Жылқы аурулары



Кіріспе2
І. Әдебиетке шолу4
ІІ. Негізгі бөлім. Маңқа 8
Маңқаның патогенезі, ауру эпизоотологиясы 8
Маңқаның белгілері11
Сойғаннан кейінгі диагноз13
Дифференциальдық диагноз15
Алдын.алу,емдеу шаралары15
III. Өлекседегі өзгерістер17
IV. Жарып сою хаттамасы 19
V. 3.1 Сыртқы қарау кезіндегі өзгерістер 19
VI. 3.2 Ішкі қарау кезіндегі өзгерістер20
VII. 3.3 Патаанатомиялық диагноз21
VIII. Қорытынды 22
IX. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
X. Қосымшалар 25
Мал шаруашылығы халқымыздың ата кәсібі, республика саласының басты бір саласы. Сан ғасырлар жинақталған тәжірибесінің нәтижесінде өлкемізде табиғатымен терең үйлескен мал өсірудің ерекше бі жүйесі қалыптасқан. Сонымен бірге әртүрлі мал ауруларының алдын-алып , емдеу де де халқымыздың қол жеткізген жетістіктері де көп.
Жылқының орны қазақ халқы үшін өте бөлек. Сонымен қатар табиғаттың құбылмалы жағдайларына да биімді. Жылқыны бағып күту аса көп шығын шықпайды. Бір жылқы 10-12 қойдың етін береді, таза май мен ет шығымы семіз жылқыда 57-60 % -ға дейін барады . бие сүтінде қант көпкездеседі. Сондықтан одан қымыз ашытады. Қымызда 3-4% -ға жуық таза спирт болады. Оның құрамындағы майыф да, белогы да жұғымды келеді. Бие сүтінде «С» витамині болады. Ол адамды құрқұлақ дертінен сақтайды. Оның үстіне жылқының адам тірлігі үшін пайдасы да алуан түрлі: жесең ет, мінсең, жексең көлік, алуан түрлі жарыстармен ойын-сауық жылқысыз өтпейді.
1. Жылқы және түйе аурулары. Х.Е Қашағанов. Алматы, «Қайнар» 1978ж. 6-11 б
2. Малдың жұпалы ауруларыК.П.Студенцев. алматы ,»Қайнар»1973ж. 91-93 б
3. Мал дәрігерлері жөнінде анықтамалық. Алматы «Қайнар» 1982жыл246 б
4. Инфекционные болезни животных Осидве Д.Ф Москва, «Агрополиздат»1987ж, 184-186 б
5. Инфекционные и инвазионные болезни лошодей. В.МЛекарева, москва ,1954ж, 123-153 б
6. Эпизоотологияи инфекционныеболезни сельскохозяйственных животных АА. Копопаткинна. Москва, «Колос» патологические анатомия сельскохозяйственных животных 1984ж, 400-405 б
7. Патологические анатомия сельскохозяйственных животных В.П Шишкина, А.В Жарова. Москва»Колос»2003ж. 383-386б
8. Індеттанужәне микробиология негіздері. И.А. Бакулов Алматы, «Қайнар» 1993ж. 317-320 б
9. ветеринарлық індеттану Т. Сайдуллин. Алматы 199
10. патологические анатомия сельскохозяйственных животных Москва«Колос» 1980ж, 300-304 б
11. Патологическая физиология и патологическая анатомия сельскохозяйственных животных. Н.А. Наметов Москва»Колос1970
12. практикум по эпизоотологийс микробиологией И.А Бакулов Москва, «Агрополиздат» 1986

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 2
І. Әдебиетке шолу 4
ІІ. Негізгі бөлім. Маңқа 8
Маңқаның патогенезі, ауру эпизоотологиясы 8
Маңқаның белгілері 11
Сойғаннан кейінгі диагноз 13
Дифференциальдық диагноз 15
Алдын-алу,емдеу шаралары 15
III. Өлекседегі өзгерістер 17
IV. Жарып сою хаттамасы 19
V. 3.1 Сыртқы қарау кезіндегі өзгерістер 19
VI. 3.2 Ішкі қарау кезіндегі өзгерістер 20
VII. 3.3 Патаанатомиялық диагноз 21
VIII. Қорытынды 22
IX. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
X. Қосымшалар 25

Кіріспе

Мал шаруашылығы халқымыздың ата кәсібі, республика саласының басты бір саласы. Сан ғасырлар жинақталған тәжірибесінің нәтижесінде өлкемізде табиғатымен терең үйлескен мал өсірудің ерекше бі жүйесі қалыптасқан. Сонымен бірге әртүрлі мал ауруларының алдын-алып , емдеу де де халқымыздың қол жеткізген жетістіктері де көп.
Жылқының орны қазақ халқы үшін өте бөлек. Сонымен қатар табиғаттың құбылмалы жағдайларына да биімді. Жылқыны бағып күту аса көп шығын шықпайды. Бір жылқы 10-12 қойдың етін береді, таза май мен ет шығымы семіз жылқыда 57-60 % -ға дейін барады . бие сүтінде қант көпкездеседі. Сондықтан одан қымыз ашытады. Қымызда 3-4% -ға жуық таза спирт болады. Оның құрамындағы майыф да, белогы да жұғымды келеді. Бие сүтінде С витамині болады. Ол адамды құрқұлақ дертінен сақтайды. Оның үстіне жылқының адам тірлігі үшін пайдасы да алуан түрлі: жесең ет, мінсең, жексең көлік, алуан түрлі жарыстармен ойын-сауық жылқысыз өтпейді.
Сондықтан негізгі басты мақсат - осы түлікті өсіру, өркендету болып табылады. Жылқыда жиі кездесетін аурулардың бірі маңқа.
Маңқа (Malleus) -- өте қауіпті індет, жылқы, есек, қашыр, т.б. ауырады. Аурудың қоздырғышы таяқша тәрізді Pseudomonas malleі микробы. Бұл індетті қазақ халқы танау маңқасы, без маңқасы және көкірек маңқасы деп үш түрге бөледі. Ауру жедел және созылмалы болады. Жасырын кезеңі 3 -- 21 күн. Ауырған жылқының ыстығы көтеріліп, қалтырайды, танауынан су ағып, көбіне астыңғы жақ сүйегінің астындағы түйіндер ісіп кетеді, кеңсірігінің кілегей қабықтары қызарып, ұсақ бөртпе жаралар пайда болады. Олардан қанды ірің ағады, лимфа түйіндері іріңдеп, жара жарылып кетеді. Ауру өршіген кезде кеңсірік желбезектері қанды іріңге толады. Терінің тесілген жерінен желім тәрізді ірің ағады, кейде аяқтары жуандап, ісіп кетеді. Созылмалы түрімен ауырған мал арықтап, жылдам болдырады. Ауырған жылқылардың көзіне маллеин дәрісін тамызу арқылы аллерг. әдіспен оның маңқа не мандам ауруына шалдыққандығы анықталады. Ауру жемшөп, астау арқылы сау малдарға жұғады. Адамдарға да жұғуы мүмкін. Маңқамен ауырған жылқының етін жеуге болмайды. Маңқаның жедел түрімен ауырған адамдардың 100%-ы, ал созылмалы түрімен ауырғандардың 50%-ы жазылмайды, нақты емі жоқ. Ауруы анықталған жылқының етін өртейді не көміп тастайды. Қора-жайды, әбзелдерді зарарсыздандырады. Дәстүрлі қазақ емінде танау шеміршегі айналасында ірің, бөрткендер байқалғанда емшілер жыланды бөліп, малға жұтқызып жіберетін немесе тірі кесірткені аттың танауына тиіп тұратындай етіп кекіліне байлап қоятын болған. Маңқа басталғаны біліне қалса суыт жүріп келген атты құдық суына шомылдырып, таң асырып, танауына тұз бен тотияйын үгіндісін, құрғақ темекіні үрлеген. Көктөбет, ақсырғақ, т.б. дәрілік шөптерді сиыр сүтіне шылап, жемдорбаға салып, аттың басына ілген.
Маңқа жылқының , есек пен қашырдың әдетте ұзаққа созылатын, кейде жіті түрде өтетін жұқпалы ауруы болып табылады. Маңқаға шалдыққан малдардың өкпесінде және ішкі органдары мен кілегей қабықтарында осы ауруға тән түйнектер пайда болып, ал олар ыдырыған сәтте уытты жараға айналады. Маңқа індеті адамғада жұғады.
Курстық жұмыстың мақсаты , аурудың дамуын,белгілерін, алдын-алу шараларын қарастыру болып табылады.
Жалпы жылқыда кездесетін осы ауру туралы жалпы мәліметтер жинақтау.
Маңқа жылқы шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді., сонымен қатар адам өміріне де қауіпті болып табылады.

Ι Әдебиетке шолу

И.В Фоминнің (2000) деректері бойынша жаңа әдіс ойлап табылған,ELISA (KELISA)
Вариант, периплазмоздық, инвазиялысеродииогностикаға арналған, В енді В saballi қоздырғыштарын шақырады; Т equiperdum және маңқа қоздырғыштарын шақырушы болып есептеледі. Жылқыларда В mallegi KELISA антиденеге әсер етуі В eqi, В cabali.Т eduipedium және В ballei 99,2% ; 99,5%; 98,9% ; және 98,9 % құрайды.
Каппа- коэффициенттің реакциясымен байланысының мәні комплимент (РСК) және KELISA , ал серодиагностикада В eqi, В cabali.Т eduipedium және В ballei- жылқыларда жарақаттану инфекцияда тәжірибеде 76 % және 0,55 ; 98 % және 0,78; 97 %және 0,95 ; 70 % және 0,44 құрайды. KELISA спецификалық және проблемалы диогностика пироплазмаза әдісі бағаланған , жылқыда маңқамен және кездейсоқ ауруларда және, өзге елдерге сату кезінде және аурулармен күресу үшін, РСК мен салыстыра отырып қолданылады. Сонымен қатар KELISA пайдалану кезінде имоглазировандық немесе антикомплементарлық сарысуларды зерттеумен тікелей байланысты болып келеді.
Diagnostic Investig- 2000-vol 12 N1-P Н.И Осипованың (2000) мәлімдеуі бойынша Биополимердің құрамын зерттеу кезінде Burkholderia pseudomallei B mallei капсуляры заттық құрамында иммунотропты және иммуногендік қасиеттері байқалыныды. Капсулалы және суммарлы заттарды калоналық иль - хромотография әдісімен өз алдына итерополимерлі комплексті қоздырғыштар көрсетіледі, мелидаза , 4 пиковты фракциядан алынды (К1, К2, К3,К4) ал маңқаның қоздырғышы - 2(К1, К2).
Анализ жүргізудін нәтижесінде алынған капсулярлы фракциялардың қасиеттері бірінші 2 капсулярлы биополимерлі қоздырғыштарына ұқсас келеді. Сонымен қатар , маңқаның қоздырғыштарында жоғары молекулалы гликопротейдтермен ЛПС фрагментінің азаюы байқалады. Биополимерлер К1, К2, К3 фракциясын құрайтын В pseudomallei B mallei ,К2 иммуномодумерлеуин қасиетімен және химиялық вакуинаның сапасын жақсарту мақсатында қарастырылады.
Журн.микробиологин,эпидемнологин и иммунобиологин-2002.№ 6 6-б.
Х.Е. Қашағановтың (1978) деректеріне сүйенсек ауру малдың еті мен органдарын терісімен бірге өртеп жібереді. Маңқаның қоздырғышы жұқпалы деп күмәнданған етті зарарсыздандырады, егер оған мумкіешілік болмаса , рны да өртейді. Мал сойған адамдар дәрігердің тексерісінен өтеді. Мал сойылған орын дезинфекцияланады. Ең алдымен күйдіргіш натридың 0,5- 1% -керітіндісін мол етіп шашып, бөлменің ішіндегі шаң-тозаңды басады, содан соң мұқият тазалайдыда , хларлы әктің 20 %к ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Ауру және жанасқан құрал жабдықтардың бәрі күйдіргіш натрдың 4 №-к ерітіндісімен жуылады.
Т.Сайдуллиннің (1999) мәліметі бойынша маңқаға қарсы қалыптасқан иммунитеттің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар, ең бастысы оның стирильді еместігі. Сонымен қатар гумаральдік факторлар мен фагоцитоз бұл аурудың қоздырғышына әсер етпейді. өзіне тн антиденелер организмді инфекциядан қорғамайды, тек қана диагностикалық мәні бар. Денеге енген маңқа бактериаларын нейтральдермен макрофагтар белсенді түрде фагоциттерімен , торша ішіне тускен микроп толықтай ыдырамайдыда, тіршілігін жоймайды. Организмнін негізгі қорғанысы микропты қоршап ,маңқа түйіндерін тузул және оның уытының денеге таралуына тосқауыл болуы үшін ол түйіндерде тұздардың шогуіне байланысты. Маңқаны дауалау үшін арнайы өзіне тән препараттар жоқ.
Д.Ф.Осидзенің (1987) деректеріне сүйенсек маңқаның қоздырушысы pseudomonas mollei - түзү не имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-1,5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм қозғалуға қабілетсіз бактерия. Патологиялық материалдан және жасанды қоректік ортадан алынған жағындада микробтар көбінесе моншақ не таспа тәрізді болады. Маңқаның қоздырушысы спора және қауашақ түзбейді. Аналин бояуларымен жақсы боялады, грамм теріс. Микробтың іш құрылысының алашұбарлылығы Лефлердің көк бояуы және Гимза бояуымен бояғанда жақсы көрінеді.
Ауасы бағалы жағдайда 1-5 % глицерин қосылған қарапайымқоректік ортадада өсе береді. Картоп қосылған қоректік орта бұл микроп үшін ажыратушы орта деп есептеледі.себебі мұнда қоздырушы өсіндері өзіне тән түсі бал тәріздімөлдіәр сарыдан қоңыр түске дейін реңді қамтиды.
В.М Лекареваның (1957) мәліметі бойынша маңқа қоздырушысының төзімділігі- ауру қоздырушысы суда, шіріген материалдарда30 күндей тұмсықтан аққан кепкен іріңде 15 күн өлмейді. 80 0С - да қыздырса 5 минутта өледі, 5%белсенді хлоры бар хлорлы әкте, карбол қышқылы(2 %) күйдіргіш натрий , лизол, креолин(3%) ерітінділерінде тез өледі.
В.Г Гавришаның (1999) деректерінде сүйенсек маңқаның клиникалық белгілерін алғаш рет б.д.д ғасырда Арисотель жазды. 1882 жылы ауру қоздырушының өскін Леффер мен Шютц жасанды қоректік ортада бөліп алды. Ал 1907 жылы неміс ғалымдары Шютц пен Шуберт ауруды балау үшін комплемент байланыстыру реакциясын ұсынды.
Х.И: Гельман мен О.И. Кальнинг 1891 жылы жасап шығарған малмен әлі күнге дейін аллергиялық диагноз қоюға пайдаланады.
Өткен уақыттарда маңқа жер шарының көптеген елдерінде кең таралған болса, қазіргі кезде ауру тек Азия және Африка континенттерінің кейбір елдерінде ғана ұшырасады. Қазақстанда маңқа 1940 жылдары жойылды деп саналады.
А.В. Жаровтың (2003) мәліметтеріне сүйенсек маңқада негізгі анатомиялық өзгерістер-маңқа түйіндері болып табылады. Түйіндердің екі түрін ажыратып қарастырады. Олар эксудативті түйінде дәннің көлемінен булавтық денешіктей болады.
Продуктивтіде эпитемиальди клеткалармен және байланыстырушы ұлпалар болып табылады.
И.И: Колюженнің Мәліметі бойынша маңқа кезінде құраламы өте аз зерттелген делінеді. Қанның ақ түйіршіктерін маңқа кезінде үш түрлі өзгерістерін зерттеуге болады: нейтрофильді, моноцитті, және лимфоцитті түрлерін . бірінші фаза- нитрофильді - ядроның солға қарай жылуымен сипатталады, ядро таяқшасы фориаға дейін, көп жағдайда регенеративті жағдай байқалады, ол сирек регенеративті жагдайда болады. Екінші фаза- моноцитті көп жағдайда ядроның сол жаққа қарай ығысуымен сипатталады , ядро таяқшасы формаға дейін және көпшілік жағдайда маңқа процесінің белсенді өтуімен сипатталады. Үшінші фаза- лимфоцитті үнемі маңқа процесінің үнемі болуымен сипатталмайды,кейбір жылқыларда бұл фазада маңқа процесі ликвидирленбеген, тек эперистикалық ликвидирленеді.
Ақ қан түйіршіктерінің өзгерістерін тек бірнеше рет қайтара тексеру кезінде тоқтатуға болады,барлық физиологиялық жағдайларды ескере отырып, және оған оған әсер етуші факторларға байланысты.
А.Д. Третьяковтың (1998)Мәліметі бойынша қораны немесе ауланы, маңқамен ауырған жылқылар тұрған жерді ылғалды дезинфекциялық ерітінділермен және содан соң механикалық тазарту жүргізу қажет.
Көңді төсегішті және азық қалдықтарын дезинфекциялап, өртеу қажет. Аланды - 3% белсенді хлормен, немесе 5% креолинмен дезинфекциялайды.
Аланды толық дезинфекциялағаннан кеиін әкті ерітіндімен өңдейді.
В.Н.Сайталидиннің мәліметі бойынша аллергиялық әдіс қарапайым әрі жай диагностикада, маңқаны молекинизация жүргізеді, аллергиялық реакция малмин препаратымен жүргізіледі. Маллейнді алғаш 1981 орыс зерттеушісі Гельманом мен Кальнингом ашқан.болатын. қазіргі кезде маллеинді қарапайым епептонды ортада 4-5 % глицеринде дайындайды. Осы ортаға маңқаның культурасын енгізіп, культураны термостатта 4 ай бойына сақтайды, содан кейін автоклавта өлтіреді және колбаға енгізеді сосын фильтрден өткізеді,стерилизация жүргізеді. Меллинді диагностикалық мақ сатта әртүрлі жағдайда қолданылады. Қазіргі жана көзге қолданылады.сезімталдылығына байланысты.

ΙΙ Негізгі болім
2.1. Маңқаның ауруының патогенезі мен эпизоотологиясы

Маңқа - көп жағдайда созылмалы өтетін дара тұяқтылардың жұқпалы ауруы. Кілегейлі қабықтарда, теріде және ішкі органдарда казеозды ыдырау мен ойық жаралауға бейімді түйіншектер құралуымен сипатталады.
Қоздырғышы-Streptococcus mallei.
Қоздырғышы - маллеин бактериясы. Сыртқы ортаға және дизенфекциялық заттарға төзімді. Бактерия сыртқы жағдай мен зарарсыздандырғыш заттарға онша төзімді емес, лас, шалшық суда 15 -- 30 күн, несепте 4 күн ішінде қырылып қалады. 70 градусқа дейін ысыған суда 5 -- 6 минут ішінде, ал қайнап тұрған суда сол бойда қырылады.
Маңқамен жылқы, есек, қашыр, кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады.
Жіті маңқа клиникалық белгілері бойынша анықталады да, бактериологиялық зерттеу, сондай-ақ қан сары суын КБР (комплемент байлаланыстыру реакциясы) әдісімен зерттеу нәтижелеріне қарай тұжырымдалады. Маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі.
Маңқаның жіті түрін комплемент байланыстыру реакциясы бойынша анықтайды. Күдікті жағдайда Штраус реакциясын пайдалана отырып, теңіз шошқасының еркегін биологиялық сынаудан өткізеді; осы хайуанның құрсағын көмкерген көк шандырға маңқа бактериясын енгізгенде оның ені қабынып ісіп кетеді (орхит).
Маңқа қоздырушысы организмге енгенен кейін сөл жолдарымен қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды. Дегенмен қоздырушы көбіне өкпеде, кеңсірік қуысында және теріде іркіліп, сонда өсіп-өрбиді. Бауырмен талаққада енеді. Бұнда әуелінекроздалып, одан әрі әктелген және қабықпен қапталған ұсақ түйіншектер пайда болады. Олардың сыртында екінші түйіршіктер дамиды. әктелген маңқа фокусы пайда болады. Неғұрлым сезімтал малдардың кілегей қабығында, терісінде, ішкі мүшелерінде ыдырайтын түйіншектермен ойық жаралар құрайтын маңқаның мелиарлық формасы дамиды. Ауырған малдың организмінде спецификалықантиденелер құралады және аллергия жиі туындайды. Қоздырушы өскен орында өзіне тән қабыну басталып, сарысу жиналады. Зақымданған мүшелерде маңқа түйіндері пайда болып, олар ыдырауға ұшырайдыда , сыртынан дәнекер қауашақпен қапталады. Ауруға төзімді малдардың маңқа түиіндері қауашақпен тезірек қоршалып, көбінесе тұз жиналып, қатаяды. Мұндайда инфекциялық процесс созылмалоы күйге айналады, кейде тіпті жасырынды күйге көшіп сырт көзге мал жазылып кеткендей болады. Ал төзімділігі төмен малдарда маңқа түйіндерінің қоршауы әлсіз болып, айналасында инфильтрат, сарысу жиналып, көптеген жаңа түиіндерпайда болады. өкпені процесс кеңінен қамтып, лобулярлы пневмонея түрінде өтеді. Ал кеңсірік қуысында түйіндер өлеметтеніп, түйін жараға , тіпті шеміршектің ыдырауына әкеп соғады. Зақымданған теріде көбінесе малдың басында, мойнында , сирақтарында,коптеген іріңдер ыдырап, іріңді ойылымдар пайда болады.
Ауру малдың жалпы жағдайы оның қанына түскен қоздырушының уыттылығына байланысты байланысты болады. Осыған байланысты орай маңқа процессінің өршу деңгейі әртүрлі болады. Жалпы дерттің даму ұзақтығы бірнеше күннен 7 жылға дейін созылады. Аурудың созылмалы түрінде процесс оқтың-оқтын өншіп, артынан басылып отырады. Мұндайда нақты клиникалық белгілері пайда болып, дене қызуы 39-40 0С - қа көтеріледі. Рецидив кезінде денеде жаңадан түйіндер пайда болып, ремиссия уақыты бірнеше айға созылуы мумкін. Малдың күтімі жақсы болса латентті ауру жылқылар ешбір белгісіз, ұзақ мерзімге сау малдардан айнымайды.
Маңқа індетті әсіресе жылқыға, есекке, қашарға және кәрі қашарға жұққыш. . түйе мен мысық тұкымдас жануарларда өте сирек кездеседі. Лабараториялық жануарлардық ішінде індет мысыққа, теңіз тышқаны мен ақ тышқанға кейде үй қояны мен дала тышқанына жұғады.
Маңқаның жылдың қай мезгілінде болса кездеседі беруі мүмкін. Бірақ маңқамен жылқының копшілігі күз бен қыста ауырады. Ешгер мал жайылымында бағылса, маңқа жылқы ішінне баяу тарайды. Егер жылқы тар және лас, желдеткіші жоқ қорада ұсталып, жемі құнарсыз болып, күтімі нашар болса, маңқа бір ай ішінде оңдаған жылқыға жұғады.
Індеттің көзі - ауру қоздырғышын танау шырынымен шығаратын ауру мал. Ауру індетке шалынған терінің іріңі арқылы тарайды. Індет маңқа бактериясымен ластанған жем, су, қи, былғары және қайыс бұйымдары арқылы да таралуы мумкін. Уақытында бөлініп , оқшауланбаған маңқа жылқы денесінін шыққан бактериаларымен суатты, жайылымды ластайды сау жылқымен бірге ұсталса да тікелей ауру жұктырады. Бақылауға жеке зерттеу нәтижелеріне қарағанда , ауру жылқыға көбінесе асқазан жолдары арқылы жұғады. Ауру қоздырғышының тыныс жолдары арқылы енуі өте сирек кездеседі. Ал биеге маңқамен ауырып жүрген айғырмен шағылысқанда жұғуы мүмкін. Тері қаңқасы жэарақаттанған тері арқылы жұғады.
Организмге енген маңқа бактериялары алдымен лимфа жолдары арқылы қанға тарайды. Маңқаға беім жануарлар арасында ауру тез таралмайды, себебі індет баяу және жасырын қоздырушысы сыртқы ортаға сирек бөлінеді. Керісінше мол тор қорада ұсталса, немесе қансорғыш жәндіктері көп жайылымда жайылса ауру тез тарайды.
Маңқа тұрақты тараған аймақта ауру көп малда сырт белгілерінсіз жасырын жүреді. Мұндайда кейбір жылқылардың маллинге реакциясы жоғары болып кетеді егер осы жануарлардың жұмысқа жексе немесе климатты басқа жерлерге ауыстырса инфекциялық процесс өршіп кетеді.
Қазіргі уақытта ауру тек қана Азия континентінің кейбір елдерінде ғана кездеседі. Біз де маңқа жойылған.

2.2. Маңқаның белгілері
Маңқаның жасырын латентті түрі аурцу тұрақты таралған аймақтарда кездеседі. Мұнда ұзақ уақыт бойына дерт клиникалық белгілерінсіз дамиды.
Ауру жыртқыш жануарлардажіті түрінде өтеді . алдымен олар ақсайды, тұмсықтарында , терілерінде, сирақтарында ойымдар пайда болады. Ауырған жануар әдетте 1-2 аптада өледі.
Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы, сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Маңқа ауру малдан сау малға өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат, қора, ат әбзелі және күтім құрал-саймандары арқылы да жұғады. Ауру мал сау мал бірге болғанда азық арқылы, жайылымдға, суда,(жүген, тоқымумал күтетін заттар арқылы жұғады. Малға қарап жүрген адам өзі ауырып және ауру таратуы мүмкін.
Жасырын кезең 2 -- 15 күнге созылады. Белгілеріне қарай маңқа -- етше маңқасы, кеңсірік маңқасы және тері маңқасы болып, ал барысына қарай жіті және созылмалы маңқа болып бөлінеді. Инкубациялық период 2-3 аптадан, 2-3 айға созылуы мүмкін.
Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы. Жіті түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы маңқа (бірнеше жылға) созылуы (ауруы) мүмкін өкпе маңқасы өте жай дамиды, білінбей ауырады, бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі температурасы көтершіді, әсіресе кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу қаблеті төмендейді ентігеді, арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда қырыл (хрип) естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі.
Алғашқы кезде сөл бездері қап-қатты нығыз келеді, ал кейін жұмсарып ыдырайды, мұның нәтижесінде ойылған терең жаралар пайда болады, олардан май тәрізді жабысқақ сары сұйық зат ағып тұрады. Көптеген жағдайда дәнекер тканьінің шектен тыс қаулап өсуіне байланысты малдың зақымданған аяқтары дүмпиіп жуандайды (ұра).
Аурудың бастапқы кезінде патологиялық процесс тек ішкі мүшелерде дамып, сыртқы клиникалық белгілерінсіз өтеді де 4-5 жұмадай уаыттан соң біртіндеп көріне бастайды. Жалпы маңқа жеті немесе созылмалы түрінде өтеді. Ал патологиялық процесс тің қайсысы мүшені көбірек зақымдуына клиникалық айқындалған өкпе , кеңсірік және теі маңқасы деп бөлінеді.
Аурудың жасырын кезеңі 3 күннен 3 аптаға дейін созылады. Маңқаныңжіті- созылмалы және жасырын түрлерін бар. Ауру ошағының орналасуына сәйкес індеп өкпе , танау және тері маңқасы болып үш түрге бөлінеді. Осыған байланысты ауру белгілерінің де жеке ерекшеліктері бар.
Маңқаның жіті түрімен ауырған жылқы денесінің ыстығы 41-42 градусқа дейін көтеріледі, денесі қалтырап , көзі мен танауының кілегей қабаттары қызарыды, мал қатты күйзелдіп, тамыр соғуы нашарлайды, тыныс алуы жиіліп, шоптен қалады. 2-3 күннен соң танауының кілегей қабатында ұсақсорғыш түйнектер, ал олардың айналасында қызыл жиекшелер пайда болады.. ол түйнектердің үлкендігі тары және бұршақ дәніндей болады. Кейбір түйнектер бірнеше сағаттан кейін бір-бірімен бірігіп ,ыдырап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқылардың стронгият құрты
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Жылқы африкалық обасының қоздырушысы
Жылқылардың маңқа ауруы
Жылқыларда асқазан - ішек жолдарының аурулары
Жылқының шаншу ауруы
Аноплоцефалидиоз - жабайы күлденген таспалы гельминттерінің жұқа ішектерінде паразиттеуден туындаған аурулар
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Өкпе қабының ауруы
Пәндер