Тәрбие отбасы өзегі



1. Отбасы.тәрбиенің басты ұясы
2. Тәртіптің ең тамаша мектебі . отбасы
3. Бала біздің болашағымыз.
Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Отбасы-адам, баласының өсіп өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борышы тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Әрине,әркім өзінің баласын, оның тәрбиелі,білімді болғанын қалайды,әрі еңбек сүйгіш,жақсы адам болса,еліне,халқына пайдасын тигізетіндей .Бір маман иесі,үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны аласын» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын,онын тәрбиесі де күрделеніп,оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамыуы,ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.
Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Үшқоңыр су шаруашылық колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Тәрбие отбасы өзегі

Орындаған: Бижанқызы Роза
Тексереген: Өтетілеу Гүлмира

Үшқоңыр 2015 жыл.
ЖОСПАР

1. Отбасы-тәрбиенің басты ұясы
2. Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы
3. Бала біздің болашағымыз.

Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Отбасы-адам, баласының өсіп өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борышы тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Әрине,әркім өзінің баласын, оның тәрбиелі,білімді болғанын қалайды,әрі еңбек сүйгіш,жақсы адам болса,еліне,халқына пайдасын тигізетіндей .Бір маман иесі,үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып Ұяда не көрсең,ұшқанда соны аласын дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын,онын тәрбиесі де күрделеніп,оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамыуы,ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.
Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие беру негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,ар-ожданы мол,мәдениетті,парасатты,еңбекқор, іскер бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауртпашылықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, онын дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, даму болашағы казіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі жан-жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып,баласының тәрбиесіне жарты сағат та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды немесе тәрбие ісімен айналасуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады.Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес.Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып,отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Абай өзінің 10 сөзінде: Әуелі балаңды өзің алдайсың. Әне,оны берем,міне,мұны берем деп,баста балаңды алдағаныңа мәз боласын. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресін? деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап,білмегенін айтып түсіндіріп,үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді. Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады.
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты.
Ерте кезде балалар оқыса да, оқымаса да дін талап еткен тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң реттеліп отырған. Мысалы: қызға қандай киім лайықты, шашты бір өрім бе, әлде екі өрім етіп өруі дұрыс па, оны шашбаумен сәндеу керек пе, не орамалдың, не кимешектің астына жасырып қойған жөн бе? дейтін жайларды жіктеген. Ал, қазіргі кезде қыздарымыздың кіндігін көрсетіп жүруі, жарассын-жараспасын киімдерді киюі, өміріміздің бір бөлшегіне айналғанын жасыра алмаймыз. Баланың жақсы адам болуы тек ғана өмірдің ағымынан қалмай киіну ғана емес, ең негізгісі өмірден өз орнын таба алатын азамат ретінде тәрбиелеу жағы ақсап жатады.
Ұрпақ - болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді сондықтан ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. 2 алса жаман, 5 алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана, баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды. Міне, сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар десеңізші. Халқымыздың Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана деген өмірлік қағидасы бар емес пе!
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. Баланың бас ұстазы ата-анасы демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі.
Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер, Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. Қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, Ұл туса елдің қорғаны, Қыз туса елдің көркі деп халқымыз бекер айтпаған шығар. Мұның бәрі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне де тікелей байланысты болмақ.
Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. Ата - ана балаға сыншы. Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жіте көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға жасынан дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға болар еді.
Үлкенді құрметпен қадір тұту, ілтипатты қарым-қатынаста болу, сыйласа білу, ата-ананы қартайғанда қарау, кішіге қамқор болу-бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заңдар. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды, Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті т. б. мақалдардан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиеге ерекше назар аударғанын көреміз, Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. Тәрбие - табалдырықтан басталады нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі - нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала - өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі және отбасы
Халық көзқарасында отбасының басты міндеті аға ұрпақтың орнын басатын бала тәрбиесімен айналысу
Қазақ отбасы
Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы: қазіргі жағдай мәселесі
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі
Тәрбиенің қазіргі жағдайы, аналитикалық тәрбие.
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы
Пәндер