстанның болашаққа қадам басуын, нақты, көлік коммуникациясы қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде, тасымалдау бағыттарының кең таңдауын, сонымен бірге жаңадан ашылған немесе жақын арада ашылатын бағыттарды, басқа да мүмкін болатын бағыттарды дайындауға қатысты ұсыныстарды ескере отырып, аймақта облыстың көлік тасымалының қазіргі жағдайын бағалаудың, қолданыстағы маршруттардың жұмысын тиімді қамтамасыз етудің, болашақта қандай дұрыс және басым альтернативті нұсқаны пайдаланудың, кідіріссіз қандай шараларды қолға алу керектігін айқындаудың қажеттілігінің уақыты жетті. Қазіргі кезде жүк легі үш жолмен Ресей арқылы өтеді, онда келешегі бар, Үнді және Тынық мұхиттарының теңіз порттарына шығудың альтернативті жолдарын қарастыру керек. Қазақстан мен Орталық Азияның көлік коммуникациясын дамыту тек қана экономикалық емес, саяси проблемалардың бірі. Оның дұрыс шешілуіне Қазақстан, сондай-ақ аймақтық және әлемнің алдыңғы қатарлы елдері де мүдделі.

1. Көлік туралы жалпы түсінік
Көлік - материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар "ат - ердің қанаты" деп есептеген. Бағзы бір замандарда "аттың жалында, түйенің қомында" жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы - автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.
Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.
Көлік құрылысы - темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі, құбыр желісі нысандарын салу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыратын құрылыс саласы. Оған темір жол мен автомобиль жолдарын, аэродромдар, көпірлер, туннельдер, метрополитендер, алаптар, теңіз және өзен айлақтарын, каналдар, магистралды мұнай және газ құбырларын, вокзалдар, деполар, т.б. көлік үйлерін салу, темір жол жүйесін электрлендіру, автоматика және телемеханика қондырғыларын орнату ісі жатады.
2003 ж. Қазақстанда ұзындығы 1500 км-ден асатын Астана - Алматы автомобиль жолы іске қосылды.

2.Көлік жүйесін басқаруды ұйымдастыру және оны дамыту.

Көлік кешені - экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, қашыр, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде б.з.б. 3-мың жылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды.
Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді қалықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар ат - ердің қанаты деп есептеген. Бағзы бір замандарда аттың жалында, түйенің қомында жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, поезд, ұшақтарға ығыстыра бастады. Сөйтіп техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы - автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады. Қазақстанда теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су көлігін, құбыр желісін қамтитын және жеткілікті дәрежеде дамыған көлік жүйесі қалыптасқан.
Қазақстан көлігі республика халық шаруашылығының салалық кешендерінің (аграрлық-өнеркәсіптік, отын-энергетикалық, кен-металлургиялық, құрылыс кешендері мен басқа да кешендердің) қалыптасуын ескере отырып дамытылған, ол экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, аумақтық кешендердің де өзара байланысын қамтамасыз етеді. Көліктің барлық түрлері республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. 90-жылдары ТМД елдерінде басталған экономикалық құлдырау көліктің барлық түрлерінде тасымал көлемінің жалпы төмендеуіне соқтырды. Тасымал көлемінің тұрақталып, өсуі 1999 жылдың аяғынан басталды. 2000 ж. көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымының үлесі теміржол көлігінде - 63%, өзен көлігінде - 0,02%, автомобиль көлігінде - 12%, әуе көлігінде - 0,02%, құбыр желісінде - 25%. Су көлігі - көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш пен құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Оның көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, теміржол көлігімен тоғысатын өзіндік ерекшелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор.
Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабына қызмет көрсетеді. Темір жол көлігі - республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі - көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер. КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық дағдарысты елдің темір жол көлігі саласы да бастан кешті. Тасымал көлемі соңғы 10 жыл бойы құлдырап, 1999 ж. оның деңгейі 1991 жылғы деңгейдің 26%-ы болды. Тек осы жылдың аяғынан және 2000 жылдан бастап өрлеу жолына түсті. 2000 ж. темір жол көлігімен тасылған өнім көлемі 34%-ға өсті (135 198 млн. т-км). Автомобиль көлігі - жүктерді қысқа және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Төңкеріске дейінгі кезеңде қатынас көлігі негізінен түйе мен ат болатын. Автомобиль сирек кездесетін. Мысалы, 1910 жылы Қазақстанда небәрі 20-дан сәл-ақ асатын жеңіл автомобиль болды, оның өзі де адам таситын автомобильдер еді. Өткен ғасырдың 20-жылдары Қарсақпай комбинаты мен Түрксіб құрылысында небәрі 81 жүк автомобилі пайдаланылды, ал 1928 жылдың аяғына қарай олардың саны 247-ге жетті.
Көлік коммуникациясын дамыту, 21 ғасырдағы өндірістің территориалдық орналасу жүйесіндегі өзгерістерге байланысты орын алған проблемалардың өз шешімін табуына септігін тигізеді. Көлік тасымалының жеткілікті дамымауының салдарынан, тұрғындарды ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерімен толық жабдықтау мүмкін болмай отыр. Экспортты-импортты операцияларды жүргізу көлеміне кері әсерін тигізуде. Көлік және көлік коммуникациясын дамыту Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа тартудың, республикаға шетелдік инвесторлардың назарын аударудың кепілі. Көлік коммуникациясын дамыту тікелей шаруашылық қажеттілік, сонымен бірге экономика мен мәдениеттің басқа да салаларын, жетілдірілген көлік коммуникациясына тәуелді, әсіресе туризмді дамыту үшін қажет.
Белсенді көлік саясатын жүргізгеннен кейін, Қазақстан үшін көлік саласы өз заңдылықтары мен ерекшеліктері бар мемлекеттік және қоғамдық қызметтің дербес саласы болып қалыптасты. Республика бар болғаны он шақты жыл ішінде мақсатты және жүйелі түрде ұлттық мүддеге сай келетін, әлемдік қауымдастықта еліміздің жағдайы мен беделін арттыратын, дербес әрекет етуді ұйымдастыру мен қолдану жүйесін жасады.
Қазақстанның көлік саласындағы саяси бағдар - алдымен мемлекет пен қоғамның алдында тұрған маңызды, өмірлік мәні бар тапсырмалардың оң шешім табуына бағытталған: сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты түсім беретін экономиканы дамытуға ең жоғары деңгейде қолайлы жағдай жасау, тұрғындардың тұрмыстық деңгейін көтеру.
Қазақстан әлемге айқара ашық, өзінің барлық саладағы сыртқы байланыстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту
Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
Корпоративті басқару үдерістерін зерттеу
Корпоративті басқарудың құрылуы мен дамуы
Жергілікт өзін-өзі басқару жүйесіндегі қаржылық экономикалық механизмдерді зерттеу
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті ұйымдастыру
Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
Пәндер