Спорт түрі- жүзу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ
1.1 Жүзу . спорт түрінің бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Халықаралық жүзу федерациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Суда жүзу түрлері мен техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2.Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары ... ... .14
2.3. Суда жүзуді үйрену ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ІІІ. СУДА ЖҮЗУДІҢ ПАЙДАСЫ
3.1. Суда жүзудің денсаулыққа тигізер әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қазіргідене тәрбиесі сабағындағы білім берудің басты мақсаты — денсаулығы мықты, спорт сүйер тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал спорт жағынан дамудың орны ерекше. «Дене тәрбиесі» деген сөз «дене мәдениеті» дегенді білдіреді. Бұл дененің жақсы өсіп жетілуіне көп көмегін тигізеді деп сенуің керек. Адам табиғаттың бір бөлшегі және ол табиғаттың өзі секілді өте күрделі құбылысы. Дене тәрбиесі дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану адамның күшін молайтуға, жігерлі болып өсуіне, терең білім алуына септігін тигізеді. Дене тәрбиесінің ең басты артықшылығы ол қимыл-қозғалыс дағдыларының жақсаруына ықпал етеді. Дене тәрбиесі қозғалыс қимылға үйрену және дене қасиеттерін тәрбиелеу секілді өзара байланысып екі ерекшелікті білдіреді. Қозғалыс-қимылға үйрену адамның өз қозғалыс қимылын басқарудың тиімді тәсілдерін жүйелі түрде меңгеру, осы арқылы өмірде қажет болатын қозғалыс әрекеттері мен дағдыларын және онымен тығыз байланыстағы біліктілікті игеру секілді дене тәрбиесінің арнайы мақсатын көздейді.
1. Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.
2. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
3. Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері". Алматы, "Кітап", 2001.
4. Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж.
5. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264.
6. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
7. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224.
8. Спорттық қызметтің мәні мен ерекшелігі. «Қазақстан жоғарғы мектебі» 2008. №1, -Б.-71-76.
9. Тайжанов.С., Қошаев М.Н., Адамбеков М.И.,Мухтаров С.М. Баларда қозғалыс функциясын қалыптастыру // Дене тәрбиесінің жаршысы журналы., - 2004. – № 1. - 79-84 б.б.
10. Г.Н. Виноградов, А.К. Кульназаров, В.Ю.Саолов Теория и методика ЗОЖ. А.,2004г.
11. Плавание под.ред. Н.Ж. Булгаков. М.: 1979 г.
12. Ашмарин Б.А. Теория и методики физического воспитания. М.: 1990 г.
13. Н.Г. Озалин Настольная книга тренира М.: 2004 г.
14. К.Б. Ахмедов Методическая разработка по изучению физиологических особенности плавания. А.: 1988
15. Н.Ж. Булгаков. Обучение и тренировка юного пловца. М.: 2001
16. Плавание: под.ред. В.Н. Платонова. – Киев.: 2000 г.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ҚАЛАСЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Шығармашылық бөлімі
Дене тәрбиесі және спорт пән бірлестігі

Курстық жұмыс

СПОРТ ТҮРІ - ЖҮЗУ

Орындаған: 0130000 Дене мәдениеті
және спорт мамандығы
0103023 Дене мәдениеті және спорт мұғалімі біліктілігі бойынша оқитын 4 курс студенті Сыздықов. Б.
Жетекші: Дене тәрбиесі және арнайы пәндер оқытушысы Ильясов Ж. И

Орындаған: 0130000 Дене мәдениеті
және спорт мамандығы
0103023 Дене мәдениеті және спорт мұғалімі біліктілігі бойынша оқитын 4 курс студенті Сыздықов. Б.
Жетекші: Дене тәрбиесі және арнайы пәндер оқытушысы Ильясов Ж. И

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ
1.1 Жүзу - спорт түрінің бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Халықаралық жүзу федерациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Суда жүзу түрлері мен техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары ... ... .14
2.3. Суда жүзуді үйрену ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ІІІ. СУДА ЖҮЗУДІҢ ПАЙДАСЫ
3.1. Суда жүзудің денсаулыққа тигізер әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе

Қазіргі дене тәрбиесі сабағындағы білім берудің басты мақсаты -- денсаулығы мықты, спорт сүйер тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал спорт жағынан дамудың орны ерекше. Дене тәрбиесі деген сөз дене мәдениеті дегенді білдіреді. Бұл дененің жақсы өсіп жетілуіне көп көмегін тигізеді деп сенуің керек. Адам табиғаттың бір бөлшегі және ол табиғаттың өзі секілді өте күрделі құбылысы. Дене тәрбиесі дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану адамның күшін молайтуға, жігерлі болып өсуіне, терең білім алуына септігін тигізеді. Дене тәрбиесінің ең басты артықшылығы ол қимыл-қозғалыс дағдыларының жақсаруына ықпал етеді. Дене тәрбиесі қозғалыс қимылға үйрену және дене қасиеттерін тәрбиелеу секілді өзара байланысып екі ерекшелікті білдіреді. Қозғалыс-қимылға үйрену адамның өз қозғалыс қимылын басқарудың тиімді тәсілдерін жүйелі түрде меңгеру, осы арқылы өмірде қажет болатын қозғалыс әрекеттері мен дағдыларын және онымен тығыз байланыстағы біліктілікті игеру секілді дене тәрбиесінің арнайы мақсатын көздейді.
Оқушының спортқа деген қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат -- оқушылардың спортқа деген дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет - оқушылардың суда жүзу қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастарды дамытуға ден қою қажет.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде жоғары шеберлікті діттейтін спортты дамытуға да, сондай-ақ оның бұқаралылығына да зор көңіл бөлуі баршамыздың айрықша ризалығымызды тудырады. Ол биылғы Жолдауында спортты дамытуға, әсіресе, салынған биік дәрежедегі, әлемдік талаптарға сай келетін спорт нысандарын тиісінше пайдалануды талап етті. Күні кеше ғана Астана қаласын одан әрі көркейтуге арналған отырыста Елбасы осы мәселені тағы бір мәрте қадай айтты.
Бұл орайда Президентіміз спортты ел азаматтарының денсаулығын сақтаудың бір негізгі қайнар көзі деп есептейтінін де анық аңғарамыз. Расында да, бүгіндері мемлекет дене шынықтыру мен спортты дамытуға мол мөлшерде қаражат бөліп отыр. Соның арқасында спорт нысандары халық игілігіне асып әрі спортты дамытуға, әрі тұрғындар денсаулығын нығайтуға қызмет етіп келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: жүзу спорты арқылы дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене тәрбиесіндегі дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жүзу, спорттық жүзу түрлері;
- жүзу спортының ерекшелігі;
- жүзу спортына тәрбиелеу;
- балалардың суда жүзу қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету:
Курстық жұмыстың өзектілігі:
oo Жүзу спорттық ойынының дене тәрбиесінде қолданылуы.
Жүзу - дене тәрбиесіндегі сауықтыру және қолданбалы мағынада тиімді құралдардың бірі. Оқыту және жаттығулар барысында жүзу спортымен шұғылданушылардың денсаулығы шынығып, өмірде қажетті жүзу дағдыларын иеленеді.

І. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ
1.1 Жүзу - спорт түрінің бірі
Жүзу , спорттық жүзу - спорт түрлерінің бірі. Спорттық жүзу жарыстары еркін (кроль), брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу, тағы да басқа тәсілдерімен 50 метрден 1500 метр қашықтық аралығында өткізіледі. Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су астында жүзу, синхронды (көркемдік) жүзу т.б. түрлері болады. жүзудің тұрмыстық, емдік, ойын түрлері де бар.
Шынықтырудың ең тиімді құралы - ауа, күннің көзі мен су. Шынықтырудың ең пәрменді түрі суды пайдалану. Суды қолданғанда қажетті температураның күшін, ұзақтығын өзгерте отырып - сүртінгенде, құйылғанда, шомылғанда әр түрлі тәсілдерді пайдаланады.Әсіресе, бала ағзасына қозғалыспен қатар судың, ауаның, күн сәулесінің әсері бірге болса, шомылу мен жүзудің тигізер пайдасы өте көп. Әрдайым үнемі шомылғанда, жүзгенде адам баласының тамыр жүйесі су температурасының алмасуына тез арада ыңғайланып алады. Адам баласы судың температурасы төмендеген жағдайда да, суда ұзақ болуға үйреніп алады. Суда адам денесінің температурасы аз төмендейді де, шомылудан кейін тез өз қалпына келеді. Суыққа деген тұрақтылық пайда болады. Суда жүзу өмірде өте қажет. Жүзу тек қана адам баласының дене шынықтыруы мен сауықтануына ғана пайдалы емес. Жүзе білу дағдысы адам баласына әр түрлі жағдайларда қажетті нәрсе.
Біздің балалар мекемесінде жүзумен 4 жастан 7 жасқа дейінгі 240 бала қамтылған. Балалармен суда жүзу сабағы аптасына 2 рет өткізіледі.Су алабында судың температурасы 27 -- 28°С болып тұрады. Топ 10 - 12 баладан екішағын топқа бөлініп тұрады. Даярлық және Ересек балалар суда 25 -- 30 мин, Естияр балалар -- 20 мин. жүзеді. Барлығы 8 жүзу тобы бар.
Су алабындағы өткізілетін сабаққа балалар бас медбикенің немесе дәрігердің күнделікті медициналық байқауынан кейін ғана қатыса алады.
Жүзу спорттың бір түрі ретінде, балалар денсаулығының оңалуына тиімді әсерін тигізеді. Жүзу ағзаны шынықтырып, қоршаған ортадағы әр түрлі жағдайларға тезірек бейімделуге көмектеседі. Ол - жүрек тамырының дұрыс жұмыс істеуіне әсерін тигізіп,тыныс мүшелерiнiң дамуына мүмкiндiк туғызады. Жүзу бала келбетінің кейбір кемшіліктерін түзетуге көмектеседі.
Жүзу сабағының тәрбиелік мәні өте зор.Онда балаларды батылдыққа, салмақтылыққа, талап қойылған қағидаларды орындауға, бір - біріне көмектесуге даяр болуға, бір ұжымда іс атқаруға дайын болуға бейімдейді. Бала кезіндегі жүзуге үйренуі, өмір бойы бойында сақталып қалады.
Жүзуге үйрету кезіндегі алдымызға қойған мақсатымыз, балалардың денсаулығын нығайту,суда сенiмдi және қорықпай ұсталуға және жүзудің бастапқы дағдыларын бойына сіңіру.
Жүзу сабақтарын өткізген кезде Т.И.Осокинаның кепілдемесін пайдалана отырып, сонымен қатар жүзуден өз бағдарламамыз бойынша сабақ құрылымы мынадай: 1) құрғақтағы жаттығулар (құрғақ жүзу); 2) жүзу әдістерін үйрену техникасынан судағы жаттығулар; 3) судағы ойындар; 4) еркін жүзу. Балаларға өзіне таныс емес жағдайға үйренуге мүмкіндік береміз, суда өзін ұстау және суды дұрыс қолдану әрекеттерін үйретеміз.
Ата - аналар жиналысында, педагогикалық кеңестерде, әдіскерлік кеңестерде жұмыс нәтижелерін әрдайым талқылаймыз. Ата - аналарға арналған балалар денсаулығы туралы және шынықтыру туралы тәжірибелік кеңестер ақпаратын өзіміздің интернет сайтымызда хабарлап тұрамыз. Ата - аналар үшін, жүзу сабағын көруді ұйымдастырамыз, Жүзуге үйренейік атты тақырыптық көрме құрып,баламен үй жағдайында спортпен айналысуға кепілдеме беріп, температураның өзгеруіне, мерзімге байланысты баланы киіндіру туралы кеңестер береміз.
Ата - аналарға балалардың дене тәрбиесі мен шынықтыру туралы педагогикалық білімін көтеру мақсатында денсаулық факультеті сабақтары ұйымдастырылды. Отбасындағы балалардың дене тәрбиесін арттыру үшін, кейбір отбасының тәжірибесін насихаттау зор нәтиже көрсетті.
Жүзуге үйрету жұмысын біз әлі де жалғастырып келеміз. Нәтижелерді әрқашан талдап, жетістікке жетудің жолдары мен тәсілдерін қарастырудамыз. Бұрынғы тәрбиеленушілермен кездесіп, олардың денсаулықтары мықты болғандығына қуанамыз, көбі мектепте жақсы оқып, жүзумен әлі де айналысып жүр екен. Өйткені, суда шомылу, жүзу, суда ойнау - дене шынықтыру жаттығуларының бір пайдалы түрі. Одан баланың денсаулығы жақсарып, жүйке тамыры нығаяды. Сондықтан баланы неғұрлым суға ертерек үйретсе, жүзуге үйретсе, соғұрлым жүзу баланың ағзасының дамуына әсер етеді. Көптеген атақты жүзушілер 4 - 5 жасында жүзуге үйренген. Ал 7 - 8 жасынан бастап үнемі жаттығып отырған.
Сондықтан көптің ішінен балалардың жүзуге бейімділігін байқап, спорттық жүзуге даярлай отырып, жеңіс пен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу біздің ең бастапқы міндетіміз.

1.2 Халықаралық жүзу федерациясы
Халықаралық жүзу федерациясы (ФИНА) 1908 жылы құрылған. 1991 жылы оның құрамына 128 ел кірді. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан, дүниежүз. чемпионаттар 1973 жылдан, еур. чемпионаттар 1926 жылдан өткізіледі. Дене шынықтырудың бір түрі ретінде Жүзумен адамдар ежелгі дәуірден бастап айналыса бастаған. Біздің жыл санауымыздың басында Римде суы жылытылатын 50x20, 100x50 метрлік үй ішіндегі бассейндер салынған. 16 ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді. КСРО-ның 1947 жылы Халықаралық жүзу федерациясына мүше болуы, 1952 жылдан бастап Олимпия ойындарына қатысуы жүзу спортының Кеңес Одағында, оның ішінде Қазақстанда да жедел дамуына ықпал етті. Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші республикалық біріншілік өтті. Ю.Кабин, В.Минаев, Б.Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды. Құрамына қазақстандық Г.Николаев енген КСРО жүзгіштері 16-Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4x200 метрлік эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді әкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш жабық бассейн іске қосылды. Тәуелсіз Қазақстан дербес қатысқан Барселонада өткен 25-Олимпия ойындарына (1992) 7 жүзгіш, ал Сиднейде өткен 27-Олимпияға (2000) 8 жүзгіш қосты. Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының үздіктері аталды. Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын алады.

ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Суда жүзу түрлері мен техникасы

Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.
Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.
Жүзу - жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін нығайтып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Жүйке жүйесін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады.
Жүзу түрлері
Кроль (ағылш. crawl -- еңбектеу, жер бауырлап еңбектеу) - дененің сол және оң бөліктері алма-кезек есу жасайтын етпеттей жүзу стилі. Жүзудің ең жылдам тәсілі болып табылады. Еркін стильді жүзу жарыстарында спортсмендердің көпшілігі крольді таңдайды, сондықтан еркін стиль мен кроль іс жүзінде синонимге айналып кеткен.
Крольше жүзгенде жүзгіштің қолдары оның денесін ось бойынша бойлай ессе, аяқтары да кезек-кезек көтіріліп-түседі. Жүзгіштің беті су ішінде болады және есу кезінде дамыл-дамыл дем алып тұру үшін бұрылып тұрады.
Брасс (фр. brasse, фр. brasser -- былғау, араластыру) -- қолды судан шығармай су ішінде кеудемен ұзыннан жатқан қалпында қол және аяқпен симметриялы есіп жүзудің түрі (әдісі).
Дельфин немесе Баттерфляй (ағылш. butterfly -- көбелек) -- жүзудің техникалық жағынан ең қиындарының және шаршататын түрлерінің бірі. Дененің сол және оң жақ бөлігі бір уақытта симметриалық қозғалыс жасайтын (қолдар жүзніштің денесін судың үстіне көтеретін кең және мықты есулер жасаса, аяқтары мен жамбасы толқын тәріздес қимыл жасайды) ішпен жүзу стилі. Баттерфляй -- жүзудің ең қиын стилдерінің бірі және жылдамдық жағынан крольден кейін екінші орышда тұр.
Стильдің тарихы
Алғашында жүзудің тек 3 стилі болған. Олар: еркін стиль, брасс және арқамен жүзу. Баттерфляй брассты жетілдіру кезінде пайда болған. Қолдар судың бетінде зымырай бастады, сол себептен жүзгіштің қозғалысы жылдамдады. Кейін аяқтардың қозғалысын да көбірек табиғиға ұқсатты.
Жүзу техникасы
Баттерфляйда жұрыс техника ерекше маңызды. Кроль, шалқалай жүзу мен брассқа қарағанда баттерфляйда жақсы жылдамдықты тек физикалық күш арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Көп адамдар бар қиындық бұл стильді үйренуде жатыр деп ойлайды. Бастаушылар үшін басты қиындық екі қолын бір уақытта судың үстінде қайтару мен барлық денесін бастапқы позицияға келтіру, сонымен қатар бір уақыттағы деммен жүзу
Техника қол мен аяқтың синхронды қозғалысынан тұрады. Мұндағы негізі рөлді дененің толқын тәріздес қозғалысыорындайды.Бастапқы позицияда жүзгіш суда қарнымен жатады, қолдары алға созылған, ал аяқтары артқа қарай созылған.
Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Суда жүзудің пайдасы - адамның денсаулығын нығайтады, сонымен қатар өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль - еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады). Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады.
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, т.б.
Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылы кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар бір уақытта бірдей қимылдайды. Міне жүзудің осы 3 түрі бойынша әлемдік, Олимпиадалық бағдарламаларға негізделген жарыстар өткізіледі.
Мамандардың төрт апталық зерттеуі барысында бассейнде жүзу кезінде адамдардың көңіл күйі 35 пайызға артатындығы анықталған. Сондай-ақ ұйқысы жақсарады, күш-қуаты арта түседі.
Бір апталық зерттеудің өзінде-ақ тәжірибеге қатысушы адамдардың көңіл күйі 20 пайызға жақсарғаны байқалды.
Миннесота Университетінің мамандарының айтуынша, жас кездегі кез келген аэробикалық жаттығулар - суда жүзу, жүгіру, велосипед тебу, миды қартаюдан сақтайды.
Бұл жаттығулар ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартады.
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.
Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды:
1. Көпшілікке жүзуді үйрету.
2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.
Жүзе білудің негізгі құндылығы - суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.
Суда жүзудің пайдасы - адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.
Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.
Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет.
Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль - еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).
Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның денсаулығына және тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының төзімділігі ұлғайтады және икемділігін арттырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Спорттық жүзудің маңызы
Жүзу спортының тарихы
Салауатты өмір салтын спорт жаттығуларымен шұғылдануға көп мөлшерде уақыт бөле отырып, спортшы ізбасарлардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну
Спорт ойындары жайлы
Жүзудің денсаулыққа әсері
Аяқтың ұшымен тұру
ДЕНЕ ҚУАТЫ ҚАСИЕТТЕРІ
Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы
Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі
Пәндер