Оқыту процестерінің заңдылықтары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

Оқыту процестерінің заңдылықтары

ІІ Негізгі бөлім

а) Бағдарламалап оқыту

ә) Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері

б) Оқытудың ғылымилық принципі

в) Тұтас педагогикалық процесс-оқыту, білім және тәрбие

бірлігінің негізі

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілет дамытудың, оқу процесін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда жаңа бағдарламаланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады.

Америка Құрама Штатында бағдарламалап оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарламалап оқытудың екі принципі бар: салалық және тармақты бағдарламалау. Б. Ф. Скиннер ұсынған салалық принцип бойынша оқу материалы бағдарламаланған оқулықты логикалық бір ізділікте орналасады. Оқушы материалды оқып түсінгеннен кейінгі бір порциядан (бөлшек) екінші порцияға көшеді. Мысалы: Тармақты принципті оқыту процесінде алғаш рет пайдаланған Н. Краудер. Бұл принцип салалық принципіне қарағанда оқытудын әлдеқайда көбірек дербестік жағын қамтамасыз етеді. Тармақты принцип бірнеше дайын тұрған вариантты жауаптардан дұрыс жауапты таңдап алуға негізделген. Мысалы; оқушыға оқулықтың 20-бетіндегі А2 неге тең деп сұрақ-тапсырма беріледі. Бұл сұраққа сол оқулықтың бірнеше беттерінде төрт вариантты жауаптар көрсетілген:

А. А. - 30-б; А+А-40-б; А+2-50-б ; А:2-60-б.

Егер оқушының жауабы бірінші вариантқа сәйкес келсе, ол өзінің жауабының дұрыстығын 30-беттен іздеуі керек. Бұл бетте жауабың дұрыс деп жазылған. Міне, осыдан кейін оқушы келесі порцияпы яғни жаңа тапсырманы орындауға кіріседі. Егер оқушының жауабы 40-немесе 50-беттерде көрсетілгендей болса, онда ол келесі тапсырманы (порцияны) орындау үшін сұраққа толық жауап беруі қажет.

Машиналы бағдарламалап оқыту оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысын басқару үшін үйлесімді жағдай жасайды. Машина оқушыға ғылыми ақпарат береді, бақылау сұрақтарын қояды, жауабын бағалайды, жаңа тапсырма береді. Демек, машина тікелей және кері байланыс принципін орындайды.

Бағдарламалап оқытудың артықшылығы неде?

1. Біріншіден, оқушы әдеттегі оқытуға қарағанда оқу материалын анағұрлым байымды ұғады.

2 . Екіншіден, оқушы өз бетімен шығармашылық іскерлікке үйренеді.

3. Үшіншіден, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемі қысқарады. Өйткені оқушы оқу материалын сабақ процесінде ұғады, орындайды.

4. Төртіншіден, оқушының дербес қабілеті мен дарындылығы дамиды.

Машиналы бағдарламалап оқытуды, біздің ойымызша, жағымсыз жағы да бар:

а) оқушылардың ұжымдық сезімінің дамуына және нығаюына мүмкіндік бермейді;

ә) оқушының өз жұмысының нәтижесін басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырудың да мүмкіндігі болмайды. Өйткені әрбір оқушы дербес тапсырманы орындайды.

Міне, осыған орай, бағдарламалап оқыту процесінде оқушылардың дербес және топтық жұмыстарын үйлестіріп өткізген жөн. Соңғы жылдары жалпыға міндетті компьютерлік оқытудың қолданылуына байланысты бағдарламалап оқытудың келешегі қалай болар екен деп пікір айтушылар да бар. Бағдарламалап оқыту жайында қауіптенудің қажеті жоқ. Өйткені ол келешекте оқыту жүйесінде басты формалардың бірі болып қолданылады.

Орта және жоғары мектептерде микроЭВМ «Агат» және ДБК, компьютерлер, басқа да техникалық құралдарды қолдануға байланысты оқыту жұмысының жүйесінде бағдарламалап оқыту да кеңінен пандаланылады.

Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері

Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты. Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субьект мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағи қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т. б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.

Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді. Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күші деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды; Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.

Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.

Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакцияны бейтарап реакция деп атайды.

Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді. Педагогикада диалектиканы барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А. С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады. Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу. Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда алынады.

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т. б. жасағанда;

ә) организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;

б) оқу, тәрбие процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері:

а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;

ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілет .

Қабілет - адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

Білім беру жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады. Оқыту процесінің міндеттерінің мазмұнының формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары, оқыту процесінің барлық элементтерінің мақсаттары мен міндеттері мұғалімнің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды. Бұл заңдылықтар:

а) оқыту мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты:

ә) оқыту формалары, оларды ұйымдастыры, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты;

б) оқыту әдістері, олардың мақсаттарымен анықталады.

Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді. Оқыту процесінің заңдылықтары оның приициптерінде бейнеленеді. Принцип - латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға болады.

Оқыту процесінің мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын асындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Оқытудың ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу бағдарламаларын оқулықтарын жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылымилық приицип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.

К. Д. Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту - бұл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің, қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау. Оқыту ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сезіміне ұласуымен сипатталады. Оқыта отырып тәрбиелеу - бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл - ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.

Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен бірге окушыларға тапсырма “ең таяу даму зонасына сәйкес берілуі тиіс яғни тапсырманы мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек. Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушылардың ықыласы төмендейді, сенімі кетеді, күшіне зиян келеді. Түсініктілік принципінен оқыту ережелері туады. Мысалы.

1. Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс - әрекетіне бірте - бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады. Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.

2. Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Мәселен, оқушыларға құрмалас сөйлемді түсіндіру үшін, оларды ең алдымен жай сөйлеммен таныстыру қажет.

3. Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни өткен сабақ үстінде білімді терең түсініп, игеруін айтады.

Жүйелілік және бірізділік принципі. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ үстінде, үйде кітаппен, лабораторияда, шеберханаларда т. б. ), сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді. Бұл принцип жалпы пәндерді оқыту жүйесінде де қолданылады.

Мысалы, көркем әдебиет пәндері бойынша бастауыш сыныптарда жай мақалдар мен әңгімелер оқытылса, жоғары сыныптарда әдебиет шығармалары, әдебиет тарихы өтіледі.

Саналылық пен белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.

Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындауы, олардың белсенділігін арттырады. Әрбір іс-әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең түсінуі қажет. Мысалы: 1. Тіл сабақтарында грамматикалық ережелерді теория тұрғысынан терең ұғыну қажет болса, ал сөйлемдерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу оқушылардың іскерлік пен дағдыны саналылықпен игеруін көрсетеді. 2. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің теориясын жете түсінумен бірге, оларды қалай өсірудің практикалық тәсілдерін шәкірттер жақсы білуі қажет. Оқушылардың дүние танымын тереңдетуге, белсенділік сезімін оятуға ғылыми-техникалық даму кезеңіндегі оқытудың жаңа демелі одістері мсн формалары ыкпал жасайды. Сонымен бірге саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттердің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстары да игі әсер етеді.

Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский т. б. Осы принцип негізінде Я. А. Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.

Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болаты әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді. Сонымен, көрнекілік припципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше. Көрнекіліктің түрлері:

Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т. б. жатады.

Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометрлялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т. б. Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.

Экранды - динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.

Дыбысты техникалық көрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқытумен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды. Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады - оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас, мызғымас бірлігі.

Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасыз ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды. Адамның білімге, әр түрлі іс - әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды. «Еңбек білім берумен қатар жүрмейінше, саяси және қоғамдық тәрбиемен қатар жүрмейінше, тәрбиелік пайда келтірмейді, бейтарап процесс болады” -дейді А. С. Макаренко.

Педагогикалық процестің басты идеясы - оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымының соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машинкаларымен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды-динамикалық дыбысты-техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.

Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық-психологиялық жағдайдың да мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне тілектестік, жанашырлық, қамқорлық және қиын жағдайларда өзара көмек іс-әрекетінің саласына тиімді ықпал жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процестің принциптері
Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
Мектеп курсында генетиканы зерттеудің ерекшеліктері
Дамудың психологиялық процесіндегі сыртқы фактордың ішкі факторға айналуы
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Басқару заңдылықтары мен принциптерінің қажеттілігі
Тұтас педагогика ұғымы
Дидактика туралы түсініктер
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілетінің психологиялық ерекшеліктері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz