Сұлы дақылының агротехнологиясын зерттеу



1 КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
2 Сұлының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2.1 Ботаникалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2.2 Сұлы дәнінің сиппаттамасы және химиалық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3 Сұлының сұрыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
2.4 Сұлының стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
3 ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ, ТӘСІЛІ ЖӘНЕ ШАРТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
3.1. Тәжірибенің схемасы мен тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3.2 Есеп және бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
3.3 Сұлының агротехникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.4 Топырақ жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.5 Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... 10
4. ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
4.1 Өсімдіктің өсу жиілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4.2 Топырақтағы құнарлы ылғал қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4.3 Топырақтың қоректенуінің негізгі элементтерінің қалыптасуына тыңайтқыштың ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
17
4.4 Топырақтың биологиялық белсенділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
4.5 Тыңайтқыштың өнімділікке әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
5 СҰЛЫ ДАҚЫЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23
6 ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
8 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
жақсартып отыру, тиімді пайдалану және қорғау - табиғаттың маңызды компоненттерін сақтау болып табылады өйткені оның қалыпты сақталуы әлеуметтік және экономикалық міндеттерді тиімді пайдалану, сол сияқты қоршаған ортаны бір қалыпты сақталуын қамтамасыз етуге негіз салады.
Қазіргі кезде жыртылатын топырақтың өнімділігін сақтау және арттыру жер шаруашылығындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады. Жерді жырту оны агротехникалық пайдалану химиялық құралдарды белсенді қолдану механикалық ықпалды интенсивті жүргізу және де басқа өзгеріс салмағы өнімділіктің сандық элементтерінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Топырақтың өнімділігін қалыптастыруда шіріндінің маңызы ерекше. Шіріндінің саны мен әртүрлі топырақтың негізгі морфологиялық белгілері байланысты: оның су, ауа және қоректену кезеңдері физикалық және физико-химиялық өзгеруі топырақтағы қоректік элементтерімен және де басқа жағдайларға байланысты.
Қоңыр топырақ аймағы – облыстағы барлық аймақтардың ең үлкені оның аймағы 830 мың гектарды алып жатыр. Аймақ эрозиялық жағдайға тұрақсыз, топырақтың құнарының төмендеуі байқалады. Ауыл шаруашылығының дақылдарының өндірудің қолда бар технологиясы, оның қалдықтары, шіріндінің шығынын толтыра алмайды.
1. Ә. Ізтаев., Б. Отыншиев. Астықтану және диқаншылық негіздері, Алматы, «Қайнар», 1994 ж.
2. И. Сейітов., Т. Саудабаев., Ш. Әбдірашев. Агрономия негіздері., Алматы «Ана тілі» 1991ж.
3. Звездичев В.В. и др. На пути к биологизации земледелия. Ж. Земледелие №2, 2004, с.17.
4. Еськов А.И. Проблемы биологической интенсификации земледелия. В кн.: Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социально экономических условиях, с.333.
5. Вражнов А.В. Важные направления развития земледелия. Ж.Земледелие № 1, 2001, с.16.
6. Русакова И.В. и др. Солома – важный фактор биологизации земледелия. Ж. Земледелие, № 1, 2003 , с.9
7. Антонов И.С. и др. Почвозащитные технологии Ж. Земледелие, №1, 2002, с. 20-22.
8. Шрамко Н.В. Использование паров на темно-каштановых почвах Северного Казахстана. В кн.: Почвозащитная система земледелия и зерновые производства на Евразийском континента в XXI веке. с. 49-50.
9. Жаңабаев Қ, Саудабаев Т, Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы, Алматы, «Қайнар», 1994 ж, 342-344 б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Сұлы дақылының агротехнологиясын зерттеу

МАЗМҰНЫ

1 КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2 Сұлының жалпы 5
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
2.1 Ботаникалық 5
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2.2 Сұлы дәнінің сиппаттамасы және химиалық 6
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Сұлының 6
сұрыптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2.4 Сұлының 7
стандарттары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
3 ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ, ТӘСІЛІ ЖӘНЕ
ШАРТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3.1. Тәжірибенің схемасы мен 7
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
3.2 Есеп және
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
... ... ... ... ... ... ...
3.3 Сұлының
агротехникасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
... ... ... ... ... ...
3.4 Топырақ 9
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
3.5 Сыртқы ортаның факторларына қойылатын 10
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... .
4. ЗЕРТТЕУ 12
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
4.1 Өсімдіктің өсу 12
жиілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
4.2 Топырақтағы құнарлы ылғал 13
қоры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.3 Топырақтың қоректенуінің негізгі элементтерінің қалыптасуына
тыңайтқыштың 17
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
4.4 Топырақтың биологиялық 18
белсенділігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.5 Тыңайтқыштың өнімділікке 20
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
5 Сұлы дақылының экономикалық тиімділігінің
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
6 Қорытынды жӘне ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
8 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

1 Кіріспе

Қазіргі кезеңнің маңызды мәселесі топырақ қабатын сақтау, үнемі
жақсартып отыру, тиімді пайдалану және қорғау - табиғаттың маңызды
компоненттерін сақтау болып табылады өйткені оның қалыпты сақталуы
әлеуметтік және экономикалық міндеттерді тиімді пайдалану, сол сияқты
қоршаған ортаны бір қалыпты сақталуын қамтамасыз етуге негіз салады.
Қазіргі кезде жыртылатын топырақтың өнімділігін сақтау және арттыру
жер шаруашылығындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.
Жерді жырту оны агротехникалық пайдалану химиялық құралдарды белсенді
қолдану механикалық ықпалды интенсивті жүргізу және де басқа өзгеріс
салмағы өнімділіктің сандық элементтерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.
Топырақтың өнімділігін қалыптастыруда шіріндінің маңызы ерекше. Шіріндінің
саны мен әртүрлі топырақтың негізгі морфологиялық белгілері байланысты:
оның су, ауа және қоректену кезеңдері физикалық және физико-химиялық
өзгеруі топырақтағы қоректік элементтерімен және де басқа жағдайларға
байланысты.
Қоңыр топырақ аймағы – облыстағы барлық аймақтардың ең үлкені оның
аймағы 830 мың гектарды алып жатыр. Аймақ эрозиялық жағдайға тұрақсыз,
топырақтың құнарының төмендеуі байқалады. Ауыл шаруашылығының дақылдарының
өндірудің қолда бар технологиясы, оның қалдықтары, шіріндінің шығынын
толтыра алмайды.
Топырақтың құнарлығының төмендеуіне егіншіліктің биологиялық заңының
органикалық заттар баланысының бұзылуы себеп болып отыр. Экологиялық
қауіпсіздікті сақтаудың қазіргі егіншілік жүйесін сақтауды шешу егіншілікті
биологияландырумен байланыстыру қажет, оның басты принципі органикалық
тыңайтқышты қолдану арқылы топырақтың өнімділігін арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда егіншілік шаруашылығы биологиялық тәсілдерге көшіру
қажеттілігін дәлелдеуді керек етпейді.
Алайда егін шаруашылығын биологияландыру мүмкіндігінің бағасы әртүрлі:
өте кіші, ауыл шаруашылығы өнімдері қажеттілігін қамтамасыз етпейтін не
болмаса жоғары тиімділікке жетуге дейін. Мұндай пікірлердің біріне-бірі
соншалықты қарама-қайшылықта болуы егін шаруашылығын биологияндандыру
мәселесін жеткілікті танып білмеуде жатыр.
Маңыздылығы: Қазіргі егін шаруашылығы жүйесінде экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселені шешу оның экономикалық
тиімділігін арттыру кезінде органикалық тыңайтқышқа деген сұраныс арта
түседі, өйткені ол топырақтағы шірінді қорын сақтаудың маңызды факторы
болып табылады. Органикалық тыңайтқышқа деген сұраныстың артуы органикалық
тыңайтқыштар түріне – көң және оның басқада түрін пайдаланумен шектелмек
емес. Сабан, көк тыңайтқыш, көмір қалдықтары жергілікті жердегі
тыңайтқыштардың маңызды көздері болып табылады. Осыған орай оларды
дәстүрлі органикалық тыңайтқыштармен бірге тиімді пайдалану жолдарын
қарастыру, Павлодар облысы жағдайында топырақта шіріндінің жеткілікті болу
баланысын жасау үлкен практикалық мәнге ие.
Ғылыми және іс жүзінде қолдану маңызы. Зерттеуге ұсынып отырған
жергілікті органикалық тыңайтқыштар жасыл тыңайтқыш, Майкөбе қазба
көмірінің көмір қалдықтары топырақтың құнарлығын арттыруының, топыраққа,
өсімдікке және қоршаған ортаға тиімді ықпал етудің маңызды факторы болып
табылады. Оларды тиімді пайдалану нәтижесінде топырақтың макро және
микроэлементтері, биологиялық белсенді заттары артпақ. Оларды қолдану
топырақ ылғылының артуына және сақталуына топырақтың физикалық қасиетінің
артуына ықпал етеді. Топырақтың су нәрлік режимі астықтың өнімділігін
жақсартуға жағдай жасайды.
Зерттеудің мақсаты: Павлодар облысындағы Баянаул ауданының қоңыр
топырақтың құнарлығын және сұлының өнімін арттырып, оның сұрыпын жақсарту
үшін жергілікті органикалық тыңайтқыштарды (көң, жасыл тыңайтқыш, көмір
қалдықтары, гумин тыңайтқыштары) тиімді қолданудың жүйесін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Жергілікті дәстүрлі (көң) және дәстүрлі емес (жасыл тыңайтқыш – сұлы,
судан шөбі, күздік бидай, көмір қолдықтары, гумин тыңайтқышы)
тыңайтқыштардың қоңыр топырақтағы суға және қоректік жүйеге, сұлы дақылының
өнімділігін мен әсерін анықтау.

2 Сұлының жалпы сипаттамасы

Сұлы – азық-түліктік және мал азығы үшін бағалы дақыл. Сұлының орта
дәрежелі бір килограмм дәні мал азығындық өлшем ретінде алынған. Сұлының
дәнінде белоктың (12 ... 13%), крахмалдың (40...45%) және майдың (орта
есеппен 4,5%) көп болуы оның тамақтық және мал азығындық бағасын анықтайды.

Сұлы дәні – малдың құнарлы жемі. Малға жем үшін арналған сұлының
сабаны және ұнтағы басқа дәнді дақылдарға қарағанда жұғымдылығы (нәрлігі)
жағынан өте бағалы. Дүниежүзілік егіншілікте егіс көлемі жағынан дәнді
дақылдардың арасында сұлы жетінші орын алады (26,3 млн. га). Қазақстанда
көп тараған және аудандастырылған сұлы сорттары: Марктон, Немчинский 2,
Орел, Сельма, Скакун, Синельниковский 29, 14, Льговский 1026, Мирный,
Золотой дождь және т.б.
Сұлыдан жарма, жаншыма, ұн және спирт алады.Оның ұны, печеньесі жас
организімге өте қоректі толықбағалы белоктарды көп ұстайды. Малдың жас
төліне де өте қажет. Лизинді 0,8-1,92 кейде 8,0 процентке жетеді. Сондықтан
оны диеталық және балалар тағамына көп қосады.
Сұлы тағамдарын АҚШ, Англия сияқты елдерде тамаққа көп пайдаланады.
Ол адам денесінеде майдың байлануын азайтады, ал бұлшық ет тканьдарын
көбейтеді.
Сұлы егіс көлемі бойынша 5-ші орында. Оның барлық егістігінің жартысы
АҚЩ-та егіледі, ал ТМД сұлы егісінің көлемінен 3-ші орында. Біздің елде
сұлының бір гектарынан алынатын өнім. 20-30 центнер және одан да жоғары
болады. Сұлы жылы және ылғалды аудандарда жақсы өседі. Сондықтан Прибалтика
және соған жақын аудандарда көп тараған. Аздаған аязға да төзімді, тамыры
жер қыртысында терең орналасқан. Сондықтан су мен қоректік заттарды жердің
төменгі қабаттарынан тартып ала алады.
2.1 Ботаникалық сипаттамасы. Сұлы дәнді дақылдар тұқымдастығына сұлы
(Аvena ) тегіне жатады. Түрлері аз. ТМД мәдени өсімдіктері кітабында (1935)
16 түрі бар деп көрсетілген. Оның үшеуі – мәдени, басқасы жабайы немесе
арам шөптер. Мәдени сұлыға – Егістік сұлы (Avena sativa), Византия (A.
vizantina) (F. strigoza) сұлылары жатады. ТМД –да тек егістік сұлы өседі.
Өзбекстанда, Әзербайжанда аздап Византия сұлысы кездеседі. Сұлының дәні
негізінде қабықты, жалаңаш дәнді түрлері де аздап кездеседі.
Сұлының жақын туысы қара сұлы (Avena fatua) өте қауыпты және жайылып
кеткен арам шөп. Оңтүстікте оңтүстік қара сұлысы өседі. Оңтүстік қара сұлы
дәннің түп жағында таға сияқты таңбасы бар. Сондықтан піскеннен кейін
төгіліп кетеді. Ал басқа (A.fatua) қара сұлысының тізе сияқты бүгілген
қылтығы бар. Ол тізенің түп жағы спираль түрде ширатылып біткен. Су тисе,
таңертең шық түскенде ол тарқатылады., ал күндіз кепкенде қайта ширатылады
да өзінің түскен жерінен алыс жүріп кете алады. Сондықтан қара сұлы далада
қозғалып жүреді деп те айтады.
ТМД- да мәдени сұлының үш түрі тараған.Олар: мутика,
ауреа,аристата.Олар бірінен бірі сіңсібастарының құрылыстарына қарай
ажырайды. Олар жан-жағына шашылған немесе атжалды сіңбасты, жалаңаш немесе
қабықты сұлы болып бөлінеді. Дәндерінің түсі-түгі де әртүрлі- ақ, не сары
болады. Оның ішінде қызғылт түстілер де кездеседі.
Сұлы егісі жатып қалса оның дәні сарғайып кетеді. Егер ақ сұлы мен
сары сұлыны айыру қиын болса, оны азот қышқылының 10 пайызды қоспасына 10
минутқа салып, содан кейін кептірсе, 18 сағаттан кейін ақ сұлы ақшыл қоңыр,
сары сұлы – ашық сары болып өзгереді. Кейде піспей жиналған сұлы көк болып
көрінеді.
2.2 Сұлы дәнінің сиппаттамасы және химиалық құрамы. Сұлының жарма,
жаншыма алуға, не болмаса жемге жарамдылығын, ол толық піскен соң,
сіңсімеде тұрған кезінде анықтайды. Мұнда оны сыртқы көрінісіне қарай
москва, харьков, инетәрізді және ұзынқуызды деп бөледі.
Москва типті сұлының дәні ірі, жалпақ, жуан, белі бүкірлеу, ақ, не
сары түсті болады. Дән қауызының жоғарғы басының аузы ашық болады, ядросы
оның ішінде бос жатады.
Харьков типі – жіңішкерек, сары түсті, жоғарғы басы жабық, оның ішінде
ядросы бос жатады. Бұл екеуінің қауызы тез аршылады. Сондықтан оларды жарма
алуға пайдаланады.
Инетәрізді тип – жіңішке, ұзын, түзу, жоғарғы басы үшкір, ақ, сары
түсті болады.
Ұзынқауызды типтің дәні харьков типіне ұқсас, бірақ қауызы өте ұзын,
оның ішінде ядро бос жатады.
Бұл екеуін көбінесе малға жем ретінде пайдаланады.
Сұлы дәнінің ұзыны 8-16 мм-ге дейін, көлденеңі 1,4- 4,0 мм, қалыңдығы
1,2 -3,6 мм болады. Қабықтары 20-30 пайызға жетеді. Бұл дәннің ірілігіне
байланысты болады.
Ұрығы ірі -3-4 пайыз, алйрон қабаты екі қатарлы клеткалардан тұрады -6-
8 пайыз, эндоспермі ұнтәріздес дәннің 50-55 пайыз көлемін алып жатады.
Бір литр дәннің салмағы 460-510гл.
Дәннің химиялық құрамы: белок 9-19, крахмал 31-51, клетчатка 8-19, май
3-7, минералдық заттар 3-5 пайыз болады. Кейбір сұрыптарда дәннің майлылығы
11 пайызға дейін жетеді.
2.3 Сұлының сұрыптары. Сұлының аудандасқан сұрыптары 50-ге жақын. Оның
ішінде көп тараған Льговский 1026, Победа, Надежный, Орел, Золотой Дождь,
Советский т.б. және жаңа шыққан – Линда, Ристо (Швеция), Тарпан
(Голландия), Таежник, Геркулес, Марктон, Немчиновский – 2, және
Синельниковский -29 сұрыптары көп тараған.
Победа – мутика түріне жатады. Швециядан тараған. Сіңсібасы әр жағына
түгел шашыраған. Дәні москва типті. Қабықтылығы 29-32 пайыз. 1000 дәннің
салмағы 24-28 г. Жарма алуға арналған сұрып.
Золотой Дождь – ауреа түрі. Ескіден келе жатқан өте тараған сұрып.
Шведциядан келген. Сіңсібасы барлық жағына түгел бірдей тараған. Дәні
москва типті.
Льговский 1026 – мутика. Дәні москва типті. Дәні ірі – 1000 дәннің
салмағы 38 г-ға дейін тартады. Қазақстанда аудандасқан.
2.4 Сұлының стандарттары. Сұлының пайдалану орындарына қарай 5
стандарт жасалған: Тамақ және жемге арналған сұлы. Дайындау кезінде
қойылатын шарттар, Жарма жасауға арналған сұлы, Спир алуға қолданылатын
уыт алуға арналған сұлы, Шет елге сатылатын сұлыға қойлған шектер атты
стандарттар.
Бірінші стандартта сұлы формасына, түсіне қарай екі типке, ал бірінші
тип екі тармаққа бөлінген. I-ші тармақ – ақ, ірі, толған, целиндр немесе
алмұрт формалы сұлы. Оның ішінде басқа типтер мен тармақтар 10 пайыздан
аспау керек. Оған Победа, Орел, Льговский 1026, Советский сұрыптары жатады.
2-ші тармақ – сары түсті мосва, харьков типті Золотой Дождь, Харьков
596, Лоховский, Надежный сұрыптары жатады.
II- тип тармаққа бөлінбеген. Оған барлық ұзын дәнді, инетәрізді,
ұзынқабықты жемге арналған сұлы жатады. Оған жататын сұрыптар – Артем 107,
т.б. Басқа типтер қоспасы 20 пайызға дейін болуы мүмкін.
Астық ауырмаған, қызбаған, көгермеген болу керек. Зиянды қоспалар 0,2
пайыз болса ғана жемге пайдалануға рұқсат беріледі.
Уыт алуға ірі бір литрінің салмағы 420 гл, өнімділігі 90 пайыздан
кем емес) сұлы жарайды.

3 ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ, ТӘСІЛІ ЖӘНЕ ШАРТЫ

3.1 Тәжірибенің схемасы мен тәсілі

Баянауылдың далалық тәжірибе дәстүрлі (көң) және дәстүрлі емес (жасыл
тыңайтқыш, көмір қалдығы, гумин таңайтқышы) жергілікті органикалық
таңайтқыштардың топырақтың құнарлығына, сұлының өнімділігі мен әртүрлі
әсерін салыстырады. Тәжірибе учаскенің қоныр жеңіл сазбалшықты топырақтың 6-
20 см: қабатындағы маңызы, физикалық сазбалшық 24,6%, шірінді 1,36%, жалпы
азот 0,09%, жалпы фосфор 0,26%, РН 6,8. Тәжірибені қайталау 3 рет.
Тәжірибені орналастыру тәртібі реттік түрде қою. Бөліктің көлемі 4×4=16 м2,
варианттардың саны. 40, бөліктердің саны – 120. Тәжірибе жүргізілген
жалпы егістік алқаптың көлемі 0,232 га.
Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында “Аспан” ЖСШ шығарылған
гуминді тыңайтқышты сынау қарастырылады.
Зерттелетін тыңайтқыш:
1 – Құнарлықты қалпына келтіруші – шіріндіні қалыптастыратын
тыңайтқыш, топырақтағы шірінді құрамының артуына мүмкіндік туғызушы.
2 – Натрий гуматы - өсімдіктің өсуін реттеуші, өнімнің артуына
мүмкіндік тұғызып, өсімдіктің әр түрлі ауруына қарсы тұруына, сол сияқты
ортаның экстремалды ықпалына өсімдіктің төзімділігін жақсартуға ықпал
етуші.
№ 1 ТӘжірибеНІҢ схемасы № 2 ТӘжірибеНІҢ схемасЫ
Фактор А – сүрі жерлердің түрлері Тыңайтқышсыз
а1 – таза сүрі жер Қышқылданған көмір
а2 – жасыл сүрі жер, күздік бидай ҚК 1 тга
а3 – жасыл сүрі жер, сұлы Құнарлықты қалпына келтіруші 33 кгга
а4 – жасыл сүрі жер, судан шөбі Тұқымды 0,1% гумита натрий ертіндісінде
Фактор В – тыңайтқыш ылғалдандыру.
в1 – тыңайтқышсыз Тұқымды 2,0% гумина натрий ертіндісінде
в2 – көң 20 тга ылғалдандыру
в3 – КҚ, 0,5 тга
в4 – КҚ, 1,0 тга
в5 – КҚ, 2,0 тга
в6 – КҚ, 1 тга
в7 – Рам 70
в8 – Рам 40 + көң тга
в9 – Рам 40 + УО0,5 тга
в10 –ҚКК, 33 кгга

Тұқымды ылғалдау. Құрғақ тұқым себер олдында дайындық ретінде
ертіндіге араластырады, оған гумат натрийдің 0,1; 2,5% концентрациясы
пайдаланылады. Тұқымды ылғалдау tº +25ºC жүргізілді. Ылғалдау ұзақтылығы 24
сағат. Ертіндінің көлемі тұқымның көлемінен 2 есе арттық болды. Өңдеуден
кейін тұқым аздап кептірілді.

3.2 Есеп және бақылау

Өсімдікті бақылау сұлының барлық өсу мерзімінде жүргізілді. Сұлы
дақылының бітіктігі толық шыққан кезеңінде, 4 алқаптың өсімдігін есептеу
жолымен шығарылды. Алқаптарға 2 қатар кіргізіледі, олардың ұзындығы 54,3
см.
Топырақтағы ылғалдың өнімді мөлшері өлшеу тәсілімен жүргізілді,
топырақтың он сантиметр сайын 1 м қабаты тереңдікке дейін екі кезеңде: егін
егер алдында және егін ору кезінде а1в1; а2в1; а3в1; а4в1; а1в2; а1в6;
а1в10. Вариантар бойынша анықтау алты кезеңнен тұрады.
Топырақтың биологиялық белсенділігін есепке алу кендір полотно
тәсілімен топырақтың 0-20 см қабатынды жүргізілді.
Топырақтағы қоректік элементтердің қозғалмалы динамикасын бақылау екі
кезеңде жүргізілді: егін егерде және егін орағы кезінде нитратты азот
тереңдігі 1 м, жылжымалы фосфор 40 см дейін. Топырақ үлгілерінде анықтау
институттың агрохимиялық лабораториясында нитратты – ионометрлік экспресс
тәсілі, жылжымалы фосфорды Чириков тәсілі бойынша жүргізілді.
Өнімділік құрылымына есеп әр тәжірибе бөлігінің 4 тұсынан жалпы көлемі
1 кв.м. жерден алынды.
Өнім есебі, есептегі бөлік алқаптарындағы барлық егінді орып алу
тәсілімен жүргізілді. Астық өнімі 14% ылғалдылыққа және 100% тазалыққа
жеткізілді.
Тәжірибе көрсеткіштерінің дисперсиялық анализі Б.А.Доспехов әдісі
бойынша жүргізілді.

3.3 Сұлының агротехникасы

Сұлыны далалық тәжірибеде өсіру зерттелген элементтерден басқасы, егу
агротехникасының ұсынылған тәсілімен жүргізілген. Далалық тәжірибеде
бағдарлама және әдістемеге сәйкес сұлыны егу төрт алғы дақылдан кейін
жүргізілген. Ол таза сүрі жер және үш жасыл сүрі жер – күздік бидай, сұлы,
судан шөбі. Сұлы дақылының сұрыптары – Марктон, Немчиновский – 2,
Синельниковский -29. Льговский 1026.
Ерте көктемде қар кеткеннен соң топырақта ерте көктемдік тырмалау,
ылғал жабу БИГ-3 құралымен 3-5 см тереңдікте жүргізілді. Топырақты себу
алдындағы өңдеу, себу күні ОПТ-3-5 құралымен 8-10 см тереңдікте жүргүзілді.
Егін себу ұсынылған мерзімінде өткізілді. Дән сіңіру тереңдігі 5-6 см,
себу мөлшері 2,5 млн. дәннің шығуы 1 га. Сидералдық дақылдырды себуі
мерзімі: сұлы және судан шөбі 20-25 мамыр, күздік бидай тамыздың аяғы.
2001 жылы сұлының (129 цга) және судан шөбінің (149 цга)
(ылғалдылығы 60%) көк балаусасы сабақтанған кезінде жасыл жемге салынған,
жасыл тыңайтқышқа судан шөбінің алшынкөк өскіні пайдаланылды (40,6 цга),
сұлы – 25,3 цга.
2002-2003 жылдарда сұлының және судан шөбінің көк балаусасы (салмағ
орташа 150 цга) жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылды. Күздік бидайдың
таңайтқышқа пайдаланылған көк балаусасы 200 цга құрады. Сидералды
дақылдардың көк балаусасын шабу және шашу жұмыстары қолмен жүргізілді.
Тәжірибеде зерттеліп жатқан тыңайтқыш көктемде егін егу алдында
тәжірибе схемасына сәйкес алқапта қолмен енгізілді. Топырақты негізгі өңдеу
күзде қыркүйектің 3-ші онкүндігінде ОПТ-3-5 құралымен 12-14 см тереңдікте
өңделді. Егін орағы 20 тамызда жүргізілді.

3.4 Топырақ жағдайы

Тәжірибе учаскесінің топырағы қоңыр жеңіл сазбалшықты. Қабаттың 0-20
см құрамы: физикалық сазбалшық 20,1%; шірінді 0,9%; жалпы азот 0,9% жалпы
фосфор 0,15%; РН 6,4.
0-30 см топырақтың көлемдік салмағы егін егер алдында 1,58 гсм3
құрады, ол сұлы дақылының оптимальдық өсуінің көлемдік массасы жоғары
деңгейне сәйкес.

3.5 Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар

Басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда сұлы аса көп жылу талғамайды.
Оның дәні 1- 2 ºС температурада бөрте бастайды., ал көктеп шығуы үшін 4 – 5
ºС жылу жеткілікті. Көк сүйрігі көктемде – 7-8 ºС суыққа шыдайды, ал
сүттеніп-пісу кезеңінде – 4- 5 ºС суыққа төзеді.
Көктеп шыққаннан кейінгі бір ай шамасындағы оған қолайлы орташа
тәуліктік температура 10-12 ºС.
Топыраққа себілген тұқымның бөртуі үшін дән салмағының 65 пайызындай
ылғал қажет, шашақтануға жарты ай қалғанда ол ылғалды көп керек етеді. Осы
мезгілдегі ылғал тапшылығы сұлының өнімін төмендетеді.
Арпамен салыстырғанда жоғары температураны біршама жақсы көтереді.
Қазақстанның солтүстік облыстарында жаздың бірінші айы құрғақ, ал жауын-
шашынның көп түсуі шілде айынан басталады. Міне осы кезде сұлы егісінде
кенже қалған дәндер өніп қуалап өсу пайда болады, бұл егістің біркелкі
пісуіне зиянын тигізеді.
Тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ол топырақ таңдамайды, құмды,
сазды, батпақты топырақтарда өседі. Топырақтардағы қиын еритін көректік
заттарды тамырының сіңіргіштерінің күштілігінен пайдалана алады. Дегенмен,
жақсы өнім алу үшін сұлыны құнарлығы мол қара топыраққа сепкен жөн. Басқа
дәнді дақылдарға қарағанда сұлы қышқыл топырақта тәуір өседі.
Сұлы дақылдың алқаптағы өнімділігінің қалыптасуына, астығының сапасына
алқаптағы ауа райы, су және температуралық режим әсер етеді. Сұлы үшін ең
қолайлы метеорогиялық жағдай 2002 жылы қалыптасты. Егін егер алдындағы
ылғалдың қанағаттандырарлық қоры жауын шашынның көп жылдық көлемінен 2-есе
көп жауды және оның біркелкі бөлінуі сұлы дақылдың мол мөлшерде өнім
беруіне қолайлы жағдай туғызды.
2003-2004 жылдың ауа райы құрғық болуыменен ерекшеленеді. Бұл осы
аймаққа тән құбылыс. Күн көзінің шамадан тыс белсенділігі, маусым айының
бірінші және екінші онкүндігінде жаңбырдың болмауы, сұлының өсіп жетілуіне
қолайсыз жағдай тұғызды. Мұның өзі егінің әлсіз дамуына, өнімділіктің төмен
болуына әкеп соқтырды [Кесте 1].

Кесте- 1 2007-2009 жылдардағы өсу мерзімі кезеңіндегі метеорологиялық
жағдай

Көрсеткіштер Мамыр Өсу Жыл
ІІІ мерзіміішінде
нде
∑ мм, ∑
ºС
I
2009 2007-2009 2009 2007-2009
Тыңайтқышсыз 62,4 65,3 58,4 62,0
Көң 20 тга 61,6 66,4 64,4 67,4
КҚ 2 тга 64,0 68,0 60,8 64,2
Рам70 65,6 66,4 61,6 66,0
ҚКК, 33 кгга 77,2 73,0 63,6 73,0
Күздік қара бидайдың 76,4 73,8 64,0 73,8
сидерациясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноқат топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл
Картоп дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері
Майбұршақтың арамшөптерден тазалау
Мақта шаруашылығы және оның облыс экономикасындағы орны
Картоп дақылының агротехнологиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл облысында бейімделушілігін анықтау
Кейбір майлы дақылдардың дәндеріндегі майдың мөлшері
Сұлы өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
Сұлы дақылының технологиясы
Пәндер