Азаматтық қоғам туралы мәлімет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтықнегіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады
Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995
2. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы. 1999. 237-б.
3. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы – 2001
4. Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 ж. 1шілде
5. Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексі, Алматы – 1995
6. Гражданское право Республики Казахстан, Алматы – 1999
7. Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексі, Жалпы бөлім, Алматы – 2001
8. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Ерекше бөлім, Алматы – 2001
9. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. –М., 1992, 15-17-стр.
10. Ғ.Маймақов. ҚР-ның саяси-құқықтық тарихы. Алматы-2000 ж.
11. Б.Бюжеева. халықаралық қатынастар жүйесіндегі адам құқы мәселесі //ҚҰУ Хабаршысы, Алматы-2005, №3 (19), 94-98-бб.
12. Ғ.Сапарғалиев, Агибраева. Мемлекет және құқық теориясы. А.:1998 ж
13.Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ – Баспа – 2001»
14. Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және құқық теориясы, Алматы – 1999
15. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы – 2001
16. Венгеров А.Б. Теория государство и права, Москва, 1994
17. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996
18. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 1997
19. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі
20.Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Астана – 2001
21. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар- Қарағанды, 1998

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық қоғам

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
ІІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...20

КІРІСПЕ

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады
Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн - деуінің мәні ерекше.
Азаматтық қоғам -- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік -- экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам -- мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда "Азаматтық қоғам" бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
ҚР - сы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты "құқықты" пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелеуде оқу ұжымының рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады. Сол себепті құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның көкейтесті мәселесіне айналды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекет және азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы және оны қалыптасуы, дамуы бойынша мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнін ашу.
Қазақстан тәуелсіздікке ие болған күннен бастап, әлемде дамыған елдермен иықтас тұру үшін құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. ҚР - ның тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң оны "құқықтық мемлекет" деп жариялады. Содан кейін мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықты және оның негіздерін қайта құру қажеттігі туды және адамның құқығын қорғау мемлекеттің басты міндетіне айналды.
Құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі ғана емес, сонымен қатар адамның бүкіл өмір сүру барысындағы бостандық - теңдігін қорғап, демократияны қалыптастыратын күш.
ҚР - сы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты "құқықты" пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелеуде оқу ұжымының рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады. Сол себепті құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның көкейтесті мәселесіне айналды.
Құқықтың қоғамға құқықтық мемлекет қаншалықты қажет екенін ұлы Абайдың: "Егер менің қолымда закон билігі бар адам болсам, адам мінезін құқықпен реттеу мүмкін емес деген кісінің тілін кесер едім" - деген сөзінен - ақ ұғамыз .
Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына сай, мынадай міндеттер қарастырыдлы:
- Мемлекет және азаматтық қоғамның мәнін, түсінігін анықтау;
- Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру;
- Мемлекет және азаматтық қоғам идеалын және оны қалыптастыруды зерттеу т.б.

І. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары
Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай -- бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша - қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: "Қоғам -- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы", - дейді.
Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші - клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқықпайда болды. "Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, - бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады"
Азаматтық қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
- саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
- қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың
- адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
- қоғамдық мүдде - мақсат, тілек арқылы қарым - қатынастарды реттеп - басқару;
- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.
Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Азаматтық қоғам -- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік -- экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам -- мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда "Азаматтық қоғам" бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Азаматтық қоғамның құрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы -- адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары -- азаматтық қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы. Бұл жүйе азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы - қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы -- адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы-қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың арақатынастары.
Экономикалық жүйе - қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, мунициналдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе -- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолданылу қажет.
Рухани -- мәдени жүйесі -- осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық, органдар мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен арақатынастары. Бұл бағытта іс әрекеттерге толық бостандық берілуі қажет.
Осы көрсетілген азаматтық қоғам жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құқық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғары дәрежеде болуы.
Азаматтық қоғамның белгі -- нысандары:
- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;
қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық құқықтарының болуы;
- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға құқықтарының болуы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;
- азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.
Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы -- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". (ҚР Конституциясы. А. 1995. 4 б.)

Азаматтық қоғамның негізгі қағидалары
Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мынадай принциптерге негізделеді:
адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
эволюциялылық және кезеңділік;
қоғамдық өмір салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдік дамудың жаһандық үрдістерін ескере отырып қайта құрулармен бірге бағдарланушылық;
заңның үстемділігі, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдігі;
мемлекеттің істерін басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкілетті өкілдерінің қатысуы;
елдегі демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
азаматтарды демократиялық мәдениет мінез-құлқына тарту;
билік пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мәдениетіне бейіндігі.
Азаматтардың бірлестіктері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің ешқайсы да көпшілік билікпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкіл секторының мүддесін қорғай алмайды.
Осы Тұжырымдаманы әзірлеу мен іске асыру үшін мыналар құқықтық негіз болып табылады: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (1966 жылғы 16 желтоқсанда жасалған, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған); Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру кіру құқығын қорғау туралы Халықаралық еңбек ұйымның № 87 конвенциясы (1948 жылғы 9 шілдеде қабылданған, Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификациялаған); Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген), Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 23 мамырдағы № 2995 өкімімен мақұлданған), Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған), Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
23 қаңтардағы № 949 қаулысымен мақұлданған).

1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық
қоғамның қалыптасуы мен дамуы

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы түбегейлі реформалар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. Невада - Семей қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.
Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
1991 жылғы 27 маусымда Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы Қазақ ССР-інің Заңы қабылданды.
Нәтижесінде елде Қазақстанның халық конгресі, Алаш партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, Лад республикалық славян қозғалысы және Азат Қазақстанның азаматтық қозғалысы, Мемориал қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, Бірлік қозғалысы, Әділет тарихи-ағарту қоғамы, Поколение зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негізде шешудің тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік жөнінде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік серіктестік жүйесін құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және, тиісінше, елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының Қоғамдық бірлестіктер туралы және Саяси партиялар туралы заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады. Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен ерекшеленді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін көтеруге мүмкіндік берді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрі - БАҚ) баспа кәсіпорындарының мемлекет иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерістер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан Республикасының Конституциясына елдің сайлау жүйесіне партиялық тізімдер бойынша сайлау енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуі партиялық құрылыс процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), Азамат демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), Отан республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, Руханият партиясы, Алаш Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде ҮЕҰ ақпарат орталықтары ашылды, олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлі топтарының мүдделерін іске асырудағы рөлі күннен-күнге артып келе жатқан үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде Үкіметке алғашқы тапсырмалар берілді.
2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен (бұдан әрі - билік) өзара іс-қимыл тетіктерін жасау үшін ҮЕҰ күш-жігерін шоғырландыратын Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билік органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлестіктері арасындағы мүдделердің келісілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді.
2002 жылғы шілдеде қабылданған және күшіне енген Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы елдің партиялық жүйесіндегі одан арғы сапалық құрылымдық өзгерістерге алып келді.
2001 жылы Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылы - Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы қабылданды.
2003 жылы ел Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзірленді.
Сол жылдың өзінде ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі өткізіліп, оған көптеген көрнекті дін қайраткерлері, әртүрлі конфессиялардың өкілдері қатысты, Бейбітшілік пен келісімге декларациясы қабылданып, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бірінші Азаматтық форум өткізілді. Ол үкіметтік емес сектордың саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екінші Азаматтық форум өткізілді, ол елдің қоғамдық өміріне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал етті.
Орталық және жергілікті деңгейлерде билік - қоғам серіктестігінің ұзақ мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесу алаңқайларын құру жөніндегі жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуірде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билік органдары мен ҮЕҰ-ның өзара қатынастарының принциптік жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.
2003 - 2005 жылдары бірін бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеді.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады.
Сөйтіп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары - саяси партиялар, коммерциядық емес (үкіметтік емес) ұйымдар, кәсіподақтар, ұлттық-мәдени бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттік емес секторды білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта мейілінше тез дами бастады. Бүгінгі күні Қазақстанда 12 саяси партия, түрлі бағыттағы 5820 ҮЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық статистика негіздері
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің дәрістері
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Ұлттық киноның елдің сыртқы жағымды бейнесін қалыптасуындағы рөлі
Адамдардың бас бостандығымен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Пәндер