Еңбекті қорғау пәнінің объектісі



Кіріспе

1. Еңбекті қорғау пәніне анықтама
2. Енбекті қорғаудың түсінігі және объектілері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
айтар болсақ, оның, өндірістегі жарақат пен өндірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жетіп отырғаны сөзсіз.
Әлбетте осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмысты ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, осы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша орын алған кейбір проблемалар мен ұсыныстар да айтылып отыр.
Өзектілігі. Елімізде әйткенмен де осы қозғалып отырған маңызды мәселелердің бірі - ұйымдарда еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшыларды оқыту және олардың білімін тексеру отыр. Жалпы алғанда, біздің еліміздегі «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңына орай, жан-жақты қадағаланып отырылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің басшылығына сәйкес, білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтар болсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық департаментінің емтихан комиссиясымен жүргізіледі. Негізінен өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.
1. Уваров В.Н. Трудовое законода¬тельство РК, Алматы, 1997
2. Трудовое право России. Гу¬сев К.Н. - М.: ЮРИСТЬ, 1998.
3. Трудовое право/под ред. Смир¬нова. О.С. М. 1998
4. Кагазов О. Трудовое право РК.- Алматы, 2000.
5. Комментарий к Закону РК «О труде в РК» - Алматы: Баспа, 2000
6. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК – Алматы, 1999.
7. Шеримова Н.Ш. Трудовое право в вопросах и ответах – Алматы: Даненкер, 2000.
8. Сыроватская Л. А. Трудовое право. - М., 2000
9. Шайбеков К.А. ҚР еңбек құқығы. – Шымкент-Түркістан: 2007
10. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Реферат

Тақырыбы

Еңбекті қорғау пәнінің объектісі

Орындаған: Алтынбекова А
Тексерген:
Топ:

Алматы 2015ж
Мазмұны

Кіріспе

1. Еңбекті қорғау пәніне анықтама
2. Енбекті қорғаудың түсінігі және объектілері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі күні елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде атап айтар болсақ, оның, өндірістегі жарақат пен өндірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жетіп отырғаны сөзсіз.
Әлбетте осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмысты ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, осы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша орын алған кейбір проблемалар мен ұсыныстар да айтылып отыр.
Өзектілігі. Елімізде әйткенмен де осы қозғалып отырған маңызды мәселелердің бірі - ұйымдарда еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшыларды оқыту және олардың білімін тексеру отыр. Жалпы алғанда, біздің еліміздегі Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңына орай, жан-жақты қадағаланып отырылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің басшылығына сәйкес, білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтар болсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық департаментінің емтихан комиссиясымен жүргізіледі. Негізінен өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.
Қазіргі таңда, сондай ақ Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, осы ұйым бөлімшелерінің басқа жетекшілері ұйымдағы тұрақты әрекет етуші ұйымдарда (ТӘЕК-тен) оқытылып, білім тексеруінен өтуге тиіс.

Еңбекті қорғау пәніне анықтама
Еңбекті қорғау пәні - бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
Заңнамалық түсініктеме
Қазақстан республикасының еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау
1. құқықтық
2. медициналық
3. экономикалық
4. техникалық құрамдас элементтерден тұрады.
Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
1. Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
2. Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
3. Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.
4. Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады. Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады: :: еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан; :: ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан; :: әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан; :: өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен; :: қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.
Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді - қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.

Енбекті қорғаудың түсінігі және объектілері

Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін,басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың және бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық- көптеген жарастылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады.
Кен мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кооператив мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне таралады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көзделген:
oo еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда;
oo ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда;
oo әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормаларда;
oo өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінде;
oo кауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерде.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі қағидалары ҚР Еңбекті қорғау туралы заңының 4-бабында көзделген. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік және басқару органдарының кызметінің бірлесуін көздейді және келесі қағидаларға негізделеді:
oo кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қарағанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі;
oo меншік иесінің немесе оның уәкілетті өкілінің толық жауапкершілігі;
oo еңбекті қорғау міндеттерін осы мәселелерге катысты мемлекеттік бағдарламалардың және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің экономикалық және әлеуметтік саясаттың өзге де бағыттарымен үйлестірудің нәтижесінде кешенді түрде шешу;
oo еңбекті қорғау саласында меншік нысанын және шаруашылық қызметіне қарамастан барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай талаптарды белгілеу;
oo кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника талаптарының орындалуына мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру;
oo ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
Адвокатура және нотариат-түсінігі
Еңбек құқығының әдісі
Ғылыми–педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістері
Мамандықтың пәндер каталогы
Еңбек және кәсіптік оқытудың дамуына тарихи- педагогикалық шолу
ҚР еңбек құқығы
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
Пәндер