Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын әр жас ерекшелік топтарда үйрету жолдары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.БАЛАБАҚШАДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІ
1.1. Жас ерекшелігіне қарай дене тәрбиесі сабағының өтілу жоспары...5
1.2. Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау ... ... ... ... ... ... .10
ІІ. БАЛАБАҚШАДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Сабақты ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру.сауықтыру және
спорттық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІІ. ДЕНІ САУ БАЛА . БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
3.1. Балабақшадағы дене шынықтыру пәнінің маңызы ... ... ... ... ... ... ...19
3.2. Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық
мазмұнының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай:
- балалардың негізгі қыймыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындары үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұраптылып келген озық тәжіребелер де ескерілген.
Өйткені, ата - бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен еңбек түрлерін игеру әрекеттері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да тұлғалы бітім қалыптасқан, алып күштің иесі де шыққан. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру мақсатында біздің балабақшада қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл – қозғалысына арналған жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүргізілуде.

1. Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999.
2. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. — М., ФиС, 1978
3. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз
етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас жинақ
бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы 2001.
4. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев А. Т. редакциясы М. ФИС. 1993.
5. Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
6. Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы
бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. 26. 7. 7. Дене тәрбиесі институттарынға арналған оқу құралы. Матвеев М., Говиков А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1, 2тарау.
8. Ұ.Б. Мұхамеджанова «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж
С. Қайжанов «Дене тәрбиесі» 5-6 сынып. Алматы 2001ж
9 Б. Төтенов «Қазақ спорт ойындары» Алматы 1990ж.
10. Ж. Қабланов «Спорт теминдерінің сөздігі мен тарихы» Алматы 2002ж
11. Сағындықов Е. «Қазақтың ұлтттық ойындары» Алматы Рауан 1991ж
12 Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңы 1997ж.
13. Ұ. Ж. Мұхаммеджанова «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесінің методиксын пайдалану жолдары» Астана 2007.
14.Т. Таймбетов «Дене тәрбиесі жаттығулары сабағындағы жалпы дамыту жаттығулар және терминология». 2009ж.
15. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы Президснтінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
16. Тілеулов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» Шымкент 2003ж
17. Ә. Ж. Тілеулов «Спорт құрлымдары» Шымкент 2004.
18. Осокина Т.И. Бала-бақшадағы дене тәрбиесі. -М.,1973
19. Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейІнгі балалардың дене тәрбиесІ. М.,
1976
20. И.Фомин И.А.,Филин В.П. Дене тәрбиесінің жас ерекшелік негізі.
22.М.,Фис, 1972 12. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев Л.П. редакциясы бойынша. -М, ФиС, 1983 25.
23. Понамарев Н.И. Дене тәрбиесінің элуметтік қызметі. -М., ФиС. 1974
24. 1980,-31-41. 18.Гриченко М.Ф., Саноян Г.Г. Еңбек, денсаулық, дене тәрбиесі. -М., ФиС,1974 19.

НЕГІЗГІ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ӘР ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ТОПТАРДА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. БАЛАБАҚШАДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІ
1.1. Жас ерекшелігіне қарай дене тәрбиесі сабағының өтілу жоспары...5
1.2. Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау ... ... ... ... ... ... .10
ІІ. БАЛАБАҚШАДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Сабақты ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІІІ. ДЕНІ САУ БАЛА - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
3.1. Балабақшадағы дене шынықтыру пәнінің маңызы ... ... ... ... ... ... ...19
3.2. Балабақшадағы Денсаулық білім беру саласының базалық
мазмұнының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай:
- балалардың негізгі қыймыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындары үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұраптылып келген озық тәжіребелер де ескерілген.
Өйткені, ата - бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен еңбек түрлерін игеру әрекеттері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да тұлғалы бітім қалыптасқан, алып күштің иесі де шыққан. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында біздің балабақшада қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл - қозғалысына арналған жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүргізілуде.
Зерттеудің өзектілігі: балабақшада дене тәрбиесі сабағы қимыл-іс әрекеттер, жаттығулар жасау және үйретуді қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін дене жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады. Адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу дене тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Дене қуаты білімі - адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Зерттеудің мақсаттары: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәніндегі жас ерекшелігіне қарай өтілетін ойындар.
Зерттеудің міндеттері: Балабақшадағы дене тәрбиесі жаттығуларын қарастыру.
- Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәнін ашу;
- Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау;
- Дене тәрбиесіндегі жас ерекшелігіне қарай ойындар мен жаттығулармен танысу;
- Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардағы дене тәрбиесі пәні.
Зерттеудің обьектісі: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәні өтілуі, технологиясын анықтау әдістемесі.
Жас ұрпақты жан - жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан - сау денеде ғана болады - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу - балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.
І. Балабақшадағы дене тәрбиесі пәні
1.1 Жас ерекшелігіне қарай дене тәрбиесі сабағының өтілу жоспары
Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады.
Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6,5 локамация, ал жеті жастағылардікі 16-18 локамация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, трек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемдітаниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды.
Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие, болады. Мидың үлкен жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 7 жасқа дейінгі балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін). Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ (5 жастан 6 жасқа дейн) және мектепке дайындық топ (6 жастан 7 жасқа дейін).
Қимылды дамыту ерекшеліктері. Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде өміршеңдік кешені деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жилжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға, жүруге үйрету қажет.
Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Бала алғашқыда сенімсіз қимылдайды. Алайда, екінші жылдың соңында қарай ол бұл қимылдарды толық игеріп, 1-1,3 м. саты, текпешектерге шығып, түсе алады. Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі беттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол сөйлеуді, ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.
Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай отырып шанамен сырғанайды, велосипед айдайды.
Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындайды.
Алтыншы-жетінші жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады. Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т.б. меңгереді.
Бала тәрбиесінің міндеттері
Бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болды.
1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.
2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйклі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кейеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Бала өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне тез икемделеді. Оны игеру, қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан білім беру міндеттерін шешу аса маңызды.
1) Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.
2) Өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру т.б.), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүгіру, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.
3) Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді ретте.
Сонымен тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:
1)Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу адалдық, шешімге келу, батылдық, табандылық т.б..
2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Дене тәрбиесінің мазмұны
Жасына лайықты қимыл - қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.
Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.
Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну - дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.
Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, тұлғаны, бүгу т.б.) жатады.
Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайдаланылады: 1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа биіктікке және қапталдан жүгіріп келіп секіру, би қимылдары; 2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті (Аққулар мен қаздар), спорт ойындарының элементтері (бадминтон, стол теннисі); 3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау, т.б; 4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.
Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.
Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).
Дене тәрбиесі сабақтары - оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты - жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу - балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы - 5-10 мин. Дайындық тобында 12 - 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті - тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.
Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарыда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.
Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтацды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.
Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күдізгі, кешкі серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жұүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.
Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері.
Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрістелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Ортаңғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.
Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі. Бұл топтарда көбінесе дербес жұмыс істеткен жөн.
Музыкамен өткізілген сабақ оқушы ынта - ықыласын арттырады және баланың темппен ырғақты қабылдауына көмектеседі.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты -- қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.
Бес жасар баланың эмоцианалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.
Баланың еріктілігіқоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.
Тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.
1) Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның
жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр тоқсанда
бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат
санына байланысты құрастырылады .
2) Сабақтың жылдық жоспары.
3) Күнтізбелік жоспар.
4) Сабақтың мазмұндама жоспары.
5) Сынақ алу құжаттары.
Жылдық жоспар графигін құру ережесі.
Жылдық жоспар өз кезегімен өтілетін оқу бағдарламасының құжаты әрбір 2-топқа және жас ерекшелігі тең топтарға жүргізіледі. 1-ден оқулықтың мүмкінділігімен сабақ өтілетін жер жағдайына байланысты таңдау жасап, олардың бағдарлама талаптарына сәйкес, сағатын біліп алып, сол оқу жылына бағдарламалық бөлімдерінен өтілетін құжаттан сағаттар саны құрылады. Кейбір жағдайлардың болмауына байланысты дене тәрбие тәрбиешіі балабақшабасшыларымен келісе отырып, бағдарламаның бөлімдеріндегі берілген сағатты өзгертуіне болады. Бағдарламаға байланысты әрбір топқа дене тәрбие мынандай бөлімдерден тұрады:
1) білім негіздері
2)дағды
3) балаларга қойылатын талаптар
4)дағдыны іскерлікті дамыту мақсатында оқу көрсеткіштері (нормативтер).
1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау
Бағдарламаның тақырыптарын тоқсандарға бөлу кестесін балабақшаның жағдайына, өзінің және балабақшаның мүмкіншілігіне, балалардың дайындығына қарай дене тәрбиесі тәрбиеші дайындайды.(кесте2)
Тақырыптың тоқсандық жоспар. (Дайындық топ)
№№
Сабақтың тақырыбы
Мөлшері
Күні
11
Аңшылармен үйректер
1
9.04.2015
22
Жүру және жүгіру жаттығулары
1
12.04.2015
23
Доппен орындалатын гимнастикалық жаттығулар
2
16.19.04.2015
24

10.04.20115
25
Гимнастикалық қабырғада жаттығу
1
23.04.2015
6
Гимнастикалық орындықтарда жаттығу
1
26.04.2015
27
Көк жалаушамен жүгіру
1
30.04.2015
28
Гимнастикалық жалаушамен жүгіру
2
3.05.2015
29
Гимнастикалық жалаушамен жүгіру
4.05.2015
210
Жүріп келе жатып жасалатын жаттығулар
1
7.05.2015
211
Кішкене доппен жасалатын жаттығулар
2
10-14.05.2015
312
Кішкене доппен жасалатын жаттығулар
313
Допты ұста
1
17.05.2015
314
Лақтыру жаттығулары
1
21.05.2015
Сабақ жазба жоспары
Дайындық тобы.
Сабақтың тақырыбы: №31 Допты ұста.
Сабақтың мақсаты: 1) Білім беру: Баланы Допты ұста ойынын үйретуде,
оқытуда саналылық, белсенділік қағидасына сай білім туралы ой қалыптастыру.
2) Тәрбие беру: Балаға белсенділік, жеңіске жету мақсатында өз тобын қорғау, яғни ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу.
3) Сауықтыру: Балада ойын желісінде жүгірту, секірту мақсаттарында, ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын сауықтыру.
Құрал жабдықтар: Ойын үшін екі валейбол добы.
Өтілу күні, орны: Спорт алаңы 17.05.2015ж
Топ: Дайындық тобы
№
Сабақ мазмұны
Мөлшері
Әдістемелік нұсқа
К
і
р
і
с
п
е
б
ө
л
і
м
і
Н
е
г
і
з
г
і
Қ
о
р
ы
т
ы
н
д
ы
1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.
2. Саптағы жаттығулар; түзел, тік тұр, оңға, солға, айнал, еркін тұр.
3. Жүру жаттығулары; алаңның сыртқы жиегімен айналып жүру, шеңбер бойымен қиғаш жүру, ирелеңдеп жүру, жартылай отырып жүру, толық отырып жүру.
4 Жүгіру жаттығулары;
а) қол желкеде аяқты сермей жүгір.
б) қол белде аяқты артқа тастай жүгір.
в) қол белде оң иықпен жүгір.
г) қол белде сол иықпен жүгір.
д) қолды алға созып тізені алақанға тигізіп жүгір.
5. Ж.Ж.Ж.-ы:
1) Аяқ алшақ, қол белде. 1-2 басты алға, 3-4 басты артқа шалқайту
2) Қол белде 1-2 белді оңға 3-4 солға қарай ию.
1. Арнайы жаттығулар.
2. Ойын: Допты ұста ойыны.
Ойнаушылар екі командаға бөлініп, эстафеталық сапқа тұрады. Әр команданың алдыңғы жағынан 6-8м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде капитан допты ұстап тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша капитан допты өз жағының бірінші ойыншысына лақтырады да өзі жүгіріп барып командасының соңына сапқа тұрады. Бірінші ойыншы доп қолына тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты екінші ойыншыға лақтырады. Т.с.с. капитан шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Капитаны шеңберге бұрын келген команда жеңіп шығады.
1. Топты сапқа тұрғызу.
2. Тыныс алу жаттығуларын орындату.
3. Бағалау
2 рет
1 айналым
1 рет
1 рет
4 рет
1 рет
4-5 рет
Киіміне назар аудару
Қатарды бұзба
Кеудені тік ұста басты жоғары көтер
Кеудені тік ұстау
басты жоғары көтер
Толық иіл
Жылдам жүгір, сызыққа дейін ұста, белгіден бұрын шықпа, қатарды бұзба.
Толық тыныс алу.
Сабақ жазба жоспары (үлгі)
Ересектер тобы
Сабақтың тақырыбы: №12 Мысық -тышқан .
Сабақтың мақсаты: 1) Білім беру: Баланы Мысық -- тышқан ойынын үйретуде оқытуда саналылық, белсенділік қағидасына сай білім туралы ой қалыптастыру.

Құрал жабдықтар: Кішкен доп және секіруге арналған көпірше (мостик).
Өтілу күні, орны: Спорт алаңы 18.05.2015ж
Топ: Ересектер тобы.

1) Б.қ. аяқ алшақ, қол белде. 1-2 басты алға, 3-4 басты артқа шалқайту
2) Б.қ. қол белде 1-2 белді оңға 3-4 солға қарай ию.
1. Арнайы жаттығулар.
2. Ойын: Мысық-тышқан ойыны.
Балалар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады. Балалар арасынан екі бала шығып, бірі - мысық, бірі - тышқан болады.
Ойын барысы: Мысық тышқанды шеңбер сыртын айнала қуалайды. Тышқанның іні шеңбердің ішінде болады. Тышқан іннің ішіне кіргенде, мысықтан қорғау үшін балалар отырып қалады. Ал егер мысық тышқанды ұстап алса, тышқан балаларға өлең айтып береді. Ойын осылай жалғасады.

ІІ. Балабақшада дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері
2.1 Сабақты ұйымдастыру.
1) Сабақтың дер кезінде басталуы және аяқталуы, уақытты сабақтың бөлімдері мен жаттығуларға беле білу, уақытты жаттығуларды қайталауға тиімді бөлу, жаттығуларды дұрыс орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар беру.
2) Балаларды сабаққа ұйымдастырудың әдістері жан-жақты топтармен, жеке-жеке, айналымы .
3) Сабақ өтетін орындарды, құрал-жабдықтарды тиімді
пайдалану және балаларды дұрыс орналастыру.
4) Белсенді балалардың сабақтағы іс-шаралары топтарды
басқару, қауіпсіздік сақтау, жаттығуларды көрсету, бірін
бірі үйрету, бір біріне көмектесу, сабақ өтетін орындарды
дайындау және құрал-жабдықтарды жинау т.б..
V. Ой-пікір қорытындысы
Жоспарды орындау бағдарламаның бөлімдерін, қойылған мақсатқа жету, балалардың сабақта алған білімдері мен қабілеттілігінің сапасы, онын жетістіктері мен кемшіліктері. Сабақтың жетістіктерін орынықтыру және жетілдіру, кемшілктерін жою шараларын карастыру.
Оқытушының теориялық және әдістемелік деңгейі, оқу жұмысын білуі, сабақ жургізу әдістері, өткен сабақтардың мазмұнымен байланыстыруы, жаттығулар мен ойындардың топ бағдарламасына сәйкестігі, дәрігерлік дайындық топтағы балалармен арнайы жұмыс жүргізу. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мектептің барлық педагогқызметкерлерінің міндеті- дене шынықтыру мақсаты, міндеттері, мазмұны, жұмыс түрлері жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және белсенді дене шынықтыру мен спортты насихаттау болып табылады.
Мектеп директорының жауапкершілігі:
-- мектептегі дене шынықтыру сабағын оқытуды дұрыс жолға қою, мектептен тыс жұмыс формаларын ұйымдастыру, дәрігерлік топтардың жұмысын қадағалау;
-- мектеп оқушыларымен арнайы дірігерлік топтар жұмысын ұйымдастыруу, мектепте дене шынықтыру жөнінен сабақ өткізуге қажетті жағдай жасау,жабдықтау, мектептің ішінен арнайы орын бөлу.
-- Дене шынықтыруды оқуға және сыныптан тыс жұмыс жұмыс түрлеріне қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;
-- дене шынықтыруға арналған жұмыстың жүйелі түрде орындалуына қадағалау, мұғалімнің өткізген сабақтарына қатысу;
-- дене шынықтыруға арналған оқу және сыныптан тыс жұмыс түрлері жоспарының орындалуын тексеру, бекіту;
-- мектептегі жалпы педагогикалық қауымның, арнайы мұғалімдердің білімдерін көтеріп отыру;
-- денен шынықтыру жөніндегі жұмыстарды мектептің педагогикалық кеңесінің жоспарына кіргізу және талдау.
Дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыруды бастауыш мектеп мұғалімдері атқарады. Бастауыш мектеп мұғалімдері оқу жоспары бойынша бекіткен оқу кестесінің орындалуына, ұйымдастырылуына толық жауап береді.
Бастауыш мектеп мұғалімдері:
-- жас ерекшеліктеріне қарай дене тәрбиесі жөнінен оқу бағдарламасын толық орындауға, сабақта жоғары сапамен қамтамасыз етуге;
-- дәрігерлермен бірігіп оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізуге;
сабақ өткізілетін орындағы санитарлық-гигиеналық жағдайлардың дұрыс болуын қадағалауға;
-- дене шынықтыру жаттығуларымен айналасу барысында оқушылардан арнайы спорт киімдерін талап етуге;
-- дене тәрбиесі жөнінен сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыруға,өткізуге қатысуға, оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруға;
-- дене шынықтыру жөнінен үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға міндетті.
өз білімін жетілдіріп отыру үшін мұғалім үнемі озық тәжірибелермен алмасып, өзара сабаққа қатысады.
2.2. Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралар
Балабақшада өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт шараларының негізгі түрлері: Денсаулык және спорт күндері.
Денсаулық және спорт күндерін өткізу балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспарына жазылып, оның өтетін уақыты көрсетіледі.
Денсаулық және спорт күндері тоқсанына 1 рет сабақтан босатылып, ал айына бір рет сабақтан тыс уақытта немесе каникул кезінде міндетті түрде өткізіледі. Денсаулық және спорт күндері мектепке дейінгі топтарда 2-3 сағат, 5-8- топтарда 3-4 сағат, жоғары топтарда 4-5 сағат шамасында откізіледі. Жарыстардың өтетін уақыты жергілікті ауа райына, балабақшаның мүліктік қорына, тұрғылықты халықтын әдет-ғұрпына т.б. байланысты белгіленеді. Денсаулық және спорт күндерін 1-4, 5-8 9-11- топтарда бөлек немесе барлығын бір күнде өткізуге болады. Командаларды басқаруға, төрешілікке барлық педагогикалык ұжым, ата-аналар т.б. жұмылдырылады. Жарыс бағдарламасына әр түрлі спорттық қозғалмалы ойындарды, жаяу, шаңғы саяхаттарын, жарысқа шық жас ұлан, жүгіру, секіру, лақтыру күндерін, эстафеталарды шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанауды кіргізуге болады.
Жарысты ойдағыдай өткізу үшін қажетті құрал жабдықтарды, -- төрешілерді, нұсқаушыларды, үгіт-насихат жұмыстарын, өтетін орындарын, алдыңғы қатарлы спортшыларды марапаттау жұмыстары алдын-ала дайындалады. Денсаулық және спорт күні балабақшадағы ең бір үлкен мейрам болып саналады, сондықтан салтанатты түрде ашылады, оған атақты спортшылар шақырылып, олардың өнері көрсетілед. Жарыстың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталады. Жарыстың басталуы және қорытындысы ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, балаларға радио арқылы хабарланады. Ұйымдастыру жұмыстарын балабақша директоры, онын орынбасарлары және дене тәрбиесінің тәрбиешілері басқарады. Балалардың жарысқа қатысуын топ жетекшілері, бастауыш топтың тәрбиешілерімен басқа да балабақша қызметкерлері төрешілікке қатыстырылады.
Дене тәрбиесі тәрбиешіі сабағынан уақытша босатылған балалар мерекеге міндетті түрде қатысып, төрешілерге мүмкіндігінше көмектеседі, бірақ олар жарыстардан және жорықтардан босатылады.
Денсаулық күнінің негізі оның бұқаралығында, сондықтан мерекелерге барлық балалар қамтылады. Денсаулық және спорт күндерін театр, кино, көрме т.б. кездесулерге пайдалануға тыйым салынады.
Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмұны.
Ауа райына байланысты бұл айларда денсаулық және спорт күндері таза ауада өткізіледі. Орта топтарда жаяу жорықтар, қозғалмалы ойындар эстефеталар т.б,. орта және үлкен топтарда туристік жорықтар, жер белдеріне байланысты бағыт анықтау жарыстары , саяқаттар, спорттық және қозғалмалы ойындар, күн жылы аймақтарда жүзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ат спорты т.б. ұлттық ойындар өткізіледі.
Аймақтардағы ауа райы және
балабақшадардің мүліктік қорына байланысты гимнатикалық
эстафеталар жаяу жәве шаңғы жорықтары , бір орында тұрып
ұзындыққа, биіктікке секіру, арқанға өрмелеу, кермеде тартылу,
нығыздаған доп лақтыру сияқты залда ұйымдастырып,
жеңімпаздарды марапаттау, ойын түрлерінің қортындысы шығару
балабақша қауымының міндеті.
Бұл мерзімде жарыстар негізінен спорттың қысқы түрінен өткізіледі 1-2- топтарда алдын-ала дайындалған қар төбешіктерінен шанамен сырғанаудан топ аралық, жекешілік жарыстар өтізілсе, 3-4- топтарда шаңғы, коньки жарыстары және қозғалмалы ойындар өткізіледі. Жоғары топтарда шаңғы, коньки жарыстарымен, шанамен 1-2 күндік жорықтар өткізіледі. Денсаулық күнінде өткізілетін ойындардың түрлері жалпы білім беретін балабақша балаларының дене ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz