Бастауыш сыныптағы сын жұмыстар оларды жүргізу әдістемесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы ... ..4
1.2. Жазба жұмысының инновациялық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ.тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
2.1.Мазмұндама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2.Шығарма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары — оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі.Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу — мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс.
1.М.И.Махмудов. мектептегі проблемалық оқытуды ұйымдастыру.
А., «Мектеп», 1981, 247-б.
2. Л.С.Выготский. Педагогическая психология. М.,1967.
3. А.Жапбаров. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері.
А., «Қаз.унив.», 1991, 128-б.
4. С.Абубәкірова. Текстпен жұмыс істеудің әдістемесі. А., «Қаз.унив.»,
1993, 105-б.
5. Ж.Аймауытов. Психология. А., «Ғылым» баспасы, 2004
6.К.Д.Ушинский. Педагогика. М., «Просвещение», 1980
7. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
8. М. Оразов Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1991 \
9.С. Исаев Қазақ тілі. 1996, Алматы
10.Қазақ грамматикасы. Астана, 2001
11.А. Байтұрсынов Тіл тағлымы. Алматы, 1992
12.М. Томанов Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы,
13.К. Аханов Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993
14.К. Аханов Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1998
15.Г.Сыздықова Қатыстық сын есімдердің семантикасы. Астана, 2004
16.А. Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991
17.Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы
18. Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2-том,
19.Ғ. Мұсабаев Қазақ тілі мен грамматикасы. Алматы, 1986
20.Қазақ тілі мен әдебиеті журнал №9 2012ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ СЫН ЖҰМЫСТАР ОЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І-тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы ... ..4
1.2. Жазба жұмысының инновациялық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ-тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
2.1.Мазмұндама ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2.Шығарма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ
Қазіргі білім берудің басты мақсаты -- шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту -- мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат -- оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет - оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз -- оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары -- оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі. Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу -- мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс.
Бастауыш сыныпта сын жұмыстарын жүргізудің мақсаты: шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көрген, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой -- түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс.
Курстық жұмыстыі өзектілігі:
Бастауыш сыныпта сын жұмыстарын жүргізу оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін жазба жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады. Жазба жұмыстарының түрлеріне жаттығулар, түрлі мәтіндер, диктант, мазмұндама, шығарма, т.б. жатады. Жазба жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырыптың ыңғайы мен мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту мақсатында жүргізіледі, яғни, жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалдарды оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл -- ой әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады.

І-тарау. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
0.1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көптеген түрі бар. Соның бірі -- диктант. Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктанттары.
Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.
Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат -- оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, ярни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.
Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 1-4 сыныптарда 20-25-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады,
Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы болып есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2 -- 3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1 -- 2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.
Шығармашылық диктант -- үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арт- тыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.
Графикалық (сызба)диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады.
Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өкізіледі.
Ол төмендегіше жүргізіледі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезінде тақтаға жазып қояды;
ә) диктаит мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен немесе байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;
в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.
Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін -- оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Бірінші кезең - жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең -- қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену -- шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.
1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.
Үшінші кезең - тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.
1.2. Жазба жұмысының инновациялық түрлері
Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласына жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант, шығармашылық диктант. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты -- балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту үрдісінде де жүргізіліп келеді. Щығармашылық диктанттың өзіндік ерекшелігі туралы орыстың педагог ғалымы М.И.Рудякова Творческий диктант не является разновидностью диктанта, а скорее это самостоятельная работа типа сочинения дейді (Сборник диктантов по орфографий и пунктуаций. М., Просвещение, 1991, 4-бет). В.М.Гусинова мен К Еркібаеваның Сборник текстов для изложении деген оқу құралында Тексты взятые из произведений классической и современной художественной литературы, научно-популярной литературы, периодической печати должны помочь в формировании у школ гражданственности, любви к труду, стремлени гуманитарным знанием деген пікірлерінің пәнаралық байланыстағы шығармашылық диктанттарға да қатысты жағы бар (А„ Рауан, 1998, 4-бет).
Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену -- тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.
Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың төрт түрін ұсынуға болады: сөздік диктантының жаңа түрі; модельге негізделген диктант; өзің тап диктанты; бестік диктанты.
Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылықка, жазу мәдениетіне баулу; көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру,
Шығармашылық диктанттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі тиіс: диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың алынуы; даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу; көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну (ол -- мәтінді оқушының ары қарай жалғастыруы үшін беріледі); оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады; диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерді ұсыну.
Диктант жазар алдында шығармашылық конкурс жариялауға болады. Конкурс оқушыларды ынталандырады, олардың назарын бір мақсатқа жұмылдырады. Словарь-справочник по методике русского языка деген еңбегінде М.Р.Львов былай дейді: В творческих работах учащихся отражается личность школьника, его чувства, взгляды, его жизненная позиция. Творческие работы -- сильное воспитательное средство (М., Просвещение, 1988, 68-бет). Осы пікір шығармашылық диктанттарға да тән. Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәні зор. Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, дүниетанымы, көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет пен қазақ тілінде өтіліп жатқан материалдарды байланыстыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, тіл дамьпу оны жүргізудің басты мақсаты болып табылады.
Сөздік диктанты. Сөздік диктант дәстүрлі оқыту әдістерінде бұрыннан бар. Сөздік диктантының өзіндік ерекшелігін пікірлерден көруге болады: Его отличителъная черта состоит в том, что диктуются слова, словосочетания, а не предложения. Словарный диктант может быть предупредительным, обьяснительным, контрольным. Он позволяет экономит время, концентрировать внимание учащихся на нужных орфофаммах, обогощать и активизировать внимание учащихся на нужных орфограммах, обогощать и активизировать словарь учащихся деп пікірін білдіреді М.Р.Льбов. (Сборник диктантов и изложений. А., Жеті жарғы, 2001, 149-бст).
Ал қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген бұл сөздік диктанттың әдістемесін нақты мысалдармен түсіндіруге болады.
1-кесте. Сөздік диктанттың 1 түрі
Мұғалім оқитын сөздер
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы
Көксерек
Аңшылар ауылға әкелген қасқырдың бөлтірігі
Құрмаш
Көксеректі бауырына басып, аялапөсірген бала
Сөздік диктанттың 2 түрі. Керісінше, сөздің мағынасы айтылады, оқушы ол сөзді табады.
2-кесте. Сөздік диктанттың 2 турі
Мағынасы
Сөздер
Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты
Көксерек
Бөлтірікті өсірген бала
Құрмаш
Көксеректі бастан теуіп,еңіреген адам
Құрмаштың әжесі

Мұндай диктанттарды қазақ тілінің кай тақырыбы болмасын әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармаларды негізге ала отырып, бірлікте жүргізуге болады. Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да, жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық; әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі пәніне пайдалана білулері.
Сөздік диктантының тіл дамытудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады: оқушыларды қазақ тілінен оқып жатқан тақырыптарды қайталап, оны әдебиетпен байланыстыра отырып, жаңа мақсатта пайдалануға, білімдерін тереңдетуге көмектеседі; сауатты жазуға, сөздік қорын дамытуға әсер етеді; еске сақтау қабілетіне игі ықпалын тигізеді.
Сөздік диктанттарды түрлендіріп отыруға болады. Оқушыларды қызықтыра отырыл, тиімді әдіс-тәсілмен алған білімдерін ары қарай дамытуға дағдыландыру керек.
Шығармашылық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдыға келтіру немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Бұл жөніндегі Н.Г.Пищугиннің Мы будем представлять модель как знаковую систему, отображающую какой-либо объект. Она может приобретать форму схемы, макета, графики, и существовать в виде реального объекта, который в таком случае становится подобием другого (моделируемого) объекта деген пікірі оның маңызын ашып тұрғандай (2.3).
Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модельдеуді диктанттарға да пайдалануға болады.
Сөздік диктанттардың келесі түрі модель толтыру негізінде жазылады. Оның әдістемесі. Диктант екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде диктант мәтіні оқылады. Ол әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармадан алынады
Екінші кезенде өлеңді еске түсіру мақсатында мұғалім мәнерлеп оқиды. Сызбаның сұлбасы ғана беріледі, ал оқушылар әдебиетпен, қазақ тілінен алған білімдері бойынша оны жоғарыдағы үлгіге қарап өздері толтырады.
Сөздік диктанттардың тіл дамытудағы, оқушылардың сауаттылығын арттырудағы ұтымдылығы:
Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болды.
Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді.
Үшіншіден, өздерін-өздері, бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады.
Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, коррекция жасауға тиімді болып келеді.
Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды. Бұл үрдіс бесінші, алтыншы кезеңдерде жүзеге асады.
Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі - Өзің тап. Өзің тап диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына үстеулер т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көніл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдында жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.
Бестік диктанты. Шағын шығармашылық диктанттардың бірі -- Бестік диктанты.
Оның моделі төмендегідей:
12 3 4 5
Сөз - сөйлем -- сұрақ-жауап -- жазу.
Диктант әдебиеттен оқып жатқан тақырыппен байланыстырылады. Мысалы, 4-сыныпта М.Әуезовтің Көксерек шығармасынан үзінді берілген. Оқушылар алдын ала диктантты жазудың әдістерін меңгеруі керек. Сол себептен де мүғалім түсінік жұмысын жүргізеді. Шығарманы қайталап оқып, қайталауды тапсырады. Дайындық кезеңі үйде орындалады. Ал сабақта мұғалім диктанттың тақырыбын жазады. Оның моделі әр оқушыға таратылады, модельден ауытқуға болмайды, оның қатары қатаң сақталады.
3-кесте. Диктант жүргізу барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Мұғалім сұрағы
Оқушы жауабы
Оқушы жазғандиктант мәтіні
Сөз
Біржан
Біржан Абай аулында
Сөйлем
Біржан Абай аулында
Өнер шашуға келді.
Сұрақ: Неге келді?

Жауап
Өнер шашуға келді.

Түзету жұмыстарынан кейін дайын болған мәтінді мұғалім қайталап оқып жазғызады. Осы үлгіде диктант ары қарай жалғасады.
Бестік диктанттың өзіндік ерекшелігі сол -- мәтін әдебиеттен оқып жатқан көркем туындыдан алынады, екіншіден, ол қазақ тіліндегі тақырыппен байланыстырылады, үшіншіден, оқушы әдеттегі диктанттардағы өнімсіз іс-әрекеттен, яғни көшіруші, қайталаушы емес, оның мәтінін өздері құраушы дәрежесінде болады.
Бестік диктанттарды поэзиялық шығармалар негізінде де жүргізуге болады. Өлең мәтіні оқушылардың алдында жатады. Мұғалім сұрақтарына оқушылар өлеңнен жауап іздеп, тауып жазып отырады. Бұл жұмыстар көру диктантына үндес болып келеді.
Бұл диктанттың ұтымдылығы.
Бестік диктантының мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өзі құрастырады; дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазады; оқушылардың еске сақтау қабілеттері жетіледі; қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады.
Сонымен тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрлері оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып келеді.

ІІ-тарау. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
2.1.Мазмұндама

Оқушылардың тілін дамытуға, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі тартымды баяндай білуге үйрететін шығармашылық жазба жұмыстың бірі - мазмұндама. Тіл дамыту жұмысы тіл сабақтарының тақырыптарымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек. Сондықтан да мұғалімдер мазмұндама жинағымен жұмыс істегенде тіл тапсырмаларының қалай берілгендігі туралы үлгіні басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн.
Мазмұндамалар жинағының мұғалімдердің пайдалануына қолайлы болу жағын ескеріп, мәтіндерді мөлшермен әр сыныпқа жеке-жеке бөліп береді.
Жинақтағы материал І-ІV сыныптарды жүргізілетін тіл дамыту жұмысының төмендегідей түрлеріи қамтиды:
1) ауызша әңгіме өткізу;
2) берілген сұраққа ауызша-жазбаша жауаптар қайтару;
3) жай жоспар жасау;
4) қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіндік тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау;
Әр сыныпқа арналған жеке бөлімдерде хабарлау-баяндау, суреттеу және байымдау-мінездеу түріндегі шығармалардан тиісті үзінділер берілді. Шығармалардың бұл түрлері мазмұндама жұмысында сыныптың жалпы дайындығына, оқушылардың басым көпшілігін көбірек қызықтыратын тақырыптарға, мұғалімнің алдына қойып отырған мақсатына қарай І-ІV сыныптардың қай-қайсысында болсын белгілі бір дәрежеде қамтылып отырылуы керек. Негізінде, І-ІV сыныптар үшін хабарлау-баяңдау, VI сыныпта -- суреттеу, VII және IX сынаптарда -- байымдау-мінездеу түріндегі шығармалармен жұмыс жүргізу негізгі орын алуға тиіс.
Оқушыларды шығарманың жоспарын жасауға жаттықтыру жұмысы ерекше және елеулі орын алуға тиіс. Бұл -- оқушылардан көп жаттығуды және мүғалімнің өзінің ізденіп, еңбектенуін талап етеді. Сонымен бірге жоспар жасау оқушылардың берілген мәтінді тереңірек түсінуіне, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға, мазмұндама жұмысын дұрыс орындауға көмектеседі, яғни жұмыстың нәтижелі орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бағдарлама І-ІV сынып оқушыларының, өздеріне көлемі шағын шығармалар мен жеке үзінділерге жай және күрделі жоспар жасай білуді, жоспардың әрбір тармағын сөйлемнің бір ғана түрімен де, цитаталар арқылы да жаза білуді міндеттейді. Ал жоғары V -- IX кластарда бұл жұмыс тереңдей түседі, бұл сыныптарда шығарманың, күрделі жоспарын жасауға көбірек көңіл бөлінеді.
Жинақтағы мәтіндердің басым көпшілігіне мазмұндау жоспары берілді. Оларды мұғалімдердің міндетті түрде қолдануы талап етілмейді. Ол оқушыларға шығарманың әр түріне қарай қалай жоспар жасау керектігін үлгі ретінде көрсету, жоспардың әрбір тармағын әр түрлі сөйлемдермен құрастыру үлгілерімен таныстыру мақсатын көздейді.
Оқушыларды көрнекті жазушылардың шығармаларындағы жеке тарау, тақырып аттарымеи және қысқа шағын шығармаларға қойылған атаулармен таныстырудың, олардың неліктен солай деп аталғандығын түсіндірудің мәні зор.
Оқушыларды шығарманың жоспарын жасауға дағдыландыруда жинақтағы үлгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Байланыстырып сөйлеу әдістемес1
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Жазбаша тіл дамыту жұмыстары
Пәндер