Отырар қаласы



1. Отырар қаласының пайда болуы, шығу тарихы.
2. Отырар қаласының мәдениеті.
3. Отырар апаты
4. «Мәдени мұра» және «Ежелгі Отырарды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламалары.
5. Моңғол шақыншылығы
6. Отырар
Мақсаты: Отырар қаласының тарихына шолу жасап, жалпы қала туралы мағлұмат алу. Отырар қаласының мәдениеті, тарихы, құрылысы, қамалдарымен танысу, жаңа ақпаратты игеру
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
1. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар (топография, стратиграфия, перспективы). Алма-Ата, 1972.
2. Беленицкий А.М., Бентович И.Б., Большаков О.Г. Средневековый город Средней Азии. Ленинград, 1973.
3. Абусеитова М. Х. Джувайни об "Отрарской катастрофе" // Казахский государственный университет. Вопросы истории, Вып. 7. 1975.
4. Байпаков К.М., Кулик Т.И. Отчет о работах на раскопе V городища Отрар в 1976 г. Отчет, машинопись. Алма-Ата, 1976. Архив ИА МОН РК.
5. Кулик Т.И. Исследование оборонительных сооружении Отрара // Археологические открытия 1976 года. Москва, 1977.
6. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Позднесредневековый Отрар (XVI-XVIII вв.). Алма-Ата, 1981.
7. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Отрар в XIII-XV веках. Алма-Ата, 1987.
8. Акишев К.А., Ерзакович Л.Б. Охранные работы на Отраре в районе мечети и крепостной стены. Отчет. Машинопись. Алма-Ата, 1990.
9. Ерзакович Л.Б. О периодизации развития средневекового Отрара // Маргулановские чтения. 1990 (сборник материалов конференции). Часть I. М., 1992.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Отырар қаласының пайда болуы, шығу тарихы.
2. Отырар қаласының мәдениеті.
3. Отырар апаты
4. Мәдени мұра және Ежелгі Отырарды жаңғырту мемлекеттік бағдарламалары.
5. Моңғол шақыншылығы
6. Отырар
Мақсаты: Отырар қаласының тарихына шолу жасап, жалпы қала туралы мағлұмат алу. Отырар қаласының мәдениеті, тарихы, құрылысы, қамалдарымен танысу, жаңа ақпаратты игеру.

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) - ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут "Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар - бір қала" деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 - 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын "Отырар апаты" деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.
1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.
Қала туралы 1320 жылы Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов теңізінен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.
14 ғасырда Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды.
14 ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирасқорлары мен Мұхаммед Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.
16 ғасырдың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғасырдың басына дейін болған.
Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.

Қазіргі уақытта Отырар - бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы - 380 м, оңт.-батысы - 145 м, батысы - 400 м, солт.-шығысы - 380 м және шығысы - 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.
1-қабаттан (б.з. 1-6 ғасырлары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары) аз табылды;
2-қабаттың (7-8 ғасырлар) қалыңдығы 3 м-ге жуық;
3-қабаттан (қалыңдығы 1 м-дей, 9-10 ғасырлар) қабырғалары шикі кірпіштен (42 22 10 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды;
4-қабатқа (қалыңдығы 1,5 м, 11-13 ғасырдың басы) қайта жоспарланып салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды;
5-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 13-14 ғасырлар) қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24 24 4 см) қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың, шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды) қалдықтары ашылды;
6-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 15-16 ғасырлар) қырлы темір пышақ, зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп алынды;
7-қабатының қалыңдығы 0,7-0,8 м (17-18 ғасырлар). Бұл қабат қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады.

1971-74 жылы аралығында Отырар аумағының бестен бір бөлігі (4 га) аршылды. Бойлық және ендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды. Көшелердің ені 2-3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі. Жалғыз немесе орталық бөлменің көлемі 20-35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен жабылған үйлерге тән тәсіл. Мұндай тәсіл Қазақстанның оңтүстігіндегі тұрғын үйлер құрылысында қазір де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биіктігі 20-30 см үй жылытатын тандыр салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген кірпішпен жабылған және түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған. От жағатын бөлігінің асты шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген кірпішпен немесе оның сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және оның сынықтары, әр түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен қыштан жасалған астық сақтайтын хұмдар мен құмыралар, ұралар, шаруашылыққа арналған шұңқырлар кездеседі. Көп бөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар үйлердің әр бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар. Аршылған құрылыс кешендері 16-18 ғасырларға жатады. Бұлардың осы кезеңге жататындығын нумизмат материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді. Осы кезеңде өрт болғандығы байқалады, кейбір бөлмелерде өрт іздері сақталған. Ыдыстардың түбінде тамғалы белгілер салынған. Ыдыстарды күйдіргенге дейін салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес, төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының таңбаларына сәйкес келеді. Отырарда археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр.
Отырар-Қаратау мәдениеті - Оңтүстік Қазақстан өлкелерін мекендеген қаңлы тайпаларының көне мәдениеті (б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы). Ескерткіштердің негізгі тараған аумағы Сырдарияның орта ағысын қамтиды. Қалалар мен қоныстар, зираттар жақсы зерттелген. Олардың аса ірі шоғырлану орт. Отырар шұраты; Арыс өз-нің солт. жағасында Мардан, Мардан-Күйік, Қостөбе, Шаштөбе, Сейтмантөбе, Ақайтөбе, Шөлтөбе, т.б. ірі қалалары болған.
1940 ж. А.Н. Бернштам жетекшілік еткен археол. экспед. барысында алғашқы деректер алынып, ол кангюй-қаратау мәдениеті болып аталды. Кейінірек бұл өңірді Е.И. Аргеева, Г.И. Пацевич, К.Ақышев, К.Байпақов, Л.Б. Ерзакович, Л.М. Левина, А.Н. Подушкин зерттеді. Аса ірі ескерткіштерінің бірі - Көкмардан. О.-Қ. м. қалаларының үйлері ерте кезеңнен-ақ кварталдық жүйемен тұрғызылған. Әдетте 4 - 6 үй бір кварталды құрайды. Құнды ерекшеліктерге қыш ыдыстарға салынған 100-ге тарта таңба-белгілер жатады. Белгілердің негізгі тобы ру-тайпалық таңбалар. Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша бұлар соңғы орта ғасырдағы таңбаларға өте жақын. Бір ерекшелігі, мұнда қазақтың үш жүзіне де кіретін ру-тайпалардың таңбалары бар. О.-Қ. м. тайпалары мал ш-мен бірге жоғары дамыған егіншілік бағытты ұстанған, ұсталық және зергерлік қолөнер жақсы дамыған. Тұрғындар ата-баба рухына, тәңірге табынған. Халқы Сыр бойына көршілес Жетіасар және Қауыншы мәдениеттерінің тайпаларымен бірге тарихи Қаңлы мемлекетінің құрамына кірген. Б.з. 3 - 4 ғ-ларында заттық мәдениет ерекшеліктері мен антропол. деректер О.-Қ. м-н қалдырған тайпаларға ғұндар келіп араласқандығын көрсетеді. Осы кезеңде түркі мәдениеті мен тілі қалыптасқан, түркі-соғды синтезі дамыған. Ғұн тайпалары келіп қосылған кезеңнен бастап О.-Қ. м. тайпаларының үлкен бөлігі жетіасарлықтармен бірге Сырдың жоғ. ағысына, Орта Азияға қарай жылжыды. 6 - 7 ғ-ларда О.-Қ. м-нің дамуы тоқтап, басқа тайпалармен бірге Сыр мен Әмударияның төм. ағысына топтасты да, Кедер мәдениетін құрады. Қалған тұрғындар Отырар шұратында құрылған Қаңғарбірлестігіне кірген.
Отырар медресесі - Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді. Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды (аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. О. м-нде алғашқы 5 жылда сол заманғы әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б. ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. О. м-нде ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби оқыған.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі, 1967 ж. Оңт. Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір станциясында ашылған. Алғашқыда мектеп музейі, 1973 жылдан бастап аудандық музей қызметін атқарса, 1979 ж. О. м. а. қ. м. болып құрылды. Музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археол., архит. ескерткіштерді қорғау, ғыл.-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен айналысу. О. м. а. қ. м. құрамына Отырар қ., Арыстан баб кесенесі және осы өңірдегі барлық ежелгі қала орындары, қорғандар, суландыру жүйелері, шеберханалар енеді және бұлар көрермендерге экспозиц. қызмет атқарады. Музейде бірнеше бөлімдер және кітапхана жұмыс істейді. 1993 ж. музей қарамағына 110 тарихи ескерткіш бекітіліп берілді, қорғау аймағы 11547 га болып ұлғайды. Қазіргі кезде Отырар өңірінде 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады.

Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-Ортасырдария жазығына кіреді.
Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етті, егістікті суарды. Тек, судың молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дами алды.
Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін тигізіп отырды. А.Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған.
Шұраттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 53 километрдей, батыстан шығысқа қарай 54 километрдей. Шұрат территориясында 130 астам ескерткіштер бар.
Отырар ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елді мекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді. Алғаш рет Отырар және Фараб атаулары жазба деректерде б.д. IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ. кезеңі, моңғол шапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі болды. 1219 жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлады. Алайда, Отырар қайта түлеп, XIII ғасырдың ортасында Батыс пен шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде Темірлан қайтыс болады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасты. Қала жұрттың жалпы сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігінің сипатына тән.
Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар хумдар көптеп кездеседі. Олардың кейбірінің үлкендігі адам бойындай зор болып келеді. Ол ғажайып ыдыстарда, құмыраларды астық, жем сақталатын болған. Қазір Отырар қазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні - оның керамикалық ыдыстары, күміс, қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ дастархандары. Әсіресе Отырар керамикалары өзінің комозициялық құрылымы жағынан, ою-өрнектерінің күрделігі, ерекшелігі жағынан назар аударады. Қаншама ғасыр өтсе де, табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған. Бояу түрлерінің бір-бірімен жымдасуы, әдемі нақышты өрнегі, жасалу сапасы берік. Кейінгі қазба жұмыстарының нәтижесінде Отырарда сәулетті сарай, мешіттердің болғанын дәлелдейтін олардың қалдықтары аршылып алынады.
Отырардағы алғашқы қазбаны археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А. Черкасов 1904 жылы жүргізді. Олар бірқатар траншеялар салып, материал жинақтады. Кейінгі зерттеулер, тек, ХХ ғасырдың 40-жылдары профессор А.Н.Бернштам басшылығымен жалғасын тапты. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (1971 ж. бастап ҚазКСР ҒА Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы болып аталады) ұйымдастырылып, оны Ақышев К.А. басқарды, ал 1991 жылдан Байпақов К.М. басқарып келеді. 2001 жылы ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бастауымен Ежелгі Отырар қала жұртын консервациялау және сақтау Қорының халықаралық жобасы жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаттары: құжаттық база жасау мен консервациялық шаралар болды.
Отырар - ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. ҮІ - ҮІІІ ғасырларда ОтырарСырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ - ХІІ ғғ. сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отырар-Фараб иелігі аумагының шекарасы
Көне қала отырар
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Орта Азиямен ОңтүстікҚазақстан ортағасырлық қалаларының тарихнамасы
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Тараз қаласымен экскурсия
Моңғол шапқыншылығы және Шыңғыс хан
Тараздың қысқаша тарихы
Қазақстанның ежелгi қалалары жайлы
Пәндер