Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің өзге тілдерден айырмашылықтары мен ұқсастықтары



Кіріспе
1. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонема туралы түсінік.
2. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелерден айырмашылығы.
3. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелермен ұқсастығы
4. Қазақ тілінің семантикасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулерін ғана жарыққа шығаратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көбірек зерттеген. Дегенмен сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап, күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да, тіл білімінде әлі де талдануы, анықталуы қажетті мәселелер толып жатыр. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек көне грек тіл білімі өкілдері (аналогистер мен аномалистер) арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алалығына да себепші болып жүргені анық. Басқа пәндер сияқты, тіл білімі де дамып жаңа сатыға көтерілген сайын оның алдына зерттелуі қажет болған жаңа мәселелер қойылуда.
1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. –А.,2004.
2.К. Аханов. Тіл білімінің негізері. –А., 1997.
3.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.
4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.-А., 1975.
5.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –А.,1999.
6.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А., 1988.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
*********************************** ********************
Visa QIWI Wallet
ИНН 3123011520
Квитанция:
6781090120
Дата:
2015-12-15 11:58:04.0
Оператор:
MasterCard MoneySend (Международный перевод)
Номер телефонасчета:
676200******7285
Перечислено:
900.0 RUB
Код операции:
6781090122
BIN:
676200******7285
Служба поддержки
Телефон:
8-800-707-77-59
e-mail:
support@qiwi.ru
*********************************** ********************

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Реферат

Тақырыбы

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің өзге тілдерден айырмашылықтары мен ұқсастықтары

Орындаған: Төлеуханова А.
Тексерген:
Топ:

Алматы 2015ж
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонема туралы түсінік.
2. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелерден айырмашылығы.
3. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелермен ұқсастығы
4. Қазақ тілінің семантикасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулерін ғана жарыққа шығаратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көбірек зерттеген. Дегенмен сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап, күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да, тіл білімінде әлі де талдануы, анықталуы қажетті мәселелер толып жатыр. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек көне грек тіл білімі өкілдері (аналогистер мен аномалистер) арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алалығына да себепші болып жүргені анық. Басқа пәндер сияқты, тіл білімі де дамып жаңа сатыға көтерілген сайын оның алдына зерттелуі қажет болған жаңа мәселелер қойылуда.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ тіл білімі (жалпы түркологияда да) өкілдері, негізінен, грамматикалық категориялардың табиғатын анықтаумен ғана шектелді. Тілдің фонема, лексика салалары болса, оқулықтың талабынан әрі аспай, программа шеңберінен шыға алмады. Тек алпысыншы жылдардан кейін ғана тілдік элементтерді жан-жақты зерттеп, бірінің екіншісімен байланысын анықтау, басқа пәндермен байланыстырып, солардың жетістігін пайдалану сөз бола бастады.

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонема туралы түсінік.

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз - тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері - сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Дыбыс. Әріп. Фонема.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз - тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица. Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс.Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан - сән, сол - сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ.
Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни жазылған тілді - сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту - жазудан көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ. 2. дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс - сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп - дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп - бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл - фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы - фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулікболып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.
Фонология (гректің phone - дыбыс, logos - сөз, ілім) - тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.
1. дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі;
2. тілдің абстрактілі жүйесінің дыбыстық деңгейі, яғни тілдегі фонемалардың ғылыми моделі.
Фонологиялық анатомия.
Фонология дистингтивті, делимитативті және кульминативті қызметтерін атқару тұрғысынан маңызды болып табылатын тілдің дыбыстық элементтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді:
Дистингтивті (ажырату) қызметіне сөз, морфема сияқты мағыналық бірліктерді фонетика жағынан ажыратып танып-білу және семасиологиялық жағынан басқалармен теңдестіре отырып айыру жатады.
Осыған байланысты дистингтивті қызмет перцептивті (танып-білу) және сигнификативті (мағына ажыратушы) түрлерге жіктеледі.
Делимитативті (белгілеу) қызметі бойынша фонемалардың сөздер мен морфемалар аражігін көрсетуі қарастырылады.
Мысалы, қазақ тілінде сөз соңында ң, ғ, ә, о, ұ, ү фонемалары кездеспейді. Ал сөздің соңғы буындары екпінмен ерекшеленіп, созылыңқы айтылады.
Кульминативті қызметінде фонемалар сөздің тұтастығы мен ерекшеленуін қамтамасыз етеді. Қазақ тілінде кульминативті қызмет сингармонизм арқылы көрінеді. Яғни, бір сөз не толық жуан, не толық жіңішке дыбыстармен айтылу арқылы тұтас бірлік болып, ондағы дыбыстар бір әуезбен айтылады.
Фонология нысанындағы тілдік бірліктер
Суперсегментті және сегментті болып екіге бөлінеді: Суперсегментті деңгейде, яғни дыбысталудың үстінен түсетін дауыс ырғағы, екпіні мен әуендік ұйымдасуына қатысты просодема, интонема бірліктері болса, сегментті деңгей бірліктері екі жақты лингвистикалық мүшелену бойынша анықталады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде сегментті және суперсегментті Фонологиялық бірліктер зерттелу үстінде.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің Фонологиялық жүйесіндегі фонемалар оппозициясы лингвалды (жуанжіңішкелік) сингармонизм құбылысына негізделгендігін алғаш рет ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен.
Қазіргі қазақ Фонологиясы қазақ тілі дауысты және дауыссыз фонемалар жүйесінің тілдік парадигмасы мен синагматикалық қатынасын, сонымен қатар басқа да мәселелерді зерттеп келеді.
Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелерден айырмашылығы.
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos - естілу)
Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:
1)Дыбыс ырғағы.
2)Дыбыс күші.
3)Дыбыс әуені.
4)Дыбыстың созыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.
4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.

Дауысты дыбыстар кестесеі

Еріннің қатысына қарай Иектің (жақтың) қатысына қарай Тілдің қатысына қарай
Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар Ашық дауыстылар Қысаң дауыстылар Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар
О, Ө, У, Ұ, Ү А, Ә, Ы, І, (Э) А, Ә, О, Ө, Е Ы, І, (И), У, Ұ, Ү А, О, (У), Ұ, (И) Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)
Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.
Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у) , һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.

Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;
в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ

Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелермен ұқсастығы

Қазақ тілі түркі тілдері тобына енеді. Қазіргі кезде отызға жуық түркі тілі бар. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың көпшілігі бұрынғы ССРО-да, жеке-жеке республикаларда, Ресейдін құрамындағы республика-ларда, автономиялы облыстарда тұрады. Олар: қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түркімен, чуваш, карақалпақ, татар, башқұрт, якут, тува, хакас, алтай, құмық, карашай-балқар, гагауз, түрік, үйғыр, т. б.
Түркі тілінде сөйлейтін халыктардың біразы Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Монғол Халық Республикасында, т. б. жерлерде де тұрады.
Қазак тілі -- Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Қытай, Ауғанстан, Монғолия, т. б.) де тұратын қазақтардың ана тілі.
Түркі тілдері өзара туыстас болғандықтан, олардың бір-бірімен жақындық-тары, ортақ қасиеттері мол. Қазақ тіліне ең жакындары -- ноғай, қарақалпақ, қарашай-балқар, қырғыз, татар, башкұрт, құмық тілдері. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық құрамынан, фонетикалық (дыбыстық) жүйесінен, грамматикалық құрылысынан байқалады. Көптеген сөздер түркі тілдеріне ортақ болып келеді. Оны кестеден көруге болады.
Сондай-ақ сөздердің септелуіңде, тәуелденуінде, көптелуінде,
жіктелуінде де ұқсастықтар бар.
Түркі тілдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын да білген жөн.
Қазақ тіліне тән мына сияқты ерекшеліктерді байқауға болады:
1) басқа түркі тілдерінде сөз басында й келетін жерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады: йаш-жас, йол -- жол, йаз -- жаз, йыл -- жыл, йоқ -- жоқ.
2) басқа түркі тілдеріндегі ш дыбысы қазақ тілінде с, ал ч дыбысы ш дыбысына ауысады: аш -- ас, таш -- тас, ич -- іш, куч -- күш т. б.;
3) дыбыс үндестігінің ілгеріңді ықпал заңдылығы бойынша қазақ тіліндегі қосымшалардын қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталатын бірнеше түрлері басқа түркі тілдерінде бола бермейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Аударматану
Корей тіліндегі сөзжасам жұрнақтары
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі
Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Ұлттық терминқор қалыптастырудың алаш кезеңі және қазіргі қазақ терминологиясы
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
Пәндер