Адамдарға зақым алу күю және үсік шалған жағдайда көмек көрсету


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Адамдарға зақым алу күю және үсік шалған жағдайда көмек көрсету
Орындаған: Маркабай С.
Тексерген:
Тобы:
МБД - 31
Жоспар
- Алғашқы көмек. Алғашқы көмек көрсету әдіс-тәсілдері.
- Үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек түрлері, сипаты.
- Күйік шалу кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
- Алғашқы көмек. Алғашқы көмек көрсету әдіс-тәсілдері.
Алғашқы көмек - адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т. б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару) ; апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу) ; қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек - зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында) .
Жаралардың зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнеше түрі бар.
Жарақаттардың түрлері:
1. Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады. Тікелей емес жарақаттар, ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттың себебі - механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау) .
- химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері) .
- физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тогының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері) .
- биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроағзалардың әсері)
- психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан) .
Жарақаттанушылықтың түрлері: 1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жол көліктік), 2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық), 3) балалық, 4) тұрмыстық, 5) спорттық, 6) көшелік, 7) әскерлік, 8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.
Жергілікті белгілері: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы.
Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасудың бұзылуы және т. б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Медициналық қызметінің негізгі міндеті - науқас адамға көмек көрсету. Медициналық қызметке келесі мақсаттар жүктеледі:
- уақытында жаралағандарға, ауруларға медициналық көмек көрсету және оларды емдеу;
- медициналық шаралардың арқасында денсаулығын сақтау;
Жаралағандарға, ауруларға уақытында медициналық көмек көрсету және оларды емдеу өмірін сақтауға ықпал етеді.
- Үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек түрлері, сипаты.
Үсікке шалдығу төмен температураның әсерінен дене мүшесінің кей бөлігінің зақымдануы (тіпті жаны кетуге дейін) болып табылады. Көбінесе үсінуге шалдығу қыстың суық мезгілінде қоршаған орта температурасы -10oС -20o С төмен кезде болады. Көктемде және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт, әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да үсінуге шалдығуға болады.
Аязда тар және дымқыл киім мен аяқ киім кию, қатты шаршау, ашығу, ұзақ уақыт қозғалыссыз және ыңғайсыз болу, алдыңғы суықтан алған жарақаттың болуы, аурудың нәтижесінде болған ағзаның әлсіреуі, аяқтың тершеңдігі, аяқ-қол буындарының және жүрек-тамыр жүйесінің созбалы аурулары, қан жоғалтумен болған ауыр механикалық зақымданулар, темекі шегу үсуге шалдығуға әкеп соқтырады.
Статистика бойынша адамдардың қаза болуына және аяқ-қолын кесуге әкеп соқтыратын барлық ауыр үсінуге шалдығулар күшті алкогольдік мас болу салдарынан болатындығы көрінеді.
Үсінудің төрт дәрежесі болады. Үсінудің І дәрежесі (аса жеңілі) аз уақыт суық әсер етуінен болады. Терінің жаны кетпейді. Ондай үсінуге шалдығудың бірінші белгісі - зақымданған жерлердің жансыздануына әкеп соқтыратын күюді, шаншуды сезіну. Содан соң тері қышиды және ауырады, олар аса мәнді және аса көрнекті болмауы мүмкін.
ІІ дәрежелі үсіну ұзақ уақыт суық әсер етуінен болады. Оған аса тән белгі - зақымданудан кейінгі бірінші күні түссіз сұйықтық толған көпіршіктің пайда болуы. ІІ дәрежелі үсінуден соң ауруды І дәрежелі үсінуге қарағанда ұзағырақ және тереңірек сезінеді, тері қышиды және ауырады.
ІІІ дәрежелі үсіну кезінде температураның төмендеуі және ұлпаға суық әсерінің ұзақтығы артады. Бастапқы кезде пайда болған көпіршіктердің іші қанға аралас, түбі қоңыр-көк болады және тітіркендіргіштерді сезбейді. Терінің барлық элементтері өледі де соңында бітеледі және тыртықтар өрістейді. Түсіп қалған тырнақтар қайтадан өспейді немесе пішіні бұзылып өседі. Өлген ұлпалардың түсуі 2, 3-аптада аяқталады, одан кейін тыртықтанады, ол 1 айға дейін созылады.
Ауруды сезінудің қарқыны мен ұзақтығы ІІ дәрежелі үсінуден жоғарырақ.
IV дәрежелі үсіну температураның аса төмендеуінен және ұлпаға ұзақ уақыт суық әсерінен туады. Ол көбінесе ІІІ және ІІ дәрежелі үсікке шалдығумен үйлеседі. Жұмсақ ұлпаның барлық қабаттары өледі, жиі сүйек пен буын зақымданады.
Зақымданған участок көпкөңгек, тіпті кейде мәрмәр түсті болады, жылыған кезде ісік пісіп ұлғая бастайды. Терінің температурасы оны қоршаған үсікке шалдыққан ұлпа участогінен біраз төмен. Көпіршіктер үсікке төмендеу шалдыққан учаскелерде, ІІІ - ІІ дәрежелі үсінген жерелерде дамиды. Ісік біраз ұлғайған жерінде көпіршіктің болмауы, сезімталдығының жоғалтуы IV дәрежелі үсуге шалдығудың куәсі болып табылады.
Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек.
Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші - зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.
І дәрежелі үсікке шалдығу кезінде тоңған жерлерді қызарғанға дейін жылы қолмен, жеңіл уқалаумен, жүн матамен ысқылаумен, деммен жылыту керек, содан кейін мақта-дәкемен орау керек.
ІІ - IV дәрежелі үсікке шалдығуда тез жылыту, уқалау мен ысқылаудың қажеті жоқ. Зақымданған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен ораңыз (дәке қабатын, қалың мақта қабатын, тағы дәке қабатын, үстіне клеенка немесе су жібермейтін мата) . Зақымданған аяқ-қолдар қол асты құралдарының көмегімен бекітіледі (тақтайша, фанера сынығы, тығыз картон), оларды таңғыштың үстіне салып дәкемен орайды.
Зардап шегушіге ыстық сусын, ыстық тамақ, аз мөлшерде алкоголь, 1 таблеткадан аспирин, анальгин, 2 таблетка «Но-шпа» және папаверин береді.
Ауруды қармен ысқылауға кеңес берілмейді, өйткені саусақтар мен табандардың қан тамырлары өте нәзік болады, сондықтан оларға зақым келуі, теріде пайда болған кішкентай жарықшақтар инфекция түсуіне жол береді. Үсінген аяқ-қолды отқа жылдам жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады. Алғашқы көмектің тиімсіз және қабылданбайтын жолы - май, жануар майын жағу, терең үсіну кезінде ұлпаны спиртпен ысқылау.
3. Күйік шалу кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)
Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аспирин ішіңіз.
Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік)
Күлдіреген жерді тесуші болмаңыз. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз. Егер вазелиніңіз жоқ болса, күйікті ашық күйде үстаңыз. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқадай майларды жағушы болмаңыз.
Күйген жерді мейлінше таза ұстаған ете маңызды. Оны шаңнан, ластан, шыбын-шіркейден сақтаңыз.
Инфекция түскендіктің белгілері - ірің, жағымсыз иіс, қызу көтерілу немесе без шошу сияқты белгілері біліне бастағаннан-ақ жылы түзды сумен (1 шәй қасық түзды 1 литр суға езіп) күніге 3 рет компресс жасаңыз (мүмкіндігіңіз жетсе түзды суға 2 ас қасық хлорлы әк үнтағын қосып жіберіңіз) . Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тәннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады (371-бет), ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ам-пициллин тәріздес антибиотиктерді пайдаланудың ретін езіңіз байыпқа салып керіңіз.
Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік)
Теріні бүлдіріп, дененің ІШКІ ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге жеткізгенше күйік шалған жерді ете таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Дәрігерлік білікті көмек көрсетіле алмаған жағдайда күйген жерді жоғарыда айтылғандай тәсілмен тазалап, ем жасаңыз. Егер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз. Күйген жерге ешуақытта малдың майын, тоң май, тері, кофе, шөп немесе нәжіс жағушы болмаңыз.
Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары
Қатты күйік шалған кез келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz