Қаржы менеджменттін ақпаратпен қамтамасыз ету



1.Бухгалтерлік қаржылық есеп және басқарушылық есеп
2."Айналымдағы ақшаны нормалау"
Қаржылық левериджді есептеу.
3."Айналымды капиталдың компоненттері".
4."Тауар материалдық құралдарын басқару"
1. Қаржылық есеп–бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары). Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қаржы менеджменттін ақпаратпен қамтамасыз ету.

1.Бухгалтерлік қаржылық есеп және басқарушылық есеп
2."Айналымдағы ақшаны нормалау"
Қаржылық левериджді есептеу.
3."Айналымды капиталдың компоненттері".
4."Тауар материалдық құралдарын басқару"

1. Қаржылық есеп - бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары). Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді. Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы - ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында. Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі - есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді. Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай - ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір - бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі. Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір - біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге - ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Басқару есебінің өрісі - есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Сегменттік есептің ақпараты фирмаішілік басқаруда, сегменттік есепті құрастыруда, басқарудың әр түрлі деңгейіндегі шығындар мен нәтижелері басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды бақылау үшін қолданылады.
Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер үшін смета әзірлеу қалыптасу негізі болып қызмет етеді. басқаша айтқанда сегменттік жоспарлау басқарушылық бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Басқа екі құрамдас бөлігі болып сегменттік есеп пенсегменттік есеп берушілік шығады.
Ақпаратпен қамтамасыз ету - жүйелі, уақытылы, сыйымды, нысаны мен қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Сегменттік жоспарлау, есептеу мен есеп беруді жүргізу бухгалтер-жолдаушының қызметтік міндеттеріне кіреді.
1-суреттен байқалатыны, сегменттік есептеу жүйесінде жиналған және жинақтап қорытылған ақпарат сегменттік есеп беру түрінде мүдделі пайдаланушыларға жеткізіледі, оны жүргізу тәртібін ұйымның өзі дербес белгілейді және көбіне кісіпорынның ұйымдық құрылымына байланысты болады.
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілген әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебінің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады:
құжаттама;
түгендеу;
бақылаушы шоттар - сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар;
мөлшерлеу - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі;
ынталандыру - кәсіпорынның мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы;
жоспарлау - кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайына сәйкестікке келтіруге бағытталған үздіксіз циклды процесс;
лимиттеу - қор мен шығындар мөлшері жүйесіне негізделген материалдық шығындарды бақылаудың бірінші дәрежесі;
талдау - басқару есебі тәсілінің бұл элементі арнайы ерекшеліктеріне қарай іс жүзінде оның барлық құрамдастарымен өзара әрекеттеседі. Талдауға барлық кәсіпорынның да, жеке бөлімшелердің де экономикалық көрсеткіштермен көрсетілген өндірістік қызметі тартылады;
бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.;
бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі.
Басқару есебі мен қаржылық есептің салыстырмалы сипаты.
Оны мына кестеден көруге болады:
Салыстыру белгілері
Қаржылық есеп
Басқару есебі
Пайдаланушылар
Сыртқы
Ішкі
Есеп жүйесі
Екі жақты жазу
Кез келгені
Реттеу
Бухгалтерлік есеп стандарттары
Жоқ
Өлшеуіштер
Ақшалай
Кез келгені
Мерзімдік
Жыл
Қажеттілігіне қарай
Объект
Тұтастай кәсіпорын
Кейбір бөліктері
Объективтілік
Объективті
Субъективті
Қойылатын заңды талаптар
Есепті міндетті түрде жүргізу, ұсыну
Менеджер мен басшы шешім қабылдаған кезде пайдаланады
Ақпараттың дәлдік дәрежесі
Анық
Жуық
Есеп ауқымы
Ұйымды тұтастай қарайды
Есеп объектілері бөлек
Есептің принциптері
Стандартқа сай
Жалпы қабылданғаны жоқ,
ең бастысы -- қарапайымдылық, қолайлық
Ақпараттың уақытша шегі
Ұйымның қызметінің барлық
іс-әрекетін үздіксіз есептеу
Ерікті түрде, есепті жүргізуді басшылық шешеді
Ақпаратты беру жиілігі
Қатаң айқын мезгілдер белгілеген
Жиі рәсімделеді
Ұсыну түрлері
Берілген нысан бойынша салық қызметіне ұсынылады
Ерікті түрде ұсынылады
Практикалық қызметте қолдану
Жасалғанын растайтын бастапқы құжаттар негізінде операциялар тіркеледі
Болған фактілерді талдау негізінде болашаққа арналған ұсыныстарды жасау

2. Ақшаның қызметі бірқатар объективті заңдылықтарға бағынады. Олардың негізгілері Коперник - Грешем заңымен, Фишер формуласымен және кембридж теңдеуімен көрсетіледі.
Коперник - Грешем заңы XVI ғасырда бір уақытта және бір-бірінен тәуелсіз польша ойшылы Николай Коперник және ағылшын банкирі Томас Грешеммен құрастырылды. Осы заңға сәйкес , егер бір уақытта айналымдағы ақшаның бірнеше түрі болса, онда нашар ақшалар айналымнан жақсы ақшаны шығарып тастайды. Бұл жерде әңгіме, ақшаның әр түрлілігі өзара еңбекті бөлетіндігінде болып отыр. Ақшаның бір түрі, бұның ішінде барынша тұрақтысы ( жақсы ақша) халық арасында жинақ түрінде қолданылады да айналымнан шығып қалады. Ал тұрақты емес ақшаға келетін болсақ, құнсызданған ақша ( нашар ақша ), ол сауда - саттық айналымында қолданылады.
Ақшаның бір түрі бір уақытта бір аймақта жақсы, ал басқа аймақта нашар болуы мүмкін. Мысалы, 1990 жылдардың ортасында Ресейде ресейлік рубль мен американдық доллар параллельді түрде қолданылды, қарапайым халық тұрақсыз рубльмен есеп айырысса, долларды жинақ қоры үшін қолданды. Ал Украинада өзінің жергілікті валютасы тұрақты болғанменен ресейлік рубльді жинақ қоры үшін қолданды.
Фишер формуласын американдық экономист Ирвинг Фишер ашты. Бұл формула нарықтық шаруашылықта қалыпты қызмет ету үшін ақша санының қаншалықты екендігін анықтайтын факторды айқындайды.
M * V = P * Q
Мұндағы :
М - ақша айналымының орташа саны
V - ақша айналымының жылдамдығы
Р - бағаның деңгейі
Q - сатылған тауардың саны
Фишер формуласының сол жағы төленген ақшаның санын көрсетеді, ал оң жағы сатылған тауардың бағасын ( ақшаға сұраныс) көрсетеді.
Ақша айналымының заңы жалпы түрде төмендегі формуламен көрсетіледі :
M = P1Q1 - P2Q2 - D1 - D2 V
Мұндағы:
М - айналымға қажет ақша саны
Р1Q1 - тауар мен қызмет көрсетудің айналымдағы бағасының саны
P2Q2 - төлем мерзімі жетпеген несиеге сатылған тауардың бағасының саны
D1 - қарыздық міндеттемемен түскен төлемдер саны
D2 - төлемдерді екі жақты өтеу саны
V - ақша айналымының жылдамдығы
Фишер формуласына сәйкес ақшаға деген қажеттілік тауар айналымының дамуына байланысты, ал Кембридж теңдеуі ақшаға деген қажеттілікті адамдардың байлығының бір бөлігін ақша түрінде ұстауымен көрсетеді, ол ақшаның тез арада және шығынсыз кез келген тауарға айналдыруға болатынын көрсетеді. ХХ ғасырдың ағылшын экономисі Артур Пигудің қарастыруымен кембридж теңдеуі мынандай :
M = K * P * Q
Мұнда:
К - өндірілген тауардың бір бөлігі
P*Q - халықтың жинақ түрінде сақтайтын бөлігі
Фишер формуласындағыдай кембридж теңдеуінде де оң жағы ақшаға сұранысты, сол жағы ақшаға ұсынысты көрсетеді.
Фишер формуласымен кембридж теңдеуі экономикалық дамуды дұрыс жолға қоюда ақшаның санының қаншалықты екендігін жасау үшін нарықтық жүйеде маңызды шешімге келуге бағыт береді.
Қаржылық леверидж - кәсіпорынның меншікті капиталының рентабельділік коэффициентінің көлеміне әсер ететін заемдық қаражаттарды қолдануы. Қаржылық леверидж объективті фактор болып табылады, ол меншікті капиталға қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін кәсіпорынмен заемдық қаражаттардың көлемі арқылы анықталады.
Қаржылық тұтқа меншікті капиталдың табыстылық (рентабельділігін) кофициентінің көлеміне әсер ететін қарыз қаражаттарын қолдануды білдіреді.
Қаржылық тұтқа меншікті капиталдың табыстылығын арттыруға мүмкіндік беретін кәсіпорында пайдаланылатын капиталдың құрамында қарыз капиталы пайда болғанда ғана пайда болатын объективті фактор. [1]

Қарыздық қаражаттарды әр түрлі үлесте пайдалануға байланысты меншікті капиталға қосымша генерацияланатын пайданың деңгейін сипаттайтын көрсеткіш - қаржылық тұтқа әсері деп аталады. Ол былай есептеледі:
ЭФЛ= (1 - Снп) * (КВРа - ПК) * ЗКСК
мұндағы:
ЭФЛ - қаржылық тұтқа әсері, меншікті капиталдың рентабельділігінің өсімі, %
Снп - пайдаға салынатын салық ставкасы, ондық бөлшекпен өрнектеледі;
КВРа - жиынтық активтер рентабельділігінің коэффициенті (жиынтық табыстың активтердің орташа құнына қатынасы), %
ПК - кредит пайызының орташа ставкасы (қарыз капиталын пайдалану үшін кәсіпорын төлейтін пайыздар), %
ЗК - қолданылатын қарыздық капиталдың орташа сомасы;
СК - кәсіпорынның меншікті капиталының орташа сомасы.

Егер кәсіпорынның әртүрлі қызмет түрлері бойынша пайдаға салық салудың дифференциалданған ставкасы белгіленсе;
Егер кәсіпорын жекелеген қызмет түрлері бойынша, пайда бойынша салық жеңілдіктерін пайдаланса;
Егер кәсіпорынның жекелеген еншілес фирамалары өз қызметін пайдаға салық салудың жеңілдік режимі бар ер кін экономикалық аумақта жүзеге асырса;
Егер кәсіпорынның жекелеген еншілес фирмалары өз қызметін пайдаға салық салу деңгейі айтарлықтай төмен мемлекеттерде жүзеге асырса.
Мұндай жағдайда өндірістің салалық немесе аймақтық құрылымына әсер ете отырып (сәйкесінше пайдаға салық салу деңгейі бойынша пайда құрамына) пайдаға салық салудың орташа ставкасын төмендете отырып оның әсеріне қаржылық тұтқаның салықтық түзетуінің әсерін арттыруға болады.

Қаржылық тұтқаның дифференциалы - қаржылық тұтқаның оң әсерін қалыптастыратын басты жағдайы болып табылады. Бұл несие үшін пайыздардың орташа мөлшерінен асқанда ғана көрініс табады. Қаржылық тұтқаның дифференциалының оң мәні жоғары болған сайын, оның әртүрлі осыған тең жағдайлардағы әсері жоғары болады.
Осы көрсетіштердің жоғары динамикалылығымен байланысты ол қаржылық тұтқаның әсерін басқару үдерісінде тұрақты мониторингті талап етеді. Бұл динамізм бір қатар факторларға негізделген.
Ең алдымен, қаржы нарығының коньюктурасының нашарлауы кезеңінде (негізінен, ондағы еркін капиталдарға ұсыныс көлемінің қысқаруы) қарыз қаражаттарының құны кәсіпорын активтерімен басқарылатын жалпы пайда деңгейінен асып түсе отырып, бір ден өсуі мүмкін. [3] Сонымен қатар, пайдаланатын қарыз капиталының артуы процес сінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуі оның банкрота ұшырау тәуекелінің артуына әкеледі. Ол кредиторларды қосымша қаражаттық тәуекел үшін сыйақыны кіріктіруді ескере отырып несие үшін пайыз ставкасының деңгейін арттыруға мәжбүрлейді. Осы тәуекелдің белгілі бір деңгейінде (сәйкесінше несие үшін пайыздың жалпы ставкасы деңгейінде) қаржылық тұтқаның дифференциалы нөлге тең болуы мүмкін және кейде теріс мәнге де ие болады (бұл кезде меншікті капиталдың рентабльділігі азаяды, себебі меншікті капиталмен басқарылатын пайданың бір бөлігі жоғарғы пайыздық ставка бойынша пайдаланатын қарыз капиталына қызмет етуге жұмсалады).
Сонымен, тауар нарығының коньюктурасының нашарлауы кезінде өнімді өткізу көлемі қысқарады, сәйкесінше операциялық қызметтен түсетін кәсіпорындардың жалпы пайдасының мөлшері төмендейді.
Жоғарыда келтірілген себептердің кез-келгені бойынша қаржылық тұтқа дифференциалының теріс мәнінің қалыптасуы әрқашан меншікті капиталдың табыстылығының төмендеуіне әкеледі. Мұндай жағдайда кәсіпорынның қарыз капиталын пайдалануы теріс әсер береді.
Қаржылық тұтқа коэффициенті дифференциалдың сәйкес мәні есебінен алынатын оң немесе теріс әсерді мультипликациялайды. Дифференцилдың оң мәні кезінде қаржылық тұтқаның коэффициентінің кезкелген өсімі меншікті капиталдың рентабельділік коэффициентін одан әрі өсіреді, ал дифференциалдың теріс мәнінде қаржылық тұтқа коэффициентінің өсуі меншікті капиталдың рентабльділік коэффициентінің өте тез төмендеуіне әкеледі.
Осылайша, дифференциал өзгермегенде қаржылық тұтқа коэффициенті меншікті капитал сомасы мен оған келетін пайданың өсуімен бірге, сондай-ақ осы пайданы жоғалтудың қаржылық тәуекелінің өсуінің басты басқарғышы болып табылады. Яғни, кейбір жағдайларда қарыз капиталын тарту меншікті көздерден тартылатын капитал бағасынан жоғары болуы мүмкін.
Қаржылық тұтқаның меншікті капиталдың табыстылық деңгейі мен қаржылық деңгейіне әсер ету механизмін білу кәсіпорын капиталының құнын және құрылымын мақсатты бағытта басқаруға мүмкіндік береді.

3. Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры - бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі-айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны солғұрлым үнемді, әрі оның өзіндік құны арзан болады.
Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны білдіреді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.
Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде.
Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының (айналым қаражаттары) болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні -- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялары үздіксіз ағынының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік запастың және кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады; өндіріс даяр өнімнің артуына жол ашады; сатып алу дебиторлық берешектің, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе кайталанады және корытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі [2, 29].

Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады.
Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан ақша түсу арасындагы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзактығына жеткізушінің кәсіпорынды кредиттеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыны кредиттеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ыкпал етеді.
Айналым капиталының жекелеген элементтері немесе олардың құраушы бөліктері арасындағы меншікті қатынасы айналым қорының құрылымы деп аталады.
Айналым капиталын жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты-өндірістік айналым қоры (құрал-жабдық) және айналыс қоры (2-кесте);
2) бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты -- нормаланатын айналым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;
3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты -- меншік айналым капиталы және қарыз айналымкапиталы;
4) өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы) байланысты -- абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым қаражаты;
5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты -- салу тәуекелі барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу тәуекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
6) материалдық-мүліктік маңызына байланысты -- енбек құралы (шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.), даяр өнім мен тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.
Айналым қаражатының өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.
Өндірістік айналым қорына алдағы уақытта өндіріске қажет материалдық запастар мен аяқталмаған өндіріс өнімі жатады. Айналым капиталының едәуір бөлігі (шамамен 80%-ы) өндіріс саласында қамтылған, себебі тек өндіру барысында ғана жаңадан құн түзіледі. Айналым капиталының барлық жиынтығын пайдалану кезіндегі тиімділігі, олардың өндіріс саласындағы үлесіне әуелді. Айналыс шеңберіндегі айналым капиталы өндіру үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді. Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы сатылмаған даяр өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.
Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері, яғни тұтынушыларға жіберілген, алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай қаражаттың және есеп айырысудың барлық түрі жатады. Алайда нормалардың болмауы айналым қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Қаржы менеджменті туралы
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау
Қаржылық менеджменттің механизмі
Тиiмi бақылауды қамтамасыз ету және бақылауды мәлiметпен қамтамасыз ету
Пәндер