Енбек құқығы субъектілері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
  2. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде.
  3. Жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады.

Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-қүқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына үлгермей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі - еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

Жаңа технологиялар мен өндіріс жүйелерінің жасаудағы маңызды талаптардың бірі - бұл адмның еңбек етудегі салауатты және кауіпсіз шарттарды қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды зерртеу және белгілі бір шешімдерді қабылдау. Өндірісте жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, авариялардың, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтау мен зерттеу, сонымен бірге оларды жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу адамның еңбек етуге қалыпты және қауіпсіз шарттарды жасауға мүмкіндік береді.

Жасалған жұмыстың негізі мақсаты - еңбекті қорғауға қатысты барлық негізгі мәселерді мен сұрақтарды қарастыру. Бұл аталған мақсатқа жету үшін келесідей талаптарды орындау қажет:

• еңбекті қорғауға түсінік беру;

• еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың қайнар көздерін көрсету;

• еңбекті қорғауға қатысты еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары және міндеттерін қарастыру;

• еңбек құқығының заңнамасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік жағдайларын анықтау;

• қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуын бақылау (әйелдер, жасы кәмелеткет толмағандар, еңбек қабілеттілігі шектеулі тұлғалар) .

Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.

Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады.

Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып катысатын еңбек қатынастарының катысушылары танылады.

Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және мемлекеттік органдар қатысады.

Алайда, бұл бір қарағандай оңай мәселе емес. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сәйкес арнайы қасиетке - құқықтық мәртебеге ие болуы тиіс. Бұл мәртебе оларға қоғамдық еңбекпен байланысты нақты құқықтық қатынастарға қатысу құқығын береді.

Енбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның енбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады.

Құқықтық мәртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады:

а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық реликт қабілеттігі) :

ә) негізгі (статустық) еңбек құқықтар және міндеттер;

б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және арнайы кепілдіктері;

в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік.

Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының әрбір субъектісінің құқықтық мәртебесін құрайды.

Енді еңбек құқық қабілеттігінен, еңбек әрекет қабілеттігінен және еңбек реликт қабілеттігінен тұратын еңбек құқық субъектілігін тереңірек қарастырын өтейік.

Еңбекке құқық қабілеттік - бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни, еңбек құқығы қатынастарының катысушысы болудың теориялық мүмкіндігі немесе қабілеті. Бұл дегеніміз, белгілі бір жағдайлар болған жағдайда азаматтар үшін белгілі бір жасқа жету, заңды тұлғалар үшін шаруашылық немесе мүліктік және оралымды басқару оқшаулығына жету - олар еңбек құқығы қатынастарының субъектісі болуға және құқықтар мен міндеттерді иеленуге қабілетті болады. Яғни, кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеуге және жұмыс беруге қабілетті.

Еңбекке әрекет қабілеттік - бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз әрекеттері арқылы иелену қабілеті. Басқаша айтар болсақ, еңбекке әрекет қабілеттік азаматтың, ұйымның, еңбек ұжымының өз әрекеттері арқылы еңбек саласындағы субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс іздеп, халықты жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға түссе, ол езінің жұмыс істеуге катысты әрекеттері арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Жұмыс беруші - жеке немесе заңды тұлға, өзіне қызметкерлерді таңдау және жұмыс істеуші тұлғаларға жұмыс беруі арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді.

Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі - оларда еңбекке құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттік бір мезгілде болуы тиіс. Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқық әрекет қабілеттік дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін ерекше қасиет.

Субъективтік құқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкін. Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден ажырата білу қажет. Заңдардан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді статустық деп атайды. Олар еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесінің негізін құрайды және еңбек саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. Еңбек құқығы субъектісінің негізгі статустық құқықтары мен міндеттерінің тізімі әртүрлі сипатқа ие және олар өздерінің әлеуметтік мақсатымен, еңбек саласында атқаратын функциялардың сипатымен ерекшеленеді.

ҚР Конституциясына сәйкес азаматтың еңбек құқығының субьектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін тең. Алайда, оны қызметкердің құқықтық мәртебесінен ажырата білген жөн (бұны азамат еңбек шартын бекітіп, кызмет берушімен еңбек құқығы қатынастарына түскен кезде иеленеді) . Бұл кезде қызметкердің құқықтық мәртебесі еңбек заңдарымен анықталады.

Азамат жұмыс іздеп, жұмысқа орналастыру бойынша органдармен құқықтық қатынастарға түскен кезде еңбек құқығының субъектісінен айналады. Ал қызметкердің құқықтық мәртебесі, ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан кезде туындайды. Сонымен, азаматтың құқықтық мәртебесі ол жұмысқа орналасқан кезде қызметкердің құқықтық мәртебесіне айналады.

Негізгі (статустық) еңбек құқықтары мен міндеттері. Бұл құқықтар мен міндеттер ҚР Конституциясында және еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Оларға еңбекке құқық, мемлекетпен кепілдеген ең төменгі жалақыға құқық, демалуға құқық, еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқық, кәсіби дайындыққа және біліктілігін көтеруге құқық, кәсіподақтарға бірігу құқығы, еңбек тәртібін сақтау міндеті, еңбек нормасын орындау міндеті, сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті және т. б. жатады. Статустық құқықтар мен міндеттер еңбек құқығының субъектілері болып табылатын барлық қызметкерлерге таралады. Бұл құқықтар мен міндеттер қызметкерлердің еңбек қатынастары және еңбек үрдісіндегі жүріс-тұрысын анықтайды. Статустық құқықтар мен міндеттердің мазмұны әрекет ету, талап ету, міндеттеу, құқықтар мен міндеттерді пайдалану мүмкіндіктерінен және еңбек құқығының өзге де субъектілерінің мүдделері мен қажеттіліктерін белгіленген шекте қанағаттандыру міндетінен көрініс табады.

Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және ерекше кепілдіктері келесідей: біріншіден, олар ҚР Конституциясымен кепілдеген, екіншіден, заңдар еңбек құқығы субъектілерінің құқық бұзушылықтарының алдын - алады; үшіншіден, міндетті тұлғалардың әрекет ету шектерін белгілейді; төртіншіден, аталған құқықтарды бұзатын әрекеттерге шағымдануға мүмкіндік береді және бесіншіден, кінәлі тұлғалардың құқық бұзушылықтарының нәтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен міндеттерін заңды тұрғыдан кепілдеудің өзіне тән ерекшелігі болып осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерінің заңды өкілдері болып табылатын еңбек ұжымдары мен кәсіподақтардың катысуы табылады.

Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде.

Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп және ең кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жүмысшыларға, инженерлік-техникалық кұрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін зейнеткерлерге және т. б. бөлінеді.

Осыған сәйкес азаматтар мәртебесінің көптеген түрлерін де бөлуге болады.

Алайда, барлық азаматтарға еңбек құқық қабілеттігінің жалпы талаптары да таралады, олар: жасына катысты қойылатын талап, ерікті және әлеуметтік талаптар.

Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Әрине, бұл қабілеттер жекелеген адамның дене және ақыл-ой ерекшеліктеріне байланысты болады. Мұндай қабілеттер адамға туа бітпейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамның еңбекке катысты іс жүзіндегі қабілеті ерте, шамамен төрт жасына таман пайда болады. Адам өскен сайын еңбекке катысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. Алайда, заңнама азаматтарда жай еңбекке катысты емес, құқықтық санат ретіндегі еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік пайда болған сәттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде таниды. Азаматтар құқық нормаларымен жүйелі түрде реттелетін еңбекке қабілетті болған кезде ғана оларда жоғарыда аталған қасиет бар деп танылады. Еңбек заңнамасына сәйкес 16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі (ҚР «ҚР Еңбек туралы» заңының 11 - бабы ) . Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс.

Жасына қатысты койылатын талаптың құқықтық табиғатын заңнама осы жасқа жеткенде ғана тұлғаның еңбектегі кәмелет жасына толуымен байланыстырады. Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты және т. б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтарды иеленетініне қарамастан, еңбек құқығы қатынастарында олар азаматтық кәмелет жасына теңестіріледі.

Ерікті талап азаматтардың еңбекке және кәсіпкерлік кызметке катысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен әрекет қабілеттігінен айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды. Сонымен катар, соттың шешімімен әрекет қабілеттігі шектелген тұлғалар мемлекеттік қызметке алынбайды. Бұл ережені мына жағдаймен түсіндіруге болады: жүйке ауруының, ақыл-ой қабілетінің нашарлауы салдарынан азамат өзінің еңбектегі міндеттерін саналы түрде орындай алмайды, қызметтік, кәсіпкерлік және еңбек қызметін бақылай алмайды.

Азаматтардың еңбек құқық субъектілігін іс жүзіндегі мазмұны еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілетке, соның ішінде, денсаулық жағдайына байланысты. Сондықтан, мүгедектің денсаулық жағдайына сәйкес көлемде және шекте рұқсат етілген еңбек ету қабілеті оның еңбек құқық субъектілігін мазмұнында ескеріледі. Ал мұндай қабілеттерді бағалауды мүгедектің өзі емес, мемлекет, жұмыс беруші және басшылық еңбек шартын бекіту кезінде жүзеге асырады.

Әлеуметтік талап Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығы үшін тең еңбек құқық субъектілігін білдіреді, яғни, қолданыстағы заңнамада барлық еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер белгіленген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір азаматтың еңбек ету бостандығына, кызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.

Жұмысқа алу кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына байланысты құқықтарды тікелей не жанама шектеуге немесе қандай да бір артықшылықтарды белгілеуге жол берілмейді.

Тек заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана еңбек құқық субъектілігін шектеуге жол беріледі. Азамат қылмыс істеген жағдайда соттың шешімінің негізінде белгіленген мерзімге дейін белгілі бір лауазымдарды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін. Еңбек құқық субъектілігін айыру тек ішінара және тек уақытша болады. Азаматтарды еңбек құқық субъектілігін толық және тұрақты түрде айыруға жол берілмейді.

Алайда, соған қарамастан еңбек заңнамасы азаматтардың жекелеген санаттары үшін денсаулық жағдайына, өндірістік кызметтің түріне, еңбекті қорғауға және т. б. мәселелерге катысты белгілі бір кепілдіктерді де көздейді.

Заңнамада жүкті әйелдер және бір жарым жасқа дейін балалары бар әйелдер үшін еңбек жағдайына катысты жеңілдіктер белгіленген («Еңбек туралы» заңның 66, 67-баптары) .

Сонымен катар, кәсіпкер - азаматтар (жұмыс берушілер) да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік - бұл азаматтардың және олардың бірлестіктерінің халыққа тауар беру, қызмет көрсету, жұмыс істеу, соның ішінде жеке меншікке негізделген жалданбалы еңбекті пайдаланудан табыс табу мақсаттарындағы қолданыстағы заңдардың шеңберіндегі дербес шаруашылық және өзге де кызметі.

Кәсіпкерлік кызметпен айналысу құқығы Қазақстан Республикасының әрекет қабілеттігі шектелмеген еңбекке қабілетті барлық азаматтарына беріледі.

ҚР Азаматтық кодексінде және басқа да заң шығарушы актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік кызметті заңды тұлғаны құрмастан да жүзеге асыруға болады. Бұл қызметті кәсіпкерлер тәуекел етіп, мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асырады. Мүліктік жауапкершілік кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарай ерекшеленуі мүмкін.

Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыру жеке дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен басталады. Егер кәсіпкердің айналысатын қызметі лицензиялауы қажет болса, кәсіпкер осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы тиіс.

Кәсіпкер мәртебесіне ие болғаннан кейін азамат жұмыс берушінің - еңбек құқығының субъектісінің мәртебесін иеленеді.

Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі азаматтардың үшінші санатын кәсіпкерлікті де, өз жұмысын да меншік иесі ретінде бірлесе жүргізуші тұлғалар құрайды. Олардың құқық субъектілігін ерекшелігі азаматтық құқық субъектісі мен тығыз байланыста болуынан көрініс табады.

Шетелдік тұлғалар да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін. Нарықтық экономиканың дамуымен әр түрлі бірлескен кәсіпорындар пайда болды. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағына елшілікпен және консулдықтармен байланысты емес қызметтерге де шетелдік азаматтардың келу жиілігіне әсер етті. Шетелдік азаматтарға жалақы төлеу, жұмыс уақыты және демалыс уақытын белгілеу және т. б. мәселелері жеке еңбек шарттарында көзделуі тиіс.

Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің - азаматтардың статустық құқықтары мен міндеттері ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 7, 8-баптарында аталған. Осы баптарға сәйкес қызметкерлер де, жұмыс берушілер де жеке еңбек шарттарын бекітуге, өзгертуге және бұзуға құқылы.

Еңбек құқық субъектімен және статустық құқықтар мен міндеттермен қатар құқықтық мәртебенің қажетті элементі болып құқықтарды кепілдеу де табылады.

Азаматтардың еңбек етуге қатысты құқықтарының кепілдіктерін азаматтарды жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас тартуға, қызметкерді келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға және т. б. қатысты тыйым салушылық сипаттағы нормалар орындайды.

Сонымен катар, азаматтардың еңбек етуге катысты құқықтарының кепілдіктерін еңбек даулары туындағанда азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін тиісті органдарға шағымдану мүмкіндігін беретін нормалар да орындайды.

Қолданыстағы заңдардың маңызды ерекшелігі болып бұларда тек жалданбалы қызметкерлердің ғана емес, сонымен катар жеке кәсіпкерлердің және жұмыс істейтін меншік иелерінің де кепілдіктерінің көзделуі табылады. Бұл кепілдіктер барлық кәсіпкерлерге шикізат нарығына араласу құқығын, олардың мемлекеттік органдарда тіркелу кепілдіктерін, сонымен қатар ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына және т. б. қарамастан барлық кәсіпкерлерге қызмет етудің бірдей жағдайларын қамтамасыз етеді.

Жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесі.

Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс беруші ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен және оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс беретін, олардың еңбегін төлейтін және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер және т. б. жұмыс берушілер болып табылады.

Құқықтық мәртебенің келесі элементі болып еңбек міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік табылады. Барлығына белгілі бір жайт, экономикалық даму мүдделері еңбектің барысындағы өз құқықтары мен міндеттерін тиімді пайдалануды ғана емес, сонымен катар өзіне алған міндеттемелер үшін күшейтілген жауапкершілікті де талап етеді. Ескеріп өтетін жағдай - кепілдіктер мен жауапкершілік өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Дәл осы байланыс құқықтық мәртебеге қажетті тұрақты және бірқалыпты сипатты тиесілі етеді. Құқықтың кепілдіктері еңбек құқығы субъектілерін өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға және еңбек міндеттерін орындауға ынталандырып, көтермелейді, ал жауапкершілік субъектінің өзінің еңбек міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін санкцияларды белгілейді.

Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар деп бөлуге болады.

Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі мақсаты болып пайда табу табылады.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік коғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік және заңда көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдарды меншік иесі қаржыландырады және олардың қызметі пайда табуды көздемейді. Коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметті өздерінің мақсатына жету шегінде ғана жүзеге асырады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесі және олардың кызметін жүзеге асыруы ҚР Президентінің 1995 жылғы 19-маусым-дағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күшіне ие жарлығында анықталған.

Бұл ұйымдардың (жұмыс берушілердің) еңбек құқық субъектілігін олар мемлекеттік тіркеуден өткен және заңнамада көзделген жағдайларда лицензия алған сәттен бастап туындайды. Барлық ұйымдардың қызметі Жарғыға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі кезде бұл актілер ұйымдарға барынша дербестік беріп, жедел кызметті жүзеге асыруына жағдай жасайды. Жұмыс беруші - ұйымдар еңбек ақысын төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу мәселелерін дербес шешуге құқылы. Олар өздерінің экономикалық және мүліктік жағдайының негізінде қосымша жеңілдіктер мен сыйақыларды, жұмыс уақытының ұзақтығын белгілей алады. Соған қарамастан, жұмыс беруші ұйым еңбекті қорғау ережелерін сақтауды, заңнамада белгіленген мөлшерден кем емес жалақы төлеуді, еңбектің қауіпсіз және қолайлы жағдайларын жасауды, әлеуметтік қорғау шаралар мен қызметкердің өзге де құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен катар, егер еңбек кауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы не жұмыс берушінің өзге де кінәсінің нәтижесінде қызметкерлердің денсаулығына және еңбекке қабілеттігіне зиян өлтірілсе, жауапкершілік жұмыс беруші - ұйымға жүктеледі.

Жұмыс беруші - ұйымның кызметі оның таратылуымен байланысты тоқтатылады. Тарату туралы шешім ұйымның меншік иесі немесе осы ұйымды құрған органның шешімінің немесе сот шешімінің негізінде қабылдануы мүмкін.

Жұмыс беруші - ұйымдардың еңбек құқық субъектілігін екі өлшеммен анықтауға болады: жедел және мүліктік.

Жедел өлшем мамандарды таңдауды, орналастыруды және ұйымдастыруды жүзеге асыруды, еңбекті қорғауды және қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін орындауы үшін қауіпсіз және қажетті енбек жағдайларын жасауды білдіреді.

Мүліктік талап еңбектің ақылы сипатымен байланысты және жұмыс берушінің жалданбалы енбекті төлеу қабілетін білдіреді. Бұл үшін жұмыс берушіде белгілі бір материалдық (мүліктік) база болуы тиіс, алайда, шын мәнінде еңбек құқық субъектілігін үшін жалақы қоры ғана аса зор мәнге ие.

Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі. Соңғы кезде «еңбек ұжымы» түсінігінің орнына «қызметкерлер» түсінігін қолдану жиі белең алып жатады. Және де еңбек ұжымдары мемлекеттің саяси ғана емес, экономикалық өмірінде де қандай да бір рөлді иеленуден айырылғандай. Соған қарамастан, біздің ойымызша, еңбек ұжымдары еңбек құқығының субъектілері болған және одан әрі болады да.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбегін реттеу
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Еңбек құқығының субъектілері
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар ұғымы және олардың құрылымы
Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері
Еңбек құқығы субъектісі
Еңбек құқығындағы қатынастарға түсетін субьектілерді сипаттау
Еңбекке құқық қабілеттілігі
Еңбек құқығы қатынастарының субъектілері: түсінігі, топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz