Шет тілін оқытуда тыңдап – түсіну дағдысын



Кіріспе
1. Сөйлеу және түсіну дағдысының теориялық негіздері

1.1.Шет тілін оқытуда түсінудің рөлі, оның сөйлеумен, оқумен және жазумен байланысы
1.2.Сөйлеу және түсінудіүйретудегі негізгі қиындықтар және тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
1.3. Сөйлеу мен жазу дағдысын қалыптастыратын жаттығулар түрлері

2. Тыңдап . түсіну дағдысын қалыптастыратын жаттығуларды сабақ үлгісінде қолдану
2.1. Сөйлеу мен сөз мағынасын түсінугеүйрету жаттығуларын мақсатты түрде оқу процесінде пайдалану тәсілдері
2.2.Сөйлеу және түсінудағдысын қалыптастыратын жаттығуларды пайдаланып жасалған сабақтың жоспары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тыңдау – есітіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап - түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды.
Сөйлесу, пікір алмасу шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Сөйлеу қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым - қатынас жасай алмайды.Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада есте сақтау қабілетін дамытады. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады, және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.
1. Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович, Т.Е. Сахарова. «Методика обучения иностранным языкам в средней школе». Москва 1991г. 104 – 123 беттер
2. Әбдіғалиев С.Ә. «Неміс тілін оқытудың негіздері». Алматы «Қазақ униерситеті »1992ж. 75 – 88беттер.
3. Г.Н. Амандықова, Ш.Е. Баймұқанова, А.Н. Бисенғалиева. «Шет тілін оқыту әдістемесі ». Астана 2007ж. 59 – 62 беттер.
4. «Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері». Ғылыми әдістемелік журнал. 2011ж 3(57). 41 – 43 беттер.
5. Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. «Хабаршы» журналы. Филология сериясы. Алматы 2010ж №4 – 5 (128-129). 317 – 319 беттер.
6. И. В. Рахманов «Методика обучения немецкому языку в VIII – Xклассах». Москва 1956. 107бет
7. А. И. Запорожец, Л. А. Венгер, В. П. Зинченко, А. Г. Рузская «Восприятие и действие». Москва 1967. 140 бет.
8. Н. И. Гез. Текст лекций по курсу «Методика обучения иностранным языкам в высшей школе » (Раздел «Аудирование»). Москва 1979, стр 6 -7.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Шет тілі теория және тәжірибе кафедрасы.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Шет тілін оқытуда тыңдап - түсіну дағдысын қалыптастыру

3 курс студенті
мамандық 050119
ШТ-35 тобының Жанысбаева А.П

Ғылыми жетекшісі: Байбатырова А.А

Астана 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Сөйлеу және түсіну дағдысының теориялық негіздері

1.1. Шет тілін оқытуда түсінудің рөлі, оның сөйлеумен, оқумен және жазумен байланысы
1.2.Сөйлеу және түсінуді үйретудегі негізгі қиындықтар және тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
1.3. Сөйлеу мен жазу дағдысын қалыптастыратын жаттығулар түрлері

2. Тыңдап - түсіну дағдысын қалыптастыратын жаттығуларды сабақ үлгісінде қолдану
2.1. Сөйлеу мен сөз мағынасын түсінуге үйрету жаттығуларын мақсатты түрде оқу процесінде пайдалану тәсілдері
2.2.Сөйлеу және түсіну дағдысын қалыптастыратын жаттығуларды пайдаланып жасалған сабақтың жоспары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тыңдау - есітіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап - түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды.
Сөйлесу, пікір алмасу шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Сөйлеу қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым - қатынас жасай алмайды. Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада есте сақтау қабілетін дамытады. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады, және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.
Ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңдерінде тыңдалымдар өте маңызды роль атқарады. Тыңдалымдар ағылшын тілінде сөйлеушілердің шынайы сөзін есітуге мүмкіндік береді.
Тыңдап - түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды. Ол оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктері сай таңдалуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар түрлері: ертегі сюжеттеріне негізделген тақырыптар, жан - жануарлар туралы қызықты әңгімелер т.б. Ал жоғары сынып оқушыларына саясатпен, техникалармен, бүгінгі таңда ойлап табылып жатқан жоғарғы технология жаңалықтарымен(роботтар,ұялысымтеті ктер,компьютерлер)және детективтермен байланысты мәтіндер өте жоғары қызығушылықтарын тудырады. Сонымен қатар махаббат, достық туралы, өзге елдің өмірі мен халқы туралы және табиғат жайлы мәтіндер қызығушылықпен тыңдалады. Мектеп бітірушы сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдау туралы мәтіндер беру өте дұрыс шешім.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілетін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда тыңдап-түсінуді жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ. Тыңдап-түсінумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелердің аздығы зерттелу керек маңызды мәселе. Сол себепті де шет тілін оқытудағы тыңдап-түсінуде
кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын табу және практикада оның әдістемесін ұсыну бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Сонымен бірге шет тілін үйретудің мазмұнын жаңарту және тыңдау үрдісін жаңаша ұйымдастырудың ғылыми негіздерін терең зерделеу қажет.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқушылардың тыңдау қабілетін жетілдіру, шет тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Шет елдік қоғам ортасында түрлі ситуациялардан шыға білуді үйрету. Шет тілін оқытудағы тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын практика жүзінде көрсету. Тыңдап-түсінуді ұйымдастырғанда дәстүрлі түрдегі мәтіндермен қоса, заман талабына сай жаңа, қызықты,оқушыларда шет тілін оқуға деген мотивациясын қалыптастыратын аудиоматериалдар түрлері қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
Оқушылардың санасында тілдік ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
Тыңдап-түсінуді меңгерудің тиімді әдістерін табу;
Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығудың түрлеріне тоқталу;
Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығуларды практикада (cабақта) қолдануды меңгеру;
Зерттеу жұмысының нысаны. Шетел тілін оқыту үрдісі, шет тілін оқытуда тыңдап-түсінудің рөлі және маңыздылығы.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Тыңдап-түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру, Тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын меңгеру, дұрыс тыңдай-түсіне білуге үйрету,тыңдап-түсіну барысында берілген тапсырмаларды шеберлікпен орындай білу біліктілігін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Шет тілін оқу процесінде тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыратын жаттығуларды сабақта тиімді пайдалану әдістемелері ұсынылады.
Зерттеу жұмысының зерттеу әдістері. Тыңдап-түсінуді тиімді ұйымдастыруға керекті ұсынуда үнтаспаларды, дисктерді, әндерді, жиі пайдалану және сұрақ-жауап, диалог және монолог құру, баяндау, сұхбаттасу, интерпретациялау әдістерінің мүмкіндіктері артып отыр.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Тыңдап - түсіну дағдысының теориялық негіздері

3.1. Шет тілін оқытуда тыңдап - түсінудің рөлі, оның сөйлеумен, оқумен және жазумен байланысы.

Тыңдап-түсіну термині әдістемелік әдебиетте жүргеніне көп болған жоқ. Ол тыңдау терминіне ұқсамайды. Егер тыңдау термині дыбыстардың акустикалық қабылдануын білдірсе, ал тыңдап-түсіну түсінігі қабылдау және дыбысталып отырған материалды түсінуді қамтиды.[1,104бет]
Кез - келген, тіпті ең төменгі деңгейдегі шет тілін тыңдап - түсіну дағдыларын меңгеру - бірнеше негізгі тіл әрекетің дағдыларын, яғни 1) дыбыстар ағымын тани білу; 2)тыңдалып отырған тілдік единицалардың мағынасын қабылдау; 3) тыңдалып отырған тексттегі ең маңызды ақпаратты іріктей білуді меңгеру болып табылады. (И.И. Зимняя).
Тыңдап - түсіну сөйлеу сияқты шет тілінде қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Яғни, сөйлеу қарым-қатынасы екі жақты болғандықтан, тыңдап - түсінуге көп көңіл бөлмеу оны ескермеу оқушыларға сөз дыбыстау кезінде зиянын тигізбек. Тыңдап - түсіну процесі сыртқы әсерлерсіз іске асады, бұл активті процесс, жоғарғы интеллектуалды күшті қажет етеді. Тыңдап - түсіну кезінде тыңдаушы перцеп-мнемоникалық қызмет және ойды анализдеу операциясын, синтез, дедукция, индукция, салыстыру, абстрактциялаулар, нақтылау, т.б. қызметтер атқарады. Тыңдап - түсіну қарым - қатынастың негізін құрайды, тілдік - ауызша коммуникацияны меңгеру тыңдап - түсінуден бастау алады. Мұнда бірнеше ой операциялары орындалады. Олар: тыңдалған дыбыстарды дифференциялау, ойлау әрекетінде қорыту, тыңдау кезінде оларды есте сақтап ұстау, жобалап болжау қабілетін іске асыру және қарым - қатынас ситуацияларын ескере отырып, тыңдалған аудио материалды түсіне білу.
Кей авторлар тыңдап - түсінудің екі түрін атап көрсетеді: толық мәтінді түсіну және тыңдалған мәтіннің тек негізгі мазмұнын түсіну. Шетел тілін оқытудың бастапқы этапында толық мәтінді түсіну түрі өте маңызды.
Ауызша сөз негізгі екі сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну (орысша аудирование),екіншісі - сөйлеу. Ауызша сөйлеудің бұл екі компоненті бір- бірімен тығыз байланыстылығы сондай,кейбір методистер бұларды бір-бірінен ажыратпайды.Олардың көзқарасы бойынща,ауызша сөзді игеру үшін сөйлей білсе жеткілікті. Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну - сөйлеудің серігі. Сөйлеу білген адамға тыңдап-түсінуге арнайы дағдыланудың қажеті жоқ. Ол дағдылар өз-өзінен қалыптасады. Басты дағды - сөйлеу дағдысы. Олай болса, бір тілде сөйлеу білген адам сол тілде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсіне алады. Міне,көпшілік методистердің пікірі бойынша, тыңдап-түсіну дағдыларының күні бүгінге дейін тиісті мөлшерде дамытылмай келуінің бір себебі осында.[6,107].
Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеулер де, шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп беріп отыр.[2,75]
Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап-түсіну және сөйлеу) бір-бірімен тығыз байланысты болғанмен, олардың әрқайсысы мүлде басқа іскерлік негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді. Сөйлеуші де,тыңдаушы да тілді қолдана отырып қатынас жасайды. Бірақ олардың әрқайсысы тілді әр түрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санаксында белгілі бір ой туады да,, ол сол ойды басқаларғак жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу процесінде сөздің мазмұны алдын ала берілген, сол мазмұнды сөйлеуші тілдік форма арқылы өзгелерге жетқізіді. Сөйлеущі белгілі мазмұннан шығып, оны тілдің әр түрлі элементтерін қолдану арқылы басқаларға жеткізеді. Тыңдау процесінде іс-әрекет бағыты мүлдем басқа. Мұнда тыңдаушыға әуелі берілгені - тілдік форма. Соны қабылдау арқылы тыңдаушы тілдік фориада кодталған мазмұнды ашады. Мұндағы іс-әрект бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Ауызша сөздің бұл екі компонентін бір-бірінен ажыратудың маңызы өте зор. Бұлар сөз әрекетінің әр түрлі формаларына жатады.: сөйлеу экспрессивтік формаға жатса, тыңдау импрессивтік формаға жатады. Бұлардың әр қайсысын әр түрлі жолмен оқытып үйрету керек. [2,76]
Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет екені белгілі. Қабылдау мәселелерімен шұғылданып жүрген еліміздің психологтары екі процессті ажыру қажеттігін атап көрсетеді.[7.140]. А) бейнені қалыптастыру процесі, яғни объектінің маңызды даралау белгілерін (дифференциальные признаки) және олардың өзара байланысын анықтау және сол белгілерді игеру процесі. Ә) қалыптасқан бейнені эталонмен салыстыру нәтижесінде объектіні тану процесі. Бейнені қалыптастыру барысында оны тану процесі саналы түрде өтуі мүмкін. Тіл арқылы қарым - қатыныас жасау процесінде тану бір мезгілде (симултанды түрде) өтеді. Мұнда логикалық операцияның қатысу - қатыспауы түсінудің түріне байланысты: дискурсивтік жолмен түсіну және тікелей түсіну. Тікелей түсіну кезінде ішкі сөзде болып жататын ойлау процесі барынша қысқартылған түрде өтеді. Қабылдаудың осы аталған екі процесіне байланысты сөзді есту қабілетінің екі механизмы бар екенін Е.И. Исенин атап көрсетеді: ажырату және тану механизмдері[2,76]. Ажырату барысында мынадай процестер болады:
1. Есте бейнені қалып таспаған объектіні қабылдағанда, адам оның бейнелері қалыптасқан объектілерден өзгеше екенін ұғады. Мысалы: таныс емес сөзді естігенде, оның өзіміз білетін сөздерден өзгеше екенін аңғарамыз.
2. Бұл объектінің даралау ерекшеліктері бейнелері есте қалыптасқан басқа объектілермен салыстыру арқылы немесе сол объектілерді тану арқылы анықталады. (d) дыбысының даралау белгісін (ұяңдығын) анықтаймыз.
3. Даралау белгілерінің өзара қарым - қатынасы анықталады. Мысалы: бір сөздің бейнесін қалыптастыру үшін оның барлық даралау белгілерін анықтаумен қатар,сол белгілерінің тіркесу ретін де анықтак керек.
Қабылдау единицасы жеке сөздермен тікелей байланысты. Ал жеке сөзді қабылдау үшін оқушылардың санасында фонематикалық есту қабілетін қалыптастырукерек. Фонематикалық есту қабілеті дегеніміз - сөздегі дыбыстарды ажырату және оларды тиісті фонемалармен ұштастыру. Ал қабылдау единицасындағы фразаны оған кіретін сөздерді талдап, сосын оларды жинақтау арқылы түсінеміз. Фразаны түсіну үшін ең басты информативтік белгі интонация.[8,6]. Сондықтан оқушылардың санасында фонематикалық есту қабілетімен қатар интонациялық есту қабілетін де қалыптастыру керек. Интонациялық есту қабілеті сөйлемдердің коммукативтік типтерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем) ажыратуға, фраза бөлшектерінің байланысын анықтауға, сөйтіп оның мазмұнын түсінугекөмектеседі.
Тыңдап - түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске (краткая и долговременная память) байланысты. Қысқа мерзімдік ес келіп түскен хабарды қабылдаудың барлық сатыларында сақтап, оны ұзақ мерзімдік еске жөнелтеді. Ұзақ мерзімдік ес сөздердің, сөз тіркестерінің, синтаксистік құрылымдардың есту артикуляторлық бейнелерін және олардың бір - бірімен тіркесу ережелері мен схемаларын сақтайды. Соның нәтижесінде сөйлемнің фразалық құрылымы мен коммуникативтік типін ажыратуға мүмкіндік туады.
Тыңдап - түсіну сөз әрекетің басқа түрлерімен тығыз байланысты. Тыңдап - түсіну де, сөйлеу де сөз әрекетінің ауызекі түріне жатады. Ауызша сөзді қабылдай отырып, тыңдаущы моторлы анализатордың көмегімен дыбыстық бейнелерді артикуляциялық бейнелерге айналдырады. Сөйтіп моторлы (сөз қозғау) анализатор мен есту анализаторы арасында берік функционалдық байланыс пайда болады. Осыған орай, тыңдап - түсіну ішкі сөзбен де тығыз байланысты. Дыбыстық бейнелерді артикуляциялық бейнеге айналдыру арқылы тыңдаушы естігенін ішкі сөзде қайталап отырады. Соның нәтижесінде ол естігенін түсінеді. Демек тыңдағанды түсіну үшін ішкі сөздің маңызы зор.
Тыңдап - түсіну процесіне көру анализаторы да қатысады. Жалпы көру анализаторы сыртқы дүние туралы хабар алуда барлық басқа анализатордан артық. Тыңдап - түсіну барысында көру анализаторы тыңдаған сөздің мағынасын түсінуге көп жеңілдік тудырады. Сөйлеу органдары, қимыл - қозғалыс сияқты көру белгілері тыңдауды, естігенін ішкі сөзде қайталауды жеңілдетеді. Демек сөйлеушінің сөйлеу органының қозғалысын әр түрлі қимылдары мен ымын бақылау тыңдаушыға естігенін түсінуді жеңілдетеді.
Естігенін түсінуді жеңілдетуде көру анализаторының тағы бір көмегі мынада: егер тыңдаушы тыңдар отырған мәтіннің жазбаша нұсқасын көріп отырса, онда ол естігенін әлдеқайда жеңіл түсінеді. Бұдан тыңдап - түсінудің оқумен тығыз байланысы көрінеді. Оның үстіне тыңдап - түсіну мен оқу сөз ьәрекетінің импрессивтік түріне жатады. Яғни екеуі де сөз қабылдап, оны түсіну болып табылады. Тек тыңдап - түсінуде ауызша айтылған сөзді қабылдап,түсіну керек болса,оқуда жазбаша сөзді қабылдап,түсіну керек. Сонымен тыңдап - түсіну сөйлеумен де, оқумен де, жазумен де байланысты.[2,78]

1.2.Тыңдап-түсінуді үйретудегі негізгі қиындықтар және тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары

Тыңдап - түсінуге үйрету барысында оқушылар көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Тыңдап - түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдарын жақсы білуі керек. Енді тыңдап - түсінуге үйрету барысында кездесетін қиындықтар түрлерін жеке - жеке қарастырып өтелік.
Төменде аталатын қиындықтар кез келген тілде тыңдап - түсінуге үйрету барысында кездеседі. Демек, олар қазақ оқушылары неміс тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап - түсінуге үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:
1. Белгілі ойды, мазмұнды айтып жеткізу үшін сөйлеушінің қолданған тіл материалы мен оқушылар меңгерген тіл материалының арасындағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші оқушының меңгерген тіл материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі келген материалды неғұрлым жан - жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс болмауы мүмкін. Тыңдап отырған мәтінде кездескен таныс емес сөздер, оқылмаған грамматикалық құбылыстар оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көп деген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп - жеке айтылған аудитор (тыңдаушы) сөздерді оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз құрамында кездестіргенде, сол аудитор тани алмай қалады. Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту мен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын болжауға ұсақ тексттерде өткен лексиканы тануға дағдыландыратын жаттығуларды орындау қажет, сондықтан оқушыларды кейбір таныс емес сөздері бар мәтіннің мазмұнын түсінуге де дағдыландыру керек.
2. Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Осыған орай шетел тілі мұғалімдері мен методистері мынадай сұрақ қояды: неге алты жыл бойы шетел тілін оқыған оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарын түсінеді де, дәл сол сұрақты шетелдік адам қойса түсінбейді?[13,35]. Бұл жерде сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге ықпал етеді. Мысалы, ер адамның жұмсақ қоңыр даусын түсіну жеңілірек те, әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы дауысты түсіну қиындық келтіреді. [12,42]. Бұл қиындықтарды жеңу жолы - сабақта техникалық құралдарды, әсіресе магнитофонды жиі қолдану. Магнитофонға ер адамның да, әйел адамның да, баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тыңдату керек.
3. Әдетте мұғалім сабақта шет тілінде сөйлегенде, өте баяу ырғақпен сөйлейді. Мұндағы мақсат - мұғалімнің шет тілінде айтқанын барлық оқушылар түсінсін дегендік. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де, ілесе алмай қалады.
4. Мұғалім сабақта шет тілінде сөйлегенде, тағы мынадай қателік жібереді. Айтқанымды оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол бір айтқанын бірнеше рет қайталайды (әдетте 3-4 рет ). Осыған әбден дағдыланып алған оқушылар мұғалім сөйлей бастағанда, әуелде оның сөзіне мүлдем құлақ аспайды. Айтқанын екінші, үшінші айтқанын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды. Қайталап тыңдауға дағдыланған оқушылар алғашқыда сөзді тыңдамай,оны естімей қалады да, оны түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардың тыңдап - түсінуіне үлкен қиындық келтіреді.
Осы қиындыққа орай шетел тілі мұғалімдері мен методистер дұрыс түсіну үшін мәтінді оны оқұшыларға бір ақ рет тыңдату керек деген тұжырымға келген. Ал сол мазмұнды қайталап айтып беру керек болған жағдайда екі рет тыңдатуға болады. [3,62]. Олай болса,шет тілін оқи бастаған кезден ақ мұғалім өз сөзін қайталамауға тырысуы тиіс, сөйтіп оқушыларды бір айтқаннан түсінуге дағдыландыру керек.
5. Жалпыға ортақ келесі қиындық: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет - әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл - қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді. Мысалы, үлкен аудиторияда соңғы қатарда отырған адам лекцияны нашар түсінуінің себебі оның нашар естуіне байланысты емес, оның лекторды нашар көруіне байланысты.
Нағыз коммуникация барысында аудитор сөйлеушіні көре алмайтын жағдайлар кездесуі ғажап емес. Мысалы, сөйлеуші көрші бөлмеде болуы мүмкін. Сондай - ақ телефонмен сөйлескенде де тыңдаушы сөйлеушіні көре алмайды. Радиохабарларды тыңдағанда да дикторды көріп, бет әлпетін, сөйлеу органдарының қимылын бақылау мүмкін емес.
Аталған қиындықты жеңу үшін мұғалім сабақта магнитофонды жиі қолдануы тиіс. Магнитофонға жазылған мәтіндерді тыңдауға дағдылану нәтижесінде оқушылар сөйлеушіні көрмей, оның сөзін түсінуге үйренеді. Сондықтан аудитивтік іскерліктер мен дағдыларды дамытуда магнитофонның қызметі ерекше.
6. Жалпыға ортақ қиындықтардың келесі түрі аудитивтік мәтіннің ұзақтылығына байланысты. Ұзақ уақыт тек басқа адамның сөзін тыңдағанда, тыңдаушы шаршап, жалығады, сондықтан тыңдағанын түсіне алмайды. Сөйтіп, методикада аудитивтік мәтіннің ұзақтығы, оның көлемі қандай болу керектігін анықтап алу қажеттігі туады. Бұл мәселеге байланысты Н.В. Елухина шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында тыңдайтын мәтіннің ұзақтығы 1,5 - 2 минөттен аспауы керек, ол бірте - бірте артып, шетел тілін оқытудың ақырында 3 - 5 минөтке дейін жетуі керек деген пікір айтса[12,40], Н.Н. Пруссаков аудиомәтіннің ұзақтығы шет тілін оқытудың алғашқы сатысында ақ 3 минөттан кем болмауы керек деген пікірді қолдайды.[9,61] Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс екенін айту қиын, өткені ешқайсысы тәжірибе арқылы тексерілмеген. Дегенмен оқушылардың алғашқы сатыда тез шаршайтынын ескере отырып, 1,5 - 3 минөттік ұзақтық дұрыс деуге болады. Одан артық болса, оқушылар шаршайды да, тыңдай алмайды, түсінбейді.[2,83]

1.3. Тыңдап - түсіну дағдысын қалыптастыратын жаттығулар түрлері

А.И. Домашнев және басқа авторлар тыңдап - түсінуге үйретуде екі кезеңді ажыратуды ұсынады: дайындық кезеңі және негізгі кезең.[10,99]. Осыған байланысты тыңдап - түсінуге үйрететін жаттығулар жүйесі екі топтан тұрады: тіл (дайындық) жаттығулары және сөз сөз жаттығулары (творчествалық жаттығулар). Мұндай жаттығуларда ауызша сөздің екі түрі - тыңдап - түсіну мен сөйлеудің тығыз байланыстылығы ескерілуге тиіс.
Тіл (дайындық) жаттығуларының мақсаты - мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын - ала жою. Сонда ғана оқушылар тыңдау барысында назарын мәтіннің мазмұнына аударады. Тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде мына төмендегі іскерліктер қалыптастырылады:
А) тыңдап отырған хабардағы таныс емес құбылыстарды анықтау, оларды бір - бірінен ажырату және түсіну іскерлігі;
Ә) дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру іскерлігі;
Б) сөз жасау тәсілдеріне сүйене отырып, таныс емес сөздердің мағынасын анықтау іскерлігі;
В) түрлі лексикалық единицалар мен грамматикалық құрылымдардың контексттегі мағыналарын анықтау іскерлігі;
Г) синоним, антоним құбылыстарын танып, олардың мағыналарын ашу іскерлігі;
Аталған іскерліктерді дамыту мен қатар тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде оқушылардың есту қабілеті мен қысқа мерзімдік ес дамытылады.
Осы аталған іскерліктер мен қабілеттерді дамыту, оларды жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жөн:
1. Есту қабілетін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:
А) бірнеше жұп сөздерді тыңдап, оларды қайталаңдар: singen - sinken, auffallen - auf allen;
Ә) берілген интонацияны сақтай отырып, синтагмалар мен фразаларды қайталаңдар:
Б) берілген қос сөйлемдерді тыңдаңдар. Егер ол сөйлемдер бірдей болса, графикалық кілтте (+) таңбасын қойыңдар, ал егер сөйлемдер әр түрлі болса, онда (-) таңбасын қойыңдар.
2. Алдын - ала болжалдау қабілетін жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жөн.
А) бірқатар сын есімдерді (етістіктерді) тыңдаңдар да, олармен жиі тіркесетін зат есімдерді атаңдар;
Ә) өздеріңе таныс элементтерден құралған сөздерді тыңдап, оларды қазақ тіліне аударыңдар;
Б) бірқатар сөз штамптарын тыңдап, олардың қандай жағдайда қолданылатынын шет тілінде немесе қазақ тілінде атаңдар:
В) мұғалім айтып тұрған мәтінді (пластинкадан) тыңдардар, сол мәтіннің жазбаша нұсқасындағы қалып қойған сөздерді толықтырыңдар.
3. Оқушылардың қысқа мерзімдік есін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:
А) бір топ жекелеген сөздерді тыңдап, солардың ішінде белгілі бір тақырыпқа байланысты сөздерді қайталап айтыңдар;
Ә) екі - үш қысқа фразаларды тыңдап, оларды бір сөйлем етіп біріктіріңдер;
Б) он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Қашықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Тындап түсіну арқылы ағылшын тілін оқыту
Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
Қытай тілін үйретудің жаңа әдіс- тәсілдерін қалыптастыру
Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану
Аудио оқыту құралы ретінде
Пәндер